ДӘСТҮРЛІ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ

Бас ию, бас ию және тағы да бас ию – әйел- дің ең басты игі ісі еді. Конфуцийшілдік пікір бойынша, жер бетін- де бәрінің үстінен еркектер үстемдік етіп, ал әйелдер болса, оларға бағынады, сол себепті олар үш ережені ұстануы керек: қыз күнінде әкесі мен ағаларына бойұсыну, тұрмыс құрғанда – жарына, ал жары қайтыс болғасын – үлкен ұлына бағынуы керек деп саналды. «Егер мен бір құсқа тұрмысқа шықсам, мен оның артынан ұшуым керек; егер бір итке күйеуге шықсам, ол жүрген жермен жүріп, ізін қуалауым керек; егер иесіз бір кесек жерге шықсам, мен оның жанында отырып күзетуге міндеттімін», — дейді ескі қытайлық өсиет сөз. Міне, біз дәстүрлі қытай отбасындағы әйел- дің орнын дәл осы тұстан көре аламыз. XX ғ. басында П. Лоуэль дәстүрлі қытайлық отбасы жайында: «Өз тағындағы имератор үшін және өз лашығындағы қарапайым жұмысшы үшін де барлық нәрсе отбасылық жақындық идеясында болады. Империя өз кезегінде үлкен отбасыны құраса, ал отбасы кішкентай мемле- кет болып табылды»-деп жазған болатын. Мұн- да да конфуцийлік отбасы қағидасының басым- дылығын байқауға болады. Біз білетін аспан асты елінің дәл қазіргі даму барысын ескерсек, қазіргі қытайлық отбасы және ондағы әйелдің орны мен қоғамдағы әлеу- меттік мәртебесін анықтауда дәстүрлі көзқарас- тарды білудің маңызы зор болуы бұл тақырып- ты таңдауымыздың негізгі себебі болып отыр. Ұзақ уақыт бойында Қытайда әйелдердің қоғамдағы орны еркектерге қарағанда анағұр- лым төмен болды және әйелдермен мүлдем са- наспады. Бірақ қазір қытай қоғамындағы әйел жағ- дайын түбегейлі өзгерткен жаңа заңның шыққа- нына аса көп уақыт болған жоқ. Соған қарамас- тан, ежелгі данышпандық ілімнің қытай қоға- мында қазіргі күнге дейін сақталғандығына әлі де куә болып келеміз. «Бала неғұрлым көп болған сайын соғұрлым көп бақыт әкеледі» деген отбасылық ескі сенім- нің жақтаушысы болып қалған шаруа адамда- рының өмірінде тек ұл балалар ғана отбасы ісін жалғастырушы ретінде саналғандықтан әлі ту- ылмаған қыздан құтылуға тырысу қазіргі қытай қоғамында жиі кездесуде. Нәтижесінде кейбір қытайлық ауылдарда ерлер саны әйелдер саны- нан басым түсуде, сол себепті әйелдерді алып қашу және «күң ретінде» күйеуге сататын жағ- дайлар да пайда болды (әдетте құл саудасымен айналысатындар болашақ құрбандарын еңбек биржаларынан іздеп, жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуге уәде береді де, жас әйелдерді туған өлкелерінен әкетіп, алыс аудандардың шаруаларына сатады екен) [5]. Құқыққа қайшы әрекеттерді тамырымен жойып, орын алған мәселені шешу үшін ана мен бала денсаулығын қорғау туралы заңға баланың жынысын анықтау сараптамасын жүргізу ісі тек медициналық көрсетім бойынша жүзеге асуы тиіс деген тармақ енгізілді. Осы тұрғыдан келе, қазіргі қытай қоғамын- дағы әйел орнын қарастыруда дәстүрлі қытай қоғамындағы отбасы және ондағы әйелдің ор- нын, оның әлеуметтік мәртебесін анықтау басты мақсатымыз болып табылады. Тұрмысқа шығуды білдіретін қытайша «үй- ден кету (出嫁)» сөзінің мағынасы әйелдің үйле- ну тойынан кейінгі орны мен жағдайына деген қытайлықтардың дәстүрлі көзқарастарының дәлме-дәл көрінісін береді [1]. Орта ғасырларда қытай отбасындағы әйел- дің орны мен оған деген көзқарастардың даму сипатында оңтүстік пен солтүстік Қытайда бір- қатар айырмашылықтар болғанын байқауға бо- лады. Жартылай көшпенді қоғамнан шыққан сол- түстік ақсүйектер тобының жауынгерлік дәстүр- лері бойынша әйелдер еркектерге қарағанда анағұрлым көп құқыққа ие болды. 554 жылы туылған Лян Янь Чжи-туй Батыс Вэйге, сосын ол жақтан Солтүстік Циге барған- да, оның көзіне бірінші оңтүстік пен солтүс- тіктік отбасы өмірі арасындағы айырмашылық түседі. Янь Чжи-туй елдің екі бөлігіндегі ғұрып- тардың бірқатар ерекшелігін жазып кеткен болатын [2]. Алдымен, Лян Янь Чжи-туй солтүстіктегі әйелдердің дербестігіне назар аударды, мұны ол қоғамда еркектерге қарағанда әйелдің рөлі ба- сым болған сяньбийлердің әсерімен байланыс- тырды. Оңтүстікте әйел тұрмысқа шыға салысы- мен үйінен шықпай, тіпті өз туыстарымен де сирек кездесетін болған. Ал солүстікте әйелдер тек үйдің толық қожасы болуымен ғана шек- телмей, олар үнемі түрлі сапарларға шығып, буддалық храмдарға барып, тіпті өз ұлдарының Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 45 кәсібін де ұйымдастырды, күйеулерінің өздеріне деген әділетсіз қатынасы туралы билік орын- дарына шағым айтқан екен. Сонымен қатар, Янь Чжи-туйдің жазуы бойынша, солтүстіктегі әйел- дер қолөнер бұйымдарын жасауда және тігін- шілік ісінде оңтүстіктегілермен салыстырғанда едәуір шебер болған. Оңтүстікте егер әйелі қай- тыс болса, оның істерін күң (немесе еріксіз әйел) жалғастыратын болса, ал солтүстікте оның орнына жаңадан әйел алатын болған [2]. Алайда, уақыт өте келе, солтүстіктік мұндай дәстүр өз кезегінде Таң кезеңінің ақсүйек ха- нымдарының көркіне де өз мөрін басты. Текті отбасынан шыққан қыздар аса жоғары бағалан- ғандықтан да әйел еркіндігіне ақсүйектер тобы- ның үстемдік етуі ықпал еткен. VIII ғ. тарихшы Лю Фан Солтүстік-шығыс- тың ақсүйектер қоғамында қыз жақтың туыста- рын әулеттің ағайын-бауырларынан да жоғары санағанын айтады. Таңдық жоғарғы таптың ба- тыл, әрі өктем әйелдері атқа салт мініп жүру- мен, аңшылықпен, садақ атумен айналысқан. Олардың ұлы істері мен ерекше ержүректілігін Таң империясының атақты ақындары – Ли Бо, Ду Фу,Чжан Цзи және т.б жырлаған. Алайда Сұң империясы кезінде жоғарғы таптың ханымдары бұл қасиеттерін жоғалтып, әйелдік сұлулық мұратына да өзгеріс енгізді. Таңдық сымбатты, сезімтал сұлу әйелдер енді салмақыздыққа, сынғыштықа, денесіздікке жол берді [1]. XX ғ. дейін халық өмірінде әдетті көрініс тапқан қыздардың аяғын дәстүрлі бинттеу әдісі мен қуыршақтың үлгісіндей бет-әлпет беретін косметиканы қолдану кең таралды. Осылайша, дәл осы Сұң кезеңінде әйелге деген дәстүрлі пікірлердің, отбасында әкелік басымдылыққа негізделген отбасылық қағидалар қалыптасты. Әйелдің қоғамдағы орны мен отбасындағы рөлін анықтау үшін алдымен дәстүрлі қытай отбасына тоқтала кетсек. Жоғарыда айтылғандай, егер мемлекеттің барлық бағынушылары императорға мойынсұну керек болса, онда отбасының барлық мүшелері еш қарсылықсыз отағасына бас июге міндет- телді. Әке «император өкілі» саналған, және от- басылық қағидаларды бұзу мемлекеттік ереже- лерді бұзумен тең қаралды [3]. Конфуцийлік дәреже бойынша, яғни үлкен- нің кішіге бағыну принципі бойынша құрылған қытайлық отбасында отбасы мүшелері арасын- дағы кез келген түсініспеушіліктер мен ұрыс- -керістер кішіге үлкеннің, ата-ананың балала- рына, ерінің әйеліне басымдылығы принципі- мен тез шешіліп отырған. Отбасы барлық жағынан әкеге — патриархқа бағынуы тиіс болды. Қытайлықтардың өз оша- ғына берілгендігі отбасындағы өзара бейбітші- лік пен келісімнің үйлесуін тудыратын. Бірақ бейбітшілік пен келісім өз кезегінде тіл алу- шылық пен қатал заңдарға сүйенді. Отбасы және шыққан тегі үшін әрбір отбасы мүшесі еш қарсылықсыз өзіндік қажеттіліктері мен жеке еркіндігінен бас тартты. Сонымен қатар, ол барлық өзге отбасы мүшелері үшін жауапты болды. Әкесі бала-шағасының іс-әрекеттеріне жауапты болса, осы орайда, егер ата-аналар тарапынан қателік кетсе, бұл үшін балалары да кінәлі саналды. Өзара жауапкершілік туыстар арасында ғана емес, қылмысқа қандай да бір қатысы бар деген куәгерлердің бәріне де жүктелген. Жаңа заманға дейін сақталып келген мұндай әдет-ғұрып үлкен рөл атқарды және кейде бұл жағдай өзге туыстас отбасындағы осы қылмыстың «жанама сыбайластары» болған адамдар үшін үлкен трагедияға айналған [3]. Мұның дәлелі ретінде келесі жағдай назар аудартады. Бір қытайлық ауылда ұрыға тергеу- сіз сот жүргізілген екен. Оны өлім жазасына кесіп, үкімді іске асыруды ұрының әкесіне тап- сырады. Үкім бойынша әкесі туған баласын тірі- дей жерге көмуге тиіс болады. Оны естіген әкесі еңіреп жылап, өз қауымынан бұл үкімді орын- датпауға жалбырынады. Бірақ тергеусіз сотты ұйымдастырушылар оның сөзіне көнбей, егер әкесі ұлын өз қолымен өлтіруден бас тартса, олар оның үйін өртеп жіберіп, бүкіл жанұя мү- шесін ауылдан қуамыз деп қорқытып, үкімді жақын арада орындауды талап еткен. Мұндай қауіпті естіген бақытсыз әке амал- сыздан үйінің алдында өз ұлының өліміне шұң- қыр қаза бастады. Шұңқырды қазып болып, ол тергеусіз соттың талабы бойынша, өз ұлының мойнына тас байлап, төменге қарай лақтырып жібереді де, шұңқырды топырақпен қайта көме бастады. Әкесінің жүрегі жыланыштан жарыл- ды, бірақ амал нешік, көнуіне тура келді. Әкесі- нен баласы көмілген жерді күрекпен тегістеуін талап еткен екен [3]. Бұл сол кезеңдегі қатаң тәртіп пен отбасы- лық қатып қалған қағиданың бір көрінісі бола- тын. Шартты түрде қытайлық жас бала 20 жасын- да кәмелет жасқа толған деп есептелінді. Ал шындығында, ол тек әкесі қайтыс болғанда ғана еркіндік алатын. Ұлының бетіндегі әжімдері, өмірлік тәжірибесінің өзі де оған өзінше дербес өмір сүруге құқық берген емес, тіпті ұлы өз отбасын құрса да, ата-ана айтқанынан шыға ал- мады. Ұл бала тек әкесінің келісімімен ғана же- ке шаруашылықты жүргізе алды. Алайда қытай- лық тұрмыс жағынан қарастырсақ, ата-аналар- дың өз ұлдарынсыз өмір сүруін елестету қиын. Ал бір жағынан, қыздар мәселесіне келсек: 46 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(57). 2011 тұрмысқа шыққаннан кейін ата-аналардың олар- ға деген билігі аяқталатын — олар өз отбасы- ларын тастап кетеді. Бұған қарамастан, қытайлық отбасында бәрі- нен де көп азап шегуші әйел болды. Бірнеше ғасырлар бойы Қытайда ерді көкке көтеріп, ал әйелді кемсіткен қомақты шығармалар жарық көрді. Атап өткеніміздей, әйелдің жақсы қасиет- теріне олардың көнгіштік, яғни бас июшілік, именшектік, салиқалылық, икемділік сияқты қа- сиеттері жататын. Әйел әлемі оның үйі мен жанұясынан аспайтын. Мұндай көзқарастың кең ете алуында біз Сұң дәуірінде Қытай үшін жатжерлік буддизм- нің кеңінен құлаш жая дамуы және таза қытай- лық даосизмнің халық арасында танымалдығы- ның ұлғая түсуі, сол себепті де классикалық конфуцийшілдіктің дағдарысқа ұшырауына бай- ланысты ежелгі данышпандық ілімнің жаңаша түсіндіріліп, жаңаша қабылдануының негізінде дүниеге келген неоконфуцийшілдіктің жатқа- нын көре аламыз. Бұл кезде әйелдер ешқандай жалпыотбасы- лық жеке меншік құқығына ие бола алмады. Ал егер де қандай да бір жағдайлармен жылжы- майтын мүлікті бөлісу ісі жүретін болса, онда ол тек ерлер қауымы арасында жүргізілетін. Отба- сында әке ісін жалғастырар ер бала болмаған жағдайда ғана қыз бала әке мұрагері ретінде қарастырылған. Бірақ бұл өте сирек кездесетін жағдай. Тіпті ауқатты жанұяларда да әйелдің мұрагерлік құқығы болмады. Әйелдің көріктілігін (әсіресе, қоғамның дәу- летті ортасында) оның кішкентай аяғы мен тақ- тайдай жалпақ көкірегімен бейнелеген. Қытай- лық ғұрып бойынша, әйелдің аяғы жаңа туған айдың немесе лалагүлдің формасындай кішкен- тай доға тәріздес болуы керек. Егер де жас қыз- дың бойында мұндай сұлулық белгісі болмаса, оның тұрмысқа шығуы қиындық туғызған [3]. Аяғы доға тәріздес болуы үшін арнайы бинттеу әдісі жүргізілді. Қыздардың 6-7 жастан аяқ саусақтарын (үлкен саусағынан басқа) бүк- теп, аяқ саусақтары табанға қарай майыстыры- лып, табан мөлшері 8-12 см болғанша бинтпен қысып орап тастайтын болған. Әр апта сайын олардың аяқтары одан сайын тығыздалып бай- ланып отырды және бұл әдіс табанның доға формасына айналғанша жалғасты. Қыздардың бинттелген аяқтары үнемі ауырумен болды, тіп- ті бұл кейде олардың аяғының жұмыс істемей қалуына алып келді. Осыған қарағанда, қытай халқында «Сұлулық азап шегуді талап етеді», «Бинттелген әрбір жұп аяқ былау толған жаспен тең» деген мақалдар бекер айтылмаған сияқты. Қытайлық ұлы революционер — демократ Сунь Ятсеннің замандастарының сөздеріне сүй- енсек, Сунь жастық шағында аяғы бинттелген қарындасының қиналғанын көріп өскен екен. Жас қыз түні бойы ұйықтай алмаған: ауырған- нан ыңырсып, төсекте тынымсыз қимылдай бер- ген, түсініксіз бірнәрселерді сыбырлап, оған ты- ныштық әкелетін таңның атқанын асыға күткен екен. Түні бойы қиналып біткен ол таң атқанда бәрін ұмытатын, оған аяғының ауруы жеңіл- дегендей көрінетін. Бірақ, бұл ауру дәл осылай күннен күнге жалғаса беретін. Қарт анасының өзі де қызының қиналғанына әрең төзген, алай- да, әдеттен озбау керек деп, әрі бұл қыз өсіп бой жеткенде аяғы кішкентай болмағаны үшін үнемі бізді дәстүрді бұзды деп жазғыратын болады деуменен болған екен [3]. Әрине «Бұған ешнәрсе де істей алмайсың, дәстүр солай, Аспан ұлының заңы осылай». Тоқтаусыз бейнет шеккен кішкентай қыз бой жеткеннен кейін де барлық үй жұмыстарын жалғыз өзі орындайтын болған — тамақ істеп, жі- бек құрттарына қарап, кесте тігіп, өрнек тоқы- ған. Артық академиялық білімнің оған қажеті шамалы болды, өйткені «неғұрлым әйел аз білген сайын, соғұрлым ол мейірімді, жақсы- лыққа құмар болады» деп есептелген. Дәстүр бойынша, әйел мүсіні «түп-түзу мін- сіз лалагүлдің үндесуіндей жарқырап тұрды», және бұл үшін қыздың 10-14 жасында кеудесін арнайы көкірекше немесе ерекше желеткемен қысып бүгетін болған екен. Көкірек бездерінің дамуы кешеуілдеп, көкірек жасушаларының жылжуы мен организмнің оттегімен қоректенуі бірден тоқтап қалатын. Бұл қыз организмінің жалпы дамуына кері әсерін тигізгенімен оның мүсінінің «көрікті» болуына септігін тигізді. Ал некеге деген қатынасқа келсек, ол өз ке- зегінде екі жақтың қалыңдық пен күйеу жігіттің әлі кішкентай бала кезінде немесе сәби кезін- де-ақ тойдың алдын ала келісуінен көрінді. Ең төменгі некелік жас жас дәстүр бойынша, қыз- дарға 15, ал ұлдарға 13 жастан қойылды [1]. Ескіше қытайлық мораль жастар арасындағы нәзік, әрі сүйіспеншілік сезімдерді қолдамады; бұл керексіз, орынсыз, әдепсіз деп саналған. Жігіт пен қыздың арасында қандай да бір терең сезім болғанымен бұл ата-ана тарапынан көзге ілінбеді. Жастардың құдаласуға дейін бір-бірі- мен кездесуіне болмайтын. Олардың жеке сезімдері ешкімді де қызықтырмаған. Жарының ата-анасына қызмет ету — жас келіншектің ең негізгі міндеті болды. «Егер де әйелі еріне ұнап, бірақ оның ата-анасына жақпаса, — делінді көне Қытайда,- онда ол әйелімен ажырасу керек. Ал керісінше, егер әйелі ұлының көңілінен шықпай, бірақ ата — анасының жүрегі жылыса, ондай жағдайда ері онымен ажырасуға дәті бармайды» [3]. Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 47 Қалыңдық отағасы немесе ұлдарының қа- сында емес, үнемі енесінің «қол астында» бо- луы керек деп саналды. Енесінің қалыңдыққа қатыгез мінез танытуы – феодалдық қытайлық отбасының қараңғы-қапас жақтарының бірі. Тіпті, себепсіз өз ұлын қызғанған енесі кей- де жас жұптардың бөлме есігін түнде кеңінен ашып қоюын да талап еткен және әрбір нәзік мейірімді көрген сайын ол күндіз келінін қатты сөгетін жағдайлар да орын алып отырған. Бұл тіпті қалыңдықтың өз — өзіне қол жұмсауына итермелеп, кейде оның өз енесі қолынан мерт болуы да мүмкін еді [5]. Ерінің өз әйеліне қаншама аяусыздық таны- тып араласса да, әйел оның «отымен кіріп, күлі- мен шығуы» тиіс болды. Басқаша айтсақ, еш қыңқылсыз тағдырға бағынып, ерінің алдында бойұсынды. Ол өз ата-анасынан да, соттан да қамқор күте алмады. Ол тек қана храмға барып, күйеуі бейнеленген қағаз мүсіншені іліп, құдай- дан жарының оған рақымшылдық, мейірімділік танытуын тілеп, оның жүрегін жұмсартуын сұ- рай алды. Халық арасында әйел «ерінің кіршіксіз кө- леңкесі» болуы тиіс деп саналды. Дәулетті еркек өзіне бір немесе бірнеше «арзан қолды (күң, еріксіз әйел)» әйел алса, заңды жұбайы оларды игі ниетпен қарсы алып, олармен бейбіт те келі- сіп өмір сүре беретін. Күйеуі өз әйелдерін неме- се күңдерін сата алатын және оларды уақытша немесе мәңгілікке бере алатын. Бұған сырт көзге заңмен тыйым салынғанымен, мұндай тәжірибе кең таралды. Егер күйеуі әйеліне дөрекілік та- нытса, бұл үшін ол жеңіл жаза тартумен құтыл- ды, ал әйелі еріне лайықсыз мінез көрсете қалса, ол бұл үшін қатаң жазаланып отырды. Егер күйеуі әйеліне опасыздық жасаса, бұл тіпті де қылмыс болып саналмады. Алайда егер оның әйелі дәл осыған ұқсас әрекетке барса күйеуі оны жазасыз-ақ өлтіре салатын. Күйеуінің өз әйелімен мынадай жағдайларда өз еркімен, яғни, ешбір заңға негізделмей-ақ ажырасу құқығы болды: — егер әйелі бедеу болса; — егер ол ата-енесімен келіспесе; — егер ол күйеуіне опасыздық жасады деген күдік болса немесе осы жағдай шынымен де орын алса; — егер өсек айтып немесе мылжыңдап отбасын- да ұрыс-керіс туғызса; — егер жұрттың мазасын алатындай белгілі бір аурумен ауыратын болса; — егер тілі мен жағына сүйеніп қалған болса; — егер ол күйеуінің рұқсатынсыз үй мал-мүл- кін, дүниесін иемденсе; Егер әйелі үздіксіз дүниеге қыз баланы әкеле беретін болса, онда ол күйеуінің алдында кінәлі саналатын. Бұл кезде күйеуі «заңға негізделе отырып» өзіне ұл бала тууы үшін күң сатып алды [3]. Ауқатты қытайлықтар әдетте арнайы өзінің күңі ету үшін сұлу қыздарды сатып алатын. Мұндай жағдайда рәсімдеу өте қарапайым жүр- гізілді: қыз өз қожайынының заңды әйелінің ал- дында үш рет жерге иіліп сәлем берген – мұн- дай бас июшілік ол қыздың үй бикесіне, яғни заңды әйеліне қызмет етуге дайын екенін біл- дірді. Сатып алынған үй қызметіндегі бұл әйел өз жанұясында қыңқ етпей дәл сол баяғыдай үй шаруасымен айналысып жүре берді. Бірақ ол еріне ұл бала сыйласа, оның жағдайы бірден өзгеретін. Егер «тікелей» әйелі дүниеден озса, онда оның орнын «жанама әйелдердің» ең үл- кені басты. Күйеуінің көзі тірісінде әйелге өз жарына деген сезімдерін білдіруіне тыйым салынды. Ол тек қайтыс болған соң ғана айтуына құқығы болатын. Әйелдің екінші реттік күйеуге шығуы о дү- ниелік күйеуінің алдында ауыр күнә ретінде саналатын. Егер жесір әйел қайта тұрмыс құруға бел буған жағдайда, ол өз ортасынан қуғындал- ған, марқұм болған күйеуінің ата-анасы немесе туыстары оны өлтіретін, тіпті бұдан былай заң- ды түрде өзгенің әйелі емес, тек күңі ғана бола алды. Бұрынғы дәстүр әйелге өз жарымен о дүние- лік өмірде бірге болуы үшін күйеуінің моласы- ның басында өлуге бұйырған. Әйел мұндай ше- шім жайында алдын-ала туыстары мен жақын- дарына хабарлайтын және оның бұл әрекеті өз күйеуіне деген адалдығы мен шын берілген- дігінің белгісі деп қабылданды. Күйеуіне адал болған жесір дәл үйінің алды- на қойылатын мақтау тақтайшасымен марапат- талатын. Бұдан да артық құрмет мадақтамасы — ағаштан жасалған салтанатты дарбаза (пайлоу) – күйеуінсіз өмір сүргісі келмеген жесірдің ерлі- гін білдірді. Жесір өзінің өлген адамның соңы- нан кететінін жариялаған кезде оны салтанатты түрде паланкинге отырғызып, туыстары, таныс- тары және жәй ғана қызығушылар жесір әйелді өзін-өзін өлтіретін жерге шығарып салып бара- ды. Жесірді алдын-ала арнайы дайындалған алаңға апарды, сонан соң келгендер оған бас иді. Кейін бақытсыз әйелдің мойнына ілгекті бе- реді, оның көмегімен әйелдің жақын туыстары- ның бірі оны қылқындырады. Провинция губер- наторлары өздерінің ресми баяндамасында им- ператорға бұл жақсы жесірлердің өзін-өзі өлтір- гендігі жайлы айтып, олардың күйеуіне деген адалдығына байланысты мадақ сұрап, салта- натты дарбаза салуды өтінген. Жесір әйел өлгенде оны бәрінен де бұрын өз 48 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(57). 2011 күйеуімен бір молада немесе оның моласының жанына бірге көмді. Бұл әдет көбінесе Конфу- цийдің өз анасын әкесінің моласының қасына көмгенін айтқан сөздеріне байланысты сақта- лып қалған екен. Қытайлық отбасы өмірінде ең үлкен жаңа- лық дүниеге баланың келуі еді. Бұл оқиға тек дүниеге ұл бала келгенде ғана қуанышты болды да, ал егер керісінше, қыз бала келсе, бәрінің көңілінде қайғы орнайтын. Жаңа босанған әйелдің өз жағдайын жеңіл- дететін бір ғана амалы болды – ұл бала босану. Міне, сонымен ол жүкті болады. Барлығы да одан ұлды күтеді, өзі де ұл босануды арман- дайды. Қап! Әттең-ай десеңізші! – өмірге қыз бала келді! Анасының көзі ащы жасқа толы, ол кішкентай тіршілік иесіне қармайды да. Ал қайны енесі болса ызаға батып, және тіпті бұ- рындары жақсы араласқан күйеуі де қайғыдан өзін қоярға жер таппаған. Дүние есігін жаңадан ашқан сәби, әрине, өзін жақында не күтіп тұрғанын қайдан білсін!? Қызды өлтіре салатын немесе аштықтан өлуі үшін жай ғана далаға лақтыра салатын [3]. Қыз тағдыры не дегенмен де ауыр да, ая- нышты болған. Әбден жоқшылық пен мұқтаж- дықта өмір сүрген кедей ата-аналар кейде өзде- рінің жас қыздарын өлімге қиятын кездері бол- ды. Бұлай өлтірудің жалғыз ғана себебі тақыр кедейлік болды. Қыздың жасауын сатып алуға мүмкіндігі жоқ болғасын және оның да өмірін тақыр кедейлікке душар етпеу үшін ата-анасы оны өлтіргенді жөн көрді. Ұлды босану үшіну әйелдер сансыз көп бал ашуларға барды. Мәселен, жас келіншек таң атпай тұрып, күйеуінің костюмін киіп алып, жақын маңдағы құдыққа барды. Ол судағы көлеңкені бақылай отырып, оны үш рет ай- налды. Егер бұл серуен біткесін ол өз үйіне қайтқанда оны ешкім де байқамайтын болса, бұл жақсылықтың нышаны болды: ұл бала туы- лады [3]. Қыз балаға деген мұндай дәстүрлі көзқарас Қытайда XX ғ.жартысына дейін сақталып келді. Оның бір дәлелін біз дүниежүзілік соғыс қарса- ңында Қытайда әйел босандырушы дәрігер Хань Суйиньнің сол кездегі бір шаруа әйелінің қата- рынан үздіксіз тоғыз қызды босанғаны туралы айтқан сөздерінен анық көре аламыз: «Толғақ басталғанда ол (…..) өз қыздарымен не болғанын айтып беретін: біріншісі үшіншісі секілді өмір сүрді; бірақ үшіншісін бесіншісі, алтыншысы туылған кездегідей күйеуім туыла салысымен қылқындырып өлтірген; ал жетінші- сі жеуге ешнәрсе қалмаған жылдары өмірге келді және ол ішінің терісі арқасына жабысып туылды, күйеуім оның бас сүйегін балтамен жарып өлтірді; сегізінші қыз туылғанда ол қат- ты ашуланғаны сонша, оны қолына ала салы- сымен қабырғаға күшпен лақтырып жіберген болатын; тоғызыншысын ол бір жасында көрші- сіне берді және қазір ол тағы да жүкті… аспан бұған енді бір ұлды берсе болғаны. «Ал төртіншісіне не болды»? Босанар алдында біздің бойымызды қайтадан бала өлімі күтіп тұр ма деген қорқыныш билейтін. Әр кез толғақ ауруы күшейгенде ол аямай көз жасын төгетін де бала- ны жіберетін – төртіншісін. Ал сәби туылғанда оның қыз бала емес екендігін көрген анасы үрейі ұша оны өз қолымен жуынуға арналған құмыраға салып буындырған болатын» [5]. Бұл деген сол ескі нанымның сарқыншағы мен дәстүрді қатаң сақтау идеясына негізделген ұстанымның айқын көрінісі десек болады. XVIII ғ. шенеунігі Лань Динъюань: «Мемле- кеттік биліктің негізі – бұл халықтың әдеп-ғұр- пы. Әдеп-ғұрып отбасындағы өмірмен айқын- далады. Ал отбасылық өмір әйелдің өзін-өзі ұстауына байланысты» деп жазған болатын [4]. Осы ретте, әйелдің қоғам өмірінде айтарлықтай ерекше рөл атқаратынын ескерсек, қазіргі күнге дейін сақталған әйел әрдайым еркектен төмен тұруы қажет деген дәстүрлі пікірдің қытайлық әйелге де әсер етпей қоймайтынын айтпай кету- ге болмайды. Бұл көзқарас әлі күнге дейін қы- тайлық кейбір аудандарда көрініс тауып, көне- ден жаңаға бет алды. Алайда елдегі әйелдердің қазіргі жағдайын ескере отырып, бұл тұстағы ап-айқын ілгерілеу- ге – олардың қоғамдық-саяси рөлінің, қоғамдық құқығы мен мәртебесінің көтерілуіне қарамас- тан, бұл процесс ширақ жүріп жатқан жоқ деп айтуға болады. Бұл мәселені шешу үшін тек қоғамның әйелге деген қарым-қатынасын, көз- қарасын өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар әйел бойында өзін-өзі құрметтеу сезімін, өз кү- шіне және дербестігіне деген сенімін ұялатып, өзіне дұрыс көңіл бөлуін қадағалау керек. ағынады, сол себепті олар үш ережені ұстануы керек: қыз күнінде әкесі мен ағаларына бойұсыну, тұрмыс құрғанда – жарына, ал жары қайтыс болғасын – үлкен ұлына бағынуы керек деп саналды. «Егер мен бір құсқа тұрмысқа шықсам, мен оның артынан ұшуым керек; егер бір итке күйеуге шықсам, ол жүрген жермен жүріп, ізін қуалауым керек; егер иесіз бір кесек жерге шықсам, мен оның жанында отырып күзетуге міндеттімін», — дейді ескі қытайлық өсиет сөз. Міне, біз дәстүрлі қытай отбасындағы әйел- дің орнын дәл осы тұстан көре аламыз. XX ғ. басында П. Лоуэль дәстүрлі қытайлық отбасы жайында: «Өз тағындағы имератор үшін және өз лашығындағы қарапайым жұмысшы үшін де барлық нәрсе отбасылық жақындық идеясында болады. Империя өз кезегінде үлкен отбасыны құраса, ал отбасы кішкентай мемле- кет болып табылды»-деп жазған болатын. Мұн- да да конфуцийлік отбасы қағидасының басым- дылығын байқауға болады. Біз білетін аспан асты елінің дәл қазіргі даму барысын ескерсек, қазіргі қытайлық отбасы және ондағы әйелдің орны мен қоғамдағы әлеу- меттік мәртебесін анықтауда дәстүрлі көзқарас- тарды білудің маңызы зор болуы бұл тақырып- ты таңдауымыздың негізгі себебі болып отыр. Ұзақ уақыт бойында Қытайда әйелдердің қоғамдағы орны еркектерге қарағанда анағұр- лым төмен болды және әйелдермен мүлдем са- наспады. Бірақ қазір қытай қоғамындағы әйел жағ- дайын түбегейлі өзгерткен жаңа заңның шыққа- нына аса көп уақыт болған жоқ. Соған қарамас- тан, ежелгі данышпандық ілімнің қытай қоға- мында қазіргі күнге дейін сақталғандығына әлі де куә болып келеміз. «Бала неғұрлым көп болған сайын соғұрлым көп бақыт әкеледі» деген отбасылық ескі сенім- нің жақтаушысы болып қалған шаруа адамда- рының өмірінде тек ұл балалар ғана отбасы ісін жалғастырушы ретінде саналғандықтан әлі ту- ылмаған қыздан құтылуға тырысу қазіргі қытай қоғамында жиі кездесуде. Нәтижесінде кейбір қытайлық ауылдарда ерлер саны әйелдер саны- нан басым түсуде, сол себепті әйелдерді алып қашу және «күң ретінде» күйеуге сататын жағ- дайлар да пайда болды (әдетте құл саудасымен айналысатындар болашақ құрбандарын еңбек биржаларынан іздеп, жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуге уәде береді де, жас әйелдерді туған өлкелерінен әкетіп, алыс аудандардың шаруаларына сатады екен) [5]. Құқыққа қайшы әрекеттерді тамырымен жойып, орын алған мәселені шешу үшін ана мен бала денсаулығын қорғау туралы заңға баланың жынысын анықтау сараптамасын жүргізу ісі тек медициналық көрсетім бойынша жүзеге асуы тиіс деген тармақ енгізілді. Осы тұрғыдан келе, қазіргі қытай қоғамын- дағы әйел орнын қарастыруда дәстүрлі қытай қоғамындағы отбасы және ондағы әйелдің ор- нын, оның әлеуметтік мәртебесін анықтау басты мақсатымыз болып табылады. Тұрмысқа шығуды білдіретін қытайша «үй- ден кету (出嫁)» сөзінің мағынасы әйелдің үйле- ну тойынан кейінгі орны мен жағдайына деген қытайлықтардың дәстүрлі көзқарастарының дәлме-дәл көрінісін береді [1]. Орта ғасырларда қытай отбасындағы әйел- дің орны мен оған деген көзқарастардың даму сипатында оңтүстік пен солтүстік Қытайда бір- қатар айырмашылықтар болғанын байқауға бо- лады. Жартылай көшпенді қоғамнан шыққан сол- түстік ақсүйектер тобының жауынгерлік дәстүр- лері бойынша әйелдер еркектерге қарағанда анағұрлым көп құқыққа ие болды. 554 жылы туылған Лян Янь Чжи-туй Батыс Вэйге, сосын ол жақтан Солтүстік Циге барған- да, оның көзіне бірінші оңтүстік пен солтүс- тіктік отбасы өмірі арасындағы айырмашылық түседі. Янь Чжи-туй елдің екі бөлігіндегі ғұрып- тардың бірқатар ерекшелігін жазып кеткен болатын [2]. Алдымен, Лян Янь Чжи-туй солтүстіктегі әйелдердің дербестігіне назар аударды, мұны ол қоғамда еркектерге қарағанда әйелдің рөлі ба- сым болған сяньбийлердің әсерімен байланыс- тырды. Оңтүстікте әйел тұрмысқа шыға салысы- мен үйінен шықпай, тіпті өз туыстарымен де сирек кездесетін болған. Ал солүстікте әйелдер тек үйдің толық қожасы болуымен ғана шек- телмей, олар үнемі түрлі сапарларға шығып, буддалық храмдарға барып, тіпті өз ұлдарының Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 45 кәсібін де ұйымдастырды, күйеулерінің өздеріне деген әділетсіз қатынасы туралы билік орын- дарына шағым айтқан екен. Сонымен қатар, Янь Чжи-туйдің жазуы бойынша, солтүстіктегі әйел- дер қолөнер бұйымдарын жасауда және тігін- шілік ісінде оңтүстіктегілермен салыстырғанда едәуір шебер болған. Оңтүстікте егер әйелі қай- тыс болса, оның істерін күң (немесе еріксіз әйел) жалғастыратын болса, ал солтүстікте оның орнына жаңадан әйел алатын болған [2]. Алайда, уақыт өте келе, солтүстіктік мұндай дәстүр өз кезегінде Таң кезеңінің ақсүйек ха- нымдарының көркіне де өз мөрін басты. Текті отбасынан шыққан қыздар аса жоғары бағалан- ғандықтан да әйел еркіндігіне ақсүйектер тобы- ның үстемдік етуі ықпал еткен. VIII ғ. тарихшы Лю Фан Солтүстік-шығыс- тың ақсүйектер қоғамында қыз жақтың туыста- рын әулеттің ағайын-бауырларынан да жоғары санағанын айтады. Таңдық жоғарғы таптың ба- тыл, әрі өктем әйелдері атқа салт мініп жүру- мен, аңшылықпен, садақ атумен айналысқан. Олардың ұлы істері мен ерекше ержүректілігін Таң империясының атақты ақындары – Ли Бо, Ду Фу,Чжан Цзи және т.б жырлаған. Алайда Сұң империясы кезінде жоғарғы таптың ханымдары бұл қасиеттерін жоғалтып, әйелдік сұлулық мұратына да өзгеріс енгізді. Таңдық сымбатты, сезімтал сұлу әйелдер енді салмақыздыққа, сынғыштықа, денесіздікке жол берді [1]. XX ғ. дейін халық өмірінде әдетті көрініс тапқан қыздардың аяғын дәстүрлі бинттеу әдісі мен қуыршақтың үлгісіндей бет-әлпет беретін косметиканы қолдану кең таралды. Осылайша, дәл осы Сұң кезеңінде әйелге деген дәстүрлі пікірлердің, отбасында әкелік басымдылыққа негізделген отбасылық қағидалар қалыптасты. Әйелдің қоғамдағы орны мен отбасындағы рөлін анықтау үшін алдымен дәстүрлі қытай отбасына тоқтала кетсек. Жоғарыда айтылғандай, егер мемлекеттің барлық бағынушылары императорға мойынсұну керек болса, онда отбасының барлық мүшелері еш қарсылықсыз отағасына бас июге міндет- телді. Әке «император өкілі» саналған, және от- басылық қағидаларды бұзу мемлекеттік ереже- лерді бұзумен тең қаралды [3]. Конфуцийлік дәреже бойынша, яғни үлкен- нің кішіге бағыну принципі бойынша құрылған қытайлық отбасында отбасы мүшелері арасын- дағы кез келген түсініспеушіліктер мен ұрыс- -керістер кішіге үлкеннің, ата-ананың балала- рына, ерінің әйеліне басымдылығы принципі- мен тез шешіліп отырған. Отбасы барлық жағынан әкеге — патриархқа бағынуы тиіс болды. Қытайлықтардың өз оша- ғына берілгендігі отбасындағы өзара бейбітші- лік пен келісімнің үйлесуін тудыратын. Бірақ бейбітшілік пен келісім өз кезегінде тіл алу- шылық пен қатал заңдарға сүйенді. Отбасы және шыққан тегі үшін әрбір отбасы мүшесі еш қарсылықсыз өзіндік қажеттіліктері мен жеке еркіндігінен бас тартты. Сонымен қатар, ол барлық өзге отбасы мүшелері үшін жауапты болды. Әкесі бала-шағасының іс-әрекеттеріне жауапты болса, осы орайда, егер ата-аналар тарапынан қателік кетсе, бұл үшін балалары да кінәлі саналды. Өзара жауапкершілік туыстар арасында ғана емес, қылмысқа қандай да бір қатысы бар деген куәгерлердің бәріне де жүктелген. Жаңа заманға дейін сақталып келген мұндай әдет-ғұрып үлкен рөл атқарды және кейде бұл жағдай өзге туыстас отбасындағы осы қылмыстың «жанама сыбайластары» болған адамдар үшін үлкен трагедияға айналған [3]. Мұның дәлелі ретінде келесі жағдай назар аудартады. Бір қытайлық ауылда ұрыға тергеу- сіз сот жүргізілген екен. Оны өлім жазасына кесіп, үкімді іске асыруды ұрының әкесіне тап- сырады. Үкім бойынша әкесі туған баласын тірі- дей жерге көмуге тиіс болады. Оны естіген әкесі еңіреп жылап, өз қауымынан бұл үкімді орын- датпауға жалбырынады. Бірақ тергеусіз сотты ұйымдастырушылар оның сөзіне көнбей, егер әкесі ұлын өз қолымен өлтіруден бас тартса, олар оның үйін өртеп жіберіп, бүкіл жанұя мү- шесін ауылдан қуамыз деп қорқытып, үкімді жақын арада орындауды талап еткен. Мұндай қауіпті естіген бақытсыз әке амал- сыздан үйінің алдында өз ұлының өліміне шұң- қыр қаза бастады. Шұңқырды қазып болып, ол тергеусіз соттың талабы бойынша, өз ұлының мойнына тас байлап, төменге қарай лақтырып жібереді де, шұңқырды топырақпен қайта көме бастады. Әкесінің жүрегі жыланыштан жарыл- ды, бірақ амал нешік, көнуіне тура келді. Әкесі- нен баласы көмілген жерді күрекпен тегістеуін талап еткен екен [3]. Бұл сол кезеңдегі қатаң тәртіп пен отбасы- лық қатып қалған қағиданың бір көрінісі бола- тын. Шартты түрде қытайлық жас бала 20 жасын- да кәмелет жасқа толған деп есептелінді. Ал шындығында, ол тек әкесі қайтыс болғанда ғана еркіндік алатын. Ұлының бетіндегі әжімдері, өмірлік тәжірибесінің өзі де оған өзінше дербес өмір сүруге құқық берген емес, тіпті ұлы өз отбасын құрса да, ата-ана айтқанынан шыға ал- мады. Ұл бала тек әкесінің келісімімен ғана же- ке шаруашылықты жүргізе алды. Алайда қытай- лық тұрмыс жағынан қарастырсақ, ата-аналар- дың өз ұлдарынсыз өмір сүруін елестету қиын. Ал бір жағынан, қыздар мәселесіне келсек: 46 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(57). 2011 тұрмысқа шыққаннан кейін ата-аналардың олар- ға деген билігі аяқталатын — олар өз отбасы- ларын тастап кетеді. Бұған қарамастан, қытайлық отбасында бәрі- нен де көп азап шегуші әйел болды. Бірнеше ғасырлар бойы Қытайда ерді көкке көтеріп, ал әйелді кемсіткен қомақты шығармалар жарық көрді. Атап өткеніміздей, әйелдің жақсы қасиет- теріне олардың көнгіштік, яғни бас июшілік, именшектік, салиқалылық, икемділік сияқты қа- сиеттері жататын. Әйел әлемі оның үйі мен жанұясынан аспайтын. Мұндай көзқарастың кең ете алуында біз Сұң дәуірінде Қытай үшін жатжерлік буддизм- нің кеңінен құлаш жая дамуы және таза қытай- лық даосизмнің халық арасында танымалдығы- ның ұлғая түсуі, сол себепті де классикалық конфуцийшілдіктің дағдарысқа ұшырауына бай- ланысты ежелгі данышпандық ілімнің жаңаша түсіндіріліп, жаңаша қабылдануының негізінде дүниеге келген неоконфуцийшілдіктің жатқа- нын көре аламыз. Бұл кезде әйелдер ешқандай жалпыотбасы- лық жеке меншік құқығына ие бола алмады. Ал егер де қандай да бір жағдайлармен жылжы- майтын мүлікті бөлісу ісі жүретін болса, онда ол тек ерлер қауымы арасында жүргізілетін. Отба- сында әке ісін жалғастырар ер бала болмаған жағдайда ғана қыз бала әке мұрагері ретінде қарастырылған. Бірақ бұл өте сирек кездесетін жағдай. Тіпті ауқатты жанұяларда да әйелдің мұрагерлік құқығы болмады. Әйелдің көріктілігін (әсіресе, қоғамның дәу- летті ортасында) оның кішкентай аяғы мен тақ- тайдай жалпақ көкірегімен бейнелеген. Қытай- лық ғұрып бойынша, әйелдің аяғы жаңа туған айдың немесе лалагүлдің формасындай кішкен- тай доға тәріздес болуы керек. Егер де жас қыз- дың бойында мұндай сұлулық белгісі болмаса, оның тұрмысқа шығуы қиындық туғызған [3]. Аяғы доға тәріздес болуы үшін арнайы бинттеу әдісі жүргізілді. Қыздардың 6-7 жастан аяқ саусақтарын (үлкен саусағынан басқа) бүк- теп, аяқ саусақтары табанға қарай майыстыры- лып, табан мөлшері 8-12 см болғанша бинтпен қысып орап тастайтын болған. Әр апта сайын олардың аяқтары одан сайын тығыздалып бай- ланып отырды және бұл әдіс табанның доға формасына айналғанша жалғасты. Қыздардың бинттелген аяқтары үнемі ауырумен болды, тіп- ті бұл кейде олардың аяғының жұмыс істемей қалуына алып келді. Осыған қарағанда, қытай халқында «Сұлулық азап шегуді талап етеді», «Бинттелген әрбір жұп аяқ былау толған жаспен тең» деген мақалдар бекер айтылмаған сияқты. Қытайлық ұлы революционер — демократ Сунь Ятсеннің замандастарының сөздеріне сүй- енсек, Сунь жастық шағында аяғы бинттелген қарындасының қиналғанын көріп өскен екен. Жас қыз түні бойы ұйықтай алмаған: ауырған- нан ыңырсып, төсекте тынымсыз қимылдай бер- ген, түсініксіз бірнәрселерді сыбырлап, оған ты- ныштық әкелетін таңның атқанын асыға күткен екен. Түні бойы қиналып біткен ол таң атқанда бәрін ұмытатын, оған аяғының ауруы жеңіл- дегендей көрінетін. Бірақ, бұл ауру дәл осылай күннен күнге жалғаса беретін. Қарт анасының өзі де қызының қиналғанына әрең төзген, алай- да, әдеттен озбау керек деп, әрі бұл қыз өсіп бой жеткенде аяғы кішкентай болмағаны үшін үнемі бізді дәстүрді бұзды деп жазғыратын болады деуменен болған екен [3]. Әрине «Бұған ешнәрсе де істей алмайсың, дәстүр солай, Аспан ұлының заңы осылай». Тоқтаусыз бейнет шеккен кішкентай қыз бой жеткеннен кейін де барлық үй жұмыстарын жалғыз өзі орындайтын болған — тамақ істеп, жі- бек құрттарына қарап, кесте тігіп, өрнек тоқы- ған. Артық академиялық білімнің оған қажеті шамалы болды, өйткені «неғұрлым әйел аз білген сайын, соғұрлым ол мейірімді, жақсы- лыққа құмар болады» деп есептелген. Дәстүр бойынша, әйел мүсіні «түп-түзу мін- сіз лалагүлдің үндесуіндей жарқырап тұрды», және бұл үшін қыздың 10-14 жасында кеудесін арнайы көкірекше немесе ерекше желеткемен қысып бүгетін болған екен. Көкірек бездерінің дамуы кешеуілдеп, көкірек жасушаларының жылжуы мен организмнің оттегімен қоректенуі бірден тоқтап қалатын. Бұл қыз организмінің жалпы дамуына кері әсерін тигізгенімен оның мүсінінің «көрікті» болуына септігін тигізді. Ал некеге деген қатынасқа келсек, ол өз ке- зегінде екі жақтың қалыңдық пен күйеу жігіттің әлі кішкентай бала кезінде немесе сәби кезін- де-ақ тойдың алдын ала келісуінен көрінді. Ең төменгі некелік жас жас дәстүр бойынша, қыз- дарға 15, ал ұлдарға 13 жастан қойылды [1]. Ескіше қытайлық мораль жастар арасындағы нәзік, әрі сүйіспеншілік сезімдерді қолдамады; бұл керексіз, орынсыз, әдепсіз деп саналған. Жігіт пен қыздың арасында қандай да бір терең сезім болғанымен бұл ата-ана тарапынан көзге ілінбеді. Жастардың құдаласуға дейін бір-бірі- мен кездесуіне болмайтын. Олардың жеке сезімдері ешкімді де қызықтырмаған. Жарының ата-анасына қызмет ету — жас келіншектің ең негізгі міндеті болды. «Егер де әйелі еріне ұнап, бірақ оның ата-анасына жақпаса, — делінді көне Қытайда,- онда ол әйелімен ажырасу керек. Ал керісінше, егер әйелі ұлының көңілінен шықпай, бірақ ата — анасының жүрегі жылыса, ондай жағдайда ері онымен ажырасуға дәті бармайды» [3]. Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 47 Қалыңдық отағасы немесе ұлдарының қа- сында емес, үнемі енесінің «қол астында» бо- луы керек деп саналды. Енесінің қалыңдыққа қатыгез мінез танытуы – феодалдық қытайлық отбасының қараңғы-қапас жақтарының бірі. Тіпті, себепсіз өз ұлын қызғанған енесі кей- де жас жұптардың бөлме есігін түнде кеңінен ашып қоюын да талап еткен және әрбір нәзік мейірімді көрген сайын ол күндіз келінін қатты сөгетін жағдайлар да орын алып отырған. Бұл тіпті қалыңдықтың өз — өзіне қол жұмсауына итермелеп, кейде оның өз енесі қолынан мерт болуы да мүмкін еді [5]. Ерінің өз әйеліне қаншама аяусыздық таны- тып араласса да, әйел оның «отымен кіріп, күлі- мен шығуы» тиіс болды. Басқаша айтсақ, еш қыңқылсыз тағдырға бағынып, ерінің алдында бойұсынды. Ол өз ата-анасынан да, соттан да қамқор күте алмады. Ол тек қана храмға барып, күйеуі бейнеленген қағаз мүсіншені іліп, құдай- дан жарының оған рақымшылдық, мейірімділік танытуын тілеп, оның жүрегін жұмсартуын сұ- рай алды. Халық арасында әйел «ерінің кіршіксіз кө- леңкесі» болуы тиіс деп саналды. Дәулетті еркек өзіне бір немесе бірнеше «арзан қолды (күң, еріксіз әйел)» әйел алса, заңды жұбайы оларды игі ниетпен қарсы алып, олармен бейбіт те келі- сіп өмір сүре беретін. Күйеуі өз әйелдерін неме- се күңдерін сата алатын және оларды уақытша немесе мәңгілікке бере алатын. Бұған сырт көзге заңмен тыйым салынғанымен, мұндай тәжірибе кең таралды. Егер күйеуі әйеліне дөрекілік та- нытса, бұл үшін ол жеңіл жаза тартумен құтыл- ды, ал әйелі еріне лайықсыз мінез көрсете қалса, ол бұл үшін қатаң жазаланып отырды. Егер күйеуі әйеліне опасыздық жасаса, бұл тіпті де қылмыс болып саналмады. Алайда егер оның әйелі дәл осыған ұқсас әрекетке барса күйеуі оны жазасыз-ақ өлтіре салатын. Күйеуінің өз әйелімен мынадай жағдайларда өз еркімен, яғни, ешбір заңға негізделмей-ақ ажырасу құқығы болды: — егер әйелі бедеу болса; — егер ол ата-енесімен келіспесе; — егер ол күйеуіне опасыздық жасады деген күдік болса немесе осы жағдай шынымен де орын алса; — егер өсек айтып немесе мылжыңдап отбасын- да ұрыс-керіс туғызса; — егер жұрттың мазасын алатындай белгілі бір аурумен ауыратын болса; — егер тілі мен жағына сүйеніп қалған болса; — егер ол күйеуінің рұқсатынсыз үй мал-мүл- кін, дүниесін иемденсе; Егер әйелі үздіксіз дүниеге қыз баланы әкеле беретін болса, онда ол күйеуінің алдында кінәлі саналатын. Бұл кезде күйеуі «заңға негізделе отырып» өзіне ұл бала тууы үшін күң сатып алды [3]. Ауқатты қытайлықтар әдетте арнайы өзінің күңі ету үшін сұлу қыздарды сатып алатын. Мұндай жағдайда рәсімдеу өте қарапайым жүр- гізілді: қыз өз қожайынының заңды әйелінің ал- дында үш рет жерге иіліп сәлем берген – мұн- дай бас июшілік ол қыздың үй бикесіне, яғни заңды әйеліне қызмет етуге дайын екенін біл- дірді. Сатып алынған үй қызметіндегі бұл әйел өз жанұясында қыңқ етпей дәл сол баяғыдай үй шаруасымен айналысып жүре берді. Бірақ ол еріне ұл бала сыйласа, оның жағдайы бірден өзгеретін. Егер «тікелей» әйелі дүниеден озса, онда оның орнын «жанама әйелдердің» ең үл- кені басты. Күйеуінің көзі тірісінде әйелге өз жарына деген сезімдерін білдіруіне тыйым салынды. Ол тек қайтыс болған соң ғана айтуына құқығы болатын. Әйелдің екінші реттік күйеуге шығуы о дү- ниелік күйеуінің алдында ауыр күнә ретінде саналатын. Егер жесір әйел қайта тұрмыс құруға бел буған жағдайда, ол өз ортасынан қуғындал- ған, марқұм болған күйеуінің ата-анасы немесе туыстары оны өлтіретін, тіпті бұдан былай заң- ды түрде өзгенің әйелі емес, тек күңі ғана бола алды. Бұрынғы дәстүр әйелге өз жарымен о дүние- лік өмірде бірге болуы үшін күйеуінің моласы- ның басында өлуге бұйырған. Әйел мұндай ше- шім жайында алдын-ала туыстары мен жақын- дарына хабарлайтын және оның бұл әрекеті өз күйеуіне деген адалдығы мен шын берілген- дігінің белгісі деп қабылданды. Күйеуіне адал болған жесір дәл үйінің алды- на қойылатын мақтау тақтайшасымен марапат- талатын. Бұдан да артық құрмет мадақтамасы — ағаштан жасалған салтанатты дарбаза (пайлоу) – күйеуінсіз өмір сүргісі келмеген жесірдің ерлі- гін білдірді. Жесір өзінің өлген адамның соңы- нан кететінін жариялаған кезде оны салтанатты түрде паланкинге отырғызып, туыстары, таныс- тары және жәй ғана қызығушылар жесір әйелді өзін-өзін өлтіретін жерге шығарып салып бара- ды. Жесірді алдын-ала арнайы дайындалған алаңға апарды, сонан соң келгендер оған бас иді. Кейін бақытсыз әйелдің мойнына ілгекті бе- реді, оның көмегімен әйелдің жақын туыстары- ның бірі оны қылқындырады. Провинция губер- наторлары өздерінің ресми баяндамасында им- ператорға бұл жақсы жесірлердің өзін-өзі өлтір- гендігі жайлы айтып, олардың күйеуіне деген адалдығына байланысты мадақ сұрап, салта- натты дарбаза салуды өтінген. Жесір әйел өлгенде оны бәрінен де бұрын өз 48 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(57). 2011 күйеуімен бір молада немесе оның моласының жанына бірге көмді. Бұл әдет көбінесе Конфу- цийдің өз анасын әкесінің моласының қасына көмгенін айтқан сөздеріне байланысты сақта- лып қалған екен. Қытайлық отбасы өмірінде ең үлкен жаңа- лық дүниеге баланың келуі еді. Бұл оқиға тек дүниеге ұл бала келгенде ғана қуанышты болды да, ал егер керісінше, қыз бала келсе, бәрінің көңілінде қайғы орнайтын. Жаңа босанған әйелдің өз жағдайын жеңіл- дететін бір ғана амалы болды – ұл бала босану. Міне, сонымен ол жүкті болады. Барлығы да одан ұлды күтеді, өзі де ұл босануды арман- дайды. Қап! Әттең-ай десеңізші! – өмірге қыз бала келді! Анасының көзі ащы жасқа толы, ол кішкентай тіршілік иесіне қармайды да. Ал қайны енесі болса ызаға батып, және тіпті бұ- рындары жақсы араласқан күйеуі де қайғыдан өзін қоярға жер таппаған. Дүние есігін жаңадан ашқан сәби, әрине, өзін жақында не күтіп тұрғанын қайдан білсін!? Қызды өлтіре салатын немесе аштықтан өлуі үшін жай ғана далаға лақтыра салатын [3]. Қыз тағдыры не дегенмен де ауыр да, ая- нышты болған. Әбден жоқшылық пен мұқтаж- дықта өмір сүрген кедей ата-аналар кейде өзде- рінің жас қыздарын өлімге қиятын кездері бол- ды. Бұлай өлтірудің жалғыз ғана себебі тақыр кедейлік болды. Қыздың жасауын сатып алуға мүмкіндігі жоқ болғасын және оның да өмірін тақыр кедейлікке душар етпеу үшін ата-анасы оны өлтіргенді жөн көрді. Ұлды босану үшіну әйелдер сансыз көп бал ашуларға барды. Мәселен, жас келіншек таң атпай тұрып, күйеуінің костюмін киіп алып, жақын маңдағы құдыққа барды. Ол судағы көлеңкені бақылай отырып, оны үш рет ай- налды. Егер бұл серуен біткесін ол өз үйіне қайтқанда оны ешкім де байқамайтын болса, бұл жақсылықтың нышаны болды: ұл бала туы- лады [3]. Қыз балаға деген мұндай дәстүрлі көзқарас Қытайда XX ғ.жартысына дейін сақталып келді. Оның бір дәлелін біз дүниежүзілік соғыс қарса- ңында Қытайда әйел босандырушы дәрігер Хань Суйиньнің сол кездегі бір шаруа әйелінің қата- рынан үздіксіз тоғыз қызды босанғаны туралы айтқан сөздерінен анық көре аламыз: «Толғақ басталғанда ол (…..) өз қыздарымен не болғанын айтып беретін: біріншісі үшіншісі секілді өмір сүрді; бірақ үшіншісін бесіншісі, алтыншысы туылған кездегідей күйеуім туыла салысымен қылқындырып өлтірген; ал жетінші- сі жеуге ешнәрсе қалмаған жылдары өмірге келді және ол ішінің терісі арқасына жабысып туылды, күйеуім оның бас сүйегін балтамен жарып өлтірді; сегізінші қыз туылғанда ол қат- ты ашуланғаны сонша, оны қолына ала салы- сымен қабырғаға күшпен лақтырып жіберген болатын; тоғызыншысын ол бір жасында көрші- сіне берді және қазір ол тағы да жүкті… аспан бұған енді бір ұлды берсе болғаны. «Ал төртіншісіне не болды»? Босанар алдында біздің бойымызды қайтадан бала өлімі күтіп тұр ма деген қорқыныш билейтін. Әр кез толғақ ауруы күшейгенде ол аямай көз жасын төгетін де бала- ны жіберетін – төртіншісін. Ал сәби туылғанда оның қыз бала емес екендігін көрген анасы үрейі ұша оны өз қолымен жуынуға арналған құмыраға салып буындырған болатын» [5]. Бұл деген сол ескі нанымның сарқыншағы мен дәстүрді қатаң сақтау идеясына негізделген ұстанымның айқын көрінісі десек болады. XVIII ғ. шенеунігі Лань Динъюань: «Мемле- кеттік биліктің негізі – бұл халықтың әдеп-ғұр- пы. Әдеп-ғұрып отбасындағы өмірмен айқын- далады. Ал отбасылық өмір әйелдің өзін-өзі ұстауына байланысты» деп жазған болатын [4]. Осы ретте, әйелдің қоғам өмірінде айтарлықтай ерекше рөл атқаратынын ескерсек, қазіргі күнге дейін сақталған әйел әрдайым еркектен төмен тұруы қажет деген дәстүрлі пікірдің қытайлық әйелге де әсер етпей қоймайтынын айтпай кету- ге болмайды. Бұл көзқарас әлі күнге дейін қы- тайлық кейбір аудандарда көрініс тауып, көне- ден жаңаға бет алды. Алайда елдегі әйелдердің қазіргі жағдайын ескере отырып, бұл тұстағы ап-айқын ілгерілеу- ге – олардың қоғамдық-саяси рөлінің, қоғамдық құқығы мен мәртебесінің көтерілуіне қарамас- тан, бұл процесс ширақ жүріп жатқан жоқ деп айтуға болады. Бұл мәселені шешу үшін тек қоғамның әйелге деген қарым-қатынасын, көз- қарасын өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар әйел бойында өзін-өзі құрметтеу сезімін, өз кү- шіне және дербестігіне деген сенімін ұялатып, өзіне дұрыс көңіл бөлуін қадағалау керек.

Читайте также:  Нәсілдердің психологиялық белгілері

Оставить комментарий