ДУМАН РАМАЗАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Опубликовано Июль 25, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Әдебиет – ар айнасы һәм әдемі әлем,әсемдік пен сұлулықтың символы, шындықтың шырағы,сәулесі. Әдеби туынды табиғатынан қоғам- кезең көріністері ғана емес,өмір – уақыттың шындық пен сырлары, адам әлемінің мың сан иірімдері, ең негізгісі – жазушы еңбегі мен шығармашылық жұмыстың бейнет –зейнеті, осы бағыттағы ізденіс арналары, зерттеу мен зерделеудің сыры мен сымбаты,көркемдік танымның тамыр-тынысы да танылады. Арыдағы – «Авеста» әлемінде,кешегі – Күлтегін, Тоныкөк туралы туындылардың алтын арқауында –дәуір дидарымен бірге өмір шындықтары, болмыс- құбыластарының мың сан арналы ирім –сырлары арқау етілген. Қорқыт мұралары – қоғам-кезеңнің, халық тағдырының көрініс –суреттерін мұң- шермен де,жыр- сырмен де,күй-әуенмен де табиғи жеткізеді. Бұл арна – әл –Фарабиден –Абайға,Әуезов әлеміне еркін еніп, кеше мен бүгін ара қатынасын, дәстүр жалғасын, ондағы ұлттық сипатты кең көлемде көрсетті. Мұның бәрінен: ұлт мұраты, тарих тағылымы, өткен кезең – уақыттың үні мен сыры, жылнама – шежіресі кеңінен көрініс тапты. Бұл көрініс жайыттар руханият әлемінен, әсіресе ақын –жазушылар мұра –мирастарынан, ондағы шығармашылық жұмыс табиғатынан кең орын алды. Жазушы еңбегіндегі бейнет пен зейнет туралы қаламгерлер қауымы әр кез-ақ айтудай-ақ айтып, жазудай-ақ жазып келген-ді. Осы орайда, Сақұлақ би айтқан: «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі — талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық» екенін ескерсек, әдеби процесс табиғатының, жазушы еңбегі мен шығармашылық жұмыстың маңызы мен мәні еселеп артары анық. Қандай да болмасын ірі дарын иесінің шығармашылық әлемін тануда шығармашылық зертхана мәселесі ерекше орын алды. Сөз өнерінде ерекше орын алатын суреткер туындысың жазылу тарихымен қатар сол жазу үдерісінің шығармашылық шеберлігі. Сыншы мен ақынның өнер табиғатын байыптаудағы эстетикалық таным –білігі үнемі үйлесімде және де пенделік сыйластығы да қашанда жарасым биігінде бола бермейтіні жасырын емес. Кең арналы қазақ әдебиетінің табалдырығын тоқсаныныншы жылдардың басында аттап, бүгіндері қабырғалы қаламгерге айналып үлгерген Думан Рамазанның шығармашылығы туралы кеңінен көсілуге болар еді. Бірақ біз негізгі тақырыптан ауытқымай,суреткердің шығармашылық зертханасы төңірегінде сөз қозғап, ой өрбітпекпіз. 83 Табиғат зерттеушісі Бюффонның: «Талант дегеніміз – төзім» дегенін ойға алсақ, жазушы еңбегі мен шығармашылық процестің өзіндік белгілі қасиеттері барын, оның өзі ақын – жазушылар өмірінде әр түрлі із бедері, бастау – арнасы, көркемдік құпиясы, шежіре –сыры болатындығын ақын аңғартады. Ал талантты жазушы Думан Рамазанның талант туралы өз тұжырымы бар: Талант дегенді көзбен көріп, қолмен ұстаған ешкім жоқ! Талант деген не нәрсе өзі?! Оны мен тап басып айтып, дәл түсіндіріп бере алмаймын. Бірақ өзімше шамалайтыным рас. Кез келген адамның бір нәрсеге бейімі,ерекше қабілеті болады. Мүмкін, талант дегеннің өзі сол шығар. Сол бейімді жетілдіре берсе, Құдай берген сол қабілет – қарымын шыңдай түссе, кез келген шығармашылық адамы бір нәтежиеге жетеді ғой деп ойлаймын». Айталық, « Бальзак пен Достоевский түнде жазса, Пушкин мен Паустовский – күз айларын, Шиллер көктемді ұнатады екен. Сол секілді К.Паустовский тек көлемі үлкен параққа жазып, таза киініп, жинақы отырған. Вольтер жамбастап, я болмаса креслода шіреніп отырған жазған» [1,174]. Ал Думан Рамазан өзінің шығармашылық зертханасы туралы былай дейді: « Мен бап таба алмайтын адаммын. Ерекше күтімді де қажетсінбеймін. Қалаған уақытымда столға отыра беремін. Ал жазу жазып отырғанда ешкімнің мазаламауын,тылсым тыныштық орнағанын қалаймын. Шыбын – шіркей жүрсе міндетті түрде бөлмеден қуып шығамын, болмаса өлтіріп тастаймын. Яғни, ешкімнің де, ешнәрсенің деойымды бөлмегенін дұрыс көремін. Сонда да қаламым жүрмей қоятын кездер болады. Ондайда тез тұрып кетемін де,басқа нәрсемен айналысамын. Өмірі түнде шығарма жазған емеспін. Әр нәрсе өз уақытымен, өз кезегімен болғаны дұрыс деп ойлаймын.Түнде адам дем алу керек,яғни ұйықтау керек. Негізі өзім жай жатамын, он екіден бұрын жастыққа басым тиер күндер сирек, бірақ ерте тұрамын. Өмірі онға дейін ұйықтаған емеспін. Бұл бала кезден келе жатқан дағды. Ал бір шығарманы бастап кетсем, бітіргенше тыным таппаймын. Таңертеңгі жетіден, кешке он екіге дейін тапжылмай жазу жазып отыра беруім мүмкін. Қаламмен көркем шығарма жазбағалы бес- алты жылдан асты, бірден компьютерге түсіремін. Әрі ыңғайлы, әрі уақытыңды үнемдейсің. Ұнамай қалған жері болса, өшіріп тастап қайта жаза саласың,олпы –солпы сөйлемдерді де түзей салу да онша қиынға соқпайды. Ал тамақ ішпей қалу деген әдет менде жоқ. Дүние күйіп бара жатса да, таңертеңгі, түскі,кешкі астарды өз уақытымен ішкенді ұнатамын. Егер ерінбей еңбек етсен, күндіз талай нәрсе бітіріп тастауға болады ғой. Тек бітпейтін көп сылтау –себептерге жүгіне бермесек болғаны. Сондықтан шығармашылық зертханамда өзгеше ештене жоқ. Негізінен болашақ шығарманы миым мен ойымда әбден пісіріп аламын да, содан кейін ғана жазуға отырамын. Кейде тез жазылады, ал кейде ұзаққа созылып кететініде рас». Бұдан, әрине жазушының еңбегінің, шығармашылық жұмыстың азап –рахатынан өзге – Азаматтық құндылықтарға, Адам әлемі мен еңбегіне, өмір — тұрмыс сырларына деген жауапкершілік, қарыз –парыз ісі терең танылады. Өмір – күрес, еңбек – бақыт, рахат турасындағы жанкешті сапар да, шығармашылық жұмыстың рухани олжа –ләззаты да басты назарда тұрады. Ең негізгісі, қоғам байлығы – Адамға қызмет ету, мәдени- рухани талғамын тәрбиелеу, сол арқылы жазушы еңбегін,шығармашылықтың табиғатын таныту мұраты айқын. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жазушы шығармашылығына баға беретін оқырман туралы Думан Рамазан: « Менің ойымша үш түрлі оқырман болады: біріншісі, шығарманы оқиды да,одан ләззат алады. Яғни шығармадағы оқиғаға, болмаса тіліне, яғни көркемдігіне қызығушылығы; екіншісі, ол да оқиды, қызығады, айтады. Жазушының не айтқысы келгенін, идеясын, шығарма өзегін көргісі келеді; үшіншісі, шығарманы оқу арқылы салыстырмалы түрде көзге көрінбейтін нәрселерді іздейді. Менің ойымша, шығарма осы бар үшінші оқырманның үдесінен шыға білу керек». Жазушы еңбегі мен шығармашылық жұмыстың басты белгісі – Еңбек болса, бұл бағыт – арна Алаштың қайраткер – қаламгерлері (А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сәдуақасов т.б.)ұлт мұраты мен ұрпақ ұлағатын, тәуелсіздік талаптарын әр алуан жанрда, көзқарас эволюциялары арқылы баяндады. Қазақ қаламгерлері,атап айтқанда С.Мұқанов туындыларынан халық өмірі, тарихы мен тағдыры көркем баяндау, дерек –дәйектер негізінде кең өріс алса, М.Әуезов шығармаларында қоғам – кезең көріністері, тарих пен таным тоғысы біртұтас сипат алса, І.Есенберлиннің « 84 Көшпенділер» трилогиясындағы халықтың дәстүрлі мәдениеті тарихи – этнографиялық деректер негізінде кең өріс алды. Думан Рамазанның өмірлік принциптерінің бірі – ұлтқа қызмет ету, ұлттың сөзін сөйлеу. Көпшіліктің көкейіндегі билік басындағыларға жеткізу, ұлттық мәселелерді көтеру. Оның ойынша, Ел, Ұлт, Тәуелсіздік десе, Кенесары сияқты ұлы тұлғалар еске түседі. Думан Рамазан Кенесары тақырыбын неліктен шиырлап жүргені туралы былайша толғанады: «Кенесары бабамызға бүйрегім ерекше бұрады. Елінің еркіндігі үшін атқа қонып, тәуелсіздік үшін жанын құрбандыққа шалған адамды қалай құрметтемейсің?! Егер өзінің жеке мүддесі мен қарақан басының қамын ойласа, батыр бабамыз сол кезде-ақ шалқып өмрі сүрер еді. Сондықтан Кенесары бабамыздың өмірі мен ерлігі жас ұрпаққа үлгі –өнеге. Өйткені кез- келген ұлтқа тәуелсіздіктен артық бақ та, бақыт та жоқ. Ешқандай жұмыр басты пенде елі бодандықта болса бақыттың шынайы тәтті дәмінде тата алмайды. Ендеше тәуелсіздік жолында қызмет еткен, күрескен әрбір тарихи тұлғаның есімі сол ұлттың тарихында алтын әріптермен жазылу керек. Өмірі мен еңбектері лайықты бағалануы керек! Міне Кенесары тақырыбына келуімнің бір себебі осы…» Қазақша айтқанда, ұлттың көкейіндегісін басып айту – қолына қалам ұстаған әрбір қаламгердің міндеті. Бұл тұстардан да жазушы еңбегі мен шығармашылық жұмыстың алуан үлгі– өрнектері, әдеби үрдіс пен қолтаңба мәнері, ой –сөз жүйелерінің сұлу –сиқырлы сәттері бедерлі ,көркем келісім құрайды. Өйткені, ой –маржан, сөз –өнер болса, қалам мен қағаздың киесі бар, иесі – халық! Руханият мұраты, көркемдік көкжиегі, сөз құдіретінің сыры мен сымбаты да осында болса керек. Жазушы еңбегі мен шығармашылық жұмыстың сыры мен сымбаты: «Беталыс», «Уақыт және қаламгер», «Сөзстан» сынды әдеби жинақтарға енген қазақ ақын — жазушыларының – «Біз қалай жазамыз?» деген ортақ сұрақ төңіріндегі жазбаларынан (мысалы, Д.Әбілов – « Ақын арманы» туралы сыр; М.Әуезов – «Абай» романынның жазылу жайынан; М.Қаратаев – «Сындағы соқпағым»; Т.Молдағалиев – «Өлең – менің өз анам»; Қ.Мырзалиев – «Жазушы әдеті жайында»; Р.Нұрғалиев – «Бір мақала хақында», т.б.) кеңінен көрініс тапқаны анық. Мұнда, әсіресе талант табиғаты мен тағылым – тәлімі, қаламгер қабілеті мен қасиеті, қысқасы жазушы еңбегі мен шығармашылық жұмыстың сыр – сипаттары кеңінен орын алады. Тегінде, «Жұлдыз», «Атамекен», «Таң–Шолпан», «Жалын», «Тамыр» т.б. қоғамдық–әдеби басылымдардың басты мұратын – Жазушы еңбегі мен шығармашылық әлем иірімдерінің қыр – сыры табынып, ден қоюшылар қатары көбейе түсері хақ. «Бастысы: талап – талғам күшейеді, мәдени мұраға, рухани – эстетикалық туындыларға көзқарас өзгереді. «Талант – тумастан» қағидасы алдыға шығады. Қалың көпшілікке керегі де осы» [2,6]. Әдеби – шығармашылық еңбектің түпкі мақсат – мұраты да осыған табан тірері анық. Біздіңше, бұл бағыт – арна жазушы еңбегінің қыр – сырын ашып, шығармашылық жұмыстың мән – маңызын айқындауды мұрат етсе: Талант табиғаты, Қолтаңба мәнері, Шабыт шалқары, ең негізгісі – ақын – қаламгердің бейнеті мен зейнеті жаңа қырынан, соны сипатымен қалың көптің рухани талап – тілектеріне жауап берері хақ. Шығармашылық зертхана шабыт ұғымына қатысты пайымымызды кеңейте түседі. Шабыт туралы әркім әртүрлі әңгіме айтады. Шабыт деген не өзі? Мәселен, М.Мағауин: «Менің ойымша, мына ақындар кешіре жатар, шабыт дейтін жоқ нәрсе. Шабыт деген жоқ… Шабыт деген, егер бар болатын болса, ол шағын ғана ұшқын болуы керек», –дейді[3,102]. Ал Думан Рамазан былай дейді: «Шабыт туралы да нақты анықтама бере алмаймын. Кейде жазу столына отырғанда ерекше көңіл күймен отырасың. Сол кезде қаламың да зырылдап жүріп кеп кетеді. Мүмкін, соны шабыттың келуі дейтін шығар. Кім білсін?! Біреулер шабытты шақырады дейді. Менде ондай тылсым құдіреті жоқ». Шығармашылық зертхана – қазақ әдебиетінде кең өріс жая қоймаған арна. Бұл ретте жекелеген суреткерлердің оқырман қауыммен болған сұхбатындағы жекелеген ой толғамдары немесе өзінің шығармашылық зертханасы жайлы мақалалары назар аудартады. М.Мағауин тілімен айтқанда «Шығармашылық психологиясы өз алдына бір ғылыми сияқты. Оның үстіне оқырман қауым көркем шығармалардың қандай жағдайда және қалай туғанын білгісі келеді». 85 Асылы, әдеби үрдіс және шығармашылық мәселесі – Сөз өнерінің сыры мен сымбатын, көркемдік, шеберлік жайын, тіл – стиль сипатын кең көлемде танып – талдайтын, зерттеу мен зерделеуге кең жол ашатын арналы сала, бедерлі бағыт. Көркемдік құпиясының алтын қақпасы! Жазушы еңбегі мен шығармашылық жұмыстың арна алар, алысқа тартар, биік белестерден жарқырай көрінетін тұсы осы сәт. Бұл – талант табиғатының шырқау биігінің, бел – белесі. Абай айтқан асылдар: Өнер алды – қызық тіл. Тіл өнері – дертпен тең, – дертпен тең, – бүгін де сәулеті – салтанатты, ақиқат айнасы. Ахаң – Ахмет Байтұрсынов: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп анық айтты. Сәбең – «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» тамыршыдай тап басып таныған: Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені, – екенін ұлт мұратынан, руханият өрісінен, өмір өнегесінен айқын аңғарамыз. Мұның бәрінен, әрине Ой мен Сөз жүйесінен бастау алатын – Жазушы еңбегі мен шығармашылық үрдіс иірімдерінің алуан үлгі – өрнектері ерең танылады. Жазушы еңбегі және шығармашылық хақында сөз еткенде – қалам мен қағаз киесі, алғашқы әсер, әдет – дағды, тақырып пен идея, кейіпкер мен прототип, еңбек, тәжірибе, талант т.т алдымен еске түседі. «Әдебиет – ардың ісі» деген белгілі қағида бар. Жапон жазушысы А.Рюнесконың қаламгерге қатысты «Он ережесі», онда: «Кімге жазушы болуды жазса – болады, жазбаса – болмайды» деген өмірден алынған ақиқат жайттарда да мол тағылым бар. Осы тұста Думан Рамазанның тағы бір ерекшелігін айта кетсек, оның көлемі үлкен шығармаға қалам тартпайтыны. Ол туралы жазушының өзі: «»Роман жазайын деп отырсам, жазу барысында әңгімеге айналып кетеді. Бұл бірнеше мәрте қайталанды. Бір романда айтатын ойды, қысқа әңгімеге сыйдырып жіберу қолыңнан келсе, көп мыжи берудің не керегі бар?! Чехов та көлемді шығарма жазбаған ғой! Роман жазбады екен деп, оны әлемдік әдебиеттің алтын төренен ешкім сүйреп шығара алмас. Тіпті бірлі жарым әңгімесіме – ақ әдебиет тарихында қалған адамдар бар. Оған қарағанда біз қалай болғанда да жүзге тарта әңгіме жаздық қой! Менің де бүкіл болмысым, табиғатым – әңгіме жанрына бейім екенін түсіндім. Түсіндім де шағын жанрдың шаужайына жармастым. Содан айырылғым келмейді. Одан айырылсам, бәрінен айырылып қалатын сияқтымын». Мысалыға Ә.Нұрпейісов әңгімені көп жазбаған екен. Керісінше, әңгіме жазайын деп отырса романға айналып кетеді екен. Жазушы еңбегі мен шығармашылық өзара байланысты, етене ұғым – түсініктер. Бірін – бірі байытып, толықтырады. Ұлтқа, руханиятқа қызмет етеді. Қалың көптің мәдени – рухани талабы мен талғамын биіктетіп, көкжиегін кеңейтеді. Тақырып табиғатына осы тұрғыдан келсек, Ғ.Мүсіреповтың: «Әдебиет – кәсіп емес, өнер», З.Қабдоловтың «Әдебиет – сөз өнері», Қ.Мырза Әлидің: «Жазушылық – мамандық емес, тағдыр» деген қанатты ойлар мен толғам – толғаныстарындағы шындық сырлары мол. Бұл бағытта қазақ ақын – жазушылары үлкен мектеп қалыптастырды, талай танымал туындыларды қалың көпшілікке тарту етті.

Оставить комментарий

Загрузка...