Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері

Еңбекті корғау дегеніміз кұкыктык, әлеуметтік — экономикалық, ұйымдастыру — техникалық, санитарлық — эпидемиологиялық, емдеу — профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен кұралдарды камтитын, енбек кызметі процесінде кызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.

Еңбекті корғау жүйесіңде адамның кауіпсіздігі, денсаулық сақтау және жұмыс кабілетіне кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық және емдеу-профилактикалық шаралары қарастырылады.

Денсаулық және еңбектің қауіпсіз жағдайы, жұмыс беруші мен жұмысшы құқықтарының негізі 2007 ж. 15 мамырдағы №251-III Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес болып табылады. Онда осы еңбек саласында ұлттық саясаттың негізгі қағидаларымен қатар, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек катынастары, еңбек кауіпсіздігі мен еңбек жағдайына жауапты тұлғалардың функииясы, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру реті, ұжымдык және еңбек шарты, жұмыс режимі, өндірістегі зиянды және (немесе) қауіпті факторлар туралы және баска да шаралар айқындалған.

Еңбекті қорғау жұмыстары мен талаптары негізгі үш бағытта жүреді:

  1. құқықтық;
  2. техникалық;
  3. санитарлы-гигиеналық, еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария.

Жұмысшының еңбек кауіпсіздігі оның денсаулығы, білімі, жүктелген жұмыс бойынша іскерлігі және біліктілігі, кауіпсіздік талаптары мен еңбек процесіндегі жеке тәртіпті орындауға байланысты анықталады. Өндірістік процесте бұл шараларға жауапты тұлғаның ролі тек өндірістік тапсырманы орындау ғана емес, міндетті түрде еңбекті корғаудың барлық талаптарын сактау (еңбекті корғаудың заңдылыктары, мемлекеттік актілері және т.б) болып табылады. Еңбек жағдайлары деп еңбекке акы төлеу, нормалау, жұмыс уакыты мен тынығу уакытының режимді жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) коса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уакытша жұмыста болмаған кызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті корғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайларын айтады.

Еңбекті қорғау саласы ұлттык саяси кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің катысуымен барлық деңгейдегі өкілеттік және атқарушы билік органдарының іс-қимыл бірлігін қарастырады. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында жұмыс жасайтын шетел азаматтары үшін еңбекті қорғау саласындағы катынастарды реттеу ерекшеліктері арнайы келісімдермен белгіленеді. Еңбекті қорғауды мемлекеттік баскару, Республикада ұлттық саясат қағидаларын іске асыруды қамтамасыз ету осы салада нормативті актілерді әзірлеуді көздейді.

Читайте также:  Понятие правового мониторинга

Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау талаптарын сактау үшін ішкі бакылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау кызметін құрады. Еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау кызметі өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік кызметтерге теңестіріледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті корғау жөніндегі кызметтің немесе еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау жөніндегі маманның еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау талаптарын орындау жөніндегі нұскауларын ұйымның барлық кызметкерлері орындауға міндетті.

Кәсіпорынның еңбекті корғау қызметінің негізгі міндеттері, функциялары және кызметтері Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексы және Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрінің 2007 жыл 22-тамыздағы №200-ө бұйрығымен бекітілген типтік ережесімен анықталады. Бұл ережеде кәсіпорындағы енбекті корғау кызметінің аткаруы тиісті міндеттері, жұмысшыларға қалыпты еңбек жағдайын жасау, өнеркәсіптік кауіпсіздіктің алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеудегі ролі және тағы баска да көптеген кауіпсіздік пен еңбек жағдайын жаксартуға қатысты аткарылуы тиісті міндеттері айтылады.

Еңбек туралы заңды бұзушы лауазымды тұлғаларға еңбекті қорғау келісімі және ұжымдык шарттар міндеттемелерін орындамағанда немесе кәсіподақтар, кадағалау және бақылау ұйымдарының жұмысына кедергі келтірсе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 2-бөлімінің баптарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

Еңбекті қорғаудың заңдылыктарына Казакстан Республикасының зандары мен баска да мемлекеттік актілері, республикалық Министрлер кабинетінің, кәсіподақтарының орталық кеңесінің заңдылық актілері және кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұскаулары мен ережелері, сондай-ак ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбекті қорғаудың нормалары жатады. Кауіпсіздік пен еңбекті корғау саласындағы нормативті-құқықтық актілердің талаптары Қазақстан Республикасы үкіметінін 21 тамыз 2007 ж. №721 қаулысымен бекітілген тиісті өкілетті органдармен қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы нормативті-құқықтық актілерді қабылдау туралы Ережесінде айтылады.

Еңбекті қорғауға байланысты нормаларды негізінен төрт топка бөлуге болады:

1-өндірістік нысандарды жобалау сатысында еңбек кауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нормалар;

Читайте также:  Өндірістік нысанның санитарлы-техникалық кұжаты

2-өндірістік процесс кезінде кауіпсіздікті сактауға бағытталған нормалар;

3-емдеу-сауықтыру, тамақтандыру және жеке қорғану құралдарын пайдалану нормалары;

4-еңбек заңдылыктарының сакталуына бақылау жасау мен заңдылыкты бұзушылардың жауапкершілігінің нормалары.

Осы нормалардың орындалуына мекеме басшылығы үнемі кадағалау жасап отырады.

Пайдаланылған әдебиет:
Таңжарықов П.А., Абдрахманов С.Т., Сарабекова Ұ.Ж.
Мұнай Газ саласындағы еңбекті және қоршаған ортаны корғау.
— Кызылорда, «Тұмар», 2009 ж. — 352 бет.

Оставить комментарий