Демократиялық халықтарды билікті орталықтандыруға жетелейтін себептер

Барлық демократиялық халықтар билікті орталықтандыруға өзінен өзі ұмтылады, бірақ бұл ұмтылыс әртүрлі халықта әрқилы. Ол қоғамның табиғи дамуын жылдамдата не баяулата алатын шарттардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Бұл шарттар толып жатыр, сондықтан кейбіреулеріне ғана тоқталамын. Teң болғанға дейін ұзақ кезен еркін дамыған адамдарда бостандық сезімі белгілі бір дәрежеде теңдік сезімін тұншықтырады. Сондықтан орталық өкімет өзінің артықшылықтарын көбейте түскеніне қарамастан, бұл қоғамда жекелеген адамдар өзінің тәуелсіздігін ешқашан толық жоғалтпайды. Елде теңдік дами бастаған кезде халық бұрын бостандықты тіпті білмесе, не Еуропа елдерінде орын алғаны сияқты, халық тым ұзақ уақыт одан тыс өмір сүрсе, онда халықтың бағзы салттары жаңа қоғамдық құрылыстың салттарымен, доктриналарымен тез әрі барынша табиғи түрде бірігіп кетеді де, билікті орталықтандыру өзінен өзі жүреді. Мемлекет ғаламат жылдамдықпен билікті жиып алып, өз қуатының ең шегіне бірден жетеді, ал оның азаматтары бірден мейлінше қорғансыз болып шыға келеді. Жаңа Дүниенің жан адамсыз кеңістігінде үш ғасыр бұрып демократиялық қоғам орнатқан ағылшындар оған дейін өз отанында қоғамдық өмірге қатысу дағдысын сіңірген еді: олар көлденең билер сотын, соз және баспасөз бостандығын, жеке бастың бостандығын білетін, олар заң идеясымен таныс болатын және оған қалай жүгіну керектігін білетін. Америкаға көшірілген бостандық институттары мен ержүрек құлық олардың жаңа мемлекеттің тәуелсіздігін қорғап қалуына көмектесті. Американдарда, демек, бостандық теңдікке қарағанда ересек, теңдік жас. Еуропада, керісінше, абсолютті билік туғызған және монархтардың бақылауында болған теңдік халықтар тұрмысына көп бұрын, олар бостандық идеяларымен танысқанға дейін енді. Мен демократиялық қоғамдарда үкімет адам парасатына біртұтас әрі орталықтандырылған билік ретінде көрінгенін және аралық билік ұғымын олар қабылдамағанын айтқанмын. Бұл әсіресе теңдік принципі зорлықшыл революция нәтижесінде жеңіске жеткен демократиялық ұлттарға қатысты.

Жергілікті істерді басқарып отырған таптар революция дауылымен кенет түгел қаусап қалған кезде осы істерді басқару үшін әлі қажетті ұйымы да, тәжірибесі де жоқ абдыраған бұқара халық өз назарын мемлекетке аударып, бүкіл істі және басқару тізгінін соған сеніп тапсырды. Орталықтандыру қандай да бір дәрежеде қажеттілікке айналды. Бүкіл әкімшілік билікті оз қолына шоғырландырғаны үшін Наполеонды мақтаудың да, даттаудың да қажеті жоқ: дворяндар мен жоғары буржуазияның жойылуына байланысты ол билік оның қолына өзінен өзі көшті. Наполеонға билікті алу қандай қиын болса, одан бас тарту да сондай қиын еді. Американдар мұндай қажеттілікпен ешқашан ұшырасқан емес; революцияны бастан кешпеген және өзін өзі басқарудың бастапқы тәжірибесі бар олар қамқоршылық міндетін басқа мерзімге болса да мемлекетке жүктеу қажеттігін ешқашан сезінген емес. Осылайша, демократиялық халықтарда билікті орталықтандыру тек теңдіктің дамуының салдары емес, нәтижесінде сол теңдік орнаған процестің де салдары. Кез­келген ұлы демократиялық революцияның бастапқы белесінде, түрлі таптар арасындағы қырқыс енді басталып к еле жатқан кезде, халық бұқарасы жергілікті жерлерде басқаруды аристократиядан тартып алу үшін қоғамдық биліктің үкіметтер қолында шоғырлануына ұмтылады. Революциялық қорытынды кезеңінде, керісінше, биліктен кеткен аристократия өзімен теңескен, тіпті бірауық өзінің қожайынына айналған халықтың ұсақ тираниясынан қорқып, барлық істі басқаруды мемлекетке беруге, әдетте, өзі тырысады. Демек, биліктің айрықша құқықтарының кеңеюіне бармақ уақытта азаматтардың бір ғана табы ұмтылмайды. Демократиялық революция барысында елде өзінің санымен не байлығымен басқа талаптардан үстем тап әрқашан табылады, ол бүйрек бүру немесе тол мүдделерінің пәрменімен, демократиялық халықтарда болатын жаппай және тұрақты сезім ­ өз көршісінің билігінен жиренетіндігіне қарамастан, мемлекеттік биліктің орталықтанғанын қалайды. Бүгіндері Англияда нақ төмен таптар биліктің жергілікті органдарының тәуелсіздігін жойып, басқаруды шет аймақтардан орталыққа ауыстыруға бар күшімен тырысып жатқанын, ал жоғары таптар жергілікті басқаруды өздерінің бұрынғы өкілеттіктері шекарасында ұстап қалуға тырысатынын атап өтуге болады. Жағдай тура қарама­қарсы өзгеретін күн келеді деп топшылаудан жасқанбаймын. Жоғарыда баяндалғанның бәрі азаматтар әуел бастан тең болған қоғамдарға қарағанда, теңдікке әлеуметтік дамудың у»ақ та қиын жолымен жеткен демократиялық қоғамда неліктен мемлекеттік билік неғұрлым күшті, ал индивидуумдар әлдеқайда неғұрлым әлсіз болуы керектігін жақсы түсіндіреді. Америка соның жарқын мысалы.

Читайте также:  Зерттеу және оның перформативтіліктегі заңдастырылуы

Құрама Штаттарды мекендейтін адамдар ешқашан қандай да бір артықшылықтармен бөлінбеген, олар ешқашан бағынышты мен қожайын арасында орнайтын өзара қарым­ қатынасты білген емес, және, олар бір­бірінен қорқуды да, бір­біріне өшпенділікті де білмейтіндіктен, оларда ешқашан олардың барлық ісіне араласатын әміршіге қажеттілік туған емес. Американдар үлесіне сирек ұшырасатын сәттілік тиген: олар ағылшын аристократиясынан жеке кісі құқықтары идеясын және жергілікті жерлердегі еркін өзін­өзі басқаруға бейімдікті көшіріп алды, олардың бұл екеуін де сақтап қала алғаны, аристократияға қарсы шайқасудың оларға қажеті болған жоқ. Барлық замандарда білім адамдарға тәуелсіздігін сақтап қалуға көмектесті. Бұл пікір әсіресе демократия дәуірінде әділетті. Адамдардың бір­бірінен айырмашылығы шамалы кезде бәрінен оңайы біртұтас әрі аса қуатты басқару орнату: бұл үшін олардың инстинкттері жеткілікті. Ал осынау жағдайда азаматтардың тәуелсіздігі мен индивидуалдық дәрменсіздігі тұсында тәртіпті қиратпай­ақ тиранияға қарсы тұруға қабілетті екінші дәрежелі билік органдарын, сондай­ақ еркін ассоциациялар құрып, оларды сақтап қалу үшін адамдарға ерекше кемеңгерлік, білім мен шеберлік қажет. Осылайша, демократиялық қоғамда биліктің шоғырлануы мен жеке бастың құлдана түсуі тек теңдіктің ұлғаюына пропорциялы түрде ғана емес, азаматтардың надандығының арқасында да күшейе түседі. Оқу­білімсіз заманда деспотизмді жетілдіре түсу үшін үкіметте, ал азаматтарда одан құтылу үшін білім көбіне жетісе бермеді. Алайда мұның салдарлары бұлардың екеуі үшін тіпті де бірдей болған жоқ. Демократиялық халық қаншама надан болса да, оны басқаратын орталық өкімет ешқашан білімнен алаңсыз мақұрым болмайды, өйткені ол елдің барлық неғұрлым сауатты адамдарын оп­оңай тарта алады, ал қажет болған жағдайда оларды шет елдерден де шақыра алады. Демек, демократиялық, бірақ сауатты қоғамда егемен билік өкілі мен оның әрбір боданының интеллектуалдық қабілеттеріндегі орасан әрі шапшаң өсе түсетін айырмашылық көрінбей қоймайды. Бұл биліктің бір қолға шоғырлануын одан әрі оңайлата түседі. Басқаруға қабілетті болып сол ғана қалатындықтан, мемлекеттің әкімшілік құдіреті ұдайы өсе береді. Аристократиялық қоғамда, ол қаншама сауатты болғанымен, мұндай ештеңе мүмкін емес, өйткені онда білім монарх пен оның үздік азаматтарының арасында жеткілікті тең таралған.

Читайте также:  ҚАЗІРГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК ПОЭЗИЯ

Бүгінде Египетті билеп­төстеп отырған Паша бұл елдің халқы тең құқықты, бірақ шала сауатты адамдардан тұратынын байқаған. Сондықтан, оларды басқару үшін, ол Еуропаға аттанып, сонда қажетті білім алған. Монархтың аса білімдарлығы оның бодандарының сауатсыздығы мен демократиялық дәрменсіздігі ұштаса келіп, оның билікті орталықтандырудың ең жоғары дәрежесіне қиналмай жетуіне көне елді өзінің мануфактурасына, оның тұрғындарын сол мануфактураның жұмысшыларына айналдыруына мүмкіндік берді. Саяси биліктің тым орталықтандырылуы қоғамдық наразылыққа, сөйтіп, түптеп келгенде үкіметтің өзінің әлсіреуіне апарып соқтыруға тиіс деп ойлаймын. Алайда мен орталықтандырылған қоғамдық күш белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде айтарлықтай істер тындыруға қабілетті екендігін жоққа шығармаймын. Әсіресе әңгіме соғыс туралы өрбігенде солай болып шығады, онда табыс қолдағы кордың мөлшерінен гөрі, сол барлық қорды белгілі бір бағытқа жылдам жұмылдыра алуға едәуір дәрежеде байланысты. Сондықтан нақ соғыстар кезінде халықтар орталық билікті күшейтуді қалайды, тіпті көбінесе соның қажеттілігін сезінеді. Барлық ұлы қолбасшылар өздерінің құдіреттілігін еселей түсетін орталықтандыруды, ал барлық ұлы диктаторлар бүкіл билікті мемлекеттің қолына шоғырландыруға халықты мәжбүр ететін соғысты жақсы көреді. Осылайша, мемлекеттің артықшылықтары ұдайы кеңейіп, жекелеген азаматтардың құқықтары шектеле беретін демократиялық ағым, кез­келген өзге қоғамға қарағанда, демократиялық қоғамда жылдам да дәйекті дамиды, өйткені ол өзінің жағдайының пәрменімен жиі де қиратқыш соғыстарға ұшырайды және оның өзінің өмір сүруіне алуан түрлі қатерлер жиі қауіп төндіреді. Мен тәртіпсіздіктен қорқу және материалдық дәулеттілікке бой алдыру демократиялық халықтарды өздерін анархиялық құтқару үшін айтарлықтай тұрақты, айтарлықтай дана .көне жеткілікті қуатты көрінетін бірден­бір күш орталық үкіметтің өкілеттіктерін кеңейтуге қалай білдіртпей итермелейтінін бұған дейін көрсеткенмін. Бұған тек қосарым, демократиялық қоғамда істің жайы бұзылып, шатқаятап кеткен барлық жағдайларда, осынау баршаға ортақ инстинкт іске қосылып, азаматтарды өздерінің тыныштығы үшін барған сайын өз құқықтарын құрбан етуге мәжбүрлейді. Осылайша, ұзақ әрі қырғын революциядан кейін халық орталық өкіметтің өкілеттіктерін кеңейте түсуге әркез соншалықты үйір болады, өйткені ол сол революцияның нәтижесінде барлық байлықты оның бұрынғы иелерінен тартып алған, қоғамды қанқұйлы өшпенділікке, бір­біріне мүлдем кереғар мүдделер мен бір­бірімен қырқысып жатқан фракцияларға тоғытып, барлық наным­сенімдерді күйреткен. Нақ сол кезде қоғамдық тыныштыққа соқыр сүйіспеншілік туады және азаматтар тәртіпке жүгенсіз құмарлыққа бой алдырады. Мен билікті орталықтандыруға жәрдемдесетін бірнеше фактыларды қарастырдым.

Читайте также:  ҚАЗІРГІ ТҮРІК ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Алайда мен олардың ең маңыздылары туралы әлі ештеңе айтқан жоқпын. Демократиялық қоғамда билеушінің қолына барлық істі басқаруды шоғырландыруға ықпал ететін кездейсоқ факторлардың негізгісі ­ оның өзінің шығу тегі мен бейімі. Теңдік дәуірінде өмір сүретін адамдар, әрине, орталық билікті ұнатады және оның артықшылықтарын ықыласпен кеңейтеді; алайда егер осы билік олардың мүдделеріне және бейсана ұмтылыстарына толық сай келсе, оған деген сенімнің шегі болмайды және адамдар өкіметке бірдеңелерді бере отырып, мұны өзіме беріп отырмын деп пайымдайды. Билеушілер әйтеуір бір нәрседе ескі, аристократиялық тәртіптерді ұстанатын жерлерде әкімшілік билікті орталықта шоғырландыру, барлығына да тек өзі қол жеткізген, теңдік идеясына өздерінің әдетімен және шығу тегімен, соқыр сенімдерімен және инстинкттерімен етене байланысты жаңа әміршілер билеп­төстеген жерлерге қарағанда баяуырақ, қиынырақ жүреді. Мен мұнымен шыққан тегі аристократ билеушілер билікті орталықтандыруға ұмтылмайды дегім келмейді. Бұл мәселеде олар да барлық басқалар сияқты соншалық табанды деп ойлаймын, өйткені теңдіктің артықшылығын тамаша түсінеді. Алайда бұл мақсатқа жету мүмкіндігі оларда әлдеқайда шектеулі, өйткені азаматтар аристократ әміршінің қалауына оп­оңай көне қоймайды. Бұдан шығатын ереже: демократиялық қоғамда билеушіде аристократтық неғұрлым кем болса, билікті орталықтандыру дәрежесі соғұрлым жоғары. Аристократтық қоғамда корольдердың көне әулеті билеп­төстеген және монархтың соқыр­сенімдері шонжарлардың соқыр сенімдерімен толық үндесіп жататын кезде, осы қоғамға тән сырқаулар әбден­ақ еркін дами береді де, ешкім де оған қарсы ем іздемейді. Әлдебір аристократтың тұяғы демократиялық халықты билеп­төстей бастаған кезде бәрі де керісінше болады. Әдет, зерде, білім мұндай билеушіні үнемі теңсіздік идеяларын білдіруге икемдейді, ал бұл уақытта халық өзінің қоғамдық ахуалына сәйкес теңдік туындататын әдеттерді толассыз сіңіре береді. Мұндай жағдайларда азаматтар орталық билікті оның тирандық сипаты үшін емес, көбіне оның аристократтық тегі үшін шектеуге тырысады; олар өздерінің тәуелсіздігін бостан болу үшін ғана емес, ең алдымен тең болып қала беру үшін табандылықпен қорғайды. Ескі король әулетін құлататын және демократиялық қоғамның басына жаңа адамдарды қоятын революция орталық өкіметті уақытша әлсірете алады. Алайда революция бастапқы кезде қаншама анархиялық көрінгенімен, ешқандай күмәнсіз, оның түпкі салдары, қисынды нәтижесі осы биліктің өзінің айрықша құқықтарын кеңейту және орнықтыру деуге болады. Қоғамдық билікті орталықтандырудың басты және біршама түрде бірден­бір қажетті шарты ­ адамдардың теңдікке пакты немесе қиялдағы ұмтылысы. Сондықтан бір кездері қаншалықты күрделі болған деспотизм өнері қазір оңайлап келеді: ол жалаң принципті ұстануға сайды деуге болады.

Оставить комментарий