Дене тәрбиесі жүйесінде ұлттық спорттық ойындарды қалыптастыру

Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және де дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы болып саналады. Ұлттық ойындар тек ойын- сауық қана емес ол спорт, ол өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы, сонымен қоса ұлттық ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты тағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар бала денесін шынықтырады, рухани жағынан өсіреді, ой-өрісін кеңейтеді. Ұлттық қозғалыс ойындарын дене тәрбиесі сабағының үрдісіне еңгізе отырып, осы пәнге деген қызығушылықты арттыру артқылы студенттер мен оқушылардың жалпы ден саулығының деңгейін жақсарту үшін, қандай әдістерді қолданса, дене дайындығының негізгі физиологиялық көрсеткіштері болып саналатын: қан айналымын, тыныс алу жолдарын, зат алмасу процессін және жүйке жүйелерінің жұмысын нығайтуда маңызыдылығы артатындығы бар бағыттарды дәлелдеу басты мәселе. Қазақтың ұлттық ойындары дененің шынығуын жан-жақты қажет етеді. Сол секілді қозғалыс спорт ойындары да, адамның еңбекке деген қажырлығын және шыдамдылығын талап етеді. Бала жасынан ойнаған ойындарының әсерінен болашақ жұмысшы ғана тәрбиеленіп қоймайды, қозғалыстың арқасында мүсінді, дені сау, қоғамның қиындығына төзімді азамат шығады, — деп атақты педагог А.С.Макаренко айтқандай, дене қозғалыстарын жүйелі қалыптастыру Отанымыздың болашақ азаматтарын жан-жақты үилесімді тәрбиелеуге әсерін тигізеді. Ұлттық ойындарымен шұғылданған ұлдар мен қыздардың қандай іске болсын қабілеттерінің артатындығын, жылдамдық, шыдамдылық сияқты дене дайындығының қасиеттері сапалы өсетіні байқалады [1]. Бұл қасиеттердің дамуы ақыл-ойының өсуі мен денесінің дамуына жәрдемдеседі. Ұлт спортының да, спорттың басқа түрлері сияқты, барлық спорттық ойындармен ұқсастығы бар. Мысалы: доп ойнау, қуыспақ, жасырынбақ, атысу ойындарын барлық ұлттың балалары ойнайды. Осы қозғалыс ойны процесінің барысында, қоғамыздың дамуындағы ең маңызды мәселелерінің бірі болып саналатын ұлт аралық татулықты тәрбиелеу іс де ескеріледі. Демек, ойындардың да бірыңғай жүйелі негізі және заңдылығы бар. Біріншіден, ойындар барлық дәуірлерде, тарихи кезеңдерде болған, екіншіден, адам алғашқы қауымнан бастап, мәдениеттің жоғарғы даму сатысына дейінгі кезеңде қозғалыс қимылдарымен дене дамуының небір жетістіктерін 60 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы дәлелдеп келеді. Қазіргі шақта дене қасиеттерін дамытудың ғылыми негізделген жүйесі қалыптасқан. Ендігі мақсат жастарды жалқаулықтан ажыратып,екпінді өмір салтына баулу үшін, дене тәрбиесінде қолданылатын шаралардың ауқымын молайту, яғни жаттығуларды ұлттық ойындармен алмастыра отырып, жүйелі түрде өз беттерінше жан-жақты қозғалыс қимылдарымен бос уақыттарында айналысуды қалыптастыру қажеттілігі аса өзекті мәселе болып саналатынын мойындау. Ұсынылып отырған жұмыста зерттеуші өз алдарына, ең алдымен осы міндетті шешуді қоя отырып оқырмандар мен мамандардан толықтыруларды, ескертулерді және ұсыныстарды қабылдауға дайын, себебі бұл тақырып жаңа әлемдегі жаңа Қазакстанда әлі де толық қанды шеімін таппаған істердің бірі. Ойын әрекеті өзіндік әсері мол әрекет. Педагогикада саласында өзіндік жұмыс барысы өз алдына жеке жүріп оқу ұстанымымен ғана бола алмайды, ол көп қырлы. Ойын барысында балалардың жеткілікті дәрежеде жетіліп үлгерген аралыкты көзбен мөлшерлеп бағдарлауға сүйеніп және қимылды орындау уақытын ескеріп, әрекет етудің ең жақсы әдісін өз бетінше таңдап алу қабілетін қалыптастырады. Ойын барысында бытыраңқы тез қимылдап келе жатқан балалардың арасында бағдар ұстай білуде өте маңызды әрекет [2]. Ойын кезеңінің үздіксіз өзгеруіне орай, қас қағым сәттік сезімнің қажеттілігіне байланысты күрделі шешім қабылдауға қалыптасу қасиеті де тәрбиеленеді. Ойын әрекеті баланы сергітеді, жан-жақты дамытады. Әрбір қимыл — қозғалыс ойынында балалардың ойын әрекеттері мен қимылдарын өзгертуге берілетін белгі болып саналады. Бытыраңқы жеңіл жүріс, бүрын белгіленген орындарға бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылуы үшін, мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді. Мұндай ширақ кимыл әрекеті еліктіру тежеу процестерін жетілдіреді және теңестіре отырып баланың жүйке жүйесін шынықтырады. Бұл ойындар балалардың назарын тез басқа әрекетке аударуға және бұлшық еттің қажет кезде, ширығу дәрежесін реттеуге үйретеді. Ойынның барысында, қалыптасқан әр түрлі ситуацияға байланысты,олар қимылдарды тиімді қолдана алады [3]. Ұлттық спорттық ойындардың мақсаты, міндетті түрде жеңіске жету емес, денсаулықты сақтау, ағзаның дұрыс өсуіне, қалыпты дамуына жағдай жасау.Жастардың денесінің мығым, шымыр болуы келешекте Отанын қорғауға дайын сарбаз екенін санасына дер кезінде қалыптастырады. Ұлттық спорттық қозғалыс ойындарының орындалуының әдістері, ережелері бөлек болған мен жалпы дене тәрбиесінің жүйелі дамыған түрлері сияқты, тиімді бағыттар мен ұштаса отырып, оны өзінің алдына қойған мақсатына жеткізу үшін, осы саладағы қызметкерлердің жан-жақты көмек жасауы бізге сын. Сондықтан бұл істі жүйелі түрде дамыту қажеттігі жалпы қоғамдық мәселе. Алайда, ойындарды қайталау сәтінде есте сақтағыштығы жақсы жетілген ойыншылар, оқушылар бұл дағдыны ойдағылдай меңгереді. Ойнау барысында жүйелі, байыпты түрде балаларды ереженің қоғамдық маңызын жете түсінуіне жеткізетін бұл қасиеттер, жеке адамның адалдық, әділеттік, достық, батылдық, өзін — өзі билеу, табандылық, жігерлілік сияқты ең жақсы жақтарын калыптастырудың тиімді құралына айналады. Бұлардың бәрі қимыл — қозғалыс ойындарын ережесімен бірге балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің пәрменді құралдарының бірі ретінде белгілеу үшін негіз ретінде қызмет етеді. Қимыл-қозғалыс ойындары қозғалғыш — тірек аппаратарын дамыту және жетілдіру жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі. Ертедегі қазақ жерінде көрші екі ауылдың арасында жылына 10 — 15 ке дейін ат ойындарының барлық түрлері өткізіліп тұрған. Олар: аударыспақ, бәйге, күміс алу, кыз қуу, жорға жарыс, ат омыраулаттыру, жамбы ату, тұмақ ұру, аламан бәйге, көкпар, түйе жарыс, сайыс. Бұл ат спорт ойындарының қайсысы болмасын жігіттердің күштілігін, ептілігін, қайраттылығын, ат үстіндегі 61 № 1 (74) 2010 шеберлігін ғана дамытып қоймайды, сонымен бірге батылдыққа, тез шешім қабылдауға, дәлдікке, тәуекелшілдікке дене қасиеттерінің сапаларымен бірге ішкі жан дүниесін адамгершілікке тәрбиелейді. Бұл ойындар балалардың назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйретеді. Ойынның қалыптасқан ситуациясына байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан тез шешім қабылдап, жол тауып шығу, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін тандау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі [4]. Дене тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік маңызы ерекше. Халықта еңбекке, жақсы-жақсылыққа, әділдікке деген сүйінпеншілік қалыптасып қалған.Бүл сүйінпеншілікті сақтаушылар әр халықта бар. Осы қасиеттерінің жас өспірімдерге деген ықпалы бар екені сөзсіз. Дене тәрбиесіндегі халық педагогикасымен, жалпы қорыта келгенде халықтың денсаулығы бағаланады. Барлық халықтарда ғасырлар бойы өзіндік дене тәрбиесі программасы қалыптасқан. Ал бұл, бағдарламада түрлі жаттығулар мен ойын-сауықтарды дұрыс пайдалану нәтижесінде жүзеге асып отырады. Бірақ бас орында халық ойындары тұрды. Сол ойындарды жаңарту арқасында біз дене шынықтыру сабақтарының дұрыс жүргізілуін,балалардың үйде, достарының арасында жақсы ұстауын қамтамасыз етуімізді қалыптастыруымыз керек. Қазақтарда дені сау баланы тәрбиелеу алғашқы күннен-ақ басталады. Бұл процесс өздігімен жүрмейді,оны қатаң қадағалап отырады.Ата-аналар өз балаларына басқалармен жүгіруге бұйырады, ол үшін оларды алшақтау жерге апарып, тез жүгіріп келгеніне ұтыс берген. Өз жастарымен күресуді бұйырады, суыққа төзімді болулары үшін,балаларын қыста таза ауада жүгіруге және ойнауға үйретті. Дегенмен, қоғам халық ойынның неше алуан түрлерін ойластырып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, осы тәжірибелік қортындыны өздерінің бала тәрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы етті. Бала ойынды тоқтатса, одан қол үзіп үйде бола берсе, ол баланың денсаулығы ата-аналарын мазасыздандыратын болады. Ересек адамдардың еңбек етуі қандай қажет болса, баланың ойыны да сондай қажет нәрсе ретінде қабылданған. Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді. Шындап келгенде, ұлт ойындары ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан- байтақ қазақ даласында ауыз екі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Осыған орай халық арасында кең тараған кейбір ойындардың бірнеше түрлерін қоса беруді жөн көрдік. Өйткені, олардың мазмұны кеңейіп, әсерлене түседі. Жан-жануарды бейнелейтін ойындардың кейбіреуі тұрмыстық, ойын-сауықтық мақсатта берілсе, кейбірі дене шынықтыру, спорттық мақсатты көздейді [5].Ұлт ойындарының басым көпшілігі тұрмыс- салты, соған орай жануарлар әлемін, аңшылықты бейнелейді. Мұндай мақсатты, адамгершілік іс-әрекет әдет ғұрыпқа қаныққан, белгілі бір жүйеге негізделген ұлт ойындарының бояуы қоюланып, баланың жас жеткіншектердің дене, ақыл-ой жағынан да дамуына тамаша мүмкіндік туғызады. Ойын тегінде адам баласының коллективтік творчествасы орындалуы да көбіне коллективтік түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым-қатынасқа әдеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіншілік мол. Ойынның тіл дамытудағы рөлі ерекше. М.Горькийдің сөзімен айтар болсақ бала сөзбенде ойнайды. Сөйлеп ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын 62 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы ұғынады. Сонымен нақтылай айтсақ, ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын атауы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік барлық дамудың баспалдығы. Олай болса, ойын интернационалдық тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде де, айтарлықтай ролі бар. Ойын үстінде бала тілдің ішкі иірімдерінің, халықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрін, тілдік, психологикалық ерекшіліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіншілік алады. Біздің қос тілді республикамызда орыс тілдерін де қазақ тілдерінде үйренуге, әр ұлт балалаларының өз ана тілдерін де меңгеруіне ойынның тигізер пайдасы орасан зор. Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшілігі – оған елең сөздің араласып келіп отыратындығында. Егер ойын барысында тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, оны ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды. Олар тақпақ айтып, өлең оқып, ән салады. Кейде суырып салма өлеңдер де осы ойын үстінде өмірге келе береді. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар орындалады. Ұлт ойындарына үзбей қатынасып машықталған адам үнемі ізденісте, толғаныста жүреді. Оның осылай іштей толғануы ілгері ұмтылуға, ізденіске итермелейді. Сондықтан да болар, ұланғайыр далада өз ойынан шығарып, бір ауыз өлең айтпайтын, мақалдап-мәтелдеп сөйлемейтін қазақты кездестіру қиын болған. Мүмкін бұл бүгінгі күннің шындығына қайшы келер. Алайда өткен ғасырдың өзінде біздің даламызға келіп қазақтардың тұрмысымен танысқан Европа халыктарының өкілдері, орыс зиялылары бүкіл қазақ даласы өлең айтып тұрғандай әсер алғандықтары жайында таңдана да тамсана айтып, жазып та кеткендері белгілі. Қазақ халқының ұлт ойындарымен таныса келіп, мұның растығына әркімнің-ақ көзі жетері анық. Қазақтың ұлт ойындарынының бір қыдыры, асық ойынының нақтылы түрлері мен мазмұны жазылып, көпшілік назарына ұсынылмағанын айтсақ артық емес деп ойлаймыз. Асық ойындары алдымен адамның жүйке жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлілікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына т.б. тәрбиелейді.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчествалық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда:«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімді жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады, ойын дегеніміз ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Міне ойын жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз . Ұлттық ойындарды үйымдастыру арқылы балаларды қиыншылықтан қорықпауға, ақылмен күш жүмсауға үйретеді. Қазақ халқының ұлттық ойыны баланың өміріне серік бола алады. Сондықтан балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойындарының да өзіндік ерекшеліктері болады. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Бала жасында ойнаған ойындардың әсерінен болашақ маман ғана тәрбиеленіп қоймай көпшіл, отанының болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады да, жан-жақты дамыған азаматтар тәрбиеленеді. Ұлттық қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Студенттерге ұлттық патриоттық тәрбие беру жоғары оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика — ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы кұндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілікпен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы — өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан студенттер ұлттық патриотизммен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беруді жүйелі талдап, зерттеп, жоғары оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Ұлттық отаншылдықты қалыптастырудың құралдарының бірі дене тәрбиесі болып саналады. 63 № 1 (74) 2010 Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан-саналы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы және педагогикалық шеберлілігі қажет. Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұнығынан алады [6]. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, таптырлықты т.б. мінез-құлықтың ерекшіліктерімен бірге күш -қуатын молдылығының, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс шаруашылық сапасы жоқ десе де болады. Қазақтардың өмірі әрқашанда қиын болды. Сондықтан адамдар кішкентайынан өте мықты , төзімді, дені сау болып өсірілген. Ал бұны тек ойындар мен дене шынықтыру арқылы жүзеге асыруға болады. Қазіргі таңда ойындарымыз студенттердің жан-жақты жетілуіне жағдай туғызады. Жастардың енжарлық, бос белбеу т.б жат қылықтардан аман болуына септігін тигізеді және бос уақытын тынғылықты пайдалауына мүмкіндік береді. Ұлттық спорт ойындарын сабақ барысында, демалыс кезінде өткізуге болады. Жас өспірімдердің халықтык спортық ойындармен шындала отырып, елжандылық, адамгершілік, эстетикалық талғамының қалыптасуына, табиғат аясында болуына, табиғатпен сырласа білу қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Дене тәрбиесінде баланың қимыл, өмір дағдылары қалай қалыптасса, адам бойындағы рухани байлық ізгі қасиеттер, жаман әдетке жиіркене қарау, жақсыға құлшыныныс жасау да солай қалыптасуға тиіс. Дені сау, рухани байлығы мол адам ғана әдемілік пен әсемдіктің жақсылық пен ізгіліктің нағыз көрнісін елестетсе керек. Спортық ойындар- дене тәрбиесі мазмұны жағынан, әр түрлі болғанымен мағынасы жағынан әдемілікке тәрбиелеп баулитын көп қырлы қоғамдық ұғым.Сондықтан, өз құралдары арқылы халықты шынықтыру, сауықтыру бағытында эстетикалық ықпал жасап отырады. Эстетикалық көзқараспен алып қарағанда дене шынықтыру мен спорт адамның дене қабілетін тұлғалық қаситтермен біріктіретін шығармашылық жұмыс. Сол жұмыс арқылы адам өзінің ізгі қасиетінің мүмкіндігін, өзіне сенімін, ерік-жігерін анықтайды. Жемісті еңбегінің нәтежесінде ғана қанағат алады. Демек, еңбексіз спорт тұл, еңбектің спорттан тыс қалуы мүмкін емес. Спорт-қарсыласпен белдесуге ғана тәрбиелемейді, сонымен бірге батылдыққа, өмір қызығына, көз жетпес кеңістікке, алға ұмтылушылық және дене қабілеттерін тәрбиелейді. Сырт пішіннің сұлулығына талпыну әсері жастарға тән қасиет, ол түсінікті де. Себебі жастарда таусылмас күш, қажымас кайсарлық жігер бар.Осы құбылыстар ескеріле келе,студеттердің денсаулығына қамқорлык жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Барлық студенттердің сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет. Студенттерге дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы керек. Өмірге қажетті дағды, іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері, жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатикамен, снарядта жатгығу, т.б. Жастардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты, адам қабілетгерін дамыту студентгердің қозғалтқыш тәжірбиесін байытады, дене қозғалғысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті, ал ептілік адамның жаңа қимылды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім қабылдай алу қабілеті. Сайып келгенде, жоғарыда аты аталған ойындар қазақ халқының ғасырлар бойы рухани байи түсуіне еңбек етіп келеді және болашақ ұрпақтарға да еңбек ете береді демекпіз. 64 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы Ұлт-ойындары — ата-бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.

Читайте также:  Дәстүр және дін

Оставить комментарий