«Демистификацияның» басталуы

Діндердің тарихында бұл — белгілі болып отырған алғашқы саналы түрде жүргізілген «демистификация» процесінің мысалы. Әрине, бағзы мәдениеттердің өзінде де, қандай ма болмасын миф діни мазмұнынан айырылып, балаларға арналған аңыз немесе ертегіге айналып отырған, бірақ бұл жағдайдың өзінде де басқа мифтер өзінің мәнін жоғалтпай сақтай алған еді. Қалай болғанда да, бұлардың Сократқа дейінгі Грекия мен Упанишадтар дәуіріндегі Үндістандағы сияқты, ең елеулі және алдын­ала болжауға келмейтін нәтижелерге алып келген бірінші дәрежелі элита үшін ендік жерде, олардың алдындағы ұрпақтар үшін маңызды болғандай бола алмайтын еді. Элита енді «негізгіні» құдайлар тарихынан емес, тарих алдындағы «ілкі бастаулық бастапқы ситуациядан» іздейтін болды. Бұл жерде құдайы тарих болып есептелген мифологияның шегінен шығуға, мән­мағынаның бастау алған қайнар көзге жақындап баруға, «болмыстың туған анасын» Фуга деген талпыныстың болғандығы «көзге ұрып тұр»: осы ілкі қайнар көзді, бастауды іздеу процесінде (София аз уақытқа болса да космогонияны тағы да ашады, әңгіме енді космогониялық миф туралы емес, енді геологиялық мәселе жөнінде болып отырған еді. Осылайша, «негізгіге», таңғажайып, кері оралу жолымен түспеді. Сөз енді жоралғы көмегімен жетуге болатын (regressus) емес, ойлау пәрменінің арқасында жетуге болатын қайта оралу» жөнінде болып отыр. Бұл мағынасында біз алғашқы философиялық құрылыстар мифологиядан өрбіген баршамыз: адамның жүйеленген ойы космогонияда айтылған абсолют бастауды» түсінуге, дүниенің жаратылу құпиясын, болмыстың пайда болу құпиясын анықтауға талпынды. Бірақ, біз грек дінінің «демифологизациялануы» және Сократ пен Платонның қатаң және жүйеленген философияның мифологиялық ой ­ машықты біржолата жоя алмағанын көріп отырмыз. Әлбетте, «бастаудың» алдында бас ұру әзірше сақталып отырған шақта, және трансцеденталды дүниеде болып өткен оқиғаны ұмыту, ол әзірше танымға жету немесе құтқару үшін басты кедергі ретінде қарастырылып отырған шақта, мифологиялық ойлау машығынан аттап өту және одан түбегейлі түрде шығып кету жөнінде сөз айтудың өзі қиын. Біз Платонның өзінің де бағзы ойлау машығымен байланысты болғанын көріп отырмыз. Аристотельдің космогониясында да барынша маңызды және елеулі мифологиялық тақырыптардың сарқыншақтарының сақталып отырғандығы байқалады.

Читайте также:  Түйе мен жылқы өсірудің тиімділігі

Тек өз күштеріне ғана арқа сүйеген гректердің ең соңғы құдай құлатылған, ал олар туралы мифтер бала ертегісінің деңгейіне түсірілген жағдайдың өзінде де, мифологиялық ой ­ машығынан жырақтап кетудің сәті түспес. Өйткені, бір жағынан, гректердің философиялық генийі мифологиялық ойлау машығындағы мәңгі қайтып оралу, ғаламдық және адамдық өмірдің циклді көрімі сияқты ең (басты мәйекті қабылдады, екінші жағынан, гректердің і анасы тарихты танымның нысанына айналдыруға болады дегенді қабылдамаған еді. Гректердің физикасы мен метафизикасы мифологиялық ойлау машығынан алынған кейбір, бастаудың маңыздылығы; адамның ғұмыр кешуінің алдында мән ­ сүрі және негіз қалаушы бірдеме болады; жадтың шешуі рөлі, т.т. со сияқты тақырыптарды ширата дамытады. Әрине, бұл, грек дүниесі мен философияның арасында байланыс жоқ дегенді білдірмейді. Философиялы қ ой ғаламдық болым мен адамдық ғұмырды мифологиялық көрімін пайдаланады және жалғастырады. Мифті басып өту, тек Тарихты ашқаннан, дәлірек айтқанда, иудей ­ христиандықтағы тарихи сананың оянуы мен осы сананың Гегельдің, оның жолын қуушыларда шарықтауынан кейін ғана, адамның ғұмыр кешу мөлшеріне сол жаңа әдіс түбегейлі түрде сіңірілгеннен кейін ғана мүмкін болды. Бірақ, мифологиялық ойлау магының жойылғандығы жөнінде бәрі бір айтуға болмайды. Жуық арада көретініміздей, ол, түбегейлі түрде өзгергенімен, аман­есен сақталып қалды. Парадоксалдығы сол, оның ең алдымен историографияның өзінде өлмей, аман сақталып қалғандығы.

Оставить комментарий