Досан батырдың әулеті

«Досан батырдың — Адайдың бесінші ұрпағы Дәулеталыдан тарайды. Дәулеталыдан Тілеуберді, Тілеміс деген екі бала болған. Ал, Тілеубердіден Дәуқара, Жанқара, Тілемістен Итбатыр, Үсен дүниеге келген. Үсеннен Үйтолы, Төлебай, Өзенбай, Құлбарақ, Жобай, Білкен, Баян деген жеті тақта тарайды. Төлебайдан — Шәлімбет, Шантай, Өтеміс, Жүсіп. Жәлімбеттен Әжі, Тәжі, Алғи, Жақсылық деген төрт бала болыпты. Әжіден Іңірбай, Тақ деген балалар болған. Олардың қазірде Құлсарыда тұратын Телшеев Қалихан, Амантұрлиев Тұрдықылыш деген балалары және Қызан аулында тұратын Телшиева Әпу деген қызы бар. Жақсылықтан Көбейсін деген бір ұл болған. Одан кімдер өрбігені белгісіз. Алғидың Тұраш, Қалжан, Тоғызбай, Олжа деген төрт баласы болған. Тұраштан Елақан, Телеғұс. Телеғұстан Қошқарбай. Қошқарбайдың ұл­қызы аралас он перзенті бар. Олар Шымкент облысының Мақтаарал ауданында тұрады. Қалжаннан Шүкен, Кенжебай деген екі бала болған. Кенжебайдан орын жоқ. Шүреннің Жұмаш деген баласы, Жібек деген қызы болыпты. Жұмаштың Бойым деген кемпірі біраз жыл бойы Жаңаөзен қаласында тұрды, кейін қайтыс болды. Оның Киік деген қызы, Сағатбек деген ұлы бар. Екеуі де үбірлі, шүбірлі. Тоғызбайдың Теңізбай, Акбөпе, Қали деген балалары болыпты. Теңізбайдың Ақжелең, Ақбала деген балалары да Мақтаралда тұрады. Ақбөпеден — Омар. Одан үш бала бар. Бәрі де үбірлі­шүбірлі. Олар қазірде Шымкент облысының Түлкібас ауданында тұрады. Алғидың Олжадан туған немересі Ноғайдан орын жоқ. Тәжіннің балалары — Досан, Қосақ, Жарас, Жаманбала. Бұлардың ішінде Жаманбала Досанның қасында бастан­аяқ болып, Форт түрмесінде өлген. Үйленіп үлгірмей, қыршын кеткен, одан орын жоқ. Қосақтан Жиес. Оның Демеген, Тілеп деген балалары болған. Тілептің Нұрлыбек (бөлек үй болған ұл­қыздары бар) деген баласының және Нұртан деген кіші ұлынан туған Сәуле, Айтқұл деген немерелері қазірде Жаңаөзең қаласында тұрады. Айтқұлдың да үш баласы бар. Жарастық Жұбаназар, Қожаназар, Мүсір деген үш баласы болған. Жұбаназардың қызы Тойжан (зейнеткер мұғалім) қазірде Ақтау қаласында тұрады. Қожаназардың Есқара (жүргізуші) деген ұлы мен Шолпан (мұғалім) деген қызы Жаңаөзен қаласында тұрады. Есқараның Берік, Берекет, Бақытбек деген ұлдары бар. Мүсірдің Орысбай деген баласы да Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Оның Көбейсін деген баласы бар. Ал, Досаннан Табан, Шолтан, Берібай, Өтежан деген төрт ұл дүниеге келіпті. Табанның Емберген, Дүйсен, Арзу деген үш баласы болған. Ембергеннің екі баласының үлкені Сәубеттен туған Қуанбай Орынбор облысының Ақбұлақ ауданында тұрады. Ал, кішісі Бекінің баласы (атын ұмыттық) Ақтөбе облысының Қобда ауданында Табанның Дүйсен деген баласынан туған Бегежан деген ұлы, Ажар, Базар деген қыздары болған. Бегежанның баласы Доғдырбай Өзен теміржол станциясында фельдшер болып істейді! Доғдырбайдың Алтынбек, Асылбек деген ұлдары және Алтынай, Күмісай, Жаңыл, Жансұлу деген қыздары бар. Ал, Табынның үшінші баласы Арзу көп жылдар бойы Атырау қаласын жайлап, алпысыншы жылдарда Ақтөбе облысына қоныс аударыпты. Арзудың Мамыр деген қызы, Есболай, Төлеген деген ұлдары қазірде Ақтөбе облысының Мартук ауданында тұрады. Ал Сансызбай деген кіші баласы Ақтөбе педагогикалық институтында жұмыс істейді. Бәрі де балалы­шағалы. Досанның Шолтан деген баласынан Дүйсенбай, Тілес, Ізбай дүниеге келеді. Дүйсенбайдан туған Нұрмаханның Жеткізген, Адайбай, Айтбай деген балалары да Орынбор облысының Ақбұлақ ауданында тұрады. Ал, Мақтааралды қоныстанған Тілестің Қашым, Бақыт, Медел деген үш баласы Ұлы Отан соғысының зардабынан қайтыс болған: Олардан қалған ұрпақ жоқ. Шолтанның кіші баласы Ізбай Маңғыстаудан мұнай­газ байлығы ашылған кезде алғашқылардың бірі болып Түрікменстаннан көшіп келіп, Өзен поселкесіне қоныстанды. Балалары Ермұхан, Ермекбай бұрғылау саласында жұмыс істеді. Ізбай мен Ермекбай берегіректе қайтыс болды. Ал, Ермұхан қазір құрметті демалыста. Жаңа өзен қаласында тұрады. Ермұханның қазірде Өмірбай, Іңірбай, Серікбай деген үш ұлы және алты аңызы бар. Ал, Ермекбайдан Боранбай, Жұман, Берікбай деген: үш ұл және төрт қыз бар. Бұл аталғандардың бәрі де ұл­қыз өсіріп отыр. Досанның үшінші улы Бөрібайдың Әділ; Тастан, Қосжан деген балалары болған. Әділдің баласы Мырзақұл да Түрікменстаннан Жаңаөзен қаласына көшіп келіп, көп жылдар бойы бұрғылау кәсіпорнында жұмыс істеп, құрметті демалысқа: шыққан. Оның Оразалы, Сәрсен деген балалары да Жаңаөзенде тұрады. Оразалы өзінің әскери міндетін Ауғанстанда өтеп, дұшпандармен болған шайқастарда көрсеткен ерліктері үшін мемлекеттік жоғары награда — орденге ие болып отырған. Оразалының екі баласы бар. Тастанның Жалғас деген баласы Шымкент облысы Мақтаарал ауданының Ленин атындағы совхозында тұрады. Оның бір ұлы, үш қызы бар. Тастанның қызы Наухан Жетібайда тұрады, балалы­шағалы. Қостаннан қалған Моншақ, Шомпи деген екі қыз бар. Екеуі де қазір Өзбекстанның Гагарин ауданында тұрады. Досжанның ер баласы болмаған. Досанның төртінші ұлы Өтежанның Атшыбай, Атажан деген екі баласы болған. Атшыбайдан қалған Қағаз атты апамыз Шымкент облысы Мақтарал ауданының Политотдел совхозында тұрады, үбірлі­шүбірлі. Ал, Атажаннан Тоқпақ деген жалғыз бала болды. Ол 1969 жылы Шевченко — Жаңаөзен трассасының бойында автотранспорт апатынан қайтыс болды. Одан қалған Алтынгүл деген қыз Жаңаөзенде тұрады. Міне, Досан батырдың әулеті жайлы деректер осындай.

Читайте также:  Аллегоризм және эвгемеризм туралы

Оставить комментарий