Құдайдың және адамдардың заңдары туралы

Адам заңдарына жататын нәрсені құдай заңдары қаулыларының пәні етіп алмау да, адам заңдары арқылы құдай заңдарына жататын нәрсені шешпеу де керек. Заңдардың осынау екі түрі бір-­бірінен өздерінің шығу тегімен, мақсат­ мүддесімен және өзінің табиғатымен өзгешеленеді. Адам заңдарының табиғаты діни заңдардың табиғатынан өзгеше екендігіне жұрттың бәрі келіседі. Мұның өзі ұлы принцип, бірақ ол өз кезегінде басқа принциптерге тәуелді. Оларды айқындау керек. 1. Адам заңдарына табиғатынан болмыстың барлық өзгеріс тұратын жағдайларына бағыну және адамдардың ерік­жігерінің бүкіл өзгеруіне еріп отыру тән; керісінше, діни заңдардың қасиеті – ешқашан өзгермейді.

Адам заңдарының қаулылары игілікке жатады; ал діннің талаптары – асқақ игілікке жатады. Игілік қандай да бір басқа мақсатты көздей алады, өйткені толып жатқан әртүрлі игіліктер бар; бірақ асқақ игілік ­ жалғыз, демек, ол өзгермейді. Заңдарды өзгертуге болады, өйткені олар тек жақсы болғанда ғана заң деп танылады; бірақ діннің талаптары әрқашан ең жақсысы деп саналады. 2. Заңдары түкке татымайтын, тек тақсырдың шалдуар да құбылмалы ырқын білдіретін мемлекеттер бар. Сондай мемлекеттерде діни заңдар адам заңдарымен бір тектес болса, олардың да ешқандай мәні болмас еді. Ал бір қоғам үшін тұрақты бір нәрсенің болуы қажет, сол тұрақты нәрсе дегеніміз – дін. 3. Діннің күші ең алдымен оған деген сенімде, ал адам заңдарының күші ­ солардан қорқуда.

Тіршілігінің ежелгі ілігі дінге қолайлы; сенім дәрежесі көбіне­көп өзіміз сенетін нәрсенің қашықтығына сәйкес болады, өйткені біздің ақылымыз сол алыстағы дәуірдің біздің сенімдерімізге кереғар болуы мүмкін жанама ұғымдарынан азат. Адам заңдарына, керісінше, олардың шығу тегінің сонылығы қуат береді.

Читайте также:  Ғылыми білімнің прагматикасы

Оставить комментарий