Диалектикалық логика және дәуірдің ойлау тәсілі

Бір буынның ойлау деңгейін екінші буынның ойлау деңгейінен немесе бір буынның өз ішіндегі адамдардың ойлау деңгейлерін бір­ бірінен ажырату үшін ойлау тәсілі ұғымы философиялық әдебиеттерде және жалпы ғылыми әдебиеттерде өте ертеден кездеседі. Кейде «ойлау стилі», «ойлаудың құрылымы» деген сияқты және т.б. сөз тіркестерін кездестіруге болады. Бұл ретте олар әртүрлі мазмұндарды бейнелеуі мүмкін. Мысалы, «ойлау стилі» танымның белгілі бір саласында терминдерді қолдану ерекшеліктерін, басқа жағдайда ­ танымның (эмпирикалық немесе теориялық немесе абстрактілі, біржақты және т.б.) деңгейін белгілеуі мүмкін. Ол сөз тіркестердің қайсысының қандай мағынада қолданатынын анықтауға талпыныс жасаған авторлардың қатары жоқтың қасы. Біршама принципті көзқарасты тарихи ойлау мен тарихи емес ойлауды, ал кейбір жағдайларда тарихқа қарсы ойлауды ажырата отырып, тарихшылар мен тарихты зерттейтін философтар тапқан болатын. Тек Гегельдің заманынан бастап қана тарихи процестің логика құрылымымен ішкі байланысы туралы ереже тереңінен пайда болды. Бұл ереже білімнің, ұғымдардың дамуындағы тарихилық пен логикалық тәсілдердің сәйкес келу принципі ретінде қалыптасты. «Диалектикалық ойлаудың» құрылымын тілдің және мифтердің құрылымымен салыстыруға талпынысты этнографиялық зерттеушілер өкілдері де жасады. Мұнда «ойлау» ұғымымен байланысты, әлеуметтік топ немесе белгілі бір кәсіп иелері қабылдаған сөз тіркестерінің барлық нұсқалары қарастырылмайтынын бірден атап өткім келеді. Біз мұнда кітаптың негізгі тақырыбы тұрғысынан біршама маңызды болып табылатын тек екі ұғымды қарастырамыз: өз кезінде неміс классикалық философиясы өкілдері және осы философиялық дәстүрді әрі қарай жалғастырушылар философияның негізгі мәселесінің қойылуынан тәуелсіз жасаған диалектикалық логика қарастыратын ойлау деңгейі мен ғасырдың ойлау тәсілі. Біз бұл сұрақтарды Берлиннің мемлекеттік университетінің профессоры, доктор Ф.Кумпфпен бірлесе отырып, «Диалектикалық логика.

Негізгі принциптері мен проблемалары» (М., 1979) кітабында қарастырдық, бірақ өте қысқаша. Мұнда ғасырдың ойлау тәсілі ұғымы әртүрлі тарихи дәуірлермен байланысты нақтырақ қарастырылатын болады. Қарастырылып отырған сарқыншақтар логиканы өздігінен қандайда бір тарихи дамушы құбылыс ретінде әр кезде және барлығы қарастырмаған болып табылады. XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі кезеңде логика абсолютті конструкция ретінде қарастырылды, онымен әртүрлі халық көтерілді, мысалы, қандайда бір мөлшерде Фихте және тіпті Гегель де оны мойындаған болса, ал ол толығымен табиғи құбылыс болып көрінді, өйткені мәдени­тарихи тұрғыда нашар дамыған халықтар басқа уақытта біршама дамыған халықтардың жүріп өткен жолын қайталады. Бірақ логиканың өзі тарихи өзгере алатындығы туралы ойлау мүмкін емес болып көрінді. Логиканы тарих түгілі уақыттан да жоғары қоятын тұжырымдар бүгін де кездесуі мүмкін. «Логика мұнда біз үшін қызық ­деп жазады Гегель жүйе рухындағы бір кітап авторлары ­ жекелеп алғанда, ол қандайда бір уақыттан тыс тұратын шындық». Бірақ логиканың өзі тарихи жолмен қалыптасты және оның ұғымдары, категориялары тек тарих өнімдерінің мәні ғана емес, нақтырақ айтқанда, әрбір тарихи дәуірдің ғана емес, ал тіпті осы ұғымдар мен категориялардың байланысынын тәсілі әр тарихи кезеңдерде әртүрлі болған. Ғасырдың ойлау тәсілі ұғымы болса ойлаудың дамуының логикалық деңгейлерінің сол бір тарихи айырмашылығын ашып көрсетеді. Логика ­ ол уақыттан тыс тұратын шындық емес, керісінше, ол бір тарихи дәуірден екіншісіне ауысқан сайын жетіле келе, өзгеріп отыратын адамның ойлау жүйесінің жалпы әрі тұтастай құрылымы, бұл мәселе төменде қарастырылатын болады. Бірақ алдын­ала тарихи дәуір ұғымының өзін қарастырамыз, өйткені ол әр кезде бірдей бейнелене бермейді. Кідірісті, уақыт бөлігін білдіретін, ерекше ұстап тұруымен ерекшеленетін бұл грек сөзі дәстүрлі мағынаны сақтайды, бірақ оның өзін білдірмейді. Осы тақырыпқа байланысты мен бұл ұғымға бірнеше рет әртүрлі жағдайлар бойынша тоқталу керек деп ойлаймын. Бұл ұғымға О.Шпенглер мынандай қызықты ой толғамды арнады. «Дәуірді жасайтын оқиға, яғни: ол мәдениеттің дамуында қандайда бір қажетті, қатерлі ауысуды білдіреді. Оқиғаны өзі, тарихи кеңістіктегі кездейсоқ кристализация оған сәйкес келетін басқа жағдайлармен ауыстырылуы мүмкін; дәуір қажет және болмай қоймайтын құбылыс. Қандайда бір оқиға дәуір немесе осы мәдениет және оның даму барысы тұрғысынан алғанда эпизод болып табыла ма дейтін мәселе ­ ол тағдыр және жекелеген жағдай идеясымен өте тығыз байланысты болады, яғни батыстық «эпохальды» және антикалық «эпизодтық» трагиктердің айырмашылықтарымен байланысты болады.

Читайте также:  Қазіргі үнді философиясы

Бұдан бөлек тарих бейнесіндегі өздерінің физикалық түрлеріне байланысты анонимді және жеке дәуірлерді атап көрсетуге болады. Бірінші орындағы маңызды жағдайға өз болмысына мыңдаған адамдардың, бүтін бір халық пен ғасыр тағдырын сіңдіре алатын өздерінің жеке тағдырын қалыптастырушы күштерімен ерекшеленетін ұлы тұлғалар жатады. Осынысымен авантюристер және Дантон мен Робеспьерлерге ұқсаған ішкі маңыздылықтан жұрдай қылжақбастан өздерінің жеке тағдырында әр адамның және жалпының тағдырын сипаттап тұратын тарих батырлары айрықша болады. Өздерінің атақты есімдеріне қарамастан «якобинстер» тұтастай алғанда және ешқандай ірілік танытпай олардың уақыты құзырында болған өз тұлғаларын биікке көтермеді. Сол дәуірдің алғашқы актісі болған революция сол себептен де өзінің толық құпиялылығын сақтады, ал екінші наполеон шайқасы жоғары деңгейдегі тұлғалық сипатқа ие болды… Мәдениеттің әрбір кезеңінде алдымен не қандайда бір ұлы тұлға (Александр, Диоклетиан, Мұхаммед, Лютер, Наполеон) түсінігі, не қандайда бір маңызды ішкі формаға ие болатын (Пелопонестік және испандық мұрагерлік үшін болған Отыз жылдық соғыс) анонимге жақын оқиға, не қандайда бір бұлыңғыр және жетілмеген даму (диадохтардың кезі, гиксостардың дәуірі, неміс аралық патшалығы) сияқты қажетті бірдей іске асыру мүмкіндігінің болуы кез­келген мәдениет үшін маңызды болып табылады. Қандай форма біршама ықтималды болатындығы ­ ол тарихи мәселе, яғни трагедиялық стильдегі мәселе». Біз О.Шпенглердің дәуір ұғымын «бірдеме дәуірі» және «әлде біреудің дәуірі» деп бөлетіндігін көреміз. Алайда дәуірдің бұл екі түрі қатаң түрдегі нақтыдан көрі, ең алдымен, әсем болып көрінеді, мынандай түсінікпен және бір ұғымды «оқиғалар дәуірі», ал екіншісін «тұлғалар дәуірі» деп атаса, онымен келісуге болар еді. Бірақ ол жеткіліксіз. Дәуірдің көрсетілген екі ұғымы, олар кейбір дәуірдің ерекшеліктерін сипаттайды, бірақ ол ерекшеліктер тарих үшін сырт көрініс болып табылады. Олар, әрине, тарихтың ішкі үдерістерімен байланысты, бірақ олармен сәйкес келмейді. Әрі олар (ол ішкі үдерістер) дәуірге барынша дәл, терең сипаттама беру үшін ерекшеленіп көрсетілуі тиіс. Дәуірдің ішкі және сыртқы сипаттамаларының арасындағы бұл ерекшеліктерді О.Шпенглер көре білді, бірақ, менің көзқарасым бойынша, ашып көрсетпеді. Әрине, ол «тарихты материалистік тұрғыдан түсіну» принциптерін қабылдауы мүмкін емес еді. Өйткені, соңғысы тарихи дәуірлер шекарасын қатаң түрде анықтауға мүмкіндік бермейді.

Читайте также:  Жоғары мәдениеттер тобы

Ол оның тарихи үдерістің ішкі қырлары туралы төмендегідей ой толғауларынан байқалады. «…Тарихи пішіннің құпиясы бетінде көрініп жатпайтындығын және сахна киімдерінің ұқсастығы арқылы игерілмейтін, өсімдіктер мен жан­жануарлар тарихындағы сияқты адамзат тарихында да кез­келген ішкі жақындықтан ада, ­ Ұлы Карл, Гарун – әл ­Рашид, Александр және Цезарь, Германдық Римге қарсы соғысы және моңғолдардың Батыс Европаға шапқыншылығы, едәуір үлкен сыртқы айырмашылықтарына қарамастан, мәселен, Траян мен Рамзес II, Бурбондар мен антикалық демос, Мухаммед пен Пифагор сияқты қандайда бір жеке дара белгілерді көрсететін және басқа алдамшы ұқсастықтағы құбылыстардың болатындығын түптің­ түбінде түсінеміз ғой. XIX және XX жүзжылдық, ол түзу сызық бойымен өрлеген әлемдік тарихтың өтірік шыңы болатындығын мәңгі есте сақтауымыз керек, шын мәнісінде әрбір соңғы пісіп­жетілген мәдениеттегі осу сатысы ретінде байқалады, ­ әрине бұл социалистерсіз, электр трамвайларсыз, тек уақыт корпусына ғана жататын торпедалар мен дифференциалды есептеулерсіз болған, бірақ өз тарапынан сырттай көрініс табуда мүлдем басқа мүмкіндіктерге ие болатын өзінің өркениеттік рухани болмысымен ерекшеленетін құбылыс, ­ қазіргі заман мүмкін белгілі жағдайда болатын қалайда бір өтпелі кезеңді білдіретін болып көрінетіндігін, сонымен, осы кездегі батыс ­ еуропалыққа қарағанда толық анықталған біршама кейінгі қалып өмір сүретіндігін, өткен тарихта олардың бірнеше рет болғандығын және содан да Батыс келешегі жоғары ұмтылатын әрі біздің бір сәттік идеалдар курсы бойынша және фантастикалық жылдамдықпен алға ұмтылатын талғамсыз лектерсіз болмайтындығын, бірақ формасы мен ұзақтығы тұрғысынан алғанда тым шектеулі болып келетінін және бірнеше жүзжылдықты қамтитын жеке­дара тарих жеңістерінің, ­ алдынғы бар мысалдарға негізде отырып жасалынған, ол жеңістер арқылы келешектің маңызды белгілерін болжауға болатындығын мәңгі есте сақтауымыз керек». О.Шпенглердің қуаты, оның тарихи үдерістердің сыртқы пішініне «жол салуға» көмектесетін көптеген терең мәселелерді қоюында болып табылады. Ол уақыттың қарапайым ағысынан ерекшеленіп тұратын, тек оқиғалармен, жеке тұлғалармен, техникалық құрылғылармен, құрал­жабдықтармен және т.б. толтыру ғана қалатын тарихтың өз ішкі формасын іздейді. Тарихтың «ішкі жағы» оқиғаларды, жеке тұлғаларды, өндіріс құралдарын қоса есептегенде, сол сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен құлдырауын және т.б. «басқаратын» қандайда бір күш болып табылады. Мәселенің өте айқын, екпінді әрі нанымды қойылатыны соншалық, тіпті осыдан туындауға тиісті жауапқа деген кез­келген жақындау мәселенің нақты мәнінен (немесе дұрысын айтқанда «жауаптан») ауытқу болып көрінеді, себебі жауап құпиялы түрде сұрақтың өзінде жасырынып тұрады.

Читайте также:  «Жарғы» - Eciм ханның мұрасы

Бұл ой жоғарыда айтылса да мысалға О.Шпенглердің ой толғауын алып көрелік. «…Бұл идеяларды Наполеон құрастырған жоқ, ал керісінше, олар оны құрастырды және де таққа отырысымен­ақ ол алдын­ала оларды, осыны қалап отырған жалғыз держава ­ Англиямен күресте іске асыруы керек еді. Оның империясы ­ француз қанының туындысы, бірақ ағылшын стиліндегі. Лондонда Локктың, Шефтсберидің, Кларктың, ең алдымен, Бентамның күшімен ­ батыс ­ «европалық өркениет» теориясы жасалған болатын және ол Бейл, Вольтер және Руссо арқылы Парижге апарылды. Осы Англия парламентаризмінің, іскерлік мораль және журналистиканың атынан адамдар Вальманың, Маренгоның, Иеннің, Смоленскінің және Лейпцигтің тұсында шайқасты және барлық аталған шайқастарда француздық Батыс мәдениетін ағылшын рухы жеңіп отырды». Осы идея Россияда да жасалынды, мысалы, жеңімпаз ­ декабристер жеңген Франциядан идеяны алып келіп, кемеңгер реформатор ­ монархтың қолымен, алдымен, крепостнойлықты талқандады, ал сонан соң монархтың өзін жойды. Бұл бір ғана тарих, Реформациялар кеңістігінде дүниеге келген және Ағартушылық пен XIX­ XX г. басындағы революция барысында қалыптасқан бір ғана жалғыз тұлғасыз «төрешісі» болған ­ «ұлы сілкіністер» дәуірінің ойлау тәсілімен өмір сүрген бір ғана тарихи дәуір болды. II Александр биліктің өзін түрлендіріп «үлгере алмады» да қайтыс болды. Ал осы «кідіріс» жаңа тарихи дәуірге еніп отырған Россия үшін қатерлі болды. «Кідіріс» ұзаққа созылған сайын тегеурін радикальды бола берді, өйткені сахнаның басты жауынгері ­ ұсақ буржуазия ­ әрі сандық, әрі сапалық жағынан тым белсенді күш ала бастады. Өз еркіне қарсы келе отырып, келешек революциялар үшін жаңа әлеуметтік топтардың белсене дамуы хақында тарихи жағдай жасай отырып, II Николай да, революцияға бет алған күштерді еріксіз жандандыра отырып, инертті Л.Брежнев те, сондай инертті М.Горбачевті қоршағандар да соны жасады. Сондықтан оның орнын сауаты, төмен бірақ біршама «батыл» және радикалды, аралас экономикаға қарай бей саналы үлкен қадам жасаған, бірақ радикалистік әрекеттерінің арқасында, қоғамның әлі де болса ұзақ уақыт жеңуге тура келетін, тіпті көп проблемаларды (әсіресе әлеуметтік поляризация проблемаларды) туғызған Б.Ельцин алды. Дәуір әрқайсысының, ал ол улы тұлғаның Наполеон, Александр II/ ішкі дүниесінде тіптен «тұрды». Сыртқы оқиғалар, тұлғалар технологиясы және олардың іс­әрекеті, әрине, уақыт бойынша қайталана отырып, «тарих сабағы» иллюзиясын жасады, дегенмен тарихтың шешуші күші ­ әскер, экономика емес, ал заманның ойлау тәсілі, яғни адамның ішкі дүниесі екендігін ол кезде біреу біле қойды деп айту қиын. Наполеон I де, Александр II де өздерін жер жастандырған идеялардың жауы болмаған. Ұлы тағдырлардың қиямпұрыстығы осында.

Оставить комментарий