Депрессия және нұрлану

Біздің психоанализ бен дзен­буддизмді олардың өзара байланысы арқылы талдауымыздан қандай қорытынды шығады? Оқырман аңғарған болар, дзен­буддизм мен психоанализдің бір­біріне сыйымсыздығы туралы болжам олармен тым үстірт танысудан шыққан нәрсе. Мүлде керісінше — олардың жақындығы таңдандырады. Бүл бөлім осы жақындықты біртіндеп түсіндіруге арналып отыр. Әңгімені жоғарыда өзіміз келтірген доктор Судзукидің Дзеннің мақсаттары туралы айтқандарынан басталық: «Дзен өзінің мән­мағынасымен өз болмысыңның табиғатын көру өнері болып табылады, және де, ол құлдықтан бостандыққа барар жолды көрсетеді… Біз Дзен біздің әрқайсысымыздың бойымызда жинақталған, өзіне сай дәрежеде қызмет атқаруға жете алмастай күйде мүгедек болып, бұзылып қалған қуат атаулының бәріне бостандық бере алады дей аламыз… Ақылсыздық пен кемдіктен құтқару — Дзеннің мақсаты осы. Мен бостандықты дәл осылай түсінемін: біздің жүректерімізге іштей тән, барлық шығармашылық және ізгілікке жеткізерлік әсерлердің еркін ойыны ол. Әдетте, біз өзімізді бақытты және бір­бірімізге ғашық ете алатын мүмкіндіктердің бәріне ие екенімізді өзіміз көре алмаймыз». Дзен мақсатының осы түсіндірмесін психоанализдің жеткісі келетін мұратына қатысты еш өзгеріссіз қолдануға болады: ол мақсат — өз табиғатыңды көру, бостандыққа, бақыт пен махаббатқа жету, қуатты байлауынан босатып жіберу, ессіздік пен өз­өзін мүгедек етуден құтылу. Біз екінің бірін — нұрлану немесе ессіздіктің бірін таңдаудың алдында тұрмыз деген соңғы кесім бізге түсініксіздеу болып көрінуі мүмкін, бірақ, менің пікірімше, біз аңғарған фактілер соны растайтын сияқты. Егер психиатрия кейбір адамдар есінен адасады деген сауалға бас ауыртатын болса, нағыз сауал мынадай болады: адамдардың көпшілігі неге есінен адаспайды? Адамның дүниедегі жағдайын, оның айрықшалығын, жалғыздығын, шарасыздығын — осы жағдайды оның санасымен сезінетіндігін ескере келіп, ол осындай зілдей салмақты көтере алмайды, осы жүктің астында қалған оның «быт­шыты шығады» деп күтуге болар еді. Адамдардың көпшілігі мұндай ықтимал қасіреттен үздіксіз күйбең, отарлық конформизм, билікке құмарлық, артықшылық, ақша, діни кельттерде өзгелермен бірге табынатын пұттар сияқты есесін толтырғыш (компенсаторлық) механизмдердің көмегімен құтылады. Мазохистік өз өмірін құрбанға шалу, нарцистік инфляция, қысқасы, өзін өзі мүгедек ету де осы қатарда. Осы компенсаторлық механизмдердің барлығы бізді механизмдер жұмыс істеп тұрған кезде ғана психикалық денсаулық аясында сақтай алады.

Бірақ, потенциалды ессіздікті жеңе алатын жалғыз ғана шешім — дүниеге жауап қайтару, мұндай жауаптың ең жоғарғы формасы нұрлану (сананың ағаруы) болып табылады. Дзен мен психоанализді байланыстырып тұрған орта тұсты айтпас бұрын, менің кейбір шеткері ұқсастықтарды да қарастырғым келеді. Ең алдымен, оларға тән этикалық ориентацияны (ұстанған бағытты. — Ауд.) атау керек. Дзеннің мақсаттарына жетудің шарты ­ құлқынның құлы болуды, даңққұмарлықты, және ашкөздіктің кез келген өзге формаларын (Көне Өсиет айтқан мағынада) жеңу, тәрк ету. Психоанализдің мақсаты да дәл осындай. Фрейд өзінің моральді ­ рецептті стадиядан басталып, моральді ­ садистік және анальды стадиялар арқылы гениталдық стадиясына жететін либидо эволюциясы теориясында дені дұрыс мінез ашкөздіктен, қаталдықтан, сараңдықтан басталып, белсенді, тәуелсіз ориентацияға жеткізеді деген имплицитті болжам жасаған. Менің Фрейдтің клиникалық бақылауларынан соңғы өз терминологиямда бұл баға беруші элемент эксплицитті түрде берілген: әңгіме рецептивті ориентациядан — эксплуатативті, жинақтаушы және нарықтық бағыттар арқылы нәтижелі ориентацияға әкелетін эволюция жөнінде болып отыр. Терминология қандай болса да, ең бастысы — психоанализде ашкөздік патологиялық феномен ретінде корінетіндігінде; ол тұлға өзінің белсенді, нәтиже берерлік қабілеттерін дамытпаған жерде бой көрсетеді. Алайда, психоанализ де, Дзен де бірінші кезектегі этикалық жүйелер емес. Дзеннің мақсаты этикалық мінез­құлыққа жетудің шегінен тысқарырақта, психоанализ туралы да осыны айтуға болады. Екі жүйенің де өз мақсаттарына жетуі этикалық трансформациямен, ашкөздікті жеңумен бірге, сүюге және жанашырлыққа қабілеттілікпен бірге жүзеге асады деуге болар. Бұлар адамды өзінің «ақымақ» аңсарларын жаныштау арқылы ізгілікке жетуге мәжбүрлемейді, бірақ бұлар кеңейген сананың жарығы мен жылуы құшағында ондай аңсарлар ериді де, жоғалып кетеді деп есептейді. Нұрға бөлену мен этикалық трансформацияның арасындағы себепті байланыс қандай болса да, Дзеннің мақсаттары ашкөздікті, өзін мадақтау мен ақымақтықты жеңуден мүлде бөлек, саториге сыпайылықсыз ­ ақ, махаббат пен тілеулестіксіз ­ ақ жетуге болады деген пікір қате. Психоанализдің мақсаттарына осыған ұқсас мінез­құлық трансформациясысыз ­ ақ жетуге болады деген пікір де сол сияқты қателік нәтижелі деңгейіне жеткен тұлға да ашкөздіктен арылады, өзінің кісімсіген менмендігінен,бәрін білемін, бәрі қолымнан келеді деген шыдамы пиғылдан арылады, адам тәубасына келеді де,өзін шынайы мәнінде көретін болады. Дзен де, психоанализ де трансценденттіретін әлденеге ұмтылады, бірақ этикалық өзгеріске түсусіз бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Екі жүйенің тағы бір ортақ элементі — қандай да болмасын беделден тәуелсіздікті берік қалыптастыру.

Фрейдтік дінді сынаудың басты себебі осында. Дін мәнісін ол көмектесуші және жаза беруші әкеден әу бастағы тәуелділікті Құдайдан тәуелділікпен шатастыратын алдамшы сезімнен деп білді. Фрейд үшін Құдайға сену инфантилді тәуелділіктің жалғасы ғана: адам толық пісіп­жетіле алмайды, бәрінен бұрын оз күшіне сенбейді. Сол Фрейд «Будданың есімін айтқан соң, аузыңды шайып ал!» дейтін «дін» туралы не дер еді? Ол Құдайы жоқ, басты мақсаты адамды күллі тәуелділіктен құтқару болатын қандай да бір иррационалды беделдісі жоқ, мақсаты адамды белсенді ету, оған өзінің тағдыры үшін өзге емес, тек өзі ғана жауап беретінін көрсету болатын дін туралы не дер еді? Дәл осы тұста сауал тууы мүмкін: осы беделге қарсылық ережесі Дзен ұстазы мен психоаналитик тұлғаларының маңыздылығына қайшы келмейді ме? Бұл сауал бізді тағы да дзен­буддизм мен психоанализдің терең байланысына мегзейді. Екі жүйеде де жетекші, қажетті тәжірибеден өзі өткен, сондықтан да пациентті (шәкіртті) оның мақсатына жеткізе алатын кісі керек. Бұл шәкірт ұстазға немесе жүктің астында қалған оның «быт­шыты шығады» деп күтуге болар еді. Адамдардың көпшілігі мұндай ықтимал қасіреттен үздіксіз күйбең, отарлық конформизм, билікке құмарлық, артықшылық, ақша, діни культтерді өзгелермен бірге табынатын пұттар сияқты есесін толтырғыш (компенсаторлық) механизмдердің көмегімен құтылады. Мазохистік өз өмірін құрбанға шалу, нарцистік инфляция, қысқасы, өзін өзі мүгедек ету де осы қатарда. Осы компенсаторлық механизмдердің барлығы бізді механизмдер жұмыс істеп тұрған кезде ғана психикалық денсаулық аясында сақтай алады. Бірақ, потенциалды ессіздікті жеңе алатын жалғыз ғана шешім — дүниеге жауап қайтару, мұндай жауаптың ең жоғарғы формасы нұрлану (сананың ағаруы) болып табылады. Дзен мен психоанализді байланыстырып тұрған орта тұсты айтпас бұрын, менің кейбір шеткері ұқсастықтарды да қарастырғым келеді. Ең алдымен, оларға тән этикалық ориентацияны (ұстанған бағытты. — Ауд.) атау керек. Дзеннің мақсаттарына жетудің шарты — құлқынның құлы болуды, даңққұмарлықты, және ашкөздіктің кез келген өзге формаларын (Көне Өсиет айтқан мағынада) жеңу, тәрк ету. Психоанализдің мақсаты да дәл осындай. Фрейд өзінің моральді ­ рецептивті стадиядан басталып, моральді ­ садистік және анальды стадиялар арқылы гениталдық стадиясына жететін либидо эволюциясы теориясында дені дұрыс мінез ашкөздікпен, қаталдықтан, сараңдықтан басталып, белсенді, тәуелсіз ориентацияға жеткізеді деген имплицитті болжам жасаған. Менің Фрейдтің клиникалық бақылауларынан соңғы өз терминологиямда бүл баға беруші элемент эксплицитті түрде берілген: әңгіме рецептивті ориентациядан — эксплуатативті, жинақтаушы және нарықтық бағыттар арқылы нәтижелі ориентацияға әкелетін эволюция жөнінде болып отыр. Терминология қандай болса да, ең бастысы — психоанализде ашкөздік патологиялық феномен ретінде корінетіндігінде; ол тұлға өзінің белсенді, нәтиже берерлік қабілеттерін дамытпаған жерде бой көрсетеді.

Читайте также:  КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ШЕКАРАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

Алайда, психоанализ де, Дзен де бірінші кезектегі этикалық жүйелер емес. Дзеннің мақсаты этикалық мінез­құлыққа жетудің шегінен тысқарырақта, психоанализ туралы да осыны айтуға болады. Екі жүйенің де өз мақсаттарына жетуі этикалық трансформациямен, ашкөздікті жеңумен бірге, сүюге және жанашырлыққа қабілеттілікпен бірге жүзеге асады деуге болар. Бұлар адамды өзінің «ақымақ» аңсарларын жаныштау арқылы ізгілікке жетуге мәжбүрлемейді, бірақ бұлар кеңейген сананың жарығы мен жылуы құшағында ондай аңсарлар ериді де, жоғалып кетеді деп есептейді. Нұрға бөлену мен этикалық трансформацияның арасындағы себепті байланыс қандай болса да, Дзеннің мақсаттары ашкөздікті, өзін мадақтау мен ақымақтықты жеңуден мүлде бөлек, саториге сыпайылықсыз ­ ақ, махаббат пен тілеулестіксіз ­ ақ жетуге болады деген пікір қате. Психоанализдің мақсаттарына осыған ұқсас мінез­құлық трансформациясысыз ­ ақ жетуге болады деген пікір де сол сияқты қателік нәтижелі деңгейіне жеткен тұлға да ашкөздіктен арылады, өзінің кісімсіген менмендігінен,бәрін білемін, бәрі қолымнан келеді деген алдамшы пиғылдан арылады, адам тәубасына келеді де,өзін шынайы мәнінде көретін болады. Дзен де, психоанализ де этиканы трансценденттіретін әлденеге ұмтылады, бірақ этикалық өзгеріске түсусіз бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Екі жүйенің тағы бір ортақ элементі — қандай да болмасын беделден тәуелсіздікті берік қалыптастыру. Фрейдтік дінді сынаудың басты себебі осында. Дін мәнісін ол көмектесуші және жаза беруші әкеден оу бастағы тәуелділікті Құдайдан тәуелділікпен шатастыратын алдамшы сезімнен деп білді. Фрейд үшін Құдайға сену инфантилді тәуелділіктің жалғасы ғана: адам толық пісіп­жетіле алмайды, бәрінен бұрын өз күшіне сенбейді. Сол Фрейд «Будданың есімін айтқан соң, аузыңды шайып ал!» дейтін «дін» туралы не дер еді? Ол Құдайы жоқ, басты мақсаты адамды күллі тәуелділіктен құтқару болатын қандай да бір иррационалды беделдісі жоқ, мақсаты адамды белсенді ету, оған өзінің тағдыры үшін өзге емес, тек өзі ғана жауап беретінін көрсету болатын дін туралы не дер еді? Дәл осы тұста сауал тууы мүмкін: осы беделге қарсылық ережесі Дзен ұстазы мен психоаналитик тұлғаларының маңыздылығына қайшы келмейді ме? Бұл сауал бізді тағы да дзен­буддизм мен психоанализдің терең байланысына мегзейді. Екі жүйеде де жетекші, қажетті тәжірибеден өзі өткен, сондықтан да пациентті (шәкіртті) оның мақсатына жеткізе алатын кісі керек. Бұл шәкірт ұстазға (немесе аналитикке) тәуелді, сондықтан, ұстаздың сөзі ол үшін ақиқат болып табылады дегенді білдіре ме? Күмән жоқ, психоаналитиктер мұндай тәуелділік фактісіне (ауыстыру — перенос) тап болады және өз ықпалдарының едәуір екенін мойындайды. Бірақ аналитиктің мақсаты осы байланысты түсіну және мүмкіндігінше, оны сейілтіп жіберу болады; ол пациентті аналитиктен толық еркіндік алатын, өзінің санадан тысын толық түйсініп, оны өзінің санасына ұластырып жіберетін пунктке дейін жетелеп апарады.

Дзен ұстазы (психоаналитик туралы да осыны айтуға болады) көбірек біледі, сондықтан, өз сеніміне берік. Бірақ бүл оз ой­ пікірін,толғамын шәкіртке таңады деген соз емес. Ол шәкіртті шақырып алған жоқ, кетуіне де кедергі болмайды. Егер шәкірт нұрлануға апарар жолда жетекші болар кісіні оз еркімен іздеп келсе, ұстаз оны жетелеу үшін бір ғана шарт қояды: шәкірт өзіне көмектесуші адам жанында тұрса да, әр нәрсеге тек өзінің көзімен қарау керектігін түсінуге тиіс. Біздің арамызда ешкім өз жанын біреу үшін құтқармайды. Өзіңді өзің ғана құтқара аласың. Ұстаз босандырушы әйелдің немесе тауда жол көрсетушінің ролін ойнайды. Ұстаздардың бірі былай деген: «Іс жүзінде менің сатан берер ештеңем жоқ, егер мен солай істеуге тырыссам сенің мені мазақ етіп күлуіңе болар еді. Оның үстіне, мен саған нені айтсам да, ол ешуақытта сенікіне айнала алмайды.» Херригельдің садақ ату өнері туралы кітабы Дзен ұстазы позициясының ең тамаша және нақты иллюстрациясы бола алады. Дзен ұстазы оз беделінің рационалды екенін атап көрсетеді: ол садақ ату өнерін қалай итеруді жақсырақ біледі, сондықтан да үйретудің белгілі бір түріне көбірек мән береді, бірақ ол ешқандай иррационалды беделді, шәкіртке өз билігін жүргізуді, оның шеберден тәуелділігін қаламайды. Керісінше, шәкірттің өзі шебер болған бойда, ол өз жолымен кетеді, ал ұстаз одан ісінің қалай жүріп жатқаны туралы сирек хабарларды ғана күтеді. Дзен ұстазы өз шәкірттерін сүйеді деуге де болады. Бірақ бүл шынайы және есті, оның өз шәкіртінің мақсатына жетуі үшін бар күшімен көмектесуіне сеп боларлық жақсы көру. Бірақ шебер шәкірт ушін өзі ешбір проблеманы шеше алмасын, оның орнына ешбір мақсатқа кете алмасын біледі. Дзен ұстазының махаббаты сентиментальді емес шынайы бүл адам тағдырының шынайылығына күйінетін махаббат: біздің ішімізден ешкім де өзгені құтқара алмайды, бірақ сөйте тұра басқа біреудің өзін өзі құтқаруына көмектесу үшін күш салудан танбауымыз керек. Осы шекті білмейтін, сөйте тұрып, өзгенің «жанын құтқаруға» дәмеленетін махаббат атаулының бәрі әлі құтыла алған жоқ. Психоаналитик үшін Дзен ұстазы туралы айтылғанның дұрыстығын бұдан әрі дәлелдеу қажет бола қоймас. Фрейд пациенттің аналитикке тәуелсіздігін аналитиктің айнадай қатыссыз позициясы арқылы дұрыс қамтамасыз етуге болады деп есептеген. Алайда, Френчи, Салливан, менің өзім сияқты аналитик пен пациенттің арасындағы түсінудің шартты дәрежедегі жеке тепе­тендіктің қажеттігін атап айтатын психоаналитиктер мұндай иықтас өзара қатысты кез келген сентименталдықтан, шынайы емес ауытқулардан және, әсіресе, аналитиктің, тіпті, пациенттің игілігі үшін болса да, кез келген деңгейде — мейілінше нәзік және жанама түрде болса да — пациенттің өміріне араласудан пайда болуын толық қолдайды. Егер пациент жақсаруды қаласа, өзгергісі келсе, бұл өте тамаша аналитик оған көмек беруге ниетті. Егер оның қарсылығы өте зор болса, мұның жауапкершілігі аналитикте емес. Ол пациентке ұсынылған үш пен танымдар үшін жауапты, ол оның оз ізденісінде мақсатқа жетуіне септесу үшін өзін пациентке береді. Бұл жерде біз дзен­буддизм мен психоанализ позицияларының жақындығын тағы да аңғарамыз. Дзеннің «үйрету» тәсілі шәкіртті тығырыққа тіреуде; каон интеллектінің құйтұрқыларына мүмкіндік бермей тастайды; каон одан әрі мүмкіндік бермейтін кедергі сияқты. Аналитик те (оған ұқсас бірдеңе істейді — немесе, істеуге тиіс.

Читайте также:  Заң шығарушы өкіметтің ауқымы туралы

Ол пациентті түсіндірмелер мен мәнісін ұқтыруларды айтып, асықпен тамақтандырғандай болатын қателіктен қашуға тиіс, бұл пациенттің ойдан тәжірибеге қарай секіруіне кедергі жасайды. Керісінше, ол рационализацияларды бірінен соң алып тастауға, балдақтарды бірінен соң бірін алып қоюға сонда пациенттің өзге жолы қалмайды, ол шынайылықтан жасандылық (фикция) әлеміне қарай қаша жөнелгісі келгенін қояды, оларды көктей өтіп, шынайылыққа өтеді, яғни өзі бұрын түйсініп көрмегенді түйсінеді. Бүл процесс көбіне мазасызданудың өсуіне себеп болады — кейде үрей осындай алға ұмтылуға кедергі жасайды, оның кедергіден өтуіне аналитиктің өз жанында тұруы арқасында ғана мүмкіндік туады. Бірақ, өз күшіне сенімділік сезімі экзистенциалды, оны соз оята алмайды, керісінше, сөз тек тәжірибе ғана бере алатын нәрсені пациенттің түйсінуіне кедергі болады. Бұған дейін біз тек дзен­буддизм мен психоанализдің тоғысу және жақындық нүктелерін ғана талқыладық. Алайда, бұлай салыстыру бізді Дзеннің орталық пункті — нұрлануға және психоанализдің орталық пункті — репрессиядан арылуға, санадан тыстың саналыға трансформациялануына (айналуына) тікелей назар аударғанда тана қанағаттандырмақ. Психоанализдің осы проблемасы бойынша жоғарыда айтқанымызды қорытындылайық. Оның мақсаты — санадан тысты саналыға айналдыру. Алайда, сана мен санадан тысты субстантивтендіру дегеніміз сөзді шынайылық деп қабылдау болып шытады. Біз мұның орындар немесе мазмұндар емес, қызметтер екенін ескеруіміз керек. Расын айтқанда, біз аз немесе көп тұншықтырылғандық туралы, яғни тілдің, қисынның және мазмұнның әлеуметтік сүзгілері арқылы өткенді түйсіну туралы айта аламыз. Осы сүзгілерден құтылумен, өзімді өзім әмбебап адам деп түйсінумен, басқаша айтсақ, репрессияның азаюымен қатар мен өз ішімде жатқан өте терең қайнарлармен, яғни, күллі адамзатпен жолығыса аламын. Егер тұншығу (езілу) толық аласталса, санадан тыстың, санаға қарсы тұрғанының мүлде жоғалғаны; онда тура, нағыз тәжірибе ғана қалғаны. Мен өзіме өзім қаншалықты жат емес,өгей емес болсам,соншалықты дәрежеде ешкім де, ештеңе де маған жат, өгей емес. Оның үстіне,менің өзім өзімнен қаншалықты өгейсітілген болсам, ал менің «санадан тысым» менің санамнан бөлініп тұрар болса (яғни, бүтін адам ретіндегі Мен әлеуметтік адам ретіндегі Менмен бөлініп тұрса), менің дүниені түйсінуім жалған. Біріншіден, паратаксикалық ауытқулар (жаңсақ көру — Ауд.) кесірінен (ауысу): мен өзге тұлғаны өзімнің бүтін Меніммен сезінбеймін, бөлшектенген, инфантилді Меніммен түйсінемін, сол себепті де өзге тұлға біздің бала кезіміздегі маңызды тұлға сияқты, шын мәніндегі емес, өзгеше болып көрінеді.

Екіншіден, репрессия аясында әлем жалған сана арқылы түсініледі. Адам түпнұсқалық мәнді көрмейді, оған өзінің ойдағы қиялын жағады, заттарды өз қиялының құрсауында көреді, олардың шынайы тұрқын біле алмайды. Оның қобалжулары ойша бейнелердің алдамшы арқылы пайда болады. Заттар мен адамдардың жүздерін түйсінудің орнына, репрессиядағы адам өз миының туындыларын түйсінеді. Ол дүниемен жүздесіп тұрмын деп ойлайды, бұл бірақ алдамшы (иллюзия), себебі сөздермен ғана жүздеседі. Паратаксикалық жаңсақтық қашан сана және церебрация шынайы ерместің әлдебір айқыш ілініп тұратын модустары емес: бұл әр түрлі, бірақ бір­бірін жауып тұрған бір ғана феноменнің жүздері ғана. Шынайы көрініс әмбебап адам әлеуметтік адамнан бөлініп тұрғанда ақтала береді. Біз репрессия күйіндегі тұлға өгейсітілген болып табылады деген кездегі айырмашылық сол феноменді суреттеп берудегі ғана нәрсе. Адам өзінің сезімдерін объектілерге бағыттайды (проекция), содан да өзін сезімдерінің субьектісі ретінде сезіне алмайды; ол өз ілімдеріне толы объектілердің басқаруына түседі. Өгейсітілген, жаңсақ көрінетін паратаксикалық, жалған тәжірибенің қарсы жағы дүниені кінәратсыз, шүбәсіз, тура, айқын, бүтін күйінде аңғару, бұл нәресте білім алудың құдіретімен тәжірибенің осы түрі өзгеріске түскенше — болады. Жаңа туған нәрестеде Мен және Мен деген ерекшелеу әзірге жоқ. Былайша болу біртіндеп қалыптасады және оның соңғы нәтижесі баланың қалыптасқан «Мені» болып табылады. Бұдан соң да ол әлде де салыстырмалы түрде тура қабылдайды. Ішінен ойнаған кезде ол оны қозғалыс үстінде көреді, ол тәжірибеге бойын толық билетеді, сондықтан да ойынға қайта ­ қайта қуанышпен беріле алады. Ересек адам да өзі домаланып бара жатқан допты көреді. Дау жоқ, ол объект де домалаған объект допты көреді. Бірақ домаланған ол көрмейді. Ол доп пен еденнің үстін ойлайды. Бұл процесс көбіне мазасызданудың өсуіне себеп болады — кейде үрей осындай алға ұмтылуға кедергі жасайды, оның кедергіден өтуіне аналитиктің өз жанында тұруы арқасында ғана мүмкіндік туады. Бірақ, өз күшіне сенімділік сезімі экзистенциалды, оны соз оята алмайды, керісінше, сөз тек тәжірибе ғана бере алатын нәрсені пациенттің түйсінуіне кедергі болады. Бұған дейін біз тек дзен­буддизм мен психоанализдің тоғысу және жақындық нүктелерін ғана талқыладық. Алайда, бұлай салыстыру бізді Дзеннің орталық пункті — нұрлануға және психоанализдің орталық пункті — репрессиядан арылуға, санадан тыстың саналыға трансформациялануына (айналуына) тікелей назар аударғанда ғана қанағаттандырмақ. Психоанализдің осы проблемасы бойынша жоғарыда айтқанымызды қорытындылайық.

Читайте также:  Дін және саясат

Оның мақсаты — санадан тысты саналыға айналдыру. Алайда, сана мен санадан тысты субстантивтендіру дегеніміз сөзді шынайылық деп қабылдау болып шығады. Біз мұның орындар немесе мазмұндар емес, қызметтер екенін ескеруіміз керек. Расын айтқанда, біз аз немесе көп тұншықтырылғандық туралы, яғни тілдің, қисынның және мазмұнның әлеуметтік сүзгілері арқылы өткенді түйсіну туралы айта аламыз. Осы сүзгілерден құтылумен, өзімді ­ өзім әмбебап адам деп түйсінумен, басқаша айтсақ, репрессияның азаюымен қатар мен өз ішімде жатқан өте терең қайнарлармен, яғни, күллі адамзатпен жолығыса аламын. Егер тұншығу (езілу) толық аласталса, санадан тыстың, санаға қарсы тұрғанының мүлде жоғалғаны; онда тура, нағыз тәжірибе ғана қалғаны. Мен өзіме өзім қаншалықты жат емес,өгей емес болсам,соншалықты дәрежеде ешкім де, ештеңе де маған жат, өгей емес. Оның үстіне,менің өзім өзімнен қаншалықты өгейсітілген болсам, ал менің «санадан тысым» менің санамнан бөлініп тұрар болса (яғни, бүтін адам ретіндегі Мен әлеуметтік адам ретіндегі Меннен бөлініп тұрса), менің дүниені түйсінуім жалған. Біріншіден, паратаксикалық ауытқулар (жаңсақ көру — Ауд.) кесірінен (ауысу): мен өзге тұлғаны өзімнің бүтін Меніммен сезінбеймін, бөлшектенген, инфантилді Меніммен түйсінемін, сол себепті де өзге тұлға біздің бала кезіміздегі маңызды тұлға сияқты, шын мәніндегі емес, өзгеше болып көрінеді. Екіншіден, репрессия аясында әлем жалған сана арқылы түсініледі. Адам түпнұсқалық мәнді көрмейді, оған өзінің ойдағы қиялын жағады, заттарды өз қиялының құрсауында көреді, олардың шынайы тұрқын біле алмайды. Оның құштарлықтары мен қобалжулары ойша бейнелердің алдамшы арқылы пайда болады. Заттар мен адамдардың жүздерін түйсінудің орнына, репрессиядағы адам өз миының церебралдық туындыларын түйсінеді. Ол дүниемен жүздесіп тұрмын деп ойлайды, бұл бірақ алдамшы (иллюзия), себебі ол сөздермен ғана жүздеседі. Паратаксикалық жаңсақтық, жалған сана және церебрация шынайы еместік әлдебір айқыш бөлініп тұратын модустары емес: бұл әртүрлі, бірақ бір­бірін жауып тұрған бір ғана феноменнің жүздері ғана. Шынайы емес көрініс әмбебап адам әлеуметтік адамнан бөлініп тұрғанда сақтала береді. Біз репрессия күйіндегі тұлға өгейсітілген болып табылады деген кездегі айырмашылық сол феноменді суреттеп берудегі ғана нәрсе. Адам өзінің сезімдері мен ойларын объектілерге бағыттайды (проекция), содан да өзін оз сезімдерінің субьектісі ретінде сезіне алмайды; ол оз сезімдеріне толы объектілердің басқаруына түседі. Өгейсітілген, жаңсақ көрінетін, паратаксикалық, жалған, церебралдық тәжірибенің қарсы жағы дүниені кінәратсыз, шүбәсіз, тура, айқын, бүтін күйінде аңғару, бұл нәресте де — білім алудың құдіретімен тәжірибенің осы түрі өзгеріске түскенше — болады.

Жаңа туған нәрестеде Мен және Мен емес деген ерекшелеу әзірге жоқ. Бұлайша болу біртіндеп қалыптасады және оның соңғы нәтижесі баланың қалыптасқан «Мені» болып табылады. Бұдан соң да ол дүниені әлде де салыстырмалы түрде тура қабылдайды. Доппен ойнаған кезде ол оны қозғалыс үстінде көреді, ол осы тәжірибеге бойын толық билетеді, сондықтан да ойынға қайта­қайта қуанышпен беріле алады. Ересек адам да өзі домаланып бара жатқан допты көреді. Дау жоқ, ол объект еденде домалаған объект допты көреді. Бірақ домаланған допты ол көрмейді. Ол доп пен еденнің үстін ойлайды. «Доп домалады» дегенде, ол тек мынаны айтады: а) дөңгелек объектінің «доп» деп аталатыны туралы өзінің білетіні; б) домалақ объектілерді түрткен кезде тегіс нәрсе үстінде домалайтынын өзінің білетіні. Оның көзі осы білімді растауға қызмет етеді және оған дүниеде қауіпсіз бола беру мүмкіндігін береді. Бей ­ репрессиялық күй қайтадан шүбәсіз, жаңсақтығы жоқ шынайылықты аңғаруды, баланың қарапайымдылығы мен спонтандығын береді. Алайда, өгейсітілу процесінен интеллектіні дамыту арқылы өткенде, бей ­ репрессиялық күй бейкүнәлікке қайтқаннан кейін жоғарырақ дәрежеде болады. Бейкүнәлікке қайтып оралу оны жоғалтқаннан кейін ғана болуы мүмкін.

Оставить комментарий