Загрузка…

ДІН ЖӘНЕ МЕМ­ЛЕ­КЕТ: ҚА­РЫМ-ҚАТЫ­НАС МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қоғамның тұрақтылық сипаты мен деңгейі және оның саяси жүйесі құндылық билігін қабылдау мен үйренуге негізделеді. Егер қоғам олардан бас тартса, онда қоғамның саяси жүйесі тұрақсызданады. Сондықтан саяси тұрақтылықтың бірі – діни толеранттылық. Плюрализм, азаматтық қоғам, ар-ождан еркіндігі, ғибадат еркіндігі, төзімділік – кемелденген демократияның негізгі атрибуттары. Демокртиялық қоғамдағы мемлекет пен діннің қарым- қатынас принциптері әр адамның құлшылық ету еркіндік құқығы мен оларға құрметпен қарауға міндеттеледі. Төзімшілдіксіз, дінге еріктіліксіз демократия ғана емес, қоғамның өркениетті азаматы да бола алмайды. Мемлекет пен дін қарым-қатынасы туралы мәселе күрделі әрі жан-жақты. Адамзаттың барлық саяси тарихы, біріншіден, дін мен мемлекет арасындағы билік үшін күрес ретінде көрінсе, екінші жағынан, мемлекет пен дін арасындағы өзара тиімділік ынтымақтастығымен көрінеді. Адамзат өркениеті тарихында түрлі мемлекеттік билікті қажет ететін одақтастықтар бар. Профессор С. Феррари «Еуропа үлгісі – шіркеулі-мемлекеттік қарым-қатынас» атты еңбегінде Еуропаны мысалға алып, бірақ ол уақытта мемлекет пен түрлі діни білім арасындағы қарым-қатынас мағыналас болмаса да, мемлекет пен дін арасындағы ынтымақтастық ережесі болу керектігін айтады. Ғалым «ынтымақтастық түрлі көлемде, мақсатта, формада болуы мүмкін. Алайда Еуропада коммунистік тәжірбиенің аяқталуымен мемлекет билігі арасындағы ынтымақтастық жүйесін күшіне енгізді», – дейді. Мемлекет пен дін арасындағы ынтымақтастық төмендегідей түрлі формада көрінуі мүмкін: – мемлекет пен дін арасындағы конкордаттар мен келісімдер формасы; – мемлекеттік заңды реттеуші діндермен ынтымақтастық формасы; – мемлекетте екі жақты немесе бір жақты жүйенің болуы. (мысалы, Италияда мемлекет пен негізгі діндер арасындағы ынтымақтастық келісімдер мен конкордаттар арқылы реттеліп отырады). Профессор С. Феррари мемлекеттің ынтымақтастығын діни құрылымдардың әртүрлігінен көріп, өз пікірін ортаға салады 72 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Дін және мемлекет: қарым-қатынас мәселелері «…пост-либералды мемлекеттің басты сипаты барлық қоғам мен діни және діни емес ұйымдармен ынтымақтасқан бағыттың гетеникалық кодынан тұрады. Қоғамдық топта ынтымақтастықта болу – заманауи мемлекеттегі басқарудың қарапайым тәсілі: діни құрылымдар қызметтерін жөн санай отырып, мемлекет діни құрылымдармен қарым-қатынасты қолдауға дайын». Мемлекет дінмен ынтымақтастықта болғандықтан, қоғамға қызығушылық танытып отырған барлық ұйымдармен ынтымақтастықта болу керек. Мемлекеттің дінмен ынтымақтастықта болуының өзіндік ерекшелігі бар. Себебі дін мемлекеттен бөлініп, зиялы сипатқа ие әрі дін ісіне араласуға құқы жоқ. Профессор С. Феррари дін ісіне араласуға құқы жоқ мемлекет ынтымақтастығы мемлекетке негізделген діни қағидалар мазмұнымен немесе құндылықтарға сай құқықтық құрылымды қабылдауға тәуелді емес екендігін қадағалау керектігін айтыды. Осы фактор мемлекет пен шіркеу арасындағы шиеленістің себебі болып табылады. Бұл қиындықтар Еуропа кеңістігінде діни топтардың, яғни Еуропа азаматтарының көпшілігін айрықшалап тұратын қағидасы, құрылымы тұрғысындағы діннің «жаңа діни қозғалыстары» кезеңінде күшейе түсті. Мемлекеттік билік күрделі баламаның қарсаңында тұр: теңдік қағидасын бұза отырып, діни топтарды нтымақтастықтың барлық түрлерінен шығару немесе барлық діни топтармен ымырада болып, олардың дінді ұстану еркіндігі мен өз діни жазбаларында әйел мен еркек арасындағы теңдікті жоққа шығарушы ұйымдармен қызметтес болу. Қазақстан өкіметінің алдында айтарлықтай қиыншылықтар тұр. Бірақ бұл қиыншылық елдегі дәстүрлі исламға қарсы келетін ислам ағымдарымен байлынысты емес екендігін де айта кету керек. Еуропалық тәжірибенің бізден ерекшелігі – біздің елдегі барлық құқық қорғаушылар мүмкіндігінше діннің қызметтік сипатына қарамастан, барлық діни құрылымдарға бірдей қарау керектігін талап етеді. Мемлекет пен дін арасындағы ынтымақтастықтың негізі бойынша еуропалық кеңес мүшелерінің мемлекет қызметін бағыттайтын әрі Еуропа елдеріндегі діндер мен мелекеттер арасындағы ынтымақтастық үшін іріктеу мен жүзеге асушылыққа тіреу болатын негізгі курсты анықтау керек. Профессор С. Феррари назар аударған Еуропа мемлекеттері тәжірибесіндегі көрініс мәселесі қазіргі Қазақстан үшін маңызды әрі өзекті болып табылады: «…Еуропа мемлекеті барлық діни топтармен ынтымақтастықта болуға ынталы. Алайда осы дайындық ешқашанда айқын болмады: адамзат қауымының негізін қалайтын діни қоғам мен құндылық бар жерде үндестік бар, ал қоғамдық құндылық аз жерде үйлесімділік жоқ». Аталмыш болжам Еуропа тәжірибесінің нақты мысалдарына негізделеді: «Еуропаның барлық мемлекеттерінде мемлекет дінге қызмет етеді, бірақ діни ұйымдарға экономикалық тұрғыда көмек бірдей емес. Мысалы, Бельгияда мемлекет дін қызметшісіне дінді тұтқаны үшін ақы төлейді. Испанияда мемлекетпен келісімге отырған діни қауымның сенушілеріне діндеріндегі құрбандық салығынан алып бере алады. Грекияда православиелік шіркеу мемлекеттен елдегі басқа діни сенімдерден алынатын көмек ретінде қаржылай қолдау көріп алып отырады. Әрине, бұл кездейсоқтық емес. Себебі діни сенімдер мен мемлекет арасындағы қызметтестік орнатылған жерде үлгі қайталанып отырады. Кейбір Еуропа мемлекеттеріндегі білім жүйесінде мемлекеттік мектептерде діни білім беруге рұқсат етілген. Ал Италияда мемлекетпен келісімге отырған діндер ғана оқытылады және сол діндердің негізінде тек католиктік оқытушыларға жалақы төленеді. Португалияда мемлекеттік мектептерде католиктік бағыт оқытылып, оның аз мөлшері Евангелияны үйретуге машықтандырылады» [1]. Біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекет тарапындағы түрлі діни құрылымдарға әртүрлі қадам тәжірибе негізінде жүзеге асырылды. Мемлекеттен теңгермешілікті, яғни ешқандай ерекшеліксіз барлық діни білімдермен қарым- қатынаста болуды талап еткен кезде олардың іс- әрекет қаншалықты жағымды немесе деконструктивті сипатқа ие екендігі айқындалды. Профессор Н.Ж. Бәйтенова күнделікті ақпарат беретін «Деловая неделя» газетінде: «Бүгінгі күні түрлі ағымдар қызметтерінің күшеюіне байланысты дін деструктивті әрі тоталитарлы сипатқа ие болды. Конфессияаралық қатынастар негізінің қалануы біздің елдегі төзімділік принципі мен заңға қайшы келмей ме деген сауалға профессор: «заңға сәйкес барлық шараларды уақытылы жүзеге асырып отыру керек. Тіпті, бізде заң процестерінен дұрыс емес деп жиі қорқақтап жататындықтан, аталмыш мәселенің шешілуін демократиялық формалардың бірінен көуімізге болады. Сондықтан бұл мәселеден қорқудың қажеті жоқ. Бұл біздің мемлекеттің ұлттық қауіпсіздімен байланысты болғандықтан, адам құқығын қорғауға бағытталған қызмет жүзеге асырылуы тиіс. Адам құқығы бойынша құрыл­ ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 73 Кокеева Д.М. , Мустафаева А.А. ған комитет деструктивті ағымдардың қызметін емес, осындай ағымдардың қызметінен жәбір шеккен адамдарды қорғауға тиіс. Осындай қызмет елдегі конфессияаралық қатынастардың негізін салушы төзімділік принципін бұзбайтыны сөзсіз. Алайда, төзімділікті конформизммен шатастыруға болмайды. Төзімділік принципі конструктивті сипатқа ие қызметтің негізін салушы және қоғамның руханилығын қуаттаушы болып табылады. Ол деконструктивті сипатқа ие діни құрылымдарға қатысы жоқ. Мемлекет те, қоғам да деконструктивті сипатқа діни құрылымдар қызметіне еш қатысты болмауы керек. Мемлекет пен қоғам өзіне қарсы болатын қызметтен бойын аулақ ұстағаны дұрыс» [2]. Қазақстанның негізгі ұстанымы көптеген Еуропалық кеңесте тәжірибеден өткен пирамидалды үлгі. Профессор С. Ферраридің пікіріне жүгінетін болсақ, пирамидалды үлгі төмендегідей біршене діни топтарға бөлінген: – «Пирамида мемлекетпен қызметтестікті қолдайтын дінді ұстану тобынан тұратындықтан, ережеге сай форма арқылы құқықтық мәртебе алады. Алайда, олар мемлекеттет қаржылай қолдау көрмейді әрі мемлекеттік байланыстар мен ақпарат құралдарына қол жеткізе алмайды. Осындай діни топтар барлық ұйымдардың қызметі секілді заңмен қадағаланып отырады; – діннің екінші тобы үлкен айқындаманы ұстанады. Бұл топ мемлекеттен жәрдем және салықтан босатылу негізінде қолдау алып отырады. Дін басылары адамдармен діни салт-жоралғыларды (неке қию және т.с.с.) орындап отырады. Бұл топ ережеге сәйкес барлық заңдылықтарды бақылап, жүзеге асырады. Испания мен Швецияда діндерді тіркеуден өткізу арқылы іске асырылып отырса, Италияда діндерді мойындау туралы заңмен сай қабылдануы арқылы жүзеге асырылады; – кейде пирамиданың мемлекетпен қызметтес діннің үшінші деңгейі кездесе бермейді. Бұл ұлттық және мемлекеттік шіркеулердің деңгейі, «конкордатты» елдердегі католиктік шіркеулер, Грек еліндегі православие шіркеуі, мемлекет пен дін арасындағы қатынастарды реттеп отыратын елдердегі келісім бекітілген діни қауым екі институт арасындағы ынтымақтастықты жауып отыратын діншіл топтардың талаптары болып табылады». Бірақ профессор С. Феррари, бұл «…Еуропа кеңес елдерінде ешқайсысында қолданылмайтын парадигма немесе идеалды үлгі ғана. Себебі құқықтық жүйе қызметтестіктің төрт деңгейінен екеуін бөліп алып сипаттайды; басқаларында бірлестік туралы жалпы заң арасында ерекшелік байқалмайды. Еуропаның барлық елдерінде заң мен заң күшіне сай пирамида деңгейі әртүрлі» [3]. Еуропа елдерінде мемлекеттің дінмен қызметі үнемі таңдалған деуге болады. Бұл қағидат түрлі діни құрылымдармен Қазақстан мемлекетінің қарым-қатынаста болуын үндейді. «Мемлекеттің құқықтық жүйесінде діни топ пайдаланатын тәуелсіздікке қатысты саптылық пен сайлаушылыққа назар аудару міндеттеледі. Құқықтың кеңдігі мен тереңдігі дінге байланысты өзгеріп отырады. Өлшем бойынша жүзеге асып отырса да, мемлекет пен дін арасындағы қызмет шеңбері шешімді қабылдауда белгіге сай келе бермейді» [4]. Дэвид Льюистың «Атеизм дәуірінен кейін» атты еңбегінде Кеңес дәуірінің ыдырауы нәтижесі айқын талданып, посткеңестік кезеңіндегі социалистік лагерде мемлекет пен дін қарым-қатынасының үш үлгісі қалыптасқандығын көреміз. Бұл үлгі мемлекет пен дін қарым-қатынасын реставрацилы, клерикальды және секуляризациялы түрде негіздеді. Бірінші үлгіде, аталмыш мемлекеттерде социалистік қайта құрулардан бұрын жаңғыртылған өлшемде діннің орны мен рөлін қайта қалыптастыру жүргізілді. Қазір осы түр діндердің біразында ерекше артықшылыққа ие болса, ал кейбір елдерде бұл діндер конституцияда арнайы ескеріліп отырады. Аталмыш түр қатынасы қайта реттеу кезеңінен бұрын қоғамның атеизмді мәлімдеу кезінде діндермен қызметтестік жүзеге асырылмаған болар еді (мысалы, Балқан елдері, Грузия). Екіншіден, мемлекет пен дін қатынасындағы клерикальды үлгі батыс Еуропа үлгісіне сай мемлекет пен дін арасындағы қатынасын құру ұйғарылды. Польша, Балтық жағалауы сияқты елдерде мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас үлгісі үстемдік етті. Мемлекет пен дін қатынасы үлгісі тұсында тарихи дәстүрлер ығыстырылып, мемлекеттен шіркеулердің алыстату принципі жеңілдетілді. Басқа мемлекеттерде аталмыш түр бойынша апостоль астанасымен католик шіркеулері діннің аздығын салыстыруындағы кейбір ерекшеліктер бойынша арнайы келісім бекітті (Литва, Латвия). Бұл католиктік метрополия және оның ұлттық шіркеулерден азат болу линиясы бойынша мемлекеттің қатынасы туралы бекітуге мүмкіндік береді. Трансформация процестері негізінде аталмыш мемлекеттер Еуропа қауымдастығына кіруге талпыныс жасады, сондықтан «ұлттың аз­ 74 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Дін және мемлекет: қарым-қатынас мәселелері дығы» мемлекеттің пікірі бойынша орыстардың қоғамдық өмірі секілді қарастырылмайды. Осы түрдегі елдің «клуб» мүшелері Ресей Федерациясы болды. Кеңес Одағының мұрагері болып табылатын Ресей суверинитеттігінің алғашқы жылында одақтық мемлекеттерде дін қатынасы саясатын жалғастырды. Алайда ар-ождан еркіндігі туралы қабылданған одақтастар мен ресейліктердің заңдары екі-үш жылдан кейін мемлекет пен діни институттар арасындағы қолданбалы мәселелерді жақтаушылар мен қарсылық білдірушілер арасында қатаң қақтығыстар өрбіді. қоғамдқ-саяси талқылаудан кейін ресейлік діни басқарма аппараты 1997 жылы клерикальды үлгіні қалыптастырушы мемлекет пен шіркеу қатынасының дамуы барысында шешім шығарушы «Дінді ұстану еркіндігі мен діни ұйымдар» туралы жаңа заңды қабылдады. Үшіншіден, мемлекет пен дін сипаты қатынасының секуляризациялық моделі, ең алдымен, мемлекеттен діннің заңды түрде бөлінуі және биліктің орталық органдары тарапынан діни ұйымдарды қаржыландарудың болмауы, заң алдында діни институттардың теңдігін заңды түрде күшейту. Аталмыш мемлекеттік діни қатынастар моделі молдавтық, белорустық және украиндық қоғамға толықтай тән. Ал Қазақстанда мемлекет пен дін арақатынасының секуляризацилы үлгісіне тән. Біздің елде мемлекет пен дін қызметіне нақты тәртіп орнатылған. Мемлекет пен дін қарым-қатынасын шетелдік тәжірибемен қарайтын болсақ, шығыстық, американдық және батыс еуропалық деп үшке бөліп қарастыруға болады. Шығыс үлгісі мемлекеттегі діншілдікті жариялау басқа діндердің «болмашы» мемлекеттегі діннің билігін қолдауды жөн көреді. Мемлекеттік реттеулердің белгілері мынадай: мәртебені заңды түрде күшейту, барлық шығындарды мемлекеттік тұрғыда қаржыландыру, дін істерін мемлекеттік шенеуліктермен басқару, мемлекеттік шараларда дін үстемдігін белсендендіру. Мемлекет пен дін қатынасындағы американдық үлгі мемлекеттен діни бірлестіктердің алшақ болуы барлық конфессия теңдігін қамтамасыз ететін мемлекет пен дін арасындағы қабырғаны орнатуды талап етеді. Батыс еуропалық үлгі мәні жағынан «қа- уымдастық» болып табылады: мемлекет азаматтық құқықтар негізіндегі «конституциялық минимумды» қамтамасыз ететін діндермен қызметтес болып, дәстүрлі діндерді қорғауға өзіне алады [5]. Мемлекет пен діннің қатынасындағы аталмыш үш үлгі Қазақстанның менталитетіне қарамастан, дәстүрі мен тамыры бойынша шығыс елдерімен үндес келеді. Ал дінді тұту жағынан исламға негізделген мұсылман мемлекеті болып саналады. Қай жағынан алып қарасақ та, Қазақстан батыс еуропалық үлгілерге де жатады. Қазақстан келешек зиялы мемлекет ретінде діни бірлестіктерден алыстатылып, бейтараптылықты ұстанады. Бірақ төзімділік пен диалог принципін негіздей отырып, басқа діни құрылымдармен өз қатынасын құра алды. Ескі заң қаулыларын жоюға бағытталуының бір себебі сол кезде жаңа посткеңестік заңдар көптеген шынайы мемлекеттік-діни қатынастарды түсініксіз қалдарған еді. Осыдан нақты заңдық мазмұн туралы ғана емес, барлық маңызды жағдайларды да қарастыру керек. «Этносаяси және этномәдени процестердің келешегінен көрінетін дін елдің тәжірбиесін көрсетіп, дін өмірі шеңберінен шыққан саяси күш болып қалыптасты. Діни фактордың саясаты бойынша бір мағыналы емес сипатқа ие» [5]. Бүгінгі күні бұрын талқыға түспеген саяси күрес мәселесі қатаң бақылануда. Көбінесе бұл заңдық қорғау бақталастармен күресте болған тарихи немесе дәстүрлі діндердің артықшылығын көрсету болып табылады. Дәстүрлі емес және шетелдік діни институттарды қатаң шектеу, мемлекеттердегі діннің қызығушылығын қамтамасыз ететін үдерісте «діннің көбі» өз алдында өзгеше. Бұл күрес ұлттық, этникалық және діни сәйкестік мәселелері кең көлемдегі күрес болып қалды. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет пен дін қарым-қатынасы мәселесі бойынша едәуір күрделісі мемлекет пен жаңа діни құрылымдар қарым- қатынасы туралы мәселе болып табылады. Оның ішінде, жаңа діни құрылымдармен жұмыс істеу қажеттілігі туындап тұр. Алайда, діни тәжірбиенің жетіспеушілігі маңызды әрі өзекті мәселенің бірі болып тұрғандығын айта кету керек.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar