iRef.kz

Домбыра туралы слайд қазақша

Слайд тақырыбы Домбыра туралы. Слайд барлығы 9 беттен тұрады. Бұл слайд жалпы Домбыра туралы мәлімет, оның құрылысы, Домбыра тарихы сонымен қатар басқа да бөлімдерден тұрады. Жүктеу үшін төмендегі «ЖҮКТЕУ» батырмасын басыңыз. Жалпы Домбыра аспабы бүкіл әлемге кең таралған аспаптардың бірі десек болады.

XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән,жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.

batton

Пікір қалдыру