Дзен-буддизмнің шынайы көзқарасын ғылымға дейінгі (кейде ғылымға қарсы) нәрсе деуге болатыны — дзен ғылымға мүлде қарсы бағытта қозғалады. Бұл Дзеннің міндетті түрде қарсы екенін білдірмейді, тек қана өткенді түсіну үшін сциенистер есепке алмайтын немесе ғылымға қарсы» деп назардан тыс қалдыратын позицияны тану керектігін мегзейді. «Менді» ғылыми тұрғыдан тану «Мен» обьектіленгенше шынайы таным бола алмайды. Танымның ғылыми бапталуы төңкеріліп түсуге тиіс: «Менді» сырттан емес, оның ішінен қарастыру керек. Бұл «Мен» өзін өзі шегінен сыртқа шықпай тұрып тануға тиіс деген сөз. Сұрақ тууы мүмкін: «Бүл қалай мүмкін болады? Тану әрқашан танушы мен танылушы объектінің дихотомиясы арқылы мүмкін нәрсе ғой.» Жауабын айтайын: «Өзін өзі тану тек субъект пен объекттің шендесуі (біте қайнасып кетуі — Ауд.) болған жерде тана мүмкін болады; яғни, ғылыми зерттеу өзінің соңына келіп тірелген жерде, эксперименттерде қажет приборлар керексіз болып тасталған жерде, біз өзіміздің шегімізден шықпайынша, абсолютті субъективтілік патшалығына қарай тамаша секіріс жасамайынша, зерттеу жүргізе алмайтынымызды мойындаған кезде ғана мүмкін.» «Мен» абсолютті субъективтілік патшалығында отырады. «Отырады» — дәл мағыналы соз емес, ол «Меннің» статикалық аспектісін ғана білдіреді. Ол («мен») әрдайым қозғалыс немесе қалыптасу үстінде болады, ол бір мезгілде әрі ноль (статикалық күйді көрсетеді) және әрі үздіксіз қозғалысты білдіретін шексіздік. «Мен» динамикалы. «Мен» шеңбері жоқ дөңгелек сияқты, ол — шуньята, бос кеңістік. Бірақ бүл сонымен қатар осындай шеңбердің барлық жерде және еш жерде болатын ортасы. «Мен» — абсолютті субъективтіліктің қозғалыссыздық пен тыныштық мәнісін беретін нүктесі. Бірақ бұл нүкте қалаған тұсқа қозғалуы, есепсіз коп орындарға тоқтауы мүмкін, сондықтан, шындығында бұл нүкте де емес. Мұндай ғылым үшін мүмкін еместігі анық ғажайып ғылыми перспектива төңкерлуі тұрғанда бар және біз Дзенге келіп жүгінеміз. Ол осы мүмкін еместің орындаушысы болып табылады. Нөлден шексіздікке қарай, шексіздіктен нөлге қарай қозғала жүріп, «Мен» ешқандай түрде ғылыми зерттеудің объектісі бола алмайды. Абсолютті субъективтілік болғандықтан, ол объективті түрде белгіленген орын тұрақты өзіне таңуға тырысушылықтың бәрінен қашады. Оның ұстатпайтындығы мен анықталмағандығы сонша, біз онымен, қандай да болмасын, ғылыми эксперимент өткізе алмаймыз.
Біз оны объективті түрде жасалған торлармен, тіпті, барлық ғылыми дарындар қолымызда тұрса да, ұстай алмаймыз, өйткені олар (торлар) оз табиғаты бойынша, ғылым пайдаланатын заттар қатарына жатады. Лайықты түрде келе білсек, «Мен» өзін объективтілендіру процесінсіз ақ көрсетеді. Мен жоғарыда де Ружмонның соңғы кітабына сілтеме жасағанмын, сол кітапта ол батыстың шынайыны іздеуіне тән екі белгісін «тұлға» және «машина» деп атайды. «Тұлға», Ружмонның айтуынша, әуелде Римде заң термині болған көрінеді. Христиандар Үштік (Троица) туралы мәселені талқылай бастағанда схоластар осы терминді теологиялық тұрғыдан қолданыпты, бұл «тәңірге тән жүз (бет. — Ауд.)» «адамның тұлғасы сияқты, Христің бойында үйлесімді түрде бірігетін ұғымдар туралы терминдерден көрініп ақ тұр. Біздің бүгінгі қолданысымызда осы терминнің осы тарихи контекстен бастау алатын бірқатар психологиялық мағынасы бар. Тұлға проблемасы, сайып келгенде «Мен» проблемасына ұласады. Тұлға Ружмон өз табиғаты бойынша дуалистік нәрсе оның ішінде әрқашан әлдебір конфликт (шатақ, келіспеушілік. — Ауд.) бар. Қыстығу, конфликт және қарама қайшылық — тұлғаның өзі, ал бұдан шығатын байлам — үрей мен күмән сезімі оның кез келген қызметінде бірге жүреді. Біз тіпті былай деп те айта алар едік: дәл осы тұлғаны дұрыс емес, құлшынысқа толы және зорлық қимылдарға итермелейді. Адам істерінің қайнар көзі қиналыстар емес, сезім болмақ. Әуелі психология, одан соң ғана логика мен сараптау (анализ). Ружмонға жүгінсек, Батыс адамдары үшін дуализмді жеңу мүмкін емес, ол тұлға табиғатының өзіне орныққан — бұл олар өздерінің тарихи — табынушылық құдай адам немесе адам құдай дәстүрін сақтап тұрғанда өзгермейді. Олар толығымен экстравертті, интравертті емес. Іштеріне үңіліп, тұлға табиғатын игерудің орнына, олар дуалистік конфликттерді интеллектуалдық тұрғыдан (объективті түрде татуластырғысы келеді. Ал тұлғаның өзіне келсек, Ружмонның сөзін келтіруге рұқсат етіңіздер: «Тұлға дегеніміз шақыру және жауап, бұл факт емес, (объект емес, бірақ қимыл, фактілер мен объектілерді толық сараптаудың өзі еш уақытта тұлғаның тіршілігінің бұлтартпас дәлелдерін бере алмайды». (50 6.) Осының бәрі тамаша естіледі. Тұлға шынында да Ружмон (баяндап отырғандай; бұл суреттеулер буддисттер айтатын «еріп кету жолында тұрған» атаманға (висанкара) ұқсайды. Бірақ жоғарыдағы пікірлер авторынан махаянистер былай деп сұрар еді: «Концептуалды тұрғыдан қарағанда, осынша тамаша сөздерді айтып отырған сенің өзің кім боласың? Біз сен туралы ой айтсақ деп едік — жеке, нақты және экзистенциалды түрде. Сенің «Әзір мен тірі тұрғанда, мен қайшылықтарымның арқасында тірімін» дегеніндегі «Мен» кім? Сен бізге тұлғаның фундаменталды антиномиясына сену керек дегенде, оған сенетін кім? Осы сенімді сезінетін кім? Сенімнің, тәжірибенің, конфликт пен концепцияландырудың артында осының бәрін жасайтын тірі адам тұруға тиіс». Міне, тұлғаны тура және нақты саусағымен көрсеткен және сұраушыға оны көру мүмкіндігін берген дзен буддистік монах туралы әңгіме мынау. Бұл монах кейінірек Обаку Киун деген есіммен белгілі болды (850 ж. өлді). Ол Тан дәуірінде Дзеннің ұлы ұстаздарының бірі болған. Бір облыстың билеушісі бірде монастырьге келді.
Оны басшы таныстыру кезінде әртүрлі жерлерге соқтырды. Олар қазқатар тұрған монастырь басшыларының портреттері ілулі тұрған бөлмелердің біріне кіргенде билеуші солардың бірін нұсқады да, сұрады: «Ал мынау кім?» Басшы жауап берді: «Соңғы басшы». Билеушінің соңғы сауал мынау болды: «Бұл оның портреті, ал беті қайда ?» Бұған басшы жауап бере алмады. Билеуші талап етті, ал басшы қатты қиналды, монахтардың бірі де билеушінің көңіл қалауын қанағаттандыра алмас еді. Ақыры ол жақында ғана монастырьге келген және бос уақытының бәрін ауланы тазалауға жұмсайтын түсініксіз монахты есіне алды. Ол дзен монахына ұқсайтын осы кезбе билеушінің сауалына жауап бере алатын шығар деп ойлады. Оны шақырып, билеушіге таныстырғанда ол монахқа құрметпен сөз айтты: «Аса қадірлім, мына мырзалар, өкінішке орай, сұрағыма жауап бере алмай тұр. Сіз соған жауап бермес пе едіңіз?» Монах сұрады: «Сіздің сұрағыңыз қандай?» Билеуші оған алдында болғанның бәрін баяндап болып, сауалын қайталады: «Мынау бұрынғы басшының портреті, бірақ оның беті қайда?» Монах бірден айтты: «О, билеуші!» Билеуші айтты: «Иә, аса қадірлім!» «Ол қайда?» — монахтың жауабы осы болды. Сциенистер олардың қатарына теологтар мен философтарды да қосыңыз — объективті болғысы және қандай болса да субъективтіліктен аулақ болғысы келеді. Олар пікір оны объективті бағалағанда немесе тексергенде ғана ақиқат, субъективті немесе жеке тәжірибе ештеңе емес ұстанады. Тағы бір монах сұрайды: «Менің Менім не?» Джошу жауап береді: «Сен ауладағы кипаристі көріп тұрмысың?» Бұл жерде Джошуды көру емес, көруші қызықтырған. Егер «Мен» спиральдің осі болса, егер «Мен» ешуақытта объективтендірілмесе және актуальданбаса, онда ол қалай болғанмен осында, дзен оны бізге жалаңаш қолмен ұстап алуды және сол ұсталмайтын, объективтендірілмейтін немесе қол жетпейтінді ұстазға көрсетуді қалай істеуге болатынын айтады (жапонша: фукатоку, қытайша пукотэ, санскрит ше анупалабдаха). Ғылым мен дзен арасындағы айырмашылық осы. Алайда, Дзеннің шынайы ғылыми жолмен келуге қарсы еместігін, оның сциенистерге олардың жолынан өзге — одан гөрі тура, жүзін ішіне шынайы және тұлғалық жол барын айтқысы келетінін еске сала кету керек. Олар мұны субъективті деуі мүмкін, бірақ бүл олай емес. Дзен көзқарасы тұрғысынан алғанда «Мен» автономдық, еркіндік, өзін өзі игеру және шығармашылық сезімдеріне ие екендігімен де психологиялық жағынан бірегей. Хокоджи бірде Басо Доичиден (788 ж. өлген) сұрапты: «Он мың заттың ішінде жалғыз және серіксіз тұрған тұлға кім?» Басо айтыпты: «Сен Батыс өзенді бір ұрттап тауыссаң, мен мұны саған айтамын». «Мен» тұлғаның жағдайы осындай. Ретті немесе әсерлер тобы туралы идея немесе бірлік принципі туралы, субъективті тәжірибенің динамикалық немесе адамның қисық сызықты қимылдарының осі туралы айтатын психологтар мен теологтар Дзенге қарсы бағытта келе жатыр. Олар неғұрлым тез жүрген сайын, Дзеннен соғұрлым алыстайды.
Мен тылым мен қисын (логика) объективті және ыдырағыш (ортадан тепкіш), ал дзен субъективті және біріккіш (ортаға тартқыш) дегенді сондықтан айтып отырмын. Біреу айтқан: «Бүкіл сырт дүние индивидке оның түк емес екендігін айтады, бүкіл ішкі дүние оның — бәрі екеніне көзін жеткізеді.» Бүл тамаша сөз, ол біздің әрқайсымыздың тыныш қана отырып өз болмысымыздың терең тұстарына көз жіберген кездегі сезімдерімізді анық бейнелейді. Сол тереңде әлдене қозғалады және біздің дүниеге босқа келмегенімізді сыбырлайды. Мен бір жерден оқыдым: «Сен сынаққа жалғыз түсесің,шөл далаға жалғыз кетесің, дүние жалғыз сенен жауап алады». Бірақ адам бірде өзінің ішіне адал үңіліп көрсе, ол сол сәтте өзінің жалғыз еместігін, иесіз еместігін, құла дүзде қалмағанын түсінеді. Оның ішінде патшаға тән және құдіретті жалғыздықтың әлдебір сезімі өмір сүреді, ол өзімен өзі болып тұр, дегенмен, қалған тіршіліктен оқшауланып қалған жоқ. Осы бір бірегей жағдай сырт қарағанда немесе объективті түрде қайшылыққа толы жағдай, дзен жолында шынайылыққа жақындағанда пайда болады. Мұндай сезім интеллекті мен абстракциялар патшалығының сыртына шыққан кезде өшіп алатын шығармашылықтың жеке тәжірибесінен бастау алады. Шығармашылық әдеттегі динамизмнен басқа, ол «Мен» деп аталатын өзін өзі анықтай білетін қайраткердің мөрі. Дербестік (индивидуальность) «Менді» анықтау үшін маңызды нәрсенің бірі, бірақ дербестіктің саяси және этикалық сипаты басым, ол жауапкершілік идеясымен тығыз байланысты. Дербестік салыстырмалық патшалығының меншігі. Ол өзін өзі дәлелдеу күштерімен бірігуге бейім. Оны өзгелер әрдайым сезінеді және дәл сол мөлшерде қадағалайды. Дербестік белсеніп шыққан жерде өзара шектеп тастау мен қыстығу сезімдері басым болады. Мұнда еркіндік жоқ, оның есесіне кідірістеу мен қыстығудың ауыр атмосферасы бар. Адам езіліпжаншылған күйде, ал соның нәтижесінде психикалық ауытқушылықтың барлық түрлері пайда болады. Индивидуация — дербестік пен индивидуализмнің ара жігін айыру үшін қажет объективті термин. Өзін ерекшелеу өзгені есептен шығарып тастауға ұласқан жерде билікке ұмтылу бас көтереді. Кейде ол бақылауға мүлде көнбейтін түрде болады; ол соншалықты күшті емес немесе аз ба, көп ие, негативті болған кезде біз сынға шектен тыс төзімсіз боламыз. Мұндай сана кейде бізді Карлейльдің Sartor Resartus ындағы «киім философиясын» еске салатын жиіркенішті құлдыққа итермелейді. Бүл сыртқы түр философиясы, мұнда әркім өзге біреу үшін, өзі шын мәнінде кім екенінен гөрі өзгеше боп көріну үшін киінеді. Ал бүл шектен асып кеткен кезде бірегейлік жоғалады да, адам қайдағы бір күлкілі маймылға ұқсап кетеді. «Меннің» осы жағы өсіп кетіп, басым бола бастаған кезде шынайы «Мен» итеріліп тасталады, езіп жаншылады және түк емес дәрежесіне түседі. Біз мұндай жаншылудың не екенін білеміз. Шығармашыл санадан тысты ешкім өшіре (жаныштай) алмайды, ол қалай болғанда да өзін білдіріп отырады. Ол өзін табиғи жолмен растай алмаған кезде, барлық кедергілерді — кейде күш көрсету арқылы, кейде патология арқылы — бұзып шығады. Бірақ, екі жағдайда да шынайы «Мен» үміт қалмастай дәрежеде бұзылады. Осының бәрі мұңайтқан Будда бізді жалған көріністің түсінен ояту үшін ауната, қирата немесе эго емес ілімін жариялады.
Дзенбуддизм Будда ұсынып отырған ілімді көрсетудің жағымсыз амалына толық қанағаттанған жоқ. Ол мұны Будданың соңынан ергендер шынайыны іздеп адаспауы үшін ең тура және нақты түрде көрсетеді. Риндзай Гигеннен мысал келтірелік. Бірде Риндзай (867 ж. өлген) мынадай уағыз айтты: «Жалаңаш тән үйіндісінің ішінде атауы жоқ адам бар, ол сендердің беттеріңнің қақпасынан кіріпшығып жүреді. Кім бұған әлі көзін жеткізген жоқ, қараңдар, қараңдар!» Бір монах алға шығып, сұрақ қойды: «Осы атауы жоқ ақиқат адам кім?» Риндзай мінберден түсіп, монахты алқымнан алды да, айқай салды. «Айт, айт!» Монах толқып турды. Сонда Риндзай оны қоя берді де, былай деді: «Қандай сорлы бір уыс кір!» «Атауы жоқ нағыз адам» — бұл Риндзайдың «Мен» үшін айтқан термині. Оның ілімі түгелімен дерлік осы Адамға немесе Тұлғаға арналған. Ол кейде оны «Жол адамы» (донинь немесе дао жэнь) деп атайды. Ол Қытайдағы буддистік ақылой тарихындағы осы Адамның адам тіршілігінің барлық фазаларына қатысатыны туралы сенімді түрде айтқан ең алғашқы ұстаз деуге болады. Ол өз шәкірттерін қажыпталмастан Адамды немесе шынайы » Менді» әйгілеу жолына үгіттеді. Мұның соңғысы метафизикалық «Меннің» түрі, ол релятивтіліктің ақырғы әлемінің меншігі болатын психологиялық немесе этикалық «Менге» қарамақарсы түр. Риндзайдың Адамы «атауы жоқ» немесе «бірдеңеден тәуелсіз» немесе «киімсіз, жалаңаш» ретінде анықталады. Бұл біздің ойымызды метафизикалық «Менге» бағыттауға тиіс. Осылай алдынала түсіндірме жасай отырып, мен Риндзайдан Адам, Тұлға немесе «Мен» туралы үлкен үзінді келтіремін, мұнда ол субъект туралы өте шебер және жан жақты баяндайды және «Мен « ның дзен буддистік тұғырнамасын (концепциясы) түсінуде бізге көмектескісі келеді. Барлық жерде сөз арнап, ол әлемнің барлық елдерін кезеді, барлық тіршілік иелерін оқытады және сөйте тұрып өзінің ойының бір сәтін де тастап шықпайды. Қай бағытта жүрсе де ол таза, анықталмаған күйде қалады, оның жарығы әлемнің он елінің бәрін көктеп өтеді және оның бір тәніне он мың зат меншікті. Нағыз түсіну деген не? Бұл — сен бәрінің ішіне енесің: қарапайымға да, қасиеттіге де, кірленгенге де, тазаға да, сен Будданың барлық жерлеріне, Майтрейяның мұнарасына, Вайрочананың драхма әлеміне кіресің, және сен қайда жүрсең де, өзіңмен (қалыптасудың торт деңгейіне)тіршілік етуге келуге, тіршілікті жалғауға, қирауға және жоғалуға тиіс жердің бейнесін көрсетесің. Будда, дүниеге келген соң, драхманың ұлы дөңгелегін айналдырды және нирванаға өтті (біз, қарапайым тіршілік иелері күткендей, дүниеде мәңгі қалудың орнына). Әйтсе і)е, осы келу мен кетудің ешқандай белгісі жоқ. Егер біз туу мен өлуді зерттеп көрсек, ондай белгілерді еш жерден таппаймыз. (Ұстаз бірде маған мынадай уағыз айтты ): Жолға тұрғандар үшін өзіне өзі сену керек. Сырттан іздемеңдер. Егер өздеріңнен тыс жерден іздесеңдер, сендердің назарларыңды мәніссіз жағдайлар аударып әкетеді және сендер еш уақытта жалғанды ақиқаттан айыра алмайсыңдар. Айтуы мүмкін: «Міне Будда, міне патриархтар» деп, бұл бірақ нағыз драхма қалдырған, сөз күйіндегі іздер ғана. Сендердің алдарыңа адам келіп алдарыңа қым қуыт қос мәнді сөз бен лебізді тартса, сендер ұялып, күдіктеріңді мәпелей бастайсыңдар. Қиналғаннан көршілеріңе, достарыңа жүгіресіңдер.
Өздеріңді жоғалып қалғандай сезінесіңдер. Нағыз ерлер Қожа, кім, келуші кім, не дұрыс және не дұрыс емес, іс деген не және байлық деген не деген сияқты даушар мен бос мылжыңға уақытын бекер жоғалтпауға тиіс. Әзір Мен осы жерде тұрғанда, мен монахтарды да, жай пенделерді де сыйламаймын. Маған кім келсе де, мен келуінің қайдан екенін Ол қанша бойын жасырғанымен, мен оның үнемі сөздерге, ниеттерге, лебіздерге сүйенетінін білемін, ал оның бәрі — түс пен ұйқы ғана. Мен тек барлық ықтимал жағдайларды игерген Адамды ғана көремін. Тек соның өзі ғана барлық Буддалардың асыл тақырыбы болып табылады. Драхма деген не? Ештеңе де емес —Ақыл. Оның пішіні жоқ және дүниенің он елін көктеп өтеді, оның қызметі тура көзіміздің алдында өтіп жатыр. Адамдар бұған сенбейді. Олар оның аттарын, ол туралы пайымдарды табуға тырысады. Олар өз бойларында Будданың драхмасы бар деп жарияланады. Олар мақсаттан қаншама тұр! Көк пен жердің арасындай жерде. Жолға түскендер! Қалай ойлайсыңдар, менің уағызым не жайлы? Ол қарапайым адамға да, даналарға да жетерлік, кірленгендерге де, тазаларға да, пенделерге де, дүниеден баз кешіккендерге де келетін Ақыл туралы. Әңгіме сіздің жай емес, дана емес, дүниеде емес, дүниеден тыс емес екендігіңізде. Дүнияуи нәрсеге де, дүнияуи емеске де, қарапайымға да, данаға да есім бекітіп беретін Сіз. Бірақ дүнияуи де, дүнияуи емес те, қарапайым да, дана да осы Адамға есім (атау) бекіп бере алмайды. Жолға түскендер! Сендерге осы ақиқатты ұстану және еркін пайдалану керек. Есімдерге беки қалмаңдар. (Ақиқат) құпия тақырып деп аталады.