Қазақстан Республикасының 2007 жыл 15 тамызындағы «Білім туралы заңында «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»,–делінген [1]. Осыған орай, оқыту мақсаты – ендігі жерде оқыту әдістерінің студенттің өз бетімен белсенді ізденіп, қызмет жасау әдістері және тәсілдерімен толығуы арқылы айқындалады. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Ал, болашақ мықты ұрпақты осындай мақсаттарға жетуге ынталандыру бүгінгі таңда мектеп, лицей, гимназия, жоғары мектеп т.б. аталуының өзі білім ордаларына, оның ішінде дизайн мамандығындағы студенттерге де жүктелмек. Бүгінгі таңда зертеуші ғалымдардың пайымдауынша ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың төмендегі мынадай бағыттарына сүйенуді ұсынады: 1. Оқу үрдісінде қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану 2. информатикаға оқыту 25 № 1 (74) 2010 3. кәсіби -педагогикалық іс-әрекетті қамтамасыз ету 4. оқу-тәрбие процесін басқару Информатика пәнін оқытудағы ең тиімді жол –бұл дизайн мамандығындағы бойынша дәстүрлі пәндерді оқыту үрдісінде студенттердің ақпараттық сауаттылықтарының қалыптастыруын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдайда дидактикалық тұрғыдан қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін дизайн мамандығының оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану студенттердің пәндік, коммуникативтік және әлеуметтік компетенттіліктерінің қалыптасуына толық жағдай жасайды. Бұнда ескеретін мәселе – дизайн мамандығындағы студенттер үшін тиімділігі зор педагогикалық ұйымдастырушылық шарттарды орындау қажеттігі. Олар: • сабақ кезінде дәрісханада жеке және топтық жұмыс ұйымдастыру үшін бір интерактивті тақта орналастыру болса; • жеке және топтық жұмысты ұйымдастыру және бір немесе бірнеше компьютерде сабақ жүргізу жолдарын шешу[2]; Компьютерлік технологияның дизайн мамандығындағы студенттердің танымдық белсенділігін арттырудағы педагогикалық мүмкіндіктеріне ғалымдар төмендегілерді жатқызады: 1. Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және аналитикалық өңдеуге мүмкіндік береді. 2. Компьютерлік технология танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай жасайды. 3. Қазіргі ақпарат көздері-компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділікті арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. 4. Электронды оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі. 5. Компьютерлер студенттердің бойында іс-әрекет рефлекциясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Алдымен компьютер студентке өз іс-әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін-өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді. 6. Арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырады. 7. Компьютерлік технология-адамның танымдық-зерттеу қызметінің жан-жақты тәсілі, көпфункционалдық құралы (тексеру, есептеу, музыкалық, графикалық кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу т.б.) болып табылады [2]. Техникалық құралдардың студенттердің жеке бас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретінін (есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау қабілеті, басқа да жұмыс түрлеріне ауысу қабілетін) айта келе, оқу үрдісіндегі студенттер іске асыратын әрекетті танымдық және қосымша деп екіге бөледі. Танымдық әрекетті-сабақта алынатын білім, қосымша әрекет сол танымдық жұмыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасайтын іс-әректтер. Аталған қосымша әрекетті оқушының уақытының көп бөлігін алады. Мысал техникалық құралдар бұл мәселені тез шешеді. Уақыт та үнемделеді. Оқытудың компьютерлік технологиясын құру стратегиясы –бүгінгі таңда ең тиімді. Оқытудағы компьютерлік бағдарламаның екі компоненттер тобын бөліп қарауға болады. 1. оқу материалдары, оған мәтін, суреттер, кестелер, ережелер, реплика т.б. 2. арнайы алгоритмдер (бағдарламалы) олар оқу материалын, олардың студенттерге әсерін қарастырады. Бірінші компонентті студент жүзеге асырса, екінші компонентті 26 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы дизайн мамандығы бағытына қарай шығармашылықта еңбек ете алады. Бұнда студент тарапынан идея тасталынады. Компьютерлік бағдарламаларды жасауда төмендегідей факторларды ескеру қажет. • Студент пен компьютер байланысының ерекшеліктері; педагогикалық, ойынды, ойтүрткілік, ақпараттық мазмұнда. • оқу әрекетін басқару ерекшеліктері; жауап кезінде бақылау, студент әрекетін жекелеген қасиетіне сай бағалау [3]. Компьютерлік бағдарлама студенттің әр әрекетіне «жарайсың», «дұрыс», «өте жақсы», «қате», «қайта жасап көріңіз» деген реплика түріндегі сөздер, дыбыстық әсерлер мен музыкалық әуендер негізінде, түрлі-түстер әсерінде, сыйлық, құттықтау, тартулар түрінде жауап береді. Бұл студенттің өз іс-әрекетіне бақылау жасауына ықпал етеді. Ал компьютер экранын және кітап бетінен оқу түрлі психологиялық ерекшеліктерге ие екенін ғалымдар атап өтеді. 1. Нерв жүйесінде қол мен көз қимылын бақылайтын арнайы механизм бар. 2. қол мен көз қозғалысы қағаздағы мәтінді тез қамтуға жағдай жасайды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы студенттердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Компьютерлік технологияны пайдалануда студенттер сабаққа белсенді араласады. Олар оқыту процесінде өздігінен ойлануға, ойын ортаға салуға, онымен бөлісуге, өзінің пікірін, көзқарасын айтуға, өздік танымын айтуға, нақты ситуациялар тудырады. Бұнда оқытушының қызметі студентке бағдар беру болып табылады. Оқу материалдарын құруда: • ақпаратты жинау; • материалдарды даярлау және безендіру; • сабақ өткізуде тиімді оқу материалдарынан әдістемесін анықтап алу және оны жасау. Оқу процесінің негізі ол, ақпаратты іздестіріп, жинақтау. Студенттер үшін өздік дайындық, тақырыпқа терең қарау, өздік жұмысты орындау, оған даярлық, рефераттар, курстық, проект, дипломдық жұмыстарға материалдар, ақпараттар жинау. Одан кейін оқытушымен сабақта талқылап, жүйесін жасау. Көбіне студенттер әлемдік жүйені интернетті қолданады Интернеттен ақпараттық материалдар жинақтайды. Электронды пошта және интерактивті конференциялар диалог жүргізу мен қатар ақпарат алмасуға мүмкіндік тудырады. Көбіне компьютерлік полиграфия графикалық материалдар даярлауда, яғни слайдттар т.б. жасауда қолданылады. Компьютерлік техниканы пайдаланып сабақ өткізу және ақпарат беру төмендегідей өтіледі: — ақпаратты (визуалды) көрсетіп оқыту (бұрында ауызша оқылатын лекцияны); — интерактивті формада оқыту( оқытушының немесе студенттің іс-әрекетіне қарай компьтер реакциясы); — пән бойынша білім беру және ойын бағдарламасын пайдалану; — компьтер бағдарламасы бойынша оқыту. Визуалды ақпарат алдын ала дайындалады 1. Мультимедия-проектор (ауио, видио, интернет, технология т.б.) 2. Демонстрациялық монитор компьютерлік және видиотехника қосып пайдалану. Бұның бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан жоғарыда айтылған мәселелерді қорта келе дизайн мамандығында ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды қолдану жолдарын төмендегідей ұсынамыз. дизайн мамандығындағы студенттерінде орфоскопиялық қабылдау басты роль атқарады. Орфоскопиялық қабылдау дизайн мамандығындағы студенттің даму процесіне қарай білімі мен білігінің 27 № 1 (74) 2010 қалыптастырылуы болып табылады. дизайн мамандығындағы студент көзбен ой жүгірту арқылы өзін қоршаған ортадағы не бір заңдылықтардан мәліметтер алады. Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттардан тұрады. Сонымен қатар студент өзін қоршаған ортаның көлемді дизайнын жасайды. дизайн мамандығындағы студенттердің ортасы білімді адамдармен, сұлу табиғатпен байланысты болса, ол сол ортаға байланысты ой түйеді. дизайн мамандығындағы студенттердің оқу-тәрбие процесінде алған білімін, білігін, дағдысын, шығармашылығын одан кейін педагогикалық практикалар барысында білімі кеңейіп, білігі қалыптастырылып, дағдысы автоматтандырылып, шығармашылық деңгейі шыңдалып отырылады. Бұндай процестерде жас ерекшелікке және баланың қабілетіне байланысты нәтижелі кей жағдайда нәтижесіз іске асырылады. Оған оның оқытушысы көп ықпал етеді. Сонымен қатар студент өздігінен қоршаған ортаға бейімделіп, танып біліп жатады. Онда ол ненің дұрыс ненің бұрыс екеніне толық көзі қателесіп барып жетеді. Кей жағдайда қате пікірі қалыптасауы мүмкін. Демек, дизайн мамандығындағы студенттерге өзін қоршаған ортадан дұрыс жолдармен білім алғаны жөн. Оған оқытушының атқаратын қызметінің маңызы зор. дизайн мамандығындағы студенттер теориялық білім алған соң кейінде өздігінен ақпараттық-телекоммуникацияның көмегімен білімін жетілдіре алады. Бұнда көзбен ой жүгірту басты (зрительное мышление [4]) қызмет атқарады. Дегенмен психологиялық процесте көзбен көріп, ойдан өткізу арқылы, ақпараттық- коммуникатциялық технологияларда көру, есту, сезу арқылы педагогикалық процесте (1сурет) және оқытушы -студен-нәтижесі негізінде (2сурет) оқу-тәрбие процесінде іске асыру керек [5]. Көзбен ой жүгірте отырып, ақпараттық телекоммуникациялық технологияда мәдениет, философиялық категориялармен қатар өнер мен ғылым негізінде Дизайн теориясы мен технологиясы және басқа пәндер арқылы оқу-тәрбие процесін атқарып болашақ дизайн мамандарын дизайн және басқа дербес пәндерді оқыту барысында, олардың даярлығын өлшеуіш аппараты арқылы нәтижелігін шығарамыз (1 кесте). Педагогикалыќ, инженерлік, медициналыќ т.б. білім беруде мысалы, инженерлік мамандықтарда материалдар кедергісі пәні бойынша мамандарды даярлауда мақсат, міндеттер қойылады. Мазмұны бағдарламасында, оқу құралдары мен әдістемеліктерде беріледі. Негізі ісәрекет құрал түрлерінің бірі: ақыл-ой ісәрекеті (умственная деятельность): Оған дайын формулалар мен қағидаларға сүйену; теңдеулерді құрып, формулаларды шығару, содан барып белгісізді табу. Әдістері: әңгіме, бақылау, талдау, көрсету, мадақтау, тестілеу, қеңес беру тағы басқа аткарылатын жұмыстар.. Формалары лекция, лабороториялық, практикалық сабақтар, қашықтықта оқыту, курстық т.б. жұмыстар; Орындалатын тапсырмалары материалдардың кедергісін анықтау; темірдің иілуі, созылуындағы беріктігі, ағаш т.б. қоғамға қажетті заттарды ғылыми тұрғыдан зерттеу. Жоғары мектептегі қай маман болмасын студенттерге сапалы білім беруге алып шыққан білімі өте жақсы болғанда ғана және педагогикалық іс-тәжірибесі арқылы жетеді. Ол үш не он жылдықтар арасын қамтуы мүмкін. Сонымен қатар өзінің мамандығы бойынша негізгі ісәрекет құралын өте жақсы меңгерген студент, келешекте өте жақсы педагог болады. Ал көбіне маман иесі өзінің мамандығы бойынша негізгі ісәрекет құралын студент кезінде жете меңгермегендіктен білім берген студенттердің білім сапасы төмен болады. Студенттердің көбі білімді меңгермей жатса оқытушы өзінен кемшілік іздеп табу керек те, оны жоюға тырысу керек.