Делигитимация туралы қазақша

Қазіргі қоғам мен мәдениетте — индустриалды қоғамда, қазіргіден кейінгі (постқазіргі) мәдениетте — білімнің легитимациясы туралы мәселе өзге терминдерде қойылады. Оған берілетін унификация тәсілі қандай болса да: спекулятивті әңгімелену, азаттану әңгімесі, үлкен әңгімелеу сенімнен айырылды. Әңгімелеулердің бұл ақырынан акцентті әрекеттің құралынан оның мақсатына ауыстырған екінші дүниежүзілік соғыстан бастап техника мен технологиялардың жылдам көкке шығу эффектін көруге болады; Немесе дамыған либералды капитализмнің оның 1930­1960 жылдар аралығында кейнсианизм қол астында тұншыққаннан кейінгі таратылу эффектін — бұл жаңару коммунистік альтернативаны жойды және тауар мен қызметтен жеке тұлғалық ләззатты көтерді. Бұл себептерді іздеу әрдайым алдамшы. Бұл гипотезалардың қайсысын қабылдаса да, спекуляция және азаттанудың үлкен әңгімелеулерінің жаппайландырушы және заңдастырушы құдіретінің ақырынан туындаған тенденциялардың арақатынасы түсіндірілмеген қалпында қала береді. Білім статусына бір жатынан, капитализмнің өсуі мен гүлденуінің, екінші жағынан, техниканың қисынсыз көкке өрлеуінің жасар ықпалы, әрине, түсінікті. Бірақ, қазіргі ғылымның бұл ықпалдарға олар орын алмай тұрып қалай сезімтал болғанын ұғу үшін, ең алдымен XIX ғ. үлкен әңгімелеріне тән «делигитимация» мен нигилизмнің түйнектерін анықтаған жөн. Спекулятивті механизм о баста білімге қатысты белгілі екіұштылықты жасырады. Ол өзін оларды заңдастыратын екінші дәрежедегі дискурс аясындағы өзінің өзіндік тұжырымдарынан жасалған циатцияларда қосарлағандықтан ғана өз атына сай. Өзгеше айтқанда, референтке тікелей қатысты денотативты дискурс іс жүзінде өзі білемін деп санайтын нәрсені білмейді. Позитивты ғылым білім емес. Және спекуляция оны басумен қоректенеді. Осы тәсіл арқылы гегельдік спекулятивты әңгіме, Гегельдің өз пікірі бойынша өзінде позитивты танымға деген скептицизм ұстанады.

Өзінің легитимділігіне ие болмаған ғылым шынайы ғылым емес, ол идеология немесе биліктің құралы ретіндегі ең төмен дәрежеде, егер оған өзін заңдастыратын дискурс «анайы» әңгімелеу сияқты ғылымнан бұрынғы нәрсеге тәуелді болып көрінсе. Егер ол эмпирикалық деп жоққа шығаратын ғылымдар оған ойын ережелерін қарсы бағыттаса, өзі солай болып шығады да. Мысалы мына бір спекулятивті тұжырымды алайық: ғылыми тұжырым білім болады егерде және тек қана егер де ол өзін туылудың әмбебап процессіне қойса. Бұл тұрғыда ол мынандай сауал туғызады: бұл тұжырым өзі өз­өзін анықтаған мағынада білім бола ала ма? Ол өзін тек туылудың әмбебап процессіне қойғанда ғана осындай бола алады. Иә, ол бола алады. Отан бұл процесс бар (Рухтың өмірі) және ол өз­өзін әйгілейді деуі жеткілікті. Бұл болжам спекулятивті тілдің ойынына тіпті қажетті нәрсе. Егер оны жасамағанда легитимация тілі өзі легитимсіз болар еді және ол ғылыммен бірге мағынасыздыққа ұшырар еді, әйтеуір, идеализмге сенсек, сондай болар еді. Бірақ, бұл болжамды бізді постқазіргі мәдениетке жақындататын мүлде өзге мағынада түсінуге болады: ол спекулятивті ойынға лайықты ережелерді анықтайды. Бұл бағалау тұрғысынан біріншіден, тілдің жалпы модусы ретінде «позитивты» ғылымдардың модусы қабылданады және, екіншіден, бұл тіл оны тудырған негіздерді түсіндіруге тиіс деп саналады. Ницше «европалық нигилизмнің» ақиқаттың ғылыми талабын осы талаптың өзіне қолданғанда сәл өзге терминдерде болса да , дәл осы қағидадан шығады. Сөйтіп, тіл перспектива ойынынан алыс емес перспектива идеясы туады. Оған легитимация талабымен қозғалған делегитимация процессі қойылған. Белгілері XIX ғасырдан бері көбейген ғылыми білімнің «дағдарысы» өзі техника прогрессі және капитализм экспансиясының нәтижесі болған ғылымдардың кенеттен көбеюінен шықпайды. Ол легитимдік қағидасының ішкі эррозиясынан шығады. Бұл эррозия спекулятивті ойындағы әрекетте болады және иек қана сол әрбір ғылым орнын алуға тиіс энциклопедиялық шекараны бұзып, оларға одан босануға ерік береді. Сол арқылы түрлі ғылыми аймақтардың классикалық межелері бұлдырлана бастайды: түзілімдер жоқ болады, ғылымдар шекараларына шабуылдау арқылы жаңа территориялар пайда болады. Білімдердің спекулятивті иерархиясы имманенттіге және былайынша айтқанда, шекаралары ығысуын қоймайтын зерттеулердің «жазық» түрлеріне орнын береді. Ескі «факультеттер» түрлі институттар мен фондарға бөлінеді, университеттер өздерінің легитимациялау функцияларын жоғалтады. Спекулятивті әңгімелеу тұншықтырған зерттеудің жауапкершілігінен ада, олар қабылданды деген білімдерді таратумен шектеледі және дидактика арқылы ғалымдардан гөрі оқытушылар өндірісін орнатады. Ницше оларды дәл осы жағдайда көріп, лағынет айтады.

Читайте также:  ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФАЗАЛЫҚ ЕТІСТІКТЕР

Ағартудан шытатын легитимацияныц өзге процедурасына келсек, оның азат етілу механизмі, ондағы эрозияның ішкі құдыреті спекулятивті дискурста әрекет ететін күштен түк кем емес. Бірақ, ол өзге аспектке қатысты. Оның айырықша сипаты, ғылымның заңдылығын орнату этикалық, әлеуметтік және саяси практикаға енгізілген сұхбаттасушылардың автономиясына қатысты ақиқатты орнату. Сөйтіп, бұл легитимация о бастан когнитивты құндылығы бар денотативты тұжырымдар мен практикалық құндылығы бар прескрептивты тұжырымдар арасындағы айырмашылық дұрыстықта, яғни компетенцияда деген проблема тудырады. Егер шынайылықты суреттейтін тұжырым ақиқат болса, нәтижесі қажетті түрде оны түрлендіру болатын прескрептивты тұжырым әділ болуға тиіс деген нәрсені ешнәрсе дәлелдей алмайды. Жабылған есікті алайық. «Есік жабық», «Есікті ашыңдар» дегеннен пропозиционалды логика мағынасында нәтиже жоқ. Екі тұжырым да ерікті ережелердің екі ансамбліне тәуелді. Олар түрлі дұрыстықтарды анықтайды, демек, түрлі компетенцияларды. Мұнда зерденің, бір жатынан, когнитивты немесе теоретикалыққа, екінші жағынан, практикалыққа осы бөлінуінің нәтижесінде ол ғылым дискурсының заңдылығына шабуыл жасайды. Ол оның өз ережелері бар тіл ойыны екенін ашады. Осылайша ол өзгелермен тең хұқықты. Осы «делигитимация», егер оның мәнін кеңірек Витгейнштейн, әлде өз беттерінше Мартин Бубер мен Эммануэль Левинас жасағандай қылып жалғастырсақ, посқазіргіліктің маңызды ағынына жол ашады: ғылым өзінің өз ойынын ойнайды, ол тілдің өзге ойындарын заңдастыра алмайды. Мысалы, өкімдеу ойыны оған бағынбайды. Бірақ, ең алдымен, ол спекуляция болжамдағандай енді өз­өзінде заңдастыра алмайды. Тіл ойындарының осы диссеминациясында әлеуметтік субъектің өзі жоғалып кетеді.Әлеуметтік байланыс тіл қатынастарынан тұрады, бірақ ол бір талшықтан тұрмайды. Ол тіл ойындарының түрлі ережелерге бағынатын белгісіз саны шатасқан мата. «Біздің тілімізді көшелер мен шағын алаңдардың, көне және жаңа үйлердің, түзу көшелері бар жаңа пригородтармен қоршалған жаңа замандарда көбейген үйлердің лабиринтінен тұратын ескі қала ретінде қарастыруға болады», — деп жазған Витгенштейн. Және білім метадискурсы басшылығымен жасалынатын жалпы бір қалыптылық қағидасы немесе синтездің мұнда қолданылмайтын көрсету үшін тіл қаласына сориттың ескі парадоксын бағындыру керек, ол мынадай сауал қою керек: «Қанша үйлерден немесе көшелерден бастап, қала қала бола алады?».

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ ҮРДІСІ

Жаңа тілдер ескі қаланың при городын қрап, «химия­ лык символизмге, белгілеудің шексіз кіші түріне айна¬лып», ескілерге қосұылады. Енді отыз бес жылдан кейін оған машиналық тілдерді, ойындар теорияларының матрицаларын, жаңа музыкалық белгілеулерді, денотативты емес логикалардың белгілеулерін, генетикалық кілт тілін, фонологикалық құрылымдардың сызықтарын қосуға болады. Бұл бөлінуден пессимистік әсер алуға болады: барлық бұл тілдерде ешкім сөйлемейді, оларда әмбебап тіл жоқ, жүйе ­ субъект жобасы дағдарыста, азаттық жобасының ғылымға еш қатысы жоқ, бәрі де нақты жеке білімдердің позитивизмінде былғанған, ғалымдар ғылыми қызметкерлерге айналған, зерттеулерді көбейту мәселелері оларға ешкім билік етпейтін жеке мәселелерге айналған және өз жағынан спекулятивтік немесе гуманитарлық философия тек легимитация функциясын атқарады. Ал, шынайылық. оны қуған жағдайда ол идеялар тарихының зерттеушісіне айналған. Бұл пессимизм ғасыр басында Венадағы ұрпақты, Музиль, Краус, Гофманшталь, Лоос, Шенберг, Брох сияқты суреткерлерді, бірақ сонымен катар, Мах және Витгенштейн сияқты философтарды нәрлендірген. Олар әрине, сана мен теоретикалық және көркемдік жауапкершілікті легитимациядан мейлінше алыстатты. Бүгін бұл ауыр еңбек жетер межесіне жетті деуге болады. Оны қайталау мағынасыз. Витгенштейннің мықтылығы сол жағдайдан Вена кружогі дамытқан позитивизм арқылы емес, мүлде өзгеше шықты және өзінің тіл ойындары жөніндегі зерттеулерінде легитимацияның перформативтіліктен өзге перспективасын суреттеді. Қазіргіден кейінгі әлем тек сонымен тана айналысады. Көптеген адамдар үшін жоғалған әңгімеленулер жөніндегі ностальгияның өзі жоғалды. Мұнан ешқашанда олар жабайылыққа кесілген деген тұжырым шықпайды. Олар легитимацияның тек тіл практикасынан және коммуникациялық өзара әрекеттенуден келетінін біледі. Мүлде өзге наным алдында бұрын тек кекесінге ғана бара алатын ғылым оларды шынайылықтың қатаң байсалдылығына үйретті.

Оставить комментарий