Диктатура туралы мәлімет

Заңдардың оқиғалар кезінде қолданылуына кедергі жасайтын икемсіздігі оларды кейбір жағдайларда зиянды етіп, сол арқылы Мемлекет дағдарысқа ұшырап отырған кезде оның құлауына апарып соқтыруы мүмкін. Тәртіп пен пошымды сақтау белгілі бір уақытты қажет етеді, ал жағдай кейде оған төзбейді. Заң шығарушы, тіпті де алдын­ала көздемеген көптеген оқиғалар болуы мүмкін, және бұл, бәрін де алдын­ала көріп­білу мүмкін еместігін түсіну өте қажет естілік. Сондықтан саяси ұстанымдарды, қажет болған кезде олардың күшін тоқтату мүмкіндігінен өзіңді айырып, өзгерместей етіп нығайта берудің қажеті жоқ. Тіпті Спартаның өзі де заңдарды уақытша іркіп, тежей тұрған. Тек ең зор қауіп қана қоғамдық құрылысты өзгертуге апарып соғатын күштерді теңестіре алады; отанды құтқарып қалу қажеттігінен басқа кездерде заңдардың қасиетті күшін ешқашан тоқтатпау керек. Осынау өте сирек және анық жағдайларда қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі қамқорлық ерекше актымен білдіріліп, ол бұл міндетті ең лайық адамға жүктейді. Бұл тапсырма қатердің сипатына қарай мынадай екі тәсілмен берілуі мүмкін.

Егер ол қауіптің бетін қайтару үшін Үкіметтің пәрменділігін арттыру жеткілікті болса, онда Басқару оның бір немесе екі мүшесінің қолына шоғырландырылады, сөйтіп заң билігін емес, оларды қолдану пошымын өзгертеді. Ал егер заң талаптарын сақтау қауіптің бетін қайтаруға кедергі жасайтын болса, онда заңдардың бәрінің аузын жабатын және біраз уақытқа дейін егеменнің билігін тоқтата тұратын жоғарғы билеушісі тағайындалады. Мұндай жағдайда ортақ ырық неде екеніне күмән тумайды, халық мұраты Мемлекетті аман сақтап қалу болатындығы да айқын. Олай болса, заң шығарушы өкімет қарекетінің тоқтатылуы тіпті де оны жою деген сөз емес. Бұл өкімет үндемеуге мәжбүр ететін магистрат, оны сөйлеуге де мәжбүр ете алмайды; оның өкілі де бола алмайтын магистрат оған толық үстемдік жүргізеді. Ол заңнан шығарудан басқаның бәрін істей алады.

Читайте также:  Ғаламдану процестеріне көзқарастар мен талдаулар

Бірінші амалды Рим Сенаты қолданып, ол арнау формуласымен Консулдарға Республиканы сақтап қалу шараларын қолдануға міндеттеді. Екінші жол – екі Консулдың бірі Диктаторды тағайындаған кезде қолданылды; бұл дәстүрді Рим Альбаның үлгісі бойынша қабылдады. Республиканың алғашқы кезінде Римдіктер диктатураны тым жиі пайдаланды, өйткені Мемлекет өзінің ішкі құрылысының күші есебінен өмір сүруге жете қойған жоқ еді. Ол кездегі құлық басқа бір заманда ауадай қажет көптеген сақтық шараларын қажет етпейтіндіктен, олар Диктатор билікті теріс пайдаланады­ау деп те, оны белгіленген мерзімнен әрі ұстап қалуға ұмтылады­ау деп те қауіптенбеді. Қайта, бұған керісінше, мойнына тым ауыр жүк түскен адам өзіне жүктелген мансаптан тезірек құтылуға тырысатындай, өйткені заңдарды алмастыру тым қиын және тым қауіпті іс болып көрінетін.

Сол себептен де мені осынау ең жоғарғы магистратураның билікті теріс пайдалану қаупі емес, оның азғындап кету қаупі қатты сескендіреді, сондықтан да мен Республиканың алғашқы дәуірінде оны тым жиі пайдалану тәжірибесін айыптауға мәжбүрмін. Өйткені осынау мансапқа сайлау өткізу, храмдарды киелендіру, таза формалды шараларды атқаруға пайдалану үшін соншалық жиі тағайындап отырса, нағыз қорек кезінде олардың айбынын мұқалтып жібереді ме, егер диктатураны түкке тұрғысыз нәрселер үшін ғана пайдаланатын болса, бірте­бірте оны бос атақ деп есептеуге жұрттың үйреніп кетуі мүмкін деп қауіптенуге болатын еді.

Республиканың соңғы кездерінде римдіктер сақтық жасап, диктатураны бұрын орынды­орынсыз қаншалықты коп пайдаланса, енді одан негізсіз сескенетін болды. Бірақ олардың қауіптенуінің негізі аз болғанына; астананың әлсіздігінің өзі оның төрінде отырған магистраттардың кез­келген қаскүнемдігі кезінде де қауіпсіздік кепілі болғанына белгілі бір жағдайларда қоғамдық бостандықты қорғай алатын, бірақ оған өзі ешқашан қаскүнемдік жасай алмайтын болғанына; Римнің қол­аяғына түскен бұғау оның өз ішінде емес, оның армияларында соғылғанына көз жеткізу қуанышты. Марий Суллаға, Помпей Цезарьға көрсеткен болымсыз қарсылық сыртқы күшке қарсы бағытталған ішкі күштерден нені күтуге болатынын анық көрсетіп берді.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Міне осы қателік үлкен ағаттықтарға апарып ұрындырды: мысалы, Катилииа ісі кезінде диктатор тағайындалмады. Өйткені мәселе тек қаланың өзі туралы, әрі кеткенде әлдеқандай итальян провинциясы жөнінде болғандықтан, заң бойынша қолында шексіз билігі бар Диктатор астыртын қаскүнемдікті оп­оңай жойып жібере алатын еді; ол қастандық кездейсоқ қолайлы жағдайлардың тоғысуы нәтижесінде ғана басылып тасталды, ал адам естілігі ешқашан ондай кездейсоқтықтарға үміт артпауға тиіс.

Оның орнына, Сенат өзінің бар билігін Консулдарға берумен шектелді. Осының салдарынан Цицерон ойдағыдай қимылдау үшін аса бір маңызды пунктте өзіне берілген билікті асыра пайдалануға мәжбүр болды; алғашқы шаттық кезінде оның әрекетіне толық қолдау көрсетілгенімен, кейінен азаматтардың заңға кереғар қаны төгілгені үшін одан есеп беру талап етілді, ал Диктаторға ондай жазғыру талабы қойылмас еді. Бірақ Консулдың ділмарлығы жұрттың бәрін тәнті етті; ол римдік болғанымен, отан мүддесінен гөрі өзінің атақ­даңқын асыруды көбірек ойлап, Мемлекетті құтқарудың неғұрлым заңды және неғұрлым дұрыс жолын іздестіргеннен гөрі бұл істе барлық еңбекті өзіне телу құралын көбірек іздестірді 17 . Сондықтан оған Римді құтқарушы ретінде орасан зор құрмет көрсетті, сонымен бірге оны заңды бұзушы ретінде әділетті жазалады. Ол айдаудан қайтып оралған кезде жұрт оны тамаша қарсы алғанымен, мұның жай ғана мүсіркеу болғандығы анық.

Дегенмен, мұндай маңызды тапсырма қандай жолмен берілсе де, оны өте қысқа мерзіммен шектеу керек және оны ешқашанда ұзартуға болмайды. Диктатура орнатуға мәжбүр ететін белгілі бір дағдарыстар кезінде, әрине, Мемлекет көп ұзамай не жойылады, не құтқарылады; ал ондай қажеттілік өткен кезде, диктатура тиранияға айналады немесе пайдасыз болып шығады. […]

Оставить комментарий