Дәстүрлі Қазақ мәдениетінің философиясы

Ауызша түрде дамыған дәстүрлі мәдениеттің өзіндік философиялық жүйесі, эстетикалық мәні, рухани құрылымы барлық. Ауызша мәдениеттің асыл қасиеті оның философиялық негізі мен ішкі рухани құрылысында жатыр. Ауызша дамыған мәдениеттің негізгі тарихи қасиеті, логикалық мәні сонымен қоса оның «differentia specifica» философиялық және эстетикалық тұрғыдан алғанда, ауызша мәдениеттің ішкі рухани кілтінде, сырында, құпиясында жатыр. Бұл түрде дамыған мәдениеттің азбас ­ айнымас сыры бар, осы қасиеттері арқылы ешқашан маңызы кемімейді. Жазба түрде дамыған мәдениеттің (письменная культура) осы тұрғыдан алғанда сыры айдан анық: ол жазу арқылы хатқа түсіп, кітап түрінде кітапханада сақталып, өзін іздеп барып қолға алған оқырманды күтіп жатады. Бұл жерде ол қалай дамиды, қалай сақталады деген сұрақ маңызды емес. Ауызша дамыған мәдениеттің ғасырлар бойғы ағын судай үздіксіз желісінің сыры неде? Осы сұрақтың мен мұндалап тұрған жауабын барлығы біледі десе де болады. Ол: ауызба­ауыз бір ­ біріне айтылғандықтан асыл да жасыл түрінде бүгінгі заманға жеткендігі. Ауызша дамыған мәдениетті тарихи және логикалық даму заңдылықтарын бір­бірімен байланысты түрде қолданғанда ғана осы рухани дүниенің сырлары мен қырлары, ерекше қасиеттері айқындалып, мәні мен сәні көз тартып, философиялық мәні ашылып, этикалық және эстетикалық сипаттамалары байқалады. Ауызша мәдениет бүкіл адамзат мәдениетінің түрі, сондықтан бүл мәдениеттің, жалпы ауызша дамыған түріне сай бүкіл адамзаттық рухани мура ретінде біртүтас философиялық сипаттамасы болу керек. Бұл үшін, қазақ мәдениеті, көбіне­көп ауызша түрде дамығандықтан оған тән қасиеттер бүкіл адамзаттың ауызша дамыған мәдениетінде де болу керек. Біздіңше, ауызша дамыған қазақ мәдениетінің түбегейлі қасиеттері болу керек. Ол қасиеттер, осы мәдениетке тән бола отырып, бүкіл адамзаттың ауызша дамыған мәдениетінің де сипаттамасы болса, сонда ғана қазақ мәдениеті философиялық тұрғыдан зерттеліп, шын мәніндегі философиялық мәдениет екендігін айқындайды.

Осы тұрғыдан алғанда, бұл мәдениеттің көркем бейне түрде дамығанын айтуымыз керек. Сондықтан бұл мәдениеттің бүкіл тарихи дамуында ішкі сыры мен қыры болып тұрған руханилық құпиясы бар. Ауызша мәдениетті рухани мура түрінде ежелден белгілі: «Упанишады», «Манас», «Джангнр», «Олонхо», «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Қырымның қырық батыры», «Ер ­ Төстік» тағысын тағы деп тарқата беруге болады. Ауызша дамыған мәдениеттің өзіне тән тарихы болғандықтан, соған сай іштей қалыптасқан логикалық даму жүйесі бар. Ауызша мәдениеттің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы жайлы сөз етсек ­ ол шексіз дүние: мысал ретінде Қытай, Үнді елдерін, немесе Африка континентін, Исландия мен Ежелгі Греция елдерін айтсақ ­ оларда ауызша мәдениет ерекше дамып, жоғары рухани жетістіктерге қол жеткізген кезеңдер болған. Ауызша дамыған көркем мәдениет өзіне сай жағдай мен түрлерінде қалыптасып, барлық халықта әркез адамзаттың мақсатына, тілегіне, шығар шыңына сай болып келіп отырған. Әр елде, әр жерде ауызша дамыған мәдениеттің түрлері, жанрлары, тағысын тағылары тарихи жағдай мен замандарға сай, рухани мақсатқа орай пайда болған. Ауызша мәдениеттің өзіндік тарихи және логикалық даму ерекшеліктеріне орай бұл рухани құбылыстың екі жақты айнымас қасиеттерін көрсетуіміз керек: біріншісі, ауызша мәдениеттің жалпы адамзаттық рухани құбылыс ретіндегі ерекшелігі, осы адамзаттық қасиеттерін ашып айқындау, екіншісі әр елде осы құбылыстың ерекше дамуының жөнін түсініп, білу. Егер қазақ елінің ауызша дамыған мәдениетін белгілі бір ғасырлар мен тарихи замандарға байланысты деп зерттеп қана қойсақ, бұл тәсіл тек тарихи сипаттама болып қана қалар еді (дескрептивтік әдіс түрінде ғана болар еді). Сондықтан бүл рухани құбылысты дескрептивтік сипаттама әдіспен қоса логикалық ­ философиялық методын қолданып бұл құбылыстың рухани құндылық ретіндегі сырын көрсете отырып, осы құбылыстың ішкі сырына үңіліп, тарқатып көрсек, бұл құбылыстың әр түрде, түрлі жанрларда дамығандығынан, түрлі замандарда көрсететін сыры мен қырын, тұнып тұрған руханилық дүниені байқаймыз, сонымен қоса, осы мәдениеттің әр түрінің шырқап шыңға бір­ақ шығатын кезеңдері болатынын аңғарамыз. Ауызша дамыған мәдениеттің зерттелуін біз тарихи ­ проблемалық тұрғыдан тарихи ­ логикалық методын пайдаланып қарастырып, осы құбылыстың көркем философиялық негізін, сонымен қоса осы қасиеттерімен тіке байланысты мәні мен мағынасын алғаш рет тарқатып көрсек деген ниеттеміз. Бұл қойып отырған проблеманы теориялық түрінде шешу үшін ауызша мәдениеттің ең биік, жан­жақты, сан ­ саналы түрде дамыған формаларын алу керек, неге десеңіз, биік, классикалық формада ғана дамыған мәдениеттің түрі өзінің ішкі­сыртқы заңы мен заңдылықтарын айқын түрде зерттеуге мүмкіншілік туғызады. Сонымен қоса классикалық деңгейдегі мәдениетті зерттеу арқылы ауызша түрде дамыған мәдениетке ортақ заңдылықты жасап, теориясының негізін салуға болады. Бұндай зерттеудің бір қиын жері: сол зерттеп отырған мәдениеттің ең биік деңгейін зерттеуден бұрын, сол мәдениеттің барлық түрін зерттеп, олардың барлық даму үрдістерін талдап, таразылау керек. Ауызша мәдениеттің даму үрдістеріндегі негізгі, міндетті түрде болатын құбылыстарымен бірге кездейсоқ құбылыстарын да біртұтас үрдіс ретінде аңғарып, олардың өз дамуында бірнеше мағыналылығын, түрлі деңгейлігін ескеріп, бұл мәдениеттің тарихи даму жолын айқындап аршу керек.

Ауызша мәдениетті жан­жақты зерттеп, оның сан алуан дамыған түрлерін, даму үстінде көтерілген деңгейлері мен күрделі тарихи жолдарын зерттегенде ғана, оның ең биік деңгейіне, классикалық дәрежедегі жетістіктеріне көз жеткізіп, анықтап сипаттауға болады. Бүкіл тарихи даму жолын зерттеп, оның осы даму жолындағы, тарихи үрдісіндегі ең мағыналы деңгейін анықтап ашып, іліп алу логикалық методқа жатады. Осы метод арқылы ауызша мәдениеттің ең биік классикалық түрде дамыған формаларын анықтауға мүмкіншілік туады. Осы метод арқылы ауызша дамыған көркем мәдениеттің философиялық негізі, сипаты, көркем құралының эстетикалық, этикалық нәрі, оның көркем философиялық мәдениет екеніне көз жетіп, негіздеуге мүмкіншілік туады; сонда ғана ауызша дамыған көркем мәдениеттің тарихи мәні, әлеуметтік мағынасы, этикалық және эстетикалық маңызы және оның мәңгілік орны байқалады. Адамзаттың рухани даму үрдісінде ауызша мәдениеттің үзілмес философиялық екендігіне көз жетеді. Көркем философиялық мәдениет болғандықтан, бүл мәдениет адамның, қоғамның жан­жақты қарым ­ қатынастарына еніп, адамның, қоғамның, бүкіл елдің дүниетаным тереңдігінің, кеңдігінің, жан­жақтылық қасиетіне іштей рух беріп, нәр бола білген. Бұл негіз жалпы бүкіл көркем мәдениеттің, қоғамның экономикалық, этикалық, эстетикалық, құқықтық, саясаттық т.т. жақтарымен байланысты екені мәлім. Бірақ, осы байланыстар ауызша мәдениет дамыған жерде ерекше түрде қалыптасады, ерекше түрде эсер етеді, соның арқасында көркем сөз практикасының орны өзгеше болады. Ауызша мәдениетті зерттегенде, оның қандай мәдениет екендігіне А.В. Гулыганың мынандай сипаттамасын келтіруге болады: «Устная народная традиция ­ это гигантский аккумулятор культуры». Ал, белгілі фольклор танушы В.Е. Гусевтің пікіріне тоқталсақ, ол ауызша дамыған мәдениеттің тарихи маңызы зор дейді: «…формирует историческое сознание масс и вместе с тем развивает эстетическое восприятие ими своего исторического опыта». Бұл пікірге қосыламыз, автор ауызша мәдениеттің (бұл автор фольклорды ғана атап айтады) тәрбиелік мәні зор, білім берудегі орны ерекше дейді, бұл түрде дамыған мәдениет көпшіліктің тарихи санасын қалыптастырады және сонымен қоса тарихи тәжірибені эстетикалық тұрғыдан қабылдатады дейді . Бұл пікірге де дау жоқ, бір ғана ойланатын жағдай: қалай сол ауызша дамыған көркем мәдениет көркем философиялық дәрежеге жетеді. Мәселе осында ғой. Немесе, ұлттық көркем мәдениеттердің сыры мен қырына қанық зерттеуші профессор Г.Д. Гачев осы көркем құбылысты сипаттағанда былай дейді: «каждый прекрасный шаг на пути письменной культуры означал удаление от непосредственной жизни народа» . Қарап отырсақ, бұл да ауызша мәдениеттің тағы бір қырына сыртынан беріліп отырса да өте терең сипаттама.

Читайте также:  САЛЫМДАРДЫ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

Ал тағы бір көзқарасқа тоқтасақ, ол Питер Бруктың ауызша мәдениетке деген түсінігі, оның болашағы туралы дегені мынадай: …Адамзат ерте ме, кеш пе әйтеуір бір түсінеді: адамның болашағы ауызша мәдениетпен байланысты, оның негізінде жатқан жан мен жанның бір­бірімен бірден түсінісу ­ қауышуында… Осы келтірілген пікірлердің бәрі дұрыс. Дегенмен, барлық зерттеушілердің бұл құбылысқа берген сипаттамаларының бір ортақ кемшілігі бар. Ол кемшілікті біз былай деп атар едік: ауызша мәдениет қандай ерекше қасиеті арқылы осындай аса биік тарихи дәрежеге жеткен деген сұраққа жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз бұл рухани құбылыстың ішкі сырына, тұңғиық тереңіне үңіліп бақтық. Бұндай зерттеуді біз философиялық тұрғыдан жүргіздік. Философиялық метод арқылы зерттеудің ерекшелігін айтып кетсек, ол мынау. Ауызша дамыған мәдениет қазақ елінде ғана орын алған құбылыс емес. Мәдениеттің бұл түрі ертеден келе жатқан құбылыс, сонымен қоса бүкіл адамзаттың, рухани дамуындағы жалпы бір кезеңі десе де болады: мысалы, Үндістанды, Қытайды, Африка елдерін, Исландия, Греция, Түрік дүниесінің кезеңдерін айтса да болады. Бұл аталған елдерде әр түрлі кезеңде, әр түрлі тілдерде дамыған ауызша мәдениет болған. Сол мәдениеттер әр түрлі көркем және жанрлық формаларда әр түрлі заманда дамыған. Жоғарыда аталған авторлар ауызша мәдениетке сыртынан дескрептивтік (описательный метод) сипаттама беріп отыр. Сыртқы сипаттамасы дұрыс, бірақ бүл нәтиже жеткіліксіз деп білеміз. Неге десеңіз, осы рухани құбылыстың коп тілділігіне қарамай, қалыптасқан мекен­жайына қарамай, дамыған түрі, формалары, жанрларына қарамай, философия тұрғысынан қарастырғанда, бұл мәдениеттің барлық түрін тұтас рухани құбылысқа айналдырған бір ортақ қасиет болу тиіс. Осы рухани құбылыстың философиялық тұрғысынан қарастырғанда айнымас ішкі сыры, тұңғиығы болу тиіс. Ауызша мәдениеттің ішкі тұңғиық сырына тоқтамас бұрын, салыстырма ретінде, жазбаша мәдениеттің сипаты мен сырына үңілсек. Жазбаша мәдениеттің субъектісі оқушы болғандықтан, жазбаша мәдениеттің адамы міндетті түрде сауатты болу керек, сауатты деп отырғанымыз әдейі бір тілде жазылған кітапты оқи алатын болу керек, кітапты оқу барда оны түсінуі бар, ол басқа жайт: сауатты адам (грамотный) іздеп барып, кітапханадан алу керек. Сан ­ алуан кітап кітапханада жиналып сақталады, оны оқитын адам өз бетімен өмір сүруде. Жазбаша мәдениеттің оқушыға қоятын кедергісі бар: біріншіден сауаттылықты тілейді, екіншіден әдейі іздеп ­ алып оқыды. Сонда философиялық тұрғыдан қарастырғанда оқушы мен жазбаша мәдениеттің арасындағы байланысты өгей байланыс деп атап, сипаттауға болады (отчужденная связь). Бұл сипаттауға жол беретін мынадай жағдай: кітапта тұнып тұрған, жиған, терген руханилық қазына өз бетінше бір бөлек, оны оқып­тоқитын адам өз бетімен бір бөлек, кітаптағы руханилық қазына оқушының жадына, санасына етене емес. Сондықтан, осы қарым­қатынасты біз өгей қарым­қатынас деп анықтап айтамыз. Ал, ауызша мәдениеттің сыр ­ қырына үңілсек, оның рухани қарым­қатынасы мүлде өзгеше.

Ауызша дамыған мәдениет пен оның субъектісі (тыңдаушысы) өзгеше қарым­ қатынаста болған. Бұл жерде әр адам тыңдаушы бола білген, тыңдауға кедергі жоқ (жазбаша мәдениеттің адамға қояр кедергісі бар оны айттық). Екіншіден, тыңдап қана қоймай, тыңдаған рухани дүниені тыңдаушы көңіліне тоқып, жадында сақтай білген. Үшіншіден, сақтап қана қоймай, бір­біріне айтып, ғасырлар бойы ұрпақтан­ұрпаққа жеткізе білген. Халықтың жиған ­ терген рухани тыңдаушы адамның жадында, көкейінде, санасына, тіпті бей санасында орын алып өле­ өлгенше бірге болған. Мағжанның бұл туралы тамаша айтқаны бар: Сары суға қан берілген айналмаққа, Ой менен тіл берілген байланбаққа. Мағжан сөз адамның жадында, кетер ­ кеткенше адаммен етене деп толғайды ғой. Бұлай болса, ауызша мәдениеттің ішкі сыры, философиялық тұрғыдан қарастырғанда, оның тыңдаушымен етене біртұтас тікелей байланысты болуында (непосредственная, неотчужденная связь). Қазақ елінде жан­жақты дамыған көркем мәдениет ­ ол ауызша дамыған мәдениет. Ал, осы ғасырлар бойы дамыған мәдениеттің ішкі сыры, құпиясы оның адаммен (Яғни, тыңдаушысымен) қоян­қолтық байланыста болуы. Осы төте байланысты адаммен (тыңдаушымен) мәдениеттің арасындағы тіке қарым ­ қатынас деп атауға болады. Философиялық тұрғыдан алғанда бүл қарым­қатынас түбегейлі болып келуі тиіс. Ал, енді тік, тіке байланыс, тіп­тіке қарым­қатынас дегенге келсек, оны былай толықтыруға болады. Қазақ елінде терең тамырлы түрлі: фольклор, әдебиет, музыка, құқық, этика, эстетика, философия тағы басқа мәдениет түрлері ауызша дамыған. Ғасырлар бойы жинаған елдің барлық білімі (қандай түрде болмасын) әрбір адамның жадында, көкірегінде, санасында, зердесінде өшпестей орын алған. Бұл жерде бір айтып кететін жайт, сол барлық білім (все знание) әрбір адамның жадында болады, сонымен қоса ол білім әр түрлі толықтылық деңгейінде болады. Біз ауызша мәдениеттің ішкі құпиялық қасиетін ашып, оны сипаттап, оны адам мен (тыңдаушы) мәдениеттің арасындағы төте байланыс, тіке қарым­қатынас деп таптық. Философия тұрғысынан алғанда, бұндай қасиет, осы құбылыстың түбегейлі қасиеті болса, ол міндетті түрде мызғымас (постоянная) болу керек. Бұл жағынан алып қарағанда, атап отырған қасиет түбегейлі қасиет болуымен қоса айнымас қарым­қатынас. Мыңжылдан дамып келген ауызша мәдениеттің осы қасиеті тыңдаушымен тік ­ тіке байланыста болуы, сонымен қоса қарым­қатынас айнымас (неизменная) түрде орын алған. Мыңжылдан дамыған бұл құбылыста айнымас түрде осы қарым­қатынас орын алған. Сонымен бұл рухани құбылыстың ежелден келе жатқан ерекшеліктері тіке байланыс қарым­қатынасы және бұл қарым­қатынастың айнымас түрде болуы.

Читайте также:  Дүниенің пайда болуы туралы мифтер

Философиялық тұрғысынан алғанда, бұл аталған қарым­қатынас ежелден бар болса да, ғасырлар бойы айнымас болса да, бұл құбылыс міндетті түрде тағы бір қасиетке ие болу керек. Ол бұл қарым­қатынастың ғасырлар бойы үзілмей келе жатуы. Философиялық тұрғысынан біз айтып отырған құбылыстың ішкі сырына тән осы қарым ­ қатынастың үзілмейтін көзіміз жетіп отыр. Сонда, бұл құбылыстың іштей сипатына үңілсек, бұның рухани құпиясы осы қарым –қатынас байланысында жатыр, ал ол байланыс – қарым ­ қатынас қасиеттері былайша жіктеледі: 1. тіке байланыс, (прямая непосредственная связь культуры с ее субъектами); 2. айнымас қарым­қатынас байланыс (неизменная постоянная взаимосвязь, отношение), 3. үзілмес қарым­ қатынас байланыс (непрерывная взаимосвязь, взаимоотношение). Осылайша біздіңше үш қасиет, қасиеттілік біртұтас болып ауызша мәдениеттің түбегейлік түрде ішкі негізі болып, ішкі сипаты, рухани өзегі болып, оны ғасырдан ­ ғасырға жеткізе білген. Бұл үш қасиеттің үшеуі де үзілмес, айнымас және тіке байланыс болғандықтан, бүкіл ауызша мәдениет болмысының рухани сыры. Бұл мінездеме қазақ елінің ауызша дамыған мәдениетінің сыры мен сипаты, философиялық негізгі принциптері деп білуге болады. Ауызша мәдениеттің ішкі мәні мен сәні, рухани сыры осы аталған үш қасиеттіліктің бір тұтастығынан тұрады, бұл біртұтастық ауызша мәдениеттің рухани болмысын (бытыс) құрайды, қалыптастырады. Философиялық тұрғыдан сипаттап көрсетсек, осы аталған үш қасиеттердің біртұтастығы ауызша мәдениеттің «негізгі рухани түйірі» деуге болады («родовая связь», «родовая клетка»). Ауызша мәдениеттің осы үш сипатты тұтастығы негізінде қалыптасқан рухани мұрасы бүкіл қазақ халқының менталитетіне, мінез ­құлқын, психологиялық сипатына, интеллектуалдық деңгейіне, табанды еңбекқорлығына игілікті негіз, берекелі нәр болған. Осы біз атап отырған «негізгі рухани түйірді» ауызша мәдениеттің талмас және талдырмас өзегі деп білсек, осының негізінде бүл рухани болмыстың өсіп­өркендегенін білеміз. Біріншіден, ерекше атап айтатын жай мынада: ауызша дамыған мәдениеттің аркасында бүкіл елдің жан­жақты, сан­салалы білімі әрбір адамның (тыңдаушының) жадында болады, санасында, бей сана астарында да болады. Осы себептен бұл мәдениеттің ерекшелігі ­ адам мен мәдениеттің біртүтас болып болмыс құруында, бола білгендігінде (событие культуры и ее субъектов). Ал енді, осыдан, бұл рухани құбылыстың тағы бір түбегейлі қасиеті көрінеді: бұл мәдениеттің әрбір түрі немесе барлық түрі, қандайда болмасын, рухани оқиғаға айналады, рухани оқиға түрінде дүниеге келеді (духовное событие). Демек, ауызша мәдениеттің қандай түрін болса да (жыр, шежіре, тарихи жырлар, айтыс т.т.) міндетті түрде айтушы (жырау, ақын, жыршы, әңгімеші, ертекші т.т.) мен оның тыңдаушысы болу тиіс. Айтушы тыңдаушысымен, тыңдаушысы айтушысымен кездесуге ынтық, бұлар кездескен кезде ­ рухани оқиға орын алады (духовное событие, және духовное событие). Әр кез тыңдаушысы коп болады, көпшілік болып жиналады немесе көпшіліктен тұрады, Яғни, бір­ бірінсіз ауызша мәдениет рухани құбылыс ретінде дүниеге келмейді, салтанат құрмайды. Әрине, көпшіліктің бір ­ бірімен дидарласудың өзі жатқан бір ғанибет, сол себептен бұл мәдениеттің әрбір оқиғасы амандасудан, сәлем беруден басталады, осы салттың өзі болар оқиғаның (айтыс па, жыр ма т.т.) рухани жүйесін тартып, осыдан бастап, қарым­қатынас, рухани байланыс орнығады. Ал жазба мәдениетте мәселен, адамның (оқушының, читатель) кітаппен «кездесуінде» ондай салтанат болмайды; кітапты адам жалғыз отырып оқып, сол кітаптың ішіндегісін өзі іштей ғана қабылдап, іштей толқу ­ түсіну ­ тұжырымдаумен болады.

Читайте также:  Қабылан хан туралы

Ауызша өтетін рухани оқиғаның ерекшеліктері көп, соның ішінде көпшіліктің маңыздылығын айтсақ, көпшілік жырауды, ақынды, жыршыны, термешіні, әңгімешіні т.т. жандырып, жан беріп, рухтандырып, шыңға, асқарға сермесе, ал, жырау, ақын, жыршы тыңдаушысын өз биіктігіне көтереді, көтермелейді, ақындық деңгейіне бірақ шығарады; сонда екі арада философиялық тұрғысынан сипаттағанда, адамның бұл дүниеге келгенінен бастап ылғи аңсайтын рухани байланысы, рухани қарым­қатынасы пайда болады. Бұл жерде пайда болған рухани қарым­қатынас өтіп жатқан рухани оқиға (духовное событие) уақытында ғана пайда болғанмен, рухани оқиға өтіп кетіп, біткеннен кейін де бірақ тарқап кетпей, одан алған тағлым санада сақталып қалады. Осы уақиға көп уақыт шуақты түрде бойда да ойда да болады, көңілді көншітіп, қабақты жадыратып жүреді; ал бұл өткен уақиғаны басқаға айтып беру үстінде адам қайтадан толқып, рухани ­ эстетикалық ләззат құшағына қайтадан шомады, тағы да рухани тебіреніске бөленеді. Бұл жерде айтып кететін бір жайт тыңдаушы рухани оқиғаның (духовное событие) ішінде, оған қатынасып отырып рухани ләззатқа шомып бір көтерілсе, сол уақиға бітіп кеткеннен кейін, болғанды, тыңдағанды өзгеге айтып берген сайын сол рухани биіктікке қайта көтеріле береді, көтеріле біледі, рухани самғау сол себептен қайталана береді. Ал, жазба мәдениетте мұндай руханилық құбылыс мүлде жоқ, неге десеңіз адам жападан­жалғыз отырып тек кітаппен ғана «дидарласады», «жүздеседі». Бұл жерде міндетті түрде, нықтап айтатын бір жайт бар: біз көрсетіп, тарқатып отырған рухани самғау жырауға, ақынға немесе, жыршы, күйшіге ғана емес, осы оқиғада болып, тыңдап отырған әрбір адамға, әрбір тыңдаушыға тән. Философиялық, эстетикалық тұрғыдан алғанда, бұндай руханилыққа ештеңені теңеуге болмайды, мұндай құндылыққа теңеу табылмайды. Ауызша мәдениет өзінің рухани уақиғаларынан (айтыс болсын, жыр болсын, күй шертісі болсын т.т.) ешкімді шеттетпейді, аластап алыстатпайды, қақпаламайды; неге десеңіз, бұл мәдениеттің түрі (ауызша болғандықтан), оның даму стихиясы, табиғаты осы тыңдаушыларымен біртүтас рухани болмыс құруында, біртұтас бола білуінде. Бұл бір тұтастықтың ішкі сыры ­ тыңдаушы мен айтылып, болып жатқан рухани құбылыс (жыр, толғау, күй, әңгіме, айтыс т.т.) біртұтас болмыс түрінде өмір сүреді, бірінсіз­бірі болуы мүмкін емес. Жазба мәдениетте мұндай қасиет жоқ, бүл жерде міндетті түрде оқушы (читатель) болсын деген талап жоқ, неге десеңіз кітапқа жазылған дүние сол бетінде кітапханада жата береді, оқушысы болса да, болмаса да кітаптың ішінде тұнып тұрған дүние «тағдырының» болу ­ болмауы оқушымен (читатель) байланысты емес. Ал, ауызша дамыған рухани дүниенің болашағы тыңдаушымен тікелей байланысты. Ауызша дамыған руханилықты ішкі сыры, сарқылмас бұлағы, өзіне ғана тән өзегі осы жерде деп білеміз. Осы айтып отырған құпиялықтың негізі тыңдаушы мен жыраудың, тыңдаушы мен ақынның, тыңдаушы мен күйшінің, тыңдаушы мен жыршының арасындағы үзілмес (непрерывность) қарым­қатынас (взаимоотношение). Әдетте тыңдап отырған бір емес, бірнеше емес, қауым, үйдегі ғана емес, ауылдағының, жақын ­ алыс маңайдағының барлығы тыңдаушы ­ көпшілік. Бұл рухани уақиғалар (айтыс, толғау, жыр, күй, әңгіме, ән, шежіре т.т.) көпшілікпен ғана «өмір сүреді», онсыз мүмкін емес.

Ауызша құбылыстың ішкі сыры оның көпшілікпен етене байланысында, үзілмейтін өзекті байланысында дедік. Күйшінің, жыраудың асқар биікке көтеріліп, самғайтыны тыңдаушы көпшіліктің тыңдаушылық мәдениетіне байланысты. Сонда біз бұл жерде көпшіліктің қазақ философиясындағы сипаттамасына тоқталсақ, оның мынадай ерекшелігін байқаймыз: коп қорқытады, терең батырады, көп түкірсе ­ көл болады, көпшілік киелі, көпке топырақ шашпа, көпшілік Құдайдан бір­ақ жас кіші деп біледі қазақ. Бұл этикалық жағынан, руханилық жағынан да беріліп отырған сипаттамалар. Ерекше атап көрсететін жайт: этикалық сипаттамалармен руханилық сипаттамалар біртұтас, бір­бірінсіз «өмір сүрмейді», бұл жерде ауызша мәдениеттің түбегейлі руханилық құпиялылығына жақындап, оны түсіне бастаған сияқтымыз. Көпшілік жайғасқан, жиналған жерде ерекше рай пайда болады, ол райдың ерекшелігіне үңіле қарасақ, мән­жайы аса бір тереңдікте жатқан тәрізді. Көпшілік жиналған жерде амандасу, дидарласу ­ жүздесу ерекше орын алады, ол жерде көңіл ерекше жайда болғандықтан, рухани оқиғаға барлығының бір адамдай қатынаста болатынын сезінуі, сонымен қоса, барлығының бір адамдай рухани толқуды күтуі, оның үстіне көңілде, іште жүрген көп дүниенің шалқып сыртқа шығып тарқатылуы… Осының бәрі болатын рухани оқиғаны (толғау, күй, айтыс жыр т.т.) ерекше райға бөлеп, салтанатқа айналдырады. Болатын рухани уақиға әрбір адамның көңілінің, ойының тереңіндегі, санасындағы, зейініндегі ойларды қозғап, жиған­терген, білгенін толқытып сыртқа телегей теңіздей қылып шалқытып, әрбір адамды, әрбір тыңдаушыны санда жүрген ғана емес салтанатты санатта жүрген ақын сынды тыңдаушы ретінде биікке бірақ көтеріп, асқақтатады. Бұл жерде көпшілік, болып әрбір адам, әрбір тыңдаушы рухани асқақ сергу үстінде болады. Сондықтан әрбір адам осы сәтте «бір жасап қалдым» дейді. «Бір жасап қалдым» дегенде терең мән жатыр: адам өміріне тағы бір сондай мәнді де сәнді өмір қостым дегені… Бұдан артық түсінік, бағалау табу қиын, табылмас та. Ауызша мәдениеттің асқақты, салтанатты, рухани райы осында деп тұжырымдаймыз. Рухани сергу құбылысы философиялық тұрғыдан қарағанда, жан­ жақты құбылыс, бұның этикалық,. эстетикалық мәні мен философиялық, мазмұны біртұтас түрде әрбір тыңдаушыға (слушатель) берілген, әрбір тыңдаушының меншігі, сонымен қоса әрбір тыңдаушының меншігі бола тура барлық көпшіліктің де біртүтас меншігі. Сонда рухани сергу әрбір тыңдаушыны, бүкіл көпшілікті ерекше асқақты жайға бөлейді, көтереді, көтермелейді, рухани асқар шыңға алып шығады.

Оставить комментарий