Демократиялық идеялар мен сезімдер

(1805-1859), француз саясаттанушысы, тарихшысы және мемлекет қайраткері. Заңгерлік білім алған; отыз жасқа толмай, Францияның мэрі болған әкесінің арқасында қазының көмекшісі қызметіне ие болды. Ф. Гизоның ықпалына ерді, Англияны саяси дамудың үлгісі деп танып, оның тарихын зерделеді. Қазылық жұмыстан қажып әрі 1830 жылғы шілде революциясынан кейіп өзінің қызметте өсе алатынына мықтап күмәнданып, АҚШ жазаны өтеу жүйесінің реформасын және қылмыстық жазалау әдістерін зерттеу мақсатында демалыс алды. Оның АҚШ­қа сапарының басты жемісі «Демократия туралы » кітабы американ саяси өмірі терең талданған тұңғыш еңбек. Еңбектің 1840 жылы жарық көрген соңғы бөлімі көбінесе француз материалына негізделді, теңдіктің қоғамдық құрылысқа ықпалының жалпы көкейтесті мәселелері талданды. Еңбектің бірінші бөлімі басылып шығысымен­ақ Токвиль аса көрнекті әлеуметші ойшыл атанды; 1838 жылы Моральдық және саяси ғылымдар академиясының, 1841 жылы Француз академиясының мүшелігіне қабылданды, 1839 жылы Депутаттар палатасының мүшесі болды, Екінші республиканың конституциясын әзірлеу комиссиясының құрамына енді, 1849 жылы Заң шығару жиналысының вице­президенті болып сайланды және 1849 жылы қазанда Луи Наполеон Бонапарт орнынан алып тастағанға дейін бірнеше ай сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Ғылыми жұмысқа қайта оралып, 1856 жылы өзінің «Ескі тәртіп және революция » деген әйгілі еңбегінің бірінші томын жариялады, шығарма бірден танылып, ағылшын тіліне аударылды. Кітаптың қорытындысында теңдік қандай идеялар мен сезімдерді сіңіретінін, ол сезімдер мен идеялар адам қоғамын басқару пошымына қалайша тікелей эсер ете алатынын көрсетпесем, кітабым мақсатына жете алмайды. Бұл үшін маған бұған дейін айтылған ойларыма жиі­жиі оралуыма тура келеді. Егер таныс жолдар соны ақиқаттарға жетелейтін болса, оқырман маған ілесіп отырудан бас тарта қоймас деп үміттенемін.

Читайте также:  ЖАПОН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

Оставить комментарий