Досан Тәжиев өмірбаяны

1835 жылы Бозашы түбегінің Жиделі жерінде дүниеге келген. Халық батыры. Патша үкіметінің озбырлығына қарсы халықтық көтерілісті бастаушы. «Үш ауызда» елден салық жинауға шыққан пристав Рукинді өлтіріп, жасағын тұтқынға алады. Бірнеше күн Форт Александровск бекінісін қоршап, орыс әскерін дүрбелеңге түсіреді. Армян базарын талқандайды, Николаевск станицасын өртеп, Қарағантүптегі маякты қиратады. Кавказдан жіберілген жазалаушы отрядпен шайқасады. Стихиялы түрде басталған көтеріліс ақырында қару күшімен басылып, Досан ауылдастарымен, қарулас жолдастарымен 1871­1873 жылдары Хиуа жеріңде бой тасалап жүреді. Хиуаны жаулауға келген және өз іздеріне түскен орыстарға Ходжеліде, Қарабайлыда, Қоңыратта тұтқиылдан шабуыл жасап, жеңіске жетіп отырды. 1873 жылы Үстіртке қоныс аударады, 1874 өзін аңдыған топпен атыста жараланып, қолға түседі. Екі жылдан соң 1876 жылы 11 ақпанда түрме азабынан көз жұмды. Қаратөбедегі қауымдыққа жерленген. Ұрпақтары Батырға айырықша күмбез көтерді. Халқы Досан атын аңызға айналдырды. Досан Тәжиевтің ерлік істерін халық ақындары Ақтан, Бала Ораз, Қашаған, Қалнияз, Сәттіғұл жырға косты. Досан Тәжиев – ел есіндегі ұлы есімдердің бірі.

Читайте также:  Көз алдына келтіру және шығармашылық қабілеттер

Оставить комментарий