ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ҚҰЛИЕЛЕНУ МӘСЕЛЕСІ

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік құқығының объектілерінің бірі құлдар болып табылған. Көшпелі қоғамдарда құлиеленудің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ең алдымен, құлдар – әскери жорықтар нәтижесінде тұтқынға түскен адамдар болып табылады. Б.В. Владимирцов, көшпелі монғолдар туралы еңбегінде қатардағы әскери көшпенділер – әскери тұтқын құлдармен шатастыруға болмайтындығын жазған болатын. Бұл орайда Б.Я. Владимирцов құлдардың қатарын тек әскери тұтқындар ғана емес, күшті тайпалар жаулап алған әлсіз тайпалар (унаган-богол) да құраған болатын. Владимирцовтың бұл пікірін бірқатар зерттеушілер, олардың қатарында Л.Н. Гумилев та қолданған болатын. Б.Я. Владимирцовтың және т.б. пікірінше, соңғылар («унаган- богол») жеке бостандықты иеленген және құқықтық тұрғыдан кемшілік көрген жоқ. Сондай-ақ зерттеушілер монғолдарда басқа көшпенділердегідей таптық қатынастардың қалыптасу жағдайында құлдар табы әрқашан басқа елдік, басқа тайпалық тұтқын болатын. Яғни қазақ қазаққа қалай құл болмаса, монғолға да солай құл болған жоқ. Көшпенділерде болған құлдықтың сипаты өзгеше дейтін себебіміз, бізде өндіргіш күштердің деңгейі төмен болды және сауда, тіпті айырбас сауданың өзі көшпелі шаруашылығында құлдардың еңбегін пайдалануға мүмкіндік берген жоқ. Көне араб, түрік, қытай жазбалары туралы еңбектерде құл сөзін еріксіз, тәуелді адам, бодан деген мағынада аударылады. Бұл туралы Л.Н. Гумилев, Н.Я. Бичурин, Б.Я. Владимирцов жазған болатын. Бұл жөнінде Орхон жазбаларының кейбір тексттерінде мысалы, «народу табгач стали они [тюрки] «кулами» своим крепким мужским потомством и «кулынями» своим чистым женским потомством», – делінген. Бірақ бұл кезде түркілер Гобиден оңтүстікке қараған далада өмір сүрді және Тан империясының қытайлықтарына қарағанда біршама жеңілдіктерді иеленген; әрі әскери жорықтарға қатысын қызметтік дәрежелерге де жеткен яғни олар белгілі бір дәрежедегі еріктілікті иеленген: басқа елге бағыныштылықта болған, бірақ әлеуметтік қанауға ұшырамаған. Яғни «құл» ұғымының негізгі мазмұны – біреуге бағыну болған. 247 Бұл сипаттағы жағдай ХІХ ғасырға дейін сақталды. Бірақ кейінгі түркілер өзіне тән құлдар саудасы бар мұсылман мәдениетінің жүйесіне қосылғандықтан, «құл» термині бұрынғыдай емес, бодандықтағы құлдарға да қолданыла бастады. Л.Н. Гумилевтың пікірінше, VІ-VІІІ ғасырларда құлдарды пайдалану мүлдем басқаша болды: түркілер оларды өз жерлеріне алып келіп, белгілі бір жерлерге орналастырып, олардан салық жинап отырған. Сондай-ақ әйелдер үй шаруашылығында күтушілік жұмыстарға қолданылған. Құлдар Рим империясындағы колондарға ұқсайды, бірақ біздің қолданатын мағынада «құл» түсінігі мүлдем басқаша. С.П. Толстов ежелгі түркілердің бірнеше аймаққа орналастырылған тәуелді тұтқындары болғандығын және олардың түркілерге жер өңдеу мен қолөнердің өнімдерімен салық төлегендігін жазды. Шын мәнінде бұл жаңа тәуелділер еді. Қазақ Хандығында (XVІІ-XVІІІ ғасырларда) құлдық көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды. Бірақ өндірістің көшпелі әдісі жағдайында аса маңызды роль атқармаған құлдарға меншік кең тараған және ХІХ ғасырға дейін болған. Қазақ феодалдары құлдарды Орта Азияның сауда базарларында өте жоғары бағаға сата алатын, бірақ көшпелі шаруашылық жағдайында жұмыс күші ретінде құлдар керек те болған жоқ. Құлдарды сату XVІІІ ғасырдың өзінде Сібірмен, Орта Азиямен шектескен жерлерінде жақсы дамыды. «Үй шаруашылығындағы» құлдық институтының тағы бір ерекшелігі құл отбасылық меншік объектісі бола отырып, бұл жағдайдан, яғни құлдық жағдайдан босатыла алды: құлдарды асырап алған жағдайда, еріктілер мен құлдар өзара үйленген жағдайда, құлды төртінші ұрпағында құлдықтан босатқан дәстүр бойынша және т.б. Яғни революцияға дейінгі Қазақстандағы құлдарға меншік көбінесе жеке немесе отбасылық нысанда болған. 1822 жылғы Жарғыға сәйкес Қазақстанда құлдыққа тура тыйым салынды. «Табиғи қазақтарды құлға айналдыруға», жаңа құлдар сатып алуға, сыйға беруге, айырбас негізінде алуға тыйым салынды. Ал бұрынғы құлдар иелікте уақытша ғана болатын болды. 1867-1868 жылдардағы реформалардан соң Қазақстанда құлдықты жою негізінен аяқталған болатын. Жоғарыда айтып кеткеніміздей малға және өзге мүлікке меншік құқығын қарастырған кезде олардың көбінесе жеке және отбасылық меншікте болғандығын және біріншісінің қалыптасуы екіншісінің қалыптасуымен тығыз байланысты болғандығын байқадық.

Читайте также:  Ашық қоғам құбылысының мәні мен мағынасы

Оставить комментарий