Дзен­-буддизмдегі санадан тыс

«Санадан тысты» менің түсінуім мен психоаналитикалық түсіну арасында айырмашылықтар болуы мүмкін, сондықтан, мен өз позициямды айқын түсіндіріп беруге тиіспін. Ең алдымен, санадан тыс туралы мәселеге қай тұрғыдан келемін? Егер осы терминді жалпы қолданатын болсам, онда осы «санадан тыс» менде «мета ғылымдық» немесе «ғылымға дейінгі» ұғым. Сіздің барлығыңыз — ғалымсыздар, ал мен Дзен адамымын жон менің толғамым «ғылымға дейінгі», ал кейде, «ғылымға» қарсы ма деп қорқамын. «Ғылымға дейінгі» деген термин, мүмкін, ең лайықты нәрсе емес те болар, бірақ, ол мен айтып отырғанды білдіреді. «Мета ғылыми», мүмкін, жаман да емес шығар, өйткені, Дзеннің осыған қатысты көзқарасы ғылым мен интеллектуалдандыру белгілі бір уақыт аралығында адам туралы зерттеулер аймағын түгелдей басып алғаннан кейін қалыптасты, ал Дзен біздің өзімізді еш шартсыз ғылымның адамның барлық қызметіне билік жүргізуіне беріп қоймастан бұрын тоқтап, ойланып, бәрі болуға тиіс күйінде ме, жоқ па, қарауымызды талап етеді. Соны шынайылықты зерттеудің ғылыми тәсілі дегеніміз объектіге объективті деп аталатын көзқараспен қарау. Мысалы, үстел үстіндегі мына гүл ғылыми зерттеудің объектісі. Ғалымдар оны әрқилы аналитикалық — ботаникалық, химиялық, физикалық, т.б. — процедуралардан өткізеді. Одан соң олардың әрқайсысы өзінің тұрғысынан гүлге байланысты нені анықтағанын әңгімелеп береді, сосын, өзге зерттеулер үстінде әлдебір жаңалық ашылғанша, ол жайлы бұдан артық айтарлықтай ештеңе жоқ дейді. Осылайша, шынайылыққа ғылыми тұрғыдан келудің басты айырым ­ мінездемесі объектіні дескрипциялау, ол жайлы әңгіме, оны айналшықтап жүру, біздің интеллектінің назарына түскеннің бәрін игеру, ал одан соң игерілгенді объектінің өзінен абстрактілендіру болып табылады. Біз осының бәрін бітіргеннен кейін осындай аналитикалық тұрғыдан тұжырымдалған абстракцияларды синтездеу сәті туады. Синтездің түпкі нәтижесі объектінің өзі деп қабылданады. Әйтсе де, сауал туады: «Ал объект толығымен осы торға іліне алды ма?» Мен «Еш ілінген жоқ!» дер едім! Өйткені, біз торға объектінің өзін емес, абстракциялар жиынтығын ғана түсірдік. Барлық ғылыми тұжырымдар деп аталатындардың практикалық ­ утилитарлы мақсаттары үшін бүл шамадан тыс жеткілікті. Бірақ объект оларға түгел сыймайды. Торды көтергенде біз тордың шағын көздерінен бірдеңелердің сусып түсіп қалғанын аңғарамыз. Шынайылыққа апаратын өзге бір жол, ғылымнан бұрын немесе одан кейін түратын бір жол бар.

Мен оны Дзеннің жолы деп атаймын. Дзеннің әдісі объектінің өзіне тікелей еніп, оны ішінен көргендей көру. Гүлді тану — гүлге айналу, гүл болу, оған ұқсап гүлдеу, күн сәулесі мен жаңбырға гүлге ұқсап қуану. Егер осылай болса, гүл менімен сырласады, мен оның барлық құпияларын, қуаныштары мен азаптарын — оны өмірінің тамыр соғысының бәрін білемін.Және мұны ғана емес. Мен гүлді «тануыммен» бірге ғарыштың барлық құпияларын, өз «Менімнің» құпияларын түгел білемін. Бұрын олар менің соңдарына түскен көзқарасымнан сытылып кететін, себебі, мен екіге — із кесуші мен олжаға, объекті мен көлеңкеге жарылатынмын. Бүл ойын қаншама қажытарлық болса да, менің оз Менімді еш уақытта ұстай алмағанымда таңданарлық ештеңе де жоқ! Гүлді білген мен, енді өзімнің Өздігімді өз Менімді білемін. Өзімді гүл ішінде жоғалту арқылы мен өзімді де, гүлді де білемін. Шынайы осылайша келуді мен Дзен жолы — ғылымға дейінгі, мета ғылыми немесе тіпті ғылымға қарсы жол деп атаймын. Шынайыны танудың немесе көрудің бүл жолы сонымен қатар еріктік немесе шығармашылық жол деп те атала алады. Егер ғылыми тәсіл объектіні өлтіріп, одан соң оның тәнін бөлшектеп және қайта жинап, одан әуелгі тірі тәнді қайта жасауға тырысып, босқа әуре болатын болса, Дзен тәсілі өмірді сол күйінде қабылдайды. Ол әуелі бөлшектеп, артынан қайта қосып, интеллектінің көмегімен өмірді қалпына келтірмейді — сынықтарды абстрактілі түрде қайта желімдемейді. Дзен жолы өмірді өмір күйінде сақтап қалады, оған хирургтің пышағы тимейді. Дзен ақыны айтады: Ол өзінің табиғи сұлу кейпінде қалады, Оның терісіне к,ол тимеген, Сүйектері де өз орнында, Қажеті жоқ бояулардың, опа мен далаптың, Ол өзінің өз күйінде, артық та емес, кем де емес, Тамаша еді бұл қандай! Ғылымдар абстракциялармен айналысады, оларда қызмет жасау жоқ. Дзен шығармашылық бастауына сүңгиді және одан шығатын өмірден ішеді. Дзеннің мұндай қайнары — Санадан тыс. Гүл өзін өзі түсінбейді. Оны оның санадан тыстығынан оятатын мен. Теннисон жарылған қабырғадан гүлді жұлып алғанда мұны байқамайды. Басе жабайы шарбақ түбінде сыпайы ғана гүлдеп тұрған «малшы қоржынын» көрген сәтте гүлді иемденеді. Мен шынының қайда екенін айта алмаймын — ол гүл ме, менде ме? Мүмкін, мен «қайда?» деп сұрап тұрған кезде ол еш жерде шығар. Олай болса, мен оның ішінде үнсіз қала беремін. Ғалым өлтіреді, суреткер қалпына келтіруге тырысады. Ол шынайылыққа тілгілеу жолымен жетуге болмайтынын біледі. Сондықтан, ол кенепті, қаламдар мен бояуларды пайдаланып, өзінің санадан тысы шүбәсіз және Ғарыштық санадан тыспен шынымен үндескен, ұласқан кезде суреткердің туындылары нағыз болып шығады.

Читайте также:  Құрбандық жүйесінің тарихи пайда болу

Ол шынымен бірдеңе жасады, оның шығармасы ненің болса да көшірмесі емес; ол өз құқығымен тіршілік етеді. Ол гүл суретін салады, онысы, егер гүл өзінің санадан тысынан өсіп шыққан болса, табиғатқа еліктеу емес, жаңа гүлдің өзі болып шығады. Бір Дзен ­ буддистік ғибадатхананың басшысы Драхма залының төбесін айдаһармен безендіргісі келді. Белгілі суретшіден осы жұмысты орындау өтілді. Ол ұсынысты қабылдады, бірақ өзінің нағыз айдаһарды, егер оның бары рас болса, көрмегенін айтып қиналды. Басшы оған айтты: «Ештеңе етпейді, бұл мақұлықты көрмегенің түк емес. Соған айнал,сосын суретін сала бер. Шартты каньондарға сүйеніп әуре болма». Суретші сұрады: «Мен қалай айдаһар боламын?» Басшы оған былай деп жауап берді: «Өз бөлмеңе бар да,өз ақылыңды соған бүр. Оның суретін салуға тиіс екеніңді сезінетін уақыт келеді. Ол сенің айдаһарға айналған сәтің болады,ал ол сенен өзіне пошым ­ түр беруіңді талап етеді.» Суретші басшының кеңесіне ұйып, бірнеше ай бойы күш жұмсау арқылы өзіне өзі сенімді күйге жетті, өйткені, өзінің санадан тысынан өзін айдаһар күйінде көрді. Соның нәтижесі — біз Миошинд жидегі (Киото) Драхма залының төбесінен қазір де көріп жүрген айдаһар. Осыған байланысты менің есіме айдаһардың қытай суретшісімен кездескені туралы тағы бір хикая түсіп отыр. Суретші айдаһардың суретін салғысы келеді де, оны ешқашан көрмегендіктен, сондай мүмкіндікті қалап жүреді. Бірде нағыз айдаһардың өзі мұның терезесінен қарайды да, «Міне, мен келдім. Сал суретімді!» дейді. Суретшінің күтпеген қонақтан шошығаны сонша, оның суретін салу үшін тура қарай да алмапты. Ол сонымен айдаһары бар суретті сала алмай өтіпті. Көру жеткіліксіз. Суретші заттың ішіне енуге, оны ішінен сезінуге және оның өмірін сүруге тиіс. Торо кәсіпқойларға қарағанда жақсы натуралист болған деседі. Гете сияқты. Олардың табиғатты білетіні — олар онымен өмір сүре білді. Ғалымдар табиғатқа объективті түрде, яғни үстірт қарайды. «Мен және Сен» деген сөз үйреншікті естіледі, ал шындығында, біз тіпті мынаны да айта алмаймыз: біз осыны айтқан бойда ­ ақ Мен Сен, ал Сен Мен болып үлгереді. Дуализм оны қос мәнді ­ емес бірдеме тіреп тұрған жағдайда тана тұрақтайды. Ғылым дуализмнен өсіп шығады, сондықтан да, сциенистер бәрін сандық өлшемге қуып тығуға ұмтылады. Осы мақсат үшін олар әртүрлі механикалық приборлар ойлап табады. Технология — қазіргі мәдениеттің лейтмотиві осы. Квантталмайтындардың барлығы ғылыми емес немесе ғылымға дейінгі нәрсе ретінде ысырылып тасталады. Сциенистер ережелер тобын ұсынады, соларға сыймайтының бәрін лақтырып тастайды, өйткені, олардың зерттеу саласына бүл кірмейді. Тордың көзі қанша ұсақ болғанымен, одан өтіп кететін нәрсе коп, ал оның өзі, қалай болғанда да, өлшеусіз нәрсе. Сандар соңы жоқ шексіздікке дейін кете береді, демек, бірде болмаса бірде, ғылымдар өздерінің қабілетсіз екенін мойындайды. Санадан тыс дегеніңіз ғылыми зерттеулер аумағының шекараларынан тыс жерде жатыр.

Читайте также:  Мемлекет туралы жалпы ілім

Сондықтан, ғалымдар тек сондай аймақтың бар екенін ғана көрсете алады. Ғылым үшін осы да жеткілікті. Санадан тыс дегеніміз сезінуді керек ететін, жәнеде, сөздің үйреншікті мағынасында емес, бастапқы және фундаменталды мағынасында сезілетін нәрсе. Мұны түсіндіру керек. Біз «Мен үстелдің қатты екенін сезіп тұрмын» немесе «Мен суықты сеземін» дегенде, мұндай сезімдер өзге сезінулерден — біздің есту немесе көру сезімдерімізден айырмашылығы бар сезінулер қатарына жатады. Ал біз «Мен өзімнің жалғыздығымды сезінемін» немесе «мен таңғалып тұрмын» десек, әңгіме жалпырақ, бүтін, ішкі сезімдер жөнінде болғаны, бірақ олардың бөрі әлі де релятивті сананың мәлігінде жатады. Бірақ санадан тысты сезіну бұдан әлдеқайда фундаменталды, бастапқы, «Күнәсіздік» — сананың хаостық (немесе біз солай деп болжайтын) Табиғат құндағынан оянуы әлі болмаған кезге меңзейтін нәрсе болып табылады. Іс жүзінде Табиғат хаостық емес, өйткені, хаостық ешнәрсе де өз бетімен тіршілік құра алмайды. Бұл — жай ғана, әдеттегі рационалистік тәсілдермен (ілікпеуді теріске шығаратын патшалыққа берілген есім. Осыдан пайда болған сана тым үстірт, ол тек шынайылықтың бір шалғайын ғана қамтиды. «Өмір суретшісі» дегенде нені айтып отырмыз? Кезкелген суретшінің өзін таныту үшін белгілі бір құралдарды пайдаланатыны белгілі. Мүсіншіге өз идеяларын материалда айшықтау үшін тас, ағаш немесе балшық, кескіш және өзге құралдар керек. Өмір суретшісіне оның өзі де жеткілікті. Барлық материалдар, барлық құралдар мен қажетті техникалық шеберлік оған тумысынан, мүмкін, оны ата ­ анасы дүниеге әкелмес бұрын беріліп қойылған. Сіз бүл әдеттен тыс, тосын, қызық естіледі дейсіз. Бірақ сәл ойлансаңыз, менің нені айтып отырғанымды түсінесіз. Ал егер түсінбесеңіз, анығырақ айтайын: біздің физикалық денеміз суретшінің кенебіне, мүсіншінің тасына, ағашы мен балшығына, сазгердің скрипкасы мен флейтасына, әншінің тамағына ұқсас материал. Ал күллі тәндік нәрселер — қолдар, аяқтар, кеуде, бас, ішкі мүшелер, жүйке, жасушалар, ойлар, сезімдер, бүтін тұлғаны құрайтынның бәрі — бір мезгілде әрі материал, әрі құрал, содан және сынық көмегімен тұлға өзінің шығармашылық құдіретімен осының бәрін мінезге, қимылдың барлық түрлеріне, өмірдің өзіне айналдырады. Сонда өмір санадан тыстың сарқылмайтын қайнарынан жасалған өр бейнені көрсетеді. Адамның әр ісі бірегей, шығармашыл болады да,оның тірі тұлғасын білдіреді. Мұнда шарттылықтарға, конформизмге, тежеулі мотивацияларға орын жоқ. Тұлға өз қалауынша қозғалады. Оның мінезі қалаған жағынан соға беретін жел сияқты. Фрагментарлы, шектеулі, томаға­тұйық, эгоцентристік тіршілікке қамаулы «Мен» жоқ. Адам түрмеден шыққан. Тан дәуірінің ұлы дзен ұстаздарының бірі айтады: «Өзіне өзі ұстаз болған адам, қай жерде жүрсе де,өзіне үйлесімді түрде қимылдайды.» Осындай адамды мен нағыз өмір суретшісі деп атаймын.

Читайте также:  Таң империясы туралы

Оставить комментарий