Дербес Қазақстанның алғашқы Конституция жобасы

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдары мемлекетті ары қарай қандай жолмен алып жүру мәселесіне байланысты әртүрлі бағытта ой­пікірлер қалыптасқаны белгілі. Сол кезеңдегі әрбір бастамашыл топ, жекелеген тұлғалар өз ой­пікірлерін ортаға салып, мемлекеттің әрі қарай даму жолдарын ұсынған еді. Өзге де ел болашағы үшін алаңдаған ұлт зиялылары сияқты Азат қозғалысына мүше болған ғалым Сәкен Өзбекұлы алғаш рет 1991 жылдың қаңтарында Азат газетінің № 1 санында өзі жасаған Қазақ Республикасының Конституциясының жобасының мәтінін жариялап, талқыға салған еді. Бұл конституция жобасының 28 қаңтар 1993 жылғы қабылданған және қазіргі қолданыстағы 30 тамыз 1995 жылы қабылданған конституциядан айтарлықтай өзгешеліктері бар. Әсіресе мемлекеттік тіл, ұлттық мемлекет, ұлттық заңнама, бір палаталы парламент, парламенттік республика идеяларының әрқайсысы жеке­жеке тоқталып, жан­жақты зерделеуді талап етеді. Құрылымы жағынан Конституция жобасы Преамбуладан, 7 тараудан және 91 баптан тұрады: бірінші тарау – Қазақ Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы, екінші тарау – Қазақ Республикасы азаматтарының хұқықтары мен міндеттері, үшінші тарау – Ұлттық мәжіліс, төртінші тарау – Қазақ Республикасының Президенті, бесінші тарау – Қазақ Республикасының Министрлер кабинеті, алтыншы тарау – Сот билігі, жетінші тарау­Прокуратура деп аталады.

Жобаның кіріспе сөзі келесі мәтінде беріледі: «Біз республикамызда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің еркін ықтиятын білдіре отырып, жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясын және әр ұлттың өзін­өзі билеу құқығын тани отырып, адам баласының теңдік, еркіндік, бостандық және бақытты тұрмысқа деген тілегін мойындай отырып, толық егеменді ізгілікті ұлттық демократиялық мемлекет құру мақсатын көздеп, қазақ ұлтының атынан Қазақ республикасының осы Конституциясын қабылдаймыз». Ал 28 қаңтар 1993 жылғы конституцияның кіріспе сөзі: «Біз, Қазақстан халқы, дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі бола отырып, қазақ мемлекеттілігінің бұлжымастығын негізге ала отырып, адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демократиялық, қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзіміз үшін және өз ұрпақтарымыз үшін лайықты өмірді қамтамасыз етуді қалай отырып, осы конституцияны қабылдаймыз және конституциялық құрылыстың мынадай негіздерін жариялаймыз:…» деген мәтінде беріледі. Қазіргі мемлекетіміздің Ата заңының кіріспе сөзіне мән беріп көрсек: «Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Осы конституциялардың кіріспе сөздерінің өзінде­ақ аталған конституциялардың не мақсатта қабылданатыны және кім үшін қызмет істейтіндігі айтылады. Осы аталып өткен алғы сөздердің Азат қозғалысы ұсынған жобада мемлекеттің кімдікі және кімнің мүддесін көздеп өмір сүретіндігі нақты белгіленсе, 1993 жылғы конституция мемлекеттің негізгі мақсаты қазақстан халқының қазақ ұлтымен бірлесе бейбіт қатар өмір сүруін көздейтіндігін білдіреді. Ал соңғы қабылданған конституция тек қазақстан халқы үшін қызмет жасайтындығын айқын көрсетіп отыр және ол іс жүзінде де жүзеге асырылуда. Ендігі жерде мемлекет қазақстандық халықтың бейбіт қатар өмір сүруі үшін ғана қызмет жасап отырғанын көреміз. Алайда темірқазығы қазақ халқы болып табылатын және аумағындағы өмір сүретін қазақ ұлтының саны 8 млн.400 мың адамды құрайтын мемлекетте қазақстандық ұлт қалыптастырып, тек бейбіт өмір сүру идеясын ұстану сол байырғы халықтың мүддесіне сай келмей отыр. Өйткені әрбір халықта ұлттық рух болады және ол белгілі бір дәрежеде мемлекет тарапынан көрсетіліп отыратын қолдауды қажет етеді. Егер мемлекет ұлттық мүддеге қызмет етпесе ұлттық рухқа сөніп қалу қаупі төнеді. Сәйкесінше одан кейін ұлт үшін мемлекеттіліктің сақталу сақталмауы ешқандай мәнге ие болмайды. Қазіргі кезде орын алып отырған отанын сүйе алмаушылық, патриотизмнің азаматтар санасынан алыстауы мемлекет саясатындағы ұлттық мүдденің екінші орында тұрғандығынан орын алған құбылыстар. Философ А.Қалмырзаевтың пікіріне сүйенсек «Национальный дух – не что иное, как просто общее единство чувств всей нации. Национальный дух – это не свойство народа, изначально заданное Богом, которое якобы носит вечный характер. Наоборот, он представляет собой изменчивое духовное состояние нации. Когда отсутствуют или слабеют силы, поддерживающие дух нации, то он подавляется и меркнет. Национальный дух постоянно должен быть в форме, он нуждается в подпитке. Без этого он , как национальный феномен, теряет свою одухотворенность».[1]

Читайте также:  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ

Қазіргі кезеңде «қазақстандық ұлт», «жаһандандыру» сияқты идеялар маңызды мәселе ретінде көзделіп жатқанда қазақ ұлтының ұлт ретінде сақталып қалу мәселесі де көпшілік талқылауына түсуде. Ал бұл идеялар өзара текетіреске түсіп, әртүрлі авторлардың талқылау объектісіне айналып отыр. Дегенмен, мемлекеттің ұлтық келбетін сақтау және мемлекеттік саясатты ұлт мүддесіне сәйкес жүргізу үшін негізгі заң осы мақсатқа сай қабылдануы қажет. Ал бұл мәселе қазіргі конституциядан орын ала алмады, осы мәселе хақындағы академик С.З.Зимановтың да пікірін келтіре кеткен орынды болар, «Одним из мотивов отказа от идеи национальной государственности, как это вытекает из высказываний причастных к подготовке проекта Основного закона лиц, является стремление сохранить межнациональное согласие и не выделять национальное в государственности. Такая мотивировка достойна обывателей, а не политиков. Национальная государственность – наиболее высокая форма самоуправления. До тех пор, пока национальное самоутверждение не реализуется, т.е. остаются нерешенными специфические задачи возрождения многомиллионной казахской нации, не наступит момент, когда они вполне могут быть разрешены в потоке общенационального развития, необходимость в национальной государственности сохранится».

Жоба авторы қазақ жерін көптеген ұлт өкілдері мекендейтіндігін ескере отырып, конституция жобасының 1 бабын «Қазақ республикасы – тәуелсіз демократиялық ұлттық мемлекет», ал 3 бабын «Қазақ республикасының мемлекеттік егемендігі қазақ ұлтының және республиканы мекен ететін барлық ұлт өкілдерінің қолында» деген мәтінде береді. Осы жерде мән беруді талап ететін тағы бір мәселе мемлекет атауы. Жоба авторы мемлекетті «Қазақ республикасы» деп атаған, яғни бұл мемлекеттің қазақ ұлтының мемлекеті екендігін нақтылай түсетін атау. Ал ресми қабылданған 1993 және 1995 жылғы конституциялар мемлекетті «Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы» деп бекітеді. Мемлекетті сол мемлекеттің негізін құрап отырған ұлттың атауымен атау да сол ұлттың мемлекет даму жолында мүдделілігін арттыра түседі және басқа ұлттарға деген ағалық, қамқорлық сезімін оятады.

Читайте также:  Об основных регуляторах рыночной экономики

Конституцияның бұл жобасы жөнінде сөз қозғағанда бүгінгі күні шешімін таба алмай жүрген қордалы мәселелердің негізгісі тіл туралы айту өте орынды. 28 қаңтар 1993 жылғы конституцияның кіріспе бөліміндегі сегізінші негіздеме бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл болып танылады, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып бекітіледі. Сондай­ақ мемлекеттік тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін білмегені үшін шектеу қоюға жол берілмейді. 30 тамыз 1995 жылғы конституцияның 7­бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін­өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Тіл – халықтың күретамыры екендігін ескерсек, мемлекеттік тілмен екінші тілді теңестіре қолдану арқылы қазақ тілінің мүмкіншілігін шектеу сол ұлтқа, ұлттық мүддеге жасалынып отырған қиянат екендігі даусыз. Белгілі саясаттанушы А.Ғалидың пікірінше: «Русское делопроизводство стало тормозом социальной мобильности казахоязычных, которых большинство. Все против по вопросу о государственном языке и по отношению к северному соседу имеют аморфную политику или откровенно пророссийскую позицию. Дескать, нужно межнациональное согласие и примирение. Национальное благо – высший критерий форма правления – монархического, олигархического и демократического. Легитимно только та политика, которая осуществляет национальное благо». ».[3] Бүгінгі күні мемлекеттік тіл мәселесі мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрмей отырған шақта, сол халықтың өзі сайлаған халық қалаған депутаттардың өзі осы мемлекеттік тілдің мәртебесінің жоғарылауына кедергі келтіруде. Тіпті мәселенің бұлайша аяқсыз қалуына наразы болған азаматтар президентке ашық хат жолдап отыр. Жас Алаш газетінің 02.04.2005 жылғы № 39 санының 1 бетіне басылған осы хаттан үзінді келтіре кетсек, «Бұл күнде саясат дегеніміз халықты алдай білу сияқтанып барады. Ата Заңымыздың өзі орындалмай отырғанда, солай ойламау да мүмкін емес. Конституциямызда «мемлекеттік тіл – қазақ тілі» болып белгіленгенімен, іс жүзіндегі жағдайы мемлекеттік мәртебеге ешбір лайық емес. Біздің ұғымымызда, Президент аппараты, Үкімет орындары және қос палаталы Парламент, яғни мемлекет басшылығы мен мемлекет қызметкерлері міндетті түрде сөйлейтін тіл ғана мемлекеттік тіл болуы тиіс. Демек, бізде Конституцияның тіл жөніндегі талабы орындалмай, бұрмаланып отыр.

Читайте также:  Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласындағы жоба сапасын басқару мəселелері

Сізден Конституция кепілі ретінде бұдан былай Ата Заң бұрмаланбай, нақты орындалатындай жедел шара қолдануыңызды көптен­көп өтінеміз. Себебі, заң бұрмаланған жерде әділеттілік те, демократия да орнай қояды дегенге сенбейміз». Конституцияның Сәкен Өзбекұлы ұсынған жобасының 4 бабы Қазақ республикасының мемлекеттік тілінің тек қазақ тілі екендігін бекітеді. Мұнда автор Қазақстан халқының сан алуандығына емес, ортақ ұғынысу тілінің қажеттілігіне мән береді және әр азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруінің ол үшін қасиетті борыш екендігін алдыға тартады. Бұл жерден түйін жасайтын мәселе, егер мемлекет мүдделі болмаса, мемлекеттік тіл үйренуге тіпті 100 жыл уақыт берілсе де шешілмейтін мәселе күйінде қала береді. Сондықтан да баламасы жоқ мемлекеттік тілдің мәртебесін Ата Заңға өзгерту енгізу арқылы нақты бекіту – уақыт талабы.

Оставить комментарий