Загрузка…

ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ МЕМЛЕКЕТТЕРІНЕ ГЕРМАНИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ

Германияның, тоғыз еуропалық мемлекетпен шектесе отырып, белсенді еуропалық саясатты жүргізбеуге мүмкіндігі бар ма? Қазіргі Еуропалық Одақтың дәл ортасында орналасқандықтан, Германия, әрине, көрші мемлекеттерімен тұрақты және бейбіт қарым- қатынасқа мүдделі. Халқының саны бойынша континентте жетекші орындағы, оған қоса, экономикалық тұрғыда өте мықты және Еуропаның орталығында орналасқан Германия бірінші кезекте еуропалық интеграция үрдістеріне қатысуға және ол үрдістердің келешектегі дамуы мен кеңеюіне қызығушылығын білдіреді. Еуропа Германияның ұлттық мүдделерін қанағаттандырады. Интеграция үрдістері бейбітшілікті, гүлдену мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өте қолайлы жағдай туғызды. Ортақ саясаттың арқасында Германия өзінің көршілері ретінде тұрақты әрі берік серіктестерін тапты және Еуропамен бірге бірлікке, сонымен қатар әлем алдындағы құрмет пен абыройға қол жеткізді. Немістер үшін көршілерімен және қалған әлеммен бейбіт мүдделер балансын сақтау Еуропа интеграциясының кепілі болып табылады. 2007 жылдың бірінші жартысындағы Германияның Еуроодақтағы төрағалығы бұның тағы бір дәлелі [1, с.18]. Федералды канцлер Ангела Меркель және Сыртқы істер министрі Штайнмайер Еуропадағы абырой мен сенімді институционалды дағдарысты жеңу мақсатында шебер пайдалана алды. Германия Лиссабон келісімінің негізін салды және қалған мемлекеттердің Еуроодақтың маңызды шешімдерді қабылдау қабілетіне, ЕО-тың саясаты мен институттарының қалыптасуына қатысты мәселелерде қолдауын тапты. Еуроодақ – бұл күштеу мен мәжбүрлеуге емес, еуропалықтардың мүдделерінің және түсініктерінің ортақтығына, бұл мүдделердің тек ортақ жоспарланған әрекеттер нәтижесінде тиімді жүзеге асатынына көз жеткізуіне негізделген мемлекетаралық одақ. Еурапа интеграциясының үрдісінде мемлекетүстілік саясаттың күшеюі мен бұл саясаттың қалыптасуындағы Германияның шешуші рөлі маңызды фактор болып табылады. Валюталық одақтың белсенді қатысушысы және Еуроодақтың алдағы кеңеюін қолдаушысы бола тұрып, Германия әлемдік тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы жауапкершілігін ерекше атап өтті. Оның сыртқы саясатындағы мүдделерінің жаһандануы әуелі оның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі статусын алуға ұмтылысымен сипатталады. Германия үшін еуропалық қауымдастыққа қатысты саясат әрдайым маңызды орында болды, себебі өзінің ұлтшыл тарихымен қоштасуға және еуропалық мемлекеттер жүйесінде лайықты орын алуға көмектесті. ЕО интеграциялық құрылымына белсенді 216 қатысу Федеративті Республикаға тек Еуропадағы жетекші позициясын дәлелдеуге ғана емес, сонымен қатар тарихи проблеманың – мемлекеттің ұлттық бірігуін шешуге көмектесті. Еуроодақ мемлекеттері Германияны интеграциялық құрылысты барлық салалардағы неғұрлым тығыз мемлекетүстілік серіктестікке итермелеген «локомотив» ретінде қабылдайды. Ол батысеуропалық мемлекеттердің жекелеген өнеркәсіп салаларының бірігуінің бастауында тұрды, ортақ нарықтың, кейін экономикалық және валюталық одақтың құрылуына белсене қатысты, ортақ сыртқы, қорғаныс және қауіпсіздік саясаттарын жүргізу идеясын ұсынды, ал қазіргі таңда одан да тығыз одақтың құрылуы мақсатында кеңею мен тереңдету саясатын ұстанып отыр. Еуроодақ мемлекеттерінің Германияның сөзіне құлақ салуының да көптеген себептері бар: 1) Германия Еуропалық Одақтың негізін салған бірден бір мемлекеттердің бірі; 2) Германияның ЕО бюджетіне салатын қаржы көлемі 30%, яғни басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда артық [2]; 3) Халық саны бойынша Еуропа контитентіндегі жетекші мемлекет; 4) Еуропарламенттегі ең көп, 99 мандатқа ие [3]. Екі дүниежүзілік соғыстаен кейінгі уақыттан бастап және 2005 жылы федералды канцлер Ангела Меркельдің үкімет басына келуіне дейін Германия Еуропадағы «Экономикалық алып және саяси ергежейлі» мемлекет болды. Үкіметтің ауысуынан кейін Германия өз позицияларын мықтап ұстауға кірісті. Бұрын Еуроодақ мемлекеттерінің қарыздарын жаппай және көніп төлей беретін Германия енді өз бағытын ауыстырды. Қарызға өмір сүруге үйренген Еуропа мемлекеттері белшесінен дағдарысқа ұшырады. 2007-2008 жылдарда басталған қарыздық дағдарыс қазіргі таңда Еуропа мемлекеттерінің, әсіресе Германияның алдынғы қатарлы проблемасына айналып отыр. Германияның Еуроодақ мемлекеттерінің саясатына ықпал етуі Ангела Меркельдің канцлер болып сайлануы мен Еуропадағы экономикалық дағдарыспен сәйкес келеді. Дағдарыс салдарынан еуро зонасына кіретін мемлекеттер дағдарыстан шығудың әр түрлі жолдарын қарастыруда. Бір кемедегі еуро зонасының мемлекеттері бір-біріне, әуелі, дағдарыстың «кінәлісі» Грекияға көмек көрсету керек болды. Қалыптасқан жағдай кейбір мемлекеттердің көңілінен шықпай, олар не еуро зонасынан, не Еуроодақтан шығуға, басқа мемлекеттің қарыздарын төлемеуге ниетін білдірді. Еуроодақтан шығуға дайын бірден бір мемлекет – Ұлыбритания. Германия бар күшін Еуроодақтың қазіргі қалпында сақталуына мүдделі, сондықтан қолынан келгенше Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына жол бермейді, басқа мемлекеттерді Грекия, Испания, Италия және Португалия сияқты терең дағдарысқа ұшыраған мемлекеттерге көмектесуіне үгіттейді. Германия үшін ЕО-тың қандай маңызы бар деген сұрақ туындайды. Біріншіден, ЕО – бұл еркін сауда зонасы, яғни бұл мемлекеттерде кедендік баж салықтары жойылған. Азаматтардың, экономикалық элиталардың Еуропа кеңістігінде бір елден екінші елге баруы өте жеңіл процедура. Екіншіден, ЕО – 27 мемлекетті қамтитын ерекше құрылым. Оны сақтап қалу Германияға үлкен абыройға қол жеткізуге және екі дүниежүзілік соғыстан кейінгі антигермандық қозғалыстарды болдырмауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, қазіргі жаһандану заманында, алып мемлекеттердің өткізу рыногы мен ықпал ету аймақтарына таласы кезінде Германия да өзінің үлесін алғысы келеді. Гитлер кезінде Үшінші рейхты әскери жолмен құрғысы келген болса, қазіргі заманда Ангела Меркель және оның төңірегіндегілер алып державаны экономикалық жолмен құруға кірісті. 2012 жылдың 8 қаңтарында Германия үкіметі сыртқы саясаттың «Жаһандану қабілеті— серіктестікті дамыту— жауапкершілікті бөлісу» атты жаңа стратегиясын қабылдады [4]. Бұл стратегия керекті экономикалық серіктестермен бірыңғай саяси мақсат негізінде жақындасуға негізделеді. Саяси мақсаттарға бірігіп жету жолдарын іздеу барысында Германия өзінің экономикалық мақсаттарына жетуге мүмкіндік алып отыр. Еуропадағы дағдарыстың салдарынан бұл аймақтарда неміс тауарларына деген сұраныстың төмендеді. Сол себептен Германия басқа аймақтарда да өткізу рыногын іздеуде. Германияның сыртқы саясатқа жауапты барлық неміс ведомстволары (Сыртқы 217 істер министрлігі, Экономика министрлігі) дамушы мемлекеттермен байланысты дамытудағы басымдылықтарын айқындады. Мұндай саясаттың себебі, еуро зонасының дағдарысы және жаңа өткізу нарығын іздеу болып табылады. Азия мен Африка континенттеріндегі экономикалық серіктестермен тығыз байланыс орнатудың себебі бұл аймақтардың табиғи ресурстарға бай болуында жатыр. Осылайша, немістердің сыртқы саясаты экспорттық-бағдарланған немс экономикасының мүддесіне жұмыс атқаратын болады. Немістер өзінің әлемнің әр аймағындағы серіктестерінен шикізатты алып, оны Германияда өңдеп, кейін дайын өнімдерді қайтадан сол мемлекеттерге экспорттауды көздеп отыр. Бұл стратегия қазіргі таңда Қытай, Индия, Бразилия, ОАР, Вьетнам, Мексика, Малайзия, Индонезия, Колумбия, Нигерия және Ангола мемлекеттеріне қатысты. Еуропалық нарықтың кейінгі кезде Германия үшін маңызын жоғалтуына қарамастан, алдағы уақытта неміс тауарлары үшін басты экономикалық өткізу кеңістігі болап қалмақ. Бірақ Германия алға ұмтылуда. Сондықтан бүгін неміс дипломатиясы «көтеріліп келе жатқан державалардың»нарығын неміс өнеркәсібі өнімдерінің экспансиясы үшін дайындауда. Германия неміс өнеркәсіптерін қызықтыратын басқа мемлекеттерге қолдау көрсетуге, ғылыми-зерттеу мекемелерімен және Германиямен достық қарым-қатынастағы экономикалық элитарымен тығыз байланыс орнатуға дайын. Бір сөзбен айтқанда нарықтарға жол ашу мақсатында Германия екі майданда әрекет етіп жатыр. Еуропаның қарыздық дағдарысындағы Германияның рөлі. Қазіргі таңда Еуропа дағдарыс фазасындағы ЕО, оның құрамына кіретін мемлекеттер дағдарыстан шығу жолдарын іздеуде. Deutsche Welle мәлімдемесіне сүйенсек 2011жылдың қаңтарында ГФР Сыртқы Істер министрлігінің басшысы Гидо Вестервелле ЕО мемлекеттерін қарыздарды төмендетуге бағытталған қосымша шараларды қолдануға шақырды. Оның пікіріншне, тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бәсекелесстік қабілетін жоғарылату қажет. Вестервелле ЕО мемлекеттеріне олардың конституцияларында мемлекеттің қарыздарды шектейтін механизмдерін бекіту ұсынысын білдірді [5]. Қарыздық дағдарысқа ұшыраған Еуропалық Одақ бүгінгі күні орталықтандыру мен таратылудың арасында шайқалуда. Бұл мәселені шешудің үшінші жолы жоқ болып көрінеді. Грекия, Португалия, Испания және Италия еурозонаны күйретуі мүмкін: Еуропалық тұрақтандыру қорының шамасы бұл мемлекеттердді қарыздық шұңқырдан шығаруға шамасы жетпейді. 2012 жылдың наурыз айтында герман үкіметі грек үкіметінің орнына еуропалық комиссарды тағайындау ұсынысын жасады. Немістердің ұсынысы экстремалдық мәнге ие болса да, оның бір себебі бар. Германияның ұсынысына сәйкес гректердің ұлттық бюджеті мен салық жүйесін еуропалық комиссар қадағалау керек. ЕОБ (Еуропалық Орталық Банк) грек валютасы, еуроға, бақылау жасағандықтан, бұл жағдай бақылауды грек үкіметінен Еуропалық одаққа өткізуге жол ашатын еді. Өйткені мемлекеттің шығындарын, оның монетарлық саясатын, салықтарын кім бақыласа, сол шын мәнісінде мемлекеттің өзін де бақылайды. Бұл ұсыныс гректерді егемендігінен айырады. Немістер Грекияның өз тағдырын өзі шешу құқығын сырттан келген бақылаушыға беруін ұсынып отыр. Немістер күрделі дилемма алдында тұр. Бір жағынан, Германия Еуропа мемлекеттерінің арасында ең аз мөлшерде ортақ экономияға жол беруге қабілетті, себебі бұл жағдай кейін сұранысты азайтады. Екінші жағынан, ол гректердің зерделі салықтық жүйесіне деген байыпсыздығына қарап отыра бере алмайды. Испания және Италия мемлекеттеріндегі неміс тауарларын сұранысы күрт азайып кетпеуі үшін, Германия қарызды қайта-қайта ала берудің кері әсері мен зардабы қайндай болатынын көрсету керек. Алайда немістердің ең басты мақсаты – бұл Еуроодақты сақтап қалу, себебі немістер үшін өз тауардарын өткізу рыногы болып саналатые бірден бір кеңістік – бұл еркін сауда зонасы. Мұнда жүйені сақтап қалу мен қатаң тәртіпті енгізу арасында ішкі қайшылықтар туа бастады. 218 Германия гректердің негізінде басқаларға үлгі көрсеткісі келді. Неміс қоғамы едәуір дәрежеде Берлиннің гректердің екіжүзділігі мен немістердің айыпсыздығы туралы сөзіне сенді. Германияканцлері Ангела Меркель пікірсайыстың осы бағытта дамуын қажет етті, және бұл оның қолынан келді. Ал ортақ үнемдеудің қиындықтары мен салдарымен неміс қоғамы әлі толық таныс емес. Енді Меркель Грецияны тек жауапкершілігі жоқ мемлекет ретінде көретін неміс халқын Германияның қарыздарды төлеуінің маңызын түсіндіру керек. Грекияның капитуляциясы Меркельге ішкі саясатының жалғасуы үшін қажет. Германияның бірнеше мүддесі бар, және олар бір-біріне қарама-қайшы. Бір жағынан, Грекия мәселесі. Алайда қазіргі таңда мәселе Германияның өзімен байланысты. Германия қаншалықты алысқа барады және ол өзінің мүдделерін қаншалықты жақсы түсінеді? Дами келе бұл дағдарыс Грекия мен Италияның дағдарысы болудан қалады. Бұл – Еуропадағы келешек Германия рөлінің дағдарысы. Немістердің қолында көп карта отыр, олардың проблемасы осында: олар дұрыс шешім қабылдау керек, ал бұл өз кезегінде соғыстан кейінгі Германияға оңайға түспейді. Еуропалық Одақтың карыздарының ойыны шиеленіске жетті, Германия қолынан келгенше дағдарыстың құрбандары болған мемлекеттерге көмек көрсету жолдарын бітеп жатыр. Бұл жағдай немістердің 5-7 жылдан кейін басқа мемлекеттердің ысырапшылығының салдарынан одан да қатты соққыға тап болмайтынына ешбір кепілдіксіз өзіне ауыр жүкті алуды қаламауымен түсіндіріледі. Бұл көзқараспен келіспеу мүмкін емес. Бюджетті қалыптастыру мен оны қадағалау мәселесіне тек немістер ғана үлкен көңіл бөлетіндей ой қалыптасады. Қазіргі таңда Грекия басқа мемлекеттерді дағдарыстан шығару үшін қажет қаржының барлығын сіңіріп жатқан «қара қаржылық ойыққа» айналып отыр. Дағдарыстың әлі де болса, алайда жоғары жылдамдықпен енді ғана таралып жатқан кезінде, Германия канцлері Ангела Меркель Италия, Испания, Поругалия мемлекеттеріне бюджеттік үнемдеу мен антидағдарыстық бағдарламалардың сәтсіздікке ұшыраған жағдайында Грекиядағы дағдарыс күтіп тұрған дағдарыстың тек дайындығы ретінде көрінетіндігін түсіндіруге тырысуда. Қазіргі таңда қаржылық ресурстардың еурозонадан мемлекеттердің шығуына әкелетін дефолтты болдырмас үшін жеткілікті болса да, Италия, Испания, Португалияға ЕОБ, Еуропалық қаржылық тұрақтылық қорының және Дүниежүзілік Валюталық Қордың да шамасы жетпейді. Екінші сұрақ, неліктен Германия дағдарыстың локализациясына қолынан келгенше бөгет жасап отыр? Қаншалықты таң қаларлық жағдай болса да, әсіресе «Германия Еуропаны алға тартудан шаршады» деген мәлімдемелерге қарамастан, дәл Германияның өзі, ешбір ЕО мемлекеті сияқты емес, еурозонаның құлдырауын қаламайды. Шын мәнісінде алғашында да Валюталық блок ең алдымен ГФР, Франция, Италияның мүдделеріне қол жеткізу үшін құрылған болатын. Қазіргі таңда бұл «үштіктің» жетекшісі Германия екендігі анық. Германия канцлерінің айтуынша, ЕО төтенше жағдайда еуроның тұрақтылығын сақтап қалу үшін қалған мемлекеттердің бюджеттік саясатына араласуына құқықты болу керек. Оған қоса, Германия Еурокомиссияның өкілеттілігін еуро зонасына кірмейтін мемлекеттердің бюджеттік саясатына араласуына құқық алуына дейін кеңейту туралы ұсыныс жасады. ЕО мемлекеттерінің 2012 жылдың қаңтарында Брюссельде өткен 27 мемлекеттің 25-і Германияның салықтық-бюджеттік бағдарламасы жөнінде келісімге қол қойды. Келісімде бюджет жетіспеушілігі ЕО-та рұқсат етілген 3%-дан асатын мемлекеттерге қатысты айыппұл санкциясын қолдану міселесі қарастырылған. Орталық Банкте келісімге қол қоюды қуанышпен қарсы алды. ЕОБ басшысы Марио Драгидің айтуы бойынша ―Бұл, күмәнсіз — қаржылық одаққа қарай жасалған алғашқы қадам. Бұл жағдай, әлбетте, еурозонаға деген сенімді артады‖. Бағдарламаның авторы Ангела Меркель оны тіпті үздік туынды деп атады. Алайда мұндай көзқараспен 219 Еуроодақ мүшелерінің барлығы келіспейді. ―Қаржылық пактіге‖ Ұлыбритания мен Чехия қарсы болып, құжатқа қол қоюдан бас тартты. Алайда ―Меркель-Саркози пактісі‖ (Германия канцлерінің келісімін дайындау мен басқа мемлекеттерге насихаттауға көмектескен бірден бір тұлға – Францияның экс- президенті) шын мәнінде еурозонаның қарыздық проблемасын шешуге қабілетті ме? Эксперттердің айтуынша бұл келісім эконосикалық келісімнен гөрі саяси келісімге көбірек келеді. Бюджеттік пакт — бұл бірінші кезекте неміс сайлаушыларын тыныштандыру үшін жасалған қадам. Германияға Грекияға 5,05 млрд еуро көлемінде көмек көрсетуге тура келді, бұл ЕО мемлекеттері бөлетін қаржының жартысы дерлік [6]. 2011 жылдың 9 желтоқсанында аяқталған Еуроодақ саммитінің шеңберінде екіжақты до €200 млрд көлемінде несие бөлу туралы шешім қабылданған болатын,оның €150 млрд еурозона мемлекеттері, бұл соманың 30% -ың Орталық Банкі, ал қалған 16 мемлекет €105 млрд сома көлемінде несие бқлу керек еді. Нәтижесінде әр мемлекеттің бөлу керек ақша сомасы €6,5 млрд-қа теңелді. Еуропалық Одақта билік басында өзіне сенімді және парасатты әйел отырған мемлекет бар. Сондықтан Германияның жақында абырой мен экономикалық және саяси шешімдерді қабылдауда көшбасшы ретінде қалыптасуы күмән келтірмейді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar