ДІНТАНУДАҒЫ СЕКТАТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Христиандықты зерттеудің негізінде М. Вебер мен Э.  Трельч діни ұйымдардың дихотомиялық типологиясын ұсынды. Бұл типологияда діндер шіркеу және секта болып бөлінеді («шіркеудің ішіндегі шіркеу»), яғни шіркеудің ішінде пайда болып, кейін одан бөлініп шығады. ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында бұл зерттеуді американдық ғалымдар Р. Нибур мен Г. Беккер жалғастырды. Р. Нибур діни ұйымның даму сатысындағы сектадан шіркеуге айналу аралық кезеңді көрсету үшін деноминация ұғымын кіргізді. Ал Г. Беккер қазіргі жаңа діни бірлестіктердің формасын культтер деп атауды ұсынды. Секта деноминацияға, одан кейін шіркеуге айналуы мүмкін немесе өз дамуының кезеңдерінің бірінде, не секта ретінде қалуы мүмкін. Діни ұйымдардың түрлері бірнеше көрсеткіштерімен ерекшеленеді: олардың ұйымдастырушылық жүйесіне қарай, зайырлы қоғамға қатынасына байланысты, құтқарылу ілімінің мазмұнына қарай (адамның азаптан қашан және қалай құтқарылатынын көретуі), ұйымға мүше болу прициптеріне байланысты. Діни ұйымдарды топтамалаудың қажеттігі өте көп діни сенімдер мен практикалар «секта» ұғымына сай келетіндігінен туып отыр. Осыған байланысты американдық ғалым Брайн Уилсон өз топтамасын ұсынды. Ол секталарды үш көрсеткішіне – дүниеге қатынасына, қызметіне және сеніміне байланысты салыстырып, сектаға тән ерекшеліктерді ашып көрсетті: 1) мүшеліктің еріктілігі; 2) мүшелікке кіру арнайы сынақтан кейін ғана мүмкін; 3) тек өз қоғамдарының ерекше екендігіне сенімділік; 4) өздерін таңдаулылардың қауымдастығы ретінде бағалау; 5) жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіріп отыруын талап ету; 6) қоғамның барлық мүшелерінің басқалардан артықтығы; 7) бұл қоғам мүшелері діни сенімдерін спонтандық түрде көрсетеді; 8) пендешілік өмірге бейімделудің жоғары деңгейі болады; 9) әлеуметтік өмірді жек көру және оған дұшпандық қарым-қатынас; 10) тоталитаризм. ДІНТАНУДАҒЫ СЕКТАТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 76 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Дінтанудағы сектатану мәселелері Уилсонның өзі бұл көрсеткіштер жалпылама ортақ белгілер, жоғарыдағы мінездемелер діни бірлестіктерде біріккен түрде көрініс табады деп атап көрсетті. Осыдан келіп ол сектаға жатқызатын христиандық діни бірлестіктердің классификациясын береді. 1. «Үндеу таратушылар» – халық арасында евагелизация саясатын жүргізеді. Оларға халыққа үндеу жариялау тәжірибесі маңызды (Құтқару әскері, елуіншілер). 2. «Адвентистер» – Христостың Жер бетіне екінші рет келуі мен қалыптасқан тәртіптің жойылуына, дәстүрлі шіркеулер мен пенделік өмірді жоққа шығаруға акцент жасалады (ХІХ ғасырда пайда болған британдық және американдық діни ұйымдар: Иегова куәгерлері, мармондар, адвентистер). 3. «Пиеттер» – діндарлардың ойын өз-өзіне бағыттап, оларды әлеуметтік өмірден алшақтатады, оларда топтың ішкі моралі өте күшті және басқа діни ағымдарға индифферентті қарым-қатынас басым. 4. «Гностиктер» – христиандық ілімнің жаңа, эзотерикалық рухтағы түсіндірмесін ұсынады, өздерінің ілімдерін адептер біртіндеп қабылдайтын эксклюзивті деп жариялайды, қоғамдық құндылықтар мен мәдени стандарттарды қабылдайды (Христиандық ғылым, Жаңаша ойлау). 5. «Ғажайып жасау» – спиритизммен айналысатын діни бірлестіктер. 6. «Реформистер» – жалпы сектанттық топтардан тыс тұратын ұйымдар. Олар дүниеден баз кешіп, қоғамдық мәселелерден қашпайды, керісінше оларды қайырымды істермен шешуге ұмтылады. Деноминациядан айыру өте қиын сектанттықтағы маргиналдық категория (квакерлер). 7. «Утопистер» – дүниені өзгерту мақсатында дүниеден баз кешеді, бірақ барлығын өз ұйымдарынан бастауды қалайды. Уилсон ұсынған секталардың қысқаша сипаттамасынан өзінен-ақ «секта» категориясындағы жасырын күрделі мәселелердің бірі – ондағы сепаратизм мен изоляционизм этикасымен қатар («гностиктер» және «пиетистер») дүниені өзгертетін белсенді әлеуметтік қызмет пен азаптан құтқаратын жақсы хабарды жар салушы (үндеу таратушылар, адвентистер, реформистер) көптеген секталарға қажет уағыздау қатар жүреді. Бірақ біз қарапайым сана деңгейінде немесе конфессиональдық түсінік шеңберінде «секта» ұғымы жағымсыз діндердің анықтамасы немесе басқа дінге сенушілерді жағымсыз жағынан көрсету мақсатында қолданылатындығын көреміз. Мұндай көзқарастың қалыптасуына әртүрлі факторлар: мысалы, «басқа» діни бірлестіктің діни ілімі мен практикасы туралы мәліметтің аз болуы; бұл ұйым мүшелерінің өз адептеріне қатал талап қоюы; шексіз билікті иеленген көшбасшысының болуы; қауымға жаңа мүше кіргізу мақсатындағы белсенді прозелитизм, тағы да басқалар. Сонымен қатар, бұл діни феноменді әлемдегі діндердің барлығының тарихының нақтылы бір кезеңдерінен байқауға болады. Кез келген діннен жаңалыққа бейім діни топтың пайда болуы мүмкін және де оны сектантық ретінде бағалауға болады; немесе бір діннің практикасында фундаменталистік бағыттың күшеюі жағымсыз жағдайды тудырып, сол діннің мүшелеріне әсер етіп, сектанттық көңіл күйді көрсетеді. Осы жағдайды ескеріп, көптеген зерттеушілер (А. Баркер, И.Я. Кантарев) «секта» ұғымын қолданудан бас тартуды ұсынған. Бірақ, дінтанушылардың (С. Хассен, А. Дворкин, И. Куликов т.б.) бір бөлігі бұл ұғымды діни топтың әлеуметтік тіршілігін белгілеу үшін қабылданған ыңғайлы термин ретінде әлі де қолдануда. Діни ұйымның пайда болуы бұл құрылымның бір нысанға ұзақ айналу процесінің нәтижесі және бұдан бұрынғы діни қозғалыстардың салдары болып табылады. Дін социологиясында діни қозғалыс жаңа қоғамдық тәртіпті орнатуды мақсат еткен топтық қызмет ретінде қарастырылатын әлеуметтік қозғалыстың бір түрі болып анықталады. Әлеуметтік қозғалыс адамдардың өздерінің тілектері мен сұраныстарын іске асыра алмай, қоғамдық өмірге қанағаттанбай, алаңдаушылық сезімдерінен бастау алады. Дәстүрлі діни сенімнің рөлі әлсіреп, рухани тоқырау басталған кезеңде адамдар өз наразылықтарын эмоциямен, ұйымдаспаған түрде көрсетеді. Социологтар К.  Даусон мен У. Геттистің берген топтамасы бойынша бұл әлеуметтік қозғалыстың төрт кезеңінің біріншісі болып табылады. Әр кезеңнің ерекшелігіне сай көшбасшы болады. Бірінші кезеңнің көшбасшысы – үгіттеуші. Оның міндеті дәстүрлі көзқарастар мен сенімдерді жою, халықтың ашуын қоздырып, ұйымдасқан қозғалысқа қажетті жағдайға түрткі болу. Екінші кезеңді әлеуметтік толқын ретінде анықтауға болады. Бұл кезеңде жаңа діни көзқарастар жүйесі пайда болады. Бұл сенімді қабылдаушылардың ойынша жаңа діндер әлеуметтік тәртіп орнатады, олардың өмірлерінің мәні ашылып, жеке бастарының жағдайы шешіледі. Халықтың эмоцианальдық және әлеуметтік қобалжуы күшейеді. Діни көшбасшылар пайғамбарлық, көріпкелдік қасиеттерін жариялауымен ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №1 (1). 2015 77 Борбасова Қ.М. мінезделеді. Бірақ, әлеуметтік қозғалыс белсенді қолдаушылары қанша көп болса да ұзақ уақытқа созыла алмайды. Діни қозғалыс өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін, өзінің сыншылары мен оппоненттерінен қорғану үшін, қоғамда орнықты институт ретінде өзін көрсету үшін ол діни бірлестік түрінде ресми тіркеледі. Бұл үшін діни ұйымның қойған мақсатына жетудің топтық идеологиясы мен методтарының тұжырымдалуы керек, еңбекті бөлу жүйесі жасалуы керек, ұйымдағы билікті ресмилеу, ұйымның қатардағы мүшелерін бақылау, діни рәсімдерді реттеу мәселелері шешілуі міндетті. Көшбасшы үлкен рөл атқарады. Ол мемлекет немесе саяси қайраткер сияқты өзінің жеке әулиелігіне қоса практикалық іскерлікті, ұйымдастырушылықты біріктіретін тұлға. Үшінші кезеңде әлемдік діндердің діни қозғалысындағы миссионерлік потециал күшейе түседі, олар жаңаша өмір сүрудің мүмкіншіліктерімен бөлісуге ұмтылушылық көрсету арқылы жаңа сенушілерді жинап, өзінің әлеуметтік базасын кеңейтуге ұмтылады. Төртінші кезең діни қозғалыстың аяқталатын сатысы болып табылады. Институтциялану процесі шіркеудің жаңа әлеуметтік институт ретінде құрылуымен аяқталады. Бұл кезең орнықтылығымен, формализм мен конформизмнің күшейюімен, діни сенімдегі эмоцияның басылуымен, рухани өсуге қажетті потенцияның болмауымен мінезделеді. Осылардың себебінен сенушілер арасында наразылық туып, жаңа діни қозғалыстардың алғы шарттары жасалады. Көшбасшылық бұл жерде әкімшілік-бюрократиялық қызмет атқарып, қалыптасқан тәртіпті сақтауға бағытталады. Діни қозғалыстың негізі сенушілер болағандықтан социологтар сенушілердің топтамасын жасауға бірнеше рет талпыныс жасады. Солардың бірі Габриел Ле Браның классификациясы. Бұл зерттеу Франциядағы католик шіркеуінің материалдары бойынша жүргізілсе де, зерттеудің ғылыми тұжырымдарын дінтанушылар барлық христиандық конфессияларға қолдануға болады деп қабылдап отыр. Габриел Ле Браның ойынша дінге сенушілерді төрт топқа бөледі: – бірінші топтағылар шіркеуге қатысты «бөтендер» (бұл адамдар шіркеуден толық кеткен немесе ешқашан дінді ұстанбағандар); – екінші топтағылар «мауысымдық конформистер» (шіркеуге тек жасына байланысты (мауысымдық) жасалатын ғұрыптарды: шоқыну, некеге отыру, жаназа шығаруды орындау мақсатымен келеді); – үшінші топтағылар «тәртіпті діндарлар» (қалыпты түрде жексенбілік Құдайға арналған діни қызметті атқарып отырады: күнәні мойындау, нан үзу рәсіміне қатысады); – төртінші топтағылар «екіжүзділер» немесе жаугер діндарлар (бұл адамдардың діндарлығы діни міндеткерліктің шеңберінен шығып кетеді). Қазіргі Қазақстан территориясында таралған «дәстүрлі емес діндердің» барлығының секта деп аталынып жүргендіктерінің өзі олардың ілімдік және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты болып отыр деп тұжырымдауға болады. Бұл діни ағымдардың барлығы 90-жылдардан бастап, қайта құрулар кезеңінде Қазақстан аймағына пайда болды. Олардағы ортақ сипаттамалар: – әлеуметтік тұрғыдан өзара көмек және қолдау көрсету; – кішіпейілділік және тәуелсіздік сияқты құндылықтарды қолдай отырып, өз көзқарастары мен идеологияларын таратуға тырысу; – кез-келген аймақтағы мұқтаждық, жұмыссыздық, сауатсыздық және панасыздық сияқты әлеуметтік және экономикалық проблемаларды пайдалану; – осы аймақ халықтарын, олардың басынан кешіріп отырған қиын жағдайларды пайдалана отырып, өз қатарларына тартуға тырысу; – жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы нашар, ұлттық және рухани құндылықтарынан хабары жоқ жастарды өздері үшін мақсатты түрде миссионерлерге айналдыру; – мемлекеттік төңкеріс, қайта құрулар болып жатқан елдерде жан-жақты ұйымдасу жұмыстарын жүргізу. Жалпы дінге қатысты әдебиеттерде егер діни ұйымдарда топ мүшелерін физикалық және психологиялық тәуелділікке түсіру мақсат етілсе, ол ұйымдарды секталар деп анықтаған. Қазіргі ғылымда жаңа діни ағымдарды зерттеуде объективті және әділ бағытты ұстану мақсатында «секта», «тоталитарлық секта», «культ», «деструктивтік культ» терминдерін эмоциональды ауыр және жағымсыз діни көзқарасты қалыптастырады деп қолданбауға тырысады. ХХ ғасырдың соңында бұл терминдерді ауыстыратын «альтернативтік діндер», «маргинальдық діни топтар» т.б. терминдер ұсынылған болатын, солардың ішінде жаңа діни ағымдар (ЖДА) терминінің кең тарауы ағылшын социологы, профессор Айлин Баркердің еңбегінің нәтижесі болды [1]. Тоталитарлық секта бұл қоғамның рухани өміріне кері әсер ететін, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіпті әртүрлі заңға қарсы 78 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Дінтанудағы сектатану мәселелері әрекет жасайтын діни, қоғамдық, коммерциялық ұйым формасында, білім беретін немесе сауықтыру орталығы ретінде тіркелетін ұйым [2]. «Тоталитарлық секта» термині криминалогияда [3], социологияда [4], психологияда [5] кездеседі. «Тоталитарлық секта» православтық сектатануда 1990 жылдары А.Л. Дворкиннің қолдануымен пайда болды [6]. Осы уақыттан бері бұл ұғым ТМД аймағында сектанттыққа қарсы публицистикада және дінтануда жаңа діни ағымдарды әртүрлі бағыттағы қозғалыстар мен ұйымдарды топтамалауда қолданады. Соңғы кезде философия ғылымдарының докторы И.Я. Кантеров «тоталитарлық секта» ұғымының нақты белгілері мен ерекшеліктерінің ашылып көрсетілмегендігінен бұл ұйымға кез-келген жаңа діни құрылымдарды, діни-философиялық ілімдерді, мәдени-білім беретін немесе сауықтыру орталықтарын жатқызуға болады деген тұжырым айтып, бұл терминдердің заңдастырылуын ұсынады [7]. «Жаңа діни ағымдар» терминінің мағанасы нақтылы зерттеушіге және зерттелетін елге байланысты өзгеріп отырады. Мысалы Жапон елінде ЖДА көбінесе ХІХ ғасырдың соңында пайда болған топтарды атайды. Айлин Баркер «жаңа» деп Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және нақтылы дәстүрлі мәдениеттерге қатысты қозғалыстарды айтады. Басқа терминдерге қарағанда ЖДА өзгешелігі, бұнда фактылық аспект емес, хронологиялық аспект негізгі орын алады. Жалпы алғанда «жаңа діни ағымдарға» жеке алынған қоғамда дәстүрлі деп мойындалмаған (немесе әлі мойындала қоймаған) кез келген діни топ жатады. Осыған сай ЖДА тізімі зерттеушілердің уақытша қабылдаған өлшемдері мен нақтылы қоғамның ЖДА қатынасына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы индуистік бағыттағы діни ағымдар Батыс елдері үшін «жаңа» болса, кейбір Батыстығы деноминация ретінде тіркелген протестанттық діни ағымдар Азия елдері үшін «жаңа» ағым ретінде қабылданады. Жаңа діни ағымдардың саны ХХІ ғасырда алдыңғы ғасырларға қарағанда көбеймесе, кеміген жоқ. Жаңа діни ағымдардың пайда болу мәселесін (бір діннен бөлініп шыққан секта ретінде ғана қабылдамай) дінтану, әлеуметтану және психология салаларында зерттеуді қайта қарау қазіргі заман талабы десе болады. «Қазіргі сектатануда негізінен радикальды инновация нәтижесінде пайда болған, яғни, өздерін қоршаған діни ортадан фундаментальды бөлінген – культтерге ерекше көңіл бөлінеді» [8]. Жаңа діни ағымдардың пайда болуы діндегі «сектанттық тенденцияның» яғни, біраз уақытқа созылатын даму процесінің нәтижесі болып табылады. Осылайша діни ағымның формальды түрде құрылуы, оның ресми құжат (сол ағымның ешқандай басқа дінге кірмейтіндігін куәландырады) қабылдауымен басталады. Көбінесе дәстүрлі діндердің басқару органдары өз аймақтарында пайда болған топтардың қызметтері жайлы біліп отырады, бірақ оларды анафемаға беріп, (бұл жерде христиан дініне байланысты айтылып отыр) діннен алыстатуға асықпайды. Керісінше олармен тіл табысуға тырысады. Мұндай саясат көбінесе сәтті аяқталып, дәстүрлі діндер қоғамдық қақтығыстардың алдын алады. Жаңа діни ағымдардың пайда болу нәтижесіне қарап, олардың көбінесе дәстүрлі діндерден емес, діни ұйымдардың басқа түрінен: деноминациялардан, культтерден және басқа секталардан бөлініп шыққанын көреміз. Кез келген діни ұйымдарда сектанттық тенденциялардың пайда болуының онтологиялық негізі оларға іштей тән, олардың өздерін қоршаған қоғамның өзгеру жағдайына қарай ыңғайлану қажеттігі туып отырды. Гершом Шолемнің айтуынша «кез келген қасиетті сөз жазбаша тіркелген сәттен бастап, діни дәстүр үшін үлкен мәселеге айналады, себебі тарихи өзгерістер діни канонның өмірдің жаңа жағдайына қолайлылығы туралы сұрақ қояды» [9]. Діни қауымдастықтың мүшелері өз ілімдерінің қоршаған ортаға сәйкестігін немесе өзектілігін көруден қалады, яғни діни ілім олардың ойындағы талаптарға сай жауап бермейді, осылайша жаңа «белсенді» діни толғаныс пен түсініктердің ізденісі басталады. Алғашында олар бұл формаларды өз діни топтарының ілімдерінің және практикаларының шеңберінде табуға тырысады. Егер іздегендері табылмаса, онда олар дәстүрді өзгертудің инициативасын өз қолдарына алып, жаңа сектанттық тенденцияның даму процесін бастайды. Дәстүрлерді зерттеуші белгілі ғалым Эдвард Шилстың айтуынша «бар діни канонды түсіндіру оның іштей жаңаруы болып есептеледі, бұл дәстүрдің арнайы түрде емес, өзіндік жаңаруы. Оның негізгі функциясы қандай жағадай болса да дәстүрді сақтап қалу болып табылады» [10]. Діни дәстүрлердің мәтінін талдау және түсіндіру сол діни дәстүр өкілдері арқылы жүргізіліп отырса, бұл сол діни дәстүрді өзгертуге тырысқан сыртқы және ішкі талпыныстардың кез келген түріне қарсы тұра алатын күш бола­ ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №1 (1). 2015 79 Борбасова Қ.М. ды. Бірақ, дәстүрдің бұлай жаңарып отыруы өте баяу процесс, қанша айтқанмен де қоғамдағы өзгерістер дәстүрлер мен канондарға жаңаша түсінік беруді қажет етеді. Осылайша, әлемдегі барлық діни ұйымдардың өзінде сектанттық тенденциялардың пайда болу және даму патенциалы пайда болады. Бұл патенциалдың жүзеге асуы әртүрлі жағдайлық факторларға (мысалы, ұйымдағы харизматикалық көшбасшының болуы, діни ұйым мүшелерінің бірауыздылығына, тағы да басқа белгілерге) байланысты. Бұл, әсіресе, өз ішінде сектанттық тенденциялар көп туындайтын, нәтижесінде кезекті бөлініске ұшырайтын жаңа діни ағымдарға тікелей байланысты. Діндердегі іштей жаңару процесі бастапқыда саналы түрде сыртқы әсерге қарсы діни дәстүрдің өзінде болуы мүмкін немесе спонтанды пайда болады. Діни ұйымдардың өзінің ішінде діни ілімдердегі кейбір мәселеге байланысты «шынайы» түсінікті «жалған» түсініктен айыратын өлшемдерін жаңартуға талпыныстарды көруге болады. Сектанттық тенденцияның пайда болуының тағы бір көзі – бұл кейбір адамдардың күтпеген жерден өздеріне Құдайдың аян беріп, жаңа хабар алғандарына сенімдері. Олар бастапқыда өз ілімдерін өз діндерінің шеңберінде түсіндіруге талпынады. Егер бұл діни ұйымның өз мүшелерінің осындай аян көрулеріне байланысты сауатты және шұғыл реакциясы болмаса, онда аян көрушілер өз ілімдерінің концепциясын жасауды ұсынады. Жоғарыда айтылған кейбір діни мәселеге байланысты «шынайы» түсінікті «жалған» түсініктен айыратын өлшемдерді жаңартатын талпыныстарды бұл жерде басқа қырынан көруге болады. Мәселе ендігі жерде шынайы және жалған пайғамбар және пайғамбарлық туралы қойылады. Діни ағымдардың өз ішінде бөлінуінің себептері де әртүрлі, солардың бірі билікке талас екендігін атап өткен дұрыс. Бұл кезде билікке таласушылар жаңа діни топ құруды көздемейді, тек билікке қол жеткізуді ойлайды. Жаңа діни ағымдардың бұлай пайда болуының өз ерекшелігі бар: діни ілім мен практикадағы өзгеріс билікті алу үшін, жай формальды түрде болады. Бұнда діни ілімге өзгеріс кірді ме, жоқ па, қақтығыстағы топтардың ілімінде өзгеріс жасалды ма, жоқ па міндетті емес. Бұнда тек қақтығыстағы бір топтың іліміндегі қателіктер мен кешіліктер туралы декларациялары мен осы кінәны тағушы топтың соған деген сенімдерінің үлкен мәні бар. Себебі өз ілімдерінің ақиқаттығына деген сенім сол ілімді бұрмалап отырған діни ұйымның басшысына қысым жасауға немесе оны ауыстыруға аргумент болады. Осылайша әр топ өз басшысымен бір діни ұйымнан формальды түрде бөлініп шығады. Кейіннен формальды бөлінгеннен соң онда діни ілім шынымен де өзгеруі мүмкін, бірақ ол қақтығыстың көзі емес, оның логикалық нәтижесі болып табылады. Жасалған өзгеріс бөлініп шыққан ағымның бағытының дұрыстығына, оның ерекшелігіне сенімді күшейтетін функцияны орындайды. Сонымен қоса билікке таласу арқылы бөлініп шыққан ағымдарда діни ілім қатты өзгермейді. Оған мысал ретінде дианетика мен саентологиядан бөлініп шыққан «Еркін аймақ» және Кришна Санасы қоғамынан бөлініп шыққан «ритвиктерді» атап айтуға болады. «Қазақстандағы Кришна Санасы қоғамының өз ішінде президент болу үшін билікке таласқан келеңсіз оқиғалар бастапқы кезде бірнеше рет қайталанды. Соның салдарынан кейбір қоғам мүшелері өзінің сөзін сөйлеуші жақтастарын ертіп, жеке бөлініп кетті де, нәтижесінде Кришнаға табынушы «Веда мәдениетінің халықаралық қоғамы» мен «Вайшнавтар» қоғамы пайда болды» [11]. XX-ХХІ ғасырлардағы ЖДА тарихын универсальдық, синкреттік ағымдар мысалында қарастыруға болады. Олардың жалпы саны туралы нақты мәлімет алу өте қиын, себебі кейбір ұйымдар пайда болып, көп ұзамай жұмысын тоқтатады немесе жасырын іс-әрекетке көшеді. 1960-шы жылдары АҚШ, кейіннен Батыс Европа елдерінде жаңа діни ұйымдар мен топтар пайда болып дами бастағанда ЖДА-ға қатысты қоғамда да, ғалымдар арасында да әртүрлі көзқарас болды. Бұны жоғарыда айтылып өткен діндердің пайда болу мен таралуында кездескен сектанттық тенденциялардың болуымен түсіндіруге болады. Бірақ соңғы жиырма жылда оларға деген қарым-қатынас біраз жақсарды. Олардың көбі әлеуметтік адаптациядан өтіп, қазіргі қоғамдық өмірде орындарын тауып, дәстүрлі діндердің «назарынан тыс қалған» рухани «тетіктерді» толтырып жатыр десе болады. Қазақстанда ЖДА шетел миссионерлерінің қызметінің нәтижесінде таралды, тек бірлі-екілі ағым ғана жергілікті халықтардың дәстүрлері мен діни дүниетанымының негізінде пайда болып, жаңа сипат алған. Жалпы қарастырсақ бұл ЖДА-ға батыстық және ресейлік ғалымдардың берген анықтамалары мен топтамалары бар. Осы ғалымдардың қорытындыларының негізін­ 80 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Дінтанудағы сектатану мәселелері де нақтылы діни ұйымдар мен ағымдарға байланысты қоғамда біріне жағымды болса, біріне жағымсыз көзқарас қалыптасып, дискриминация мен қудалау көрініс алуы мүмкін. Сондықтан да дінтану мен дін социологиясында діндерге анықтама беріп, топтама жасау өте жауапты және күрделі мәселе. ЖДА-ға тән ерекшеліктердің бірі олардың ілімдерінде дәстүрлі діни дүниетанымға қайшы жақтары көп кездеседі, ал оны таратуда миссионерлік қызметтері де әртүрлі, көбінесе көшбасшыларының «харизмалық» деңгейіне байланысты болады. Осыған орайда неміс ғалымы И. Вахтың «Дінді салыстырмалы зерттеу» атты еңбегіндегі социологиялық дінтанушылық зерттеулердің әдістемелік аспектілеріне көңіл бөлсек. И. Вахтың ойынша дін социологиясы дін мен қоғамның өзара әсерін жүйелеп және салыстырмалы тұрғыда зерттеу арқылы діни тәжірибенің әртүрлі формаларының көрінісін анықтау мақсатын қояды. Дін – бұл тәжірибе және оның ілім, культ, ұйым ретіндегі ойдағы мен іс-ірекеттегі көрінісі болып табылады. И. Вах дін социологиясының зерттеу кеңістігі: мифтің, доктинаның, догманың, культтің және діни бірлестіктер формаларының әлеуметтік негіздері деп көрсетеді. Ол мына сұрақтарға жауап табуы керек: діни тәжірибенің әртүрлі көрінісі қандай деңгейде әлеуметтік детерминді? әлеуметтік күштердің әртүрлі діни өмір формаларына әсері қандай? әлеуметтік стратификация мен дифференцация діни өмірден қаншалықты көрінеді? Діни қозғалыстардың пайда болуы мен әлеуметтік контексі қандай? Сонымен қоса діннің әлеуметтік топтың бірлігіне, тарихи даму динамикасына әсер ету деңгейі анықталуы міндет. ЖДА-ды анықтауда аталған талаптарды және Қазақстан Республикасының азаматтарының мүддесі мен ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың талаптарын ескеру ғалымдарға үлкен жауапкершілік жүктеумен қоса, объективті тұжырымдар жасауға мүмкіндік туады деген ойдамыз.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar