Диалектикалық логиканың категориялары

Философиялық ғылым ретінде диалектикалық логика өзімен­өзі алынған ойлау формаларын, категорияларын зерттеумен шектелмейді, ал ойлаудың тұтас теориясын жасап шығару және негіздеу, абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу әдісі арқылы ойлау формаларының, категорияларының, ұстындарының ішкі өзара байланыстарын ашу міндетін қояды. Логикалық категорияларды осындай зерттеуде субъективтік алғышарттардан, гипотетикалық пайымдардан шығу мүмкін емес. Зерттеу әдісінің өзі объективтік негізде ойлау формаларының, логикалық категориялардың субординациясын негіздеуді қажет етеді, өйткені теория ретіндегі теория тұтас объектінің қайтадан қалпына келтірілуі, көптүрліліктің бірегейге жеткізілуі және бұл бірегейдің көптүрлілікке теориялық өрлеуі, өзіндік бөлінуі болып табылады. Категориялардың ғылыми негізделген өзара байланысын, субординациясын жасап шығару тым күрделі және қиын міндет болып табылады. Категорияларды жүйелеуге ешқашан олармен жұмыс істеу үшін белгілі бір тәртіпте категорияларды (ұғымдарды) орналастыру бойынша формалдық әрекет деп қарамау керек, оларды адамзат практикасы мен таным тарихы дамуының берік түпнегізінде шығару, негіздеу қажет. Категорияларды (ұғымдарды) субъективтік, ойдан шығарылған деп қарастыру тәсілдерінен ерекше, бұрын айтылғандай, Гегель оларды зерттеуде қайсыбір ұстынды басшылыққа алды, абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу әдісін жүзеге асырды. Логикалық категорияларды жүйелеудің өз тәсілінің негізделгендігі туралы мәселені қозғай келе, ол оның логикасының, категориялардың ішкі дәйектілігін негіздеудегі оның тәсілінің құпиясы, атап айтқанда, «Рух феноменологиясында» тұр деп атап өтті. Диалектикалық логика ғылыми болуға міндетті және сондықтан ол логикалық категорияларды жүйелендіру шарттарын жан­жақты негіздеуді алдын ала ойластырады. Диалектикалық логиканы жүйелі баяндаудың басты сүйену негіздеріне жататындары: практикалық іс­ әрекеттің дамуы, тарихи­философиялық үдерістің, ғылыми танымның және сәбидің ақыл­ой дамуының заңдылықтары. Бұл түбегейлі ұстындарды байыпты талдау, бір жағынан, диалектикалық логиканың құрылымын негіздеуге, ал басқа жағынан ­категориялардың ішкі байланысы мен дәйектілігін ашуға, мүмкіндік береді.

Диалектикалық логика категорияларын жүйелеудің тәжірибесі мен негіздері. Диалектиканың маркстік теориясында категориялар мен ұстындар ең алдымен бейнелеу теориясының негізінде адамның табиғатты практикалық өзгертуінің және танымының сатылары, формалары, әлдебір нәтижелері ретінде түсіндіріледі. Адамдық практикалық іс­ әрекет заңдылықтарын, оның әрекет етуінің тетіктерін зерттеу логикасын категориялар, диалектика ұғымдары мен ұстындарының шынайы субординациясын шешуге бағытталған кілт болуы міндетті. Марксизм философиясын философияның басқа формаларынан сезімдік­заттық іс­әрекеттің субстанционалды рөлі туралы қағида ерекшелейді. Шындық осында «адамдық сезімдік әрекет, практика» 180 ретінде ұғынылады. Практикалық болсын, солай гносеологиялық субъект болсын әрекеттің барлық кезеңдері мен формалары табиғатта алғы деректер ретінде органикалық түрде орныққан. Сезімдік­заттық іс­әрекет үдерісінде адам қарсы тұрған табиғатты өзара байланысқан және өзара анықталатын сәттерге бөліп шығады, осыған байланысты олар ойлау үдерісінде категориялық түйіндер, идеалдандырылған сәттер сапасында, яғни нәрселік саланың ең түпнегізді заңдылықтарын бейнелейтін ұғымдар сапасында әрекет ететін, сезімдік факторларға, адамның әрекетінің сұлбалары мен құралдарына өсіп шығатын бөліктерге табиғатты «кескілеп» тастайды, оларға сәйкес практикалық және танымдық әрекеттің үдерістері жүріп жататын, ойлау категорияларына айналады. Адамдардың сезімдік­ заттық іс­әрекеті үдерістің бүкіл басқа түрлерінің негізі ретінде көрініс табады, атап айтқанда, онда субъект ұғымының (адамның) нақтылықпен тікелей сәйкестенуі жүзеге асады. Қашан коғам тұтасынан әмбебап баршылық сапасында көрініс тапқанда, өз іс­ әрекетінде жалпылама қасиеттерді білдіретін, міне коғамдық субъект практикасы, қоғамдық­тарихи үдеріс барысында игерілетін болмыс формалары және қатынастарымен, сол арқылы ойлау табиғатын түсіну мәселесі шешілетін, сол негіз болып табылады. Ойлау категориялары ­ бұлар табиғи күштердің жай ғана нұсқалары, бейнелері емес. Бұлар табиғи тұлғасыз құрылымдардың онтологиялық арақатынастары адаммен, қоғаммен тұтас алғанда логика формалары ретінде игерілетін, практикалық меңгерілген табиғаттың бейнелері. Адамдардың практикалық, өзгертуші әрекеті, оның негізінде практикалық үдерістің рухани әлеуетінің жүзеге асуы ретінде таным пайда болатын, жалпылама түпнегіз болып шығады. Сезімдік­заттық іс­әрекетке ене отырып, адам табиғи субстанцияның логикасын қайтадан жасап шығарады, адамдық заттық іс­әрекет табиғаттың бүкіл байланыстар, бағыттар, мүмкіндіктер жиынтығын айқындағандай болады; атап айтқанда адам іс­әрекетінде табиғи субстанционалды күштер өзінің түрге енуінің көрінісін табады. Ойлау формалары адамның әрекетшіл мәні, тұғырнамасы тұрғысынан зерттелуі керек. Атап айтқанда, адамдардың сезімдік­ заттық іс­әрекеті ойлаудың жақын болашағы, логикалық формалар қалыптасуының түпқайнары болып шығады. Осында логикалық формалардың және заттық мазмұнның қарапайым қатар қойылуы бола алмайды, бұл заттық іс­әрекет үдерісінде оның ойлау формаларына айналуын зерттеу қажеттігінде, осындай ұстанымда ой формалары өз мазмұндылығын, өзінің объективтік шындықпен ажырамас байланысын таба алады. Тап осындай ой формаларын заттар формаларымен тікелей салыстыру талпыныстары, ойлау генезисін елемей келе, қажетті түрде сәтсіздікке әкеледі. Белгілі болғандай, логикалық формаларды оқшау қарастыру ­ логиканың позитивистік тұғырнамасының негізгі кемшіліктерінің бірі. Сондықтан логикалық формаларды жүйелеу мәселесін тікелей «тура маңдайынан шыға» шешу талпынысы, берілген логикалық материалды қарапайым ретке келтіру талпынысы табысқа жеткізе алмайды. Категорияларды жүйелеу туралы мәселе өзінің рационалды қойылымында ойлау және логикалық мәселесіне, танымның тарихи даму заңдылықтары мәселесіне өрбиді. Ойлау коғамдық индивидтің сезімдік­практикалық іс­әрекетінің дериваты болып табылады; ойлау формалары мәнісінде сезімдік­заттық іс­әрекеттің айналдырылған формаларына жатады. Осыдан ойлау формалары заттық дүние мазмұнын игеру бойынша заттық іс­әрекеттің тоқтатылған және бекітілген сияқты болып көрінетіндігі шығады. Міне, осында, логикалық формалардың дамуын басқаратын, жетекші қайшылық ретінде ­ шекті мен шексіздің арасындағы, танымдағы өзекті және әлеуеттінің арасындағы қайшылық берілген, ол ойлау формаларының диалектикалық, мазмұндық ­ логикалық субординациясының шынайы түйінін құрастырады.

Читайте также:  Хлопок и текстиль. Интересы текстильной буржуазии

Тек адамдық заттық іс­әрекетті, оның әрекет етуінің жалпы шарттарын егжей­тегжейлі және баянды зерттеу, біздің ойымызша, логикалық категорияларды, ұғымдар мен ұстындарды терең жүйелендіру үшін мүмкіндік береді. Сондықтан біз тұтас заттық іс­әрекетті, оның даму сатыларын диалектикалық логика категориялары ішкі байланысының басты негізі ретінде қарастырамыз. Ойлау, категориялар дербес шындық болып табылмайтындықтан, логикалық категориялардың ішкі өзара байланысын түсінудің шынайы кілтіне заттық іс­әрекет заңдылықтарын талдау, еңбектің жалпы шарттарын, адамдық қоғамдық қатынастардың жалпылама негізін талдау, қоғамдық­ экономикалық формациялардың даму тарихын зерттеу жатады. Табиғи форма құрылымдарының жалпылама заңдарының бейнелері бола тұрып, ойлау категориялары адамның табиғаттан бөлініп шығуының формасы, сатылары болып шығады, адамдық заттық әрекеттің тарихи дамуының формалары мен сатыларына жатады. Сондықтан тек адамдық заттық іс­әрекеттің нақтылы әрекет етуін зерттей отырып, оның жалпылама заңдылықтарын аша келе, адами қоғамдық қатынастардың дамуы мен форма құрастырылуы тарихын аңдай отырып, біз логикалық категориялардың ішкі өзара байланысы мен дәйектілігінің ізіне түсе аламыз, ал сонымен бірге диалектикалық, логиканың, құрылымын, қалыптасуының басты кезеңдерін негіздей аламыз. Шынында да, диалектикалық логиканың құрылымы тұтас заттық іс­әрекеттің негізгі құрылымына, оның қызмет етуінің негізгі кезеңдеріне сәйкес болуы қажет категориялардың қисыны мен дәйектілігін, олардың нақтылы жүйелендірілуін, заттық іс­әрекеттің тарихи дамуын, оның дамуы мен қызмет етуінің жалпылама заңдылықтарын бейнелеуге міндетті. Заттық іс­әрекет объективті, тұтас, дамушы құбылыс болып табылатындықтан, сондықтан оның теориялық түсінігі, К.Маркспен «Капиталда» жасалып шығарылған, нәрсенің теориялық қайтадан өңдеп шығарылу әдісіне бағынышты болуға міндетті. Белгілі болғандай, капиталистік өндіріс қатынастарын теориялық ұғынуда К.Маркс алдымен қосымша құнды оның таза түрінде қарастырады, яғни ол қосымша құнды өндірумен айналысатын, идеалдандырылған капиталисті ұйғарады. Тек зерттеудің келесі кезеңдерінде, қайта енді қосымша құнның табысқа қатынасы талданғанда ­ сонда барлық бірге енетін сәттер, тұтас үдеріс, яғни бәсекелестіктің барлығы, капитал құйылуы және т.б. еске алынады. Дәл солай тұтас, тарихи дамушы заттық іс­әрекетті зерттегенде ең алдымен заттық іс­әрекеттің мазмұнын (адамның табиғатқа қатынасын), яғни практикалық іс­әрекеттің қалыптасуы мен дамуын, оларда тікелей қатынастардың заңдылықтары бейнеленетін, ең бірінші категориялардың ішкі өзара байланысын тану мақсатында еңбектің жалпы жағдайларын таза түрінде қарастыру қажет. Әрине, заттық іс­әрекет мазмұны белгілі бір қоғамдық формасыз, адамдардың бір­біріне белгілі бір қоғамдық қатынастарынан тыс өмір сүрмейді. Сондықтан біз бұл жерде, бір жағынан, заттық әрекетті теориялық қайтадан шығару үшін қажет, ал басқасынан ­ оларда тікелей қатынастар қалыптасуының жалпылама заңдары бейнеленетін, категориялардың өзара ішкі байланысын негіздеу үшін қажет абстракциялармен істес болып отырмыз. Заттық іс­әрекет, табиғат затын мақсатқа сәйкес өзгерту, оның нәтижесінде адам өзін табиғаттан бөліп шығаратын, адамдық өмірдің жалпылама шарты болып табылады және осында бірінші рет субъектінің объектіге қатынастары, яғни адамдық әрекеттің ең алғашқы қатынастары қалыптасады. Өндіріс, мәнісінде, әрекет объектісін айқындаудан басталады. Бөліп шығарылған нәрсе (объект) бірден адамдық әрекетке араластырылады, басқаша айтқанда, адам еңбек құралдары арқылы еңбек объектісіне әсер ете бастайды. Бұл әрекет үдерісінде адам оны өз мұқтаждықтарына сай өңдейді, өзгертеді және бейімдейді. Басқаша айтқанда, объектіге көзделген мақсатқа сәйкес форманы бере отырып, адам оның бар формасын субстратқа айналдырады, онда ол өзін және өзінің мәндік күштерін заттандырады. Міне, сондықтан бұл үдеріс адамның мәндік күшінің заттануы, объектенуі деп аталады. Адамдық әрекет заттанумен аяқталмайды, бұл әрекеттің тек бір жағы. Басқа жағы ­затсыздандыру, яғни заттың қайтадан әрекетке араласуы, соның нәтижесінде жаңа нәрсенің, жаңа заттың пайда болуы. Міне, осы себептен, затсыздандыру заттың жойылуы, болмыстың ештеңеге айналуы емес, ол тек бір форма дербестілігін алып тасталуына жатады, өйткені ол құралға, басқа заттың, басқа нәрсенің субстратына айналу болып табылады. Заттық іс­әрекет үдерісінде, ендеше, заттану мен затсыздану диалектикалық бірлікте болады; затсызданусыз заттану жоқ, дәл солай заттанусыз затсыздану мүмкін емес. Шынында да, адамдық іс­әрекет, объектіні өзгерту бойынша субъект іс­әрекеті қашанда заттың бар формасын өзгертуден, алып тастаудан басталады, ол нәрсені іс­ әрекетке енгізуден, затсызданудан бастау алады, дегенмен бастапқыда табиғатпен берілген алғашқы форма, сол нәрселілік затсызданады, өзгертіледі, қамтылады. Мәселе адамдық заттық іс­әрекеттің, ештеңенің ештеңеге айналуы үдерісінде емес, ол онда бастапқы бірдеме, ол адамдық мұқтаждықты қанағаттандыратын, басқа форма алатындығында тұр. Заттық іс­әрекет үдерісінде, ендеше, бұл іс­әрекеттің тек қана объектісі емес, сонымен бірге субъектісі де айқындалады. Практикалық іс­әрекет ­ бұл объект пен субъектінің бірлігі, объектендіру және субъектендіру үдерістерінің бірлігі. Заттану және затсыздану үдерісінде болмыстың затта, нәрседе тұрақты бекітілуі, нәрсенің бар формасының алынуы және жаңа нәрсенің, жаңа заттың бекітілуі жүзеге асатындықтан, осында пайда болу мен жойылу, яғни қалыптасу жүзеге асады. Заттық іс­әрекет нәтижесінде, қалыптасудың нәтижесінде, белгілі бір адамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын, нақтылы заттар пайда болады. Әрбір нақтылы зат белгілі бір мұқтаждықты өтейтіндіктен, оның сапасы бар. Тап осындай ол нақтылы іс­ әрекеттің, нақтылы еңбектің жемісі болып табылады. «Киім белгілі бір мұқтаждықты өтейтін тұтынушы құн болып табылады. Оны жасап шығару үшін өндіруші іс­әрекеттің белгілі бір түрі қажет болады. Соңғы өз мақсатымен, амалдар сипатымен, нәрсесімен, құралдарымен және нәтижесімен анықталады» 181 . Әрбір зат сапаға ие. Алайда көптеген қасиеттердің жиынтығы ретінде, затқа тән және одан ажырамайтын анықтылық ретінде сапа табиғатты аңдау нәтижесінде емес, ол заттық, практикалық іс­әрекет нәтижесінде айқындалады және танылады.

Читайте также:  Тұрақтылықсыздықты зерттеу ретіндегі постмодернистік ғылым

Адам нәрсе туралы белгілі бір білімді тек қашан ол оны өзінің практикалық іс­әрекет шеңберіне белсенді өндіргенде ғана жасап шығара алады. Мысалы, ол тастың түрлі қасиеттерін, оның қаттылығын және т.б. оны еңбек құралы сапасында пайдалана бастаған шамада біле алды. Сапаны, заттардың сапалық анықтылығын ашу бүкіл адамзат тарихының нәтижесі болып табылады. «Әрбір… зат көптеген қасиеттердің жиынтығы болып табылады және сондықтан өзінің түрлі жақтарымен пайдалы бола алады, ­ деп жазады К.Маркс. ­ Осы түрлі жақтарды ашу, заттарды пайдаланудың көптүрлі тәсілдері тарихи дамудың ісі болып табылады» 182 . К.Маркстің бұл ойы адамзат тарихы дамуының бүкіл тәжірибесімен анықталады. Шынында да, адам табиғат заттарының керек сапаларын, сапалық анықтылықтарын бөліп отырады, өзінің практикалық әрекеті дамуы шамасында олар туралы білімді жинақтады және дамытты. Сондықтан заттар сапасын айқындау, оларды мақсатқа сай пайдалану, зияткерлікті дамыту ­ осының бәрі ұзақ ізденістің, тарихтың нәтижесі. Алайда тек заттың сапасы ғана емес, бірақ оған қоса оның сандық анықтылықтарын ашу да практикалық, заттық әрекеттің туындысы, адамдық еңбектің нәтижесі болып табылады. Адам өзінің тарихи дамуында заттардың сандық анықтылықтарын табиғи үдерістерді енжар бақылау жолымен емес, ол өзінің практикалық әрекеті барысында бөліп шығара бастады. Осының қалай болғаны, мына мысалда көрнекі көрінеді. Табиғаттың сол немесе басқа нәрсесін өңдеуде белгілі бір тиімді нәтижені көздей отырып, адам белгілі бір күш жұмсайды, белгілі қуатты өндіреді, пәленше сандық мақсатқа сәйкес қозғалыстарды жасайды. Үлкен нәрсені, мысалы, аумақты тасты өңдеу үшін көп күш жұмсауының керек екендігін, ұсақ тасты өңдеуге қажеттімен салыстырғанда біршама көп қуатты жұмсау қажет екендігін адам ұғынады деп пайымдау дұрыс. Заттардың сандық анықтылықтары туралы осылай қалыптасқан білімдерді ежелгі адамдар өзінің практикалық іс­әрекетінде белсенді қолдана бастады. Тарихи даму барысында адамдар заттардың тек сандық ерекшеліктерін ғана емес, мысалы, үлкен және кіші, жеңіл және ауыр және т.б. сияқты, сонымен бірге заттар мен құбылыстардың кеңістіктік қатынастары мен уақыттық сипаттамалары туралы білімдерге де жете бастады. Алғашқы кеңістіктік түсініктерді және олардың көпсанды белгілерін біздің алғашқы қауымдық арғы тектеріміз практикалық әрекет үдерісінде алғанын ұғыну қиын емес. Іс жүзінде, әрине, ежелгі адамдар мұқтаждығына керек нәрселердің бәрін тікелей өз үңгірлері маңайынан таппады. Және, әрине, олар өз тұрақтарынан белгілі бір қашықтыққа күнделікті баруға, кетуге мәжбүр болды, олар табиғаттың өсімдік сыйларын жинады ма, әлде аңшылықпен айналысты ма, бірдей еді. Лақтырылған тас қашып бара жатқан аңға дәл тиюі үшін, адамдарға ең басынан тек қашықтықты сезініп қоймай, сонымен бірге кеңістікті бағдарлай білуі де қажетті болды. Дәл солай уақыт ұғымы да қалыптасты. Дегенмен күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің өзгеруі сияқты табиғи үдерістер, күмәнсіз, уақыт туралы бастапқы түсініктердің қалыптасуына алғышарт қызметін атқарғанымен, олар туралы шынайы білім тек практикалық әрекетте жинақтала алды. Адамдар өз тіршілігі үдерісінде біртіндеп әрбір нақтылы затты (мысалы, тас шапқысын, кремний пышағын және т.б.) жасап шығару үшін белгілі бір күшті жұмсау керек екендігін, оның үстіне оны белгілі бір дәйектілік пен интенсивтікте атқару керек екендігін түсіне бастады. Әрине, бір затты жылдам істеуге болатындығын, ал басқасымен ұзақ әуреленудің қажет екендігін, олар байқай бастады. Жұмыс екпінділігінін дәйектілігін, еңбек үдерісінің ұзақтығын бейнелеу ретіндегі уақыт туралы түсінік пайда болады. Еңбек санының «уақыт» категориясымен ішкі байланысы туралы айта келе, К.Маркс «Капиталда» былай деп жазды: «еңбектің өзінің саны оның ұзақтығымен, жұмыс уақытымен өлшенеді, ол өз кезегінде, жұмыс уақыты өз мөлшерін уақыттың белгілі бір үлестерінде; сағаттар, күндер және т.б. осы сияқтыларда табады» 183 . Адамның практикалық әрекеті күрделенуінің шамасында қалай санның жалпылама анықтылықтары болсын (мысалы, кеңістік пен уақыт, үздіксіз), солай нақтылы бір сандар да (сан, өлшем, дәреже және т.б.) қалыптасты. Әрине, осындай айқындықтар бірден пайда болған жоқ. Бірақ адамдар практикасы, қоғамдық қатынастар тәжірибесі дамуының белгілі бір сатысында үлкен және кіші, алыс және жақын, ауыр және жеңіл, бұрын және кейін сияқты сандық анықтылықтарды білу жеткіліксіз болып шықты; оған қоса қаншама үлкен және қаншама кіші, қалай алыс және қалай жақын, қаншама ауыр және қаншама жеңіл, қанша бұрын және қанша кейін екендігін анықтау және хабарлау шеберлігі де керек болды.

Читайте также:  Ұстаз туралы шығарма 4 сынып

Оставить комментарий