Дзен­-буддизмнің принциптері

Жоғарыда мен Фрейдтік психоанализдің сұлбасын баяндадым, гуманистік психоанализ соның жалғасы болып табылады. Әңгіме адамның тіршілік етуі мен ол қойған сауал жөнінде болды; ізгіліктің табиғаты — өгейсу мен ерекшеленуді жеңу екені белгіленді; осы мақсатқа жетудегі психоанализдің өзіндік тәсілі — санадан тысқа ену екені анықталды. Мен санадан тыс пен сананың табиғаты туралы мәселелерді қарастырдым, одан соң психоанализдегі «таным» және «өзіңе есеп беру» ұғымдарының мәніне үңілдім; ақырында, осы процестегі аналитиктің рөлі талқыланды. Психоанализ бен дзен­буддизмнің қатынастарын талқылауға құнар әзірлеу үшін менің дзен­буддизмнің жүйелік картинасын беруім керек болар еді. Бақытыма орай, мұның қажеті де жоқ, өйткені, осы кітаптағы д ­ р Судзукидің лекциялары (өзге де еңбектері сияқты) дзен­ буддизмнің табиғатын сөздің құдіретіне сыярлық дәрежеде баяндап береді. Әйтсе де, менің дзен­буддизмнің психоанализбен тікелей үндесетін принциптері туралы айтып беруім керек. Дзен­буддизмнің мәнісі — нұрға бөленуге (сатори) жету. Мұндай тәжірибені басынан өткермеген адам дзен­буддизмді ешуақытта бүтін және толық күйінде түсіне алмайды. Менде сатори тәжірибесі жоқ болғандықтан, мен дзен­буддизм туралы толық тәжірибе тұрғысынан емес, бар болғаны жанама түрде ғана айта аламын. Алайда, бүл К.Г.Юнга ойлағандай, саторидің «еуропалық үшін іс жүзінде мүмкін емес жол мен нұрлануды көрсететіндігінен» емес. Сайып келгенде, Дзен еуропалық үшін Гераклит, Мейстер, Экхардт немесе Хайдеггерден қиын емес. Қиындық саториге жету үшін қажет болатын күш­жігердің төтеншелігінде ғана; мұндай күш­жігер адамдардың көпшілігінің ерік ­күшінен әлдеқайда басым, сол себепті де сатори Жапонияның өзінде де өте сирек кездесетін нәрсе. Әйтсе де, менің дзен­буддизм туралы айтуға беделім жетпегенімен д ­ р Судзукидің кітаптарын оқып, лекцияларын тыңдау және дзен­буддизм туралы қол жетерлік әдебиеттермен танысу маған, тым болмаса, Дзен ­ буддизм туралы ұғыну мүмкіндігін берді. Дзен­буддизм мен психоанализді салыстыру үшін осы түсініктің өзі жеткілікті екеніне сеніп отырмын. Дзеннің басты мақсаты не? Судзуки сөзімен айтсақ: «Дзен өзінің мән­мағынасы бойынша оз болмысының табиғатын көру өнерін және де ол құлдықтан еркіндікке, бостандыққа барар жолды көрсетеді. Біз Дзен әрқайсысымыздың бойымызда жинақталған, өзіне сай дәрежеде қызмет атқаруға жете алмастай күйде мүгедек болып, бұзылып қуат атаулының бәріне бостандық береді дей аламыз…

Читайте также:  БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН БАСҚАРУ

Ақылсыздық пен кемдіктен құтқару — Дзеннің мақсаты — осы. Мен бостандықты дәл осылай түсінемін: біздің жүректерімізге іштей тән, барлық шығармашылық және ізгілікке жеткізерлік өсерлердің еркін ойыны — ол. Әдетте біз өзімізді бақытты және бір­бірімізге ғашық ете алатын мүмкіндіктердің бәріне ие екенімізді өзіміз көре алмаймыз». Осы анықтамада Дзеннің нақты аспектілерінің тұтас бір қатары айқындалады, менің оларды атап айтқым келеді: Дзен — өз болмысыңның табиғатын көру жолы; ол құлдықтан еркіндікке апарар жол; ол біздің ақылдан алжаспауымызға көмектеседі; кемтарлықтан құтқарады; ол біздің бақытқа және махаббатқа деген қабілетімізді жүзеге асыруға жігерлендіреді. Дзеннің түпкі мақсаты — сатори деп аталатын нұрлану, ағару тәжірибесі. Осы лекциялар мен өзге еңбектерінде дір Судзуки бізге саториді осы тәжірибені сөзбен жеткізудің барлық мүмкіндігі қаншаға жетсе, дәл сол деңгейде баяндап берген. Мен оның батыс оқырмандары, әсіресе, бәрінен бұрын психолог үшін айрықша маңызды аспектілеріне назар аудармақпын. Сатори ақылдың қалыптан тыс күйі емес, бұл шынайылық мүлде ұмыт болатын транс та емес. Бұл кейбір феномендерде кездесетін нарцистік күй де емес. «Бұл ақылдың мейлінше қалыпты күйі… Джоши айтпақшы: «Дзен — сіздің күнбе­күнгі ойыңыз.» Мұнда бәрі есік топсасының ыңғайға келтірілуіне байланысты: есік ішке қарай ашылады ма, сыртқа ашылады ма.» Саторидің оны сезінген тұлғаға тигізетін өзіндік ерекше әсері болады. «Сіздің ақылыңыздың қызметі мүлде өзгеше, бұрынғыдан гөрі қанағаттанарлық, тынышырақ, қуанышқа толы болады, ол бұрын сіз сезініп көрмегендей күйге түседі. Өмірдің ырғағы өзгереді. Дзенде жаңартып ­ жаңғыртарлық бірдеңе бар. Көктем гүлі әдемірек, тау суы салқынырақ және мөлдірірек бола түседі». Саторидің, жоғарыда келтірілген үзіндіде Судзуки суреттегендей, рахат өмір күйінің толық көрінісі екендігі түсінікті. Егер біз нұрлануды психологиялық терминдермен түсіндіретін болсақ, бүл тұлғаның сыртқы және ішкі шынайылыққа толығымен үндестігі, өзіне өзі толық есеп беретін және шынайылықты толық аңғара аларлық күйі. Тұлға, оның миы емес, бүтін адамның өзі өзіне гүл туралы, ит туралы олардың толық шынайы күйінде есеп береді, ал бүл оның тек қана ойы аңғарған объект туралы есеп беруі емес. Ояу кісі әлемге мейлінше ашық ­ ол әлдебір затқа жармасқандай өзіне өзі жармаспайды; ол бос (ыдыс сияқты) және қабылдауға әзір.

Читайте также:  Естемес би

Нұрланған болу дегеніміз «бүтін тұлғаның шынайылыққа қарай толық оянуы». Нұрға бөлену (нұрлану) күйі диссоциация немесе транс күйі емес, ондай күйдегілер өздерін ояу деп есептегенімен, іс жүзінде ұйқысын жалғастыра береді. Батыс психологы, әрине, сатори деген қарапайым субъективтік күй, өзін өзі сендіру нәтижесінде болатын транстың түрі деп ойлауға бейім. Тіпті, Дзенді ұнатқан психолог Юнга те осы қателіктен арыла алмаған. Ол жазады: «Қиялдың өзі психикалық оқиға болып табылады, сондықтан, біз нұрлануды шынайы десек те, қияли десек те, ол материалды. Нұрлану бар ма, әлде оны бар деп санаймыз ба — кезкелген жағдайда адам өзін нұрланған деп санайды. Тіпті бұл өтірік болса да, өтіріктің өзі рухани факт болады.» Бұл жерден Юнгтің діни тәжірибенің «ақиқатына» қатысты жалпы релятивті позициясы көрініп тұр. Юнгте керісінше, мен өтірік ешқашан да рухани факт бола алмайды, ол өтірік фактісінен өзге түк те бола алмайды деп ойлаймын. Қалай болғанда да, Дзен ­ буддистер Юнгтің көзқарасын құптамайды. Керісінше, олар үшін саторидің дүниені жаңаша көруге қол жеткізуі шындық, сол себепті де ақиқат болатын шынайы тәжірибесі мен табиғаты байбаламшыл немесе психотикалық болып келетін псевдо тәжірибенің арасын айыра білу өте маңызды. Шәкірт саториге жеттім деп сеніп қалуы мүмкін, бірақ Дзен ұстазы оған мұның әлі бола қоймағанын түсіндіруге тиіс. Дзен ұстазын басты қызметінің бірі де осы: ол шәкіртті шынайы және қиялдан туған нұрлануды шатастырып алудан қорғайды. Шынайылыққа бет бұрып, толық ояну (көз ашу), психологиялық терминдермен айтқанда, «өнімді ориентацияға» жету дегенді білдіреді. Бұл дүниемен үйлесіп, біте қайнасу рецепция да, құлдану да, байлық жию да, нарықтық ориентация да емес,бірақ дүниемен шығармашыл, жасампаз, белсенді (Спиноза айтқан мағынада) қатынас. Мұның толық нәтижелілік күйінде «Мен» ­ ді «Мен емес» ­ тең бөліп тұрған перде жоғалады. Мен көріп тұрған раушан гүлі мен өзімнің «Мен раушанды көріп тұрмын» деген пікірім арқылы оны «раушандар» категориясына қоса алатын ойымның объектісі емес. Ол маған «раушан дегеніміз раушан» модусы күйінде беріліп түр. Нәтижелілік дегеніміздің өзі — өте жоғары объективтілік күйі: мен объектіні менің қомағайлығымның немесе үрейімнің кесірінен болатын ауытқушылықсыз көремін. Мен бірдеңені немесе біреуді олардың болмысы мен жоқтығына қатысты өз пиғылымды қоспастан көремін. Түйсінудің осы модусында паратаксикалық ауытқулар болмайды. Бәрі де көз алдыңа өзінің күллі өмірге толы күйінде, объективті мен субьективтінің синтезі күйінде келеді. Объект мені күшті әсерге бөлейді, дегенмен, ол өзімен өзі, өзінің ақиқат күйінде қалады. Мен оны өмірге әкелемін, ол мені өмірге әкеледі.

Читайте также:  Адам ақыл - парасаты туралы

Сатори тек қана өзінің дүниені түйсінуі таза ментальді немесе паратаксикалық екені туралы өзіне есеп бере алмайтындар үшін тана құпия. Егер бұл түсінілсе, онда түйсінудің толық шынайы түрі деп атауға болатын өзге амалы да түйсінуге боларлық нәрсе. Осындай түйсінудің жылт еткен бір сәтін басыңнан өткерсең ­ ақ болды, соның өзі оны тануға мүмкіндік береді. Пианинода ойнауға үйреніп жүрген бала оны ұлы маэстро дәрежесінде ойнай алмайды. Бірақ маэстроның орындауын көретін ол үшін мұның еш құпиясы жоқ ­ бұл баланың бойындағы болмашы тәжірибенің шетіне жеткізілген көрінісі ғана.

Оставить комментарий