ЕҚЫҰ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Алдағы желтоқсан айында Еуразия кеңісті- гінің кіндігінде орналасқан әлемдік саясат үрдісіне елеулі үлес қосып келе жатқан Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу көзделіп отыр. Бұл шараны тек тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы ірі табыс ретінде ғана емес, Еуразия кеңістігінде орналасқан барлық елдер мен халықтар үшін сүбелі жетістік ретінде қарастырғанымыз жөн. ЕҚЫҰ тари- хында тұңғыш рет бұрынғы кеңестік елдер қатарынан топ жарып шыққан азиялық ел, сондай-ақ халықтың көп бөлігі мұсылман дінін ұстанатын мемлекет — Қазақстан Республикасы төрағалық тізгінін ұстап, бір жыл уақыт аралығында өзінің сарабдал саясатының өмір- шеңдігін көрсете білді. Вена қаласында ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төраға- лық қызметіне кірісуіне орай Үндеуінде Президент Н.Назарбаев Қазақстанның төраға- лығының негізгі ұстанатын бағдары – «Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік» ұранын жария- лады: «Біріншісі, бір-бірімізге деген аса қажетті сенімді білдіреді. Екіншісі, ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады. Үшіншісі – халықаралық қарым-қатына- старда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік. Қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақ- тастыққа ұмтылу. Төртіншісі — бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы үнқатысуды нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы» /1/.

Осы қағидаттарды берік ұстанған Қазақстан еуро-атлантикалық және еуро-азиялық кеңістік арасын жалғастырушы көпір орнатуға ұмтылған мемлекет ретінде танылып та үлгерді. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде көрініс тапқан күрделі кезеңнің барлық қиындықтарына қарамастан, аймақ немесе құрлық деңгейіндегі қауіпсіздікті ғана емес, жаһандық деңгейдегі қауіпсіздікті нығайтуға өзіндік үлесін қосып келеді. Сондай-ақ, аймақ- тық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға, қарусыздану үдерістеріне серпін беруде, жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтан- дыруда белсенділігін арттырып келеді. Қазірдің өзінде-ақ бұл мәселелерді шешудің оңтайлы да тиімді бағыттарын айқындауда Қазақстан бірқатар іс-шаралар атқарды. Қазақстан дипломатиясы Кеңес Одағы ыды- рағаннан кейін посткеңестік кеңістіктегі Таулы Қарабақ, Приднестровье, Оңтүстік Осетия мен Абхазиядағы өрши түскен жанжалдарды реттеуге ерекше көңіл бөлді. Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(53). 2010 15 ЕҚЫҰ шеңберінде келіссөздер алаңы қамта- масыз етіліп, дауласушы тараптар арасында күш қолданбай, ортақ келісімге келуге жағдай жасалды. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның мүмкіндіктерін қолда- на отырып, Орталық Азия аймағының қауіпсіз- дік мәселелеріне әлемдік қауымдастықтың наза- рын аудартуға атсалысуда. Ауғанстан мәселесі, Қырғызстанда орын алған жағдай тек аймақтық мәселелер ретінде ғана емес кең ауқымда қарастырылуы қажет екендігін әлемдік қауым- дастық мойындап отыр.

Бүгінде еуропалық қауіпсіздікті азиялық қауіпсіздік өлшемдерін ескермей сақтау мүмкін емес. Қазақстан ендігі жерде ЕҚЫҰ-ның еуро- атлантикалық диалог алаңынан еуразиялық ауқымға көтерілуін, сонымен қатар Венаның батысы мен шығысындағы елдер арасындағы өзара сенімді нығайтуға күш салады /2/. Осылай Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын ХХІ ғасырдағы бетбұрыс кезеңіне бейімдеп және оның тиімділігін арттыруға тағы да бір қадам жасағаны сөзсіз. Батыс пен Шығысты тоғыстыратын қазақ жері бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналды. Өркениетті үнқатысудың өзіндік моделі орнық- қан қазақ елінде әлемдік діндер мен дәстүрлі конфессиялардың үш құрылтайы өтті /3/. Әлемдік деңгейде жоғары бағаға ие болған бұл бастаманың басты мақсаты төзімділік пен өзара түсіністікке қол жеткізу болып табылады. Жаһандану жағдайында жаңа қауіп- қатерлер мен сынақтар пайда болып отырған тұста сенім мен төзімділіктің маңызы арта түсті.

Читайте также:  ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сондықтан мәдениеттер мен діндердің тиімді үнқатысуларын, этностық топтардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді қауіпсіздіктің аса маңызды алғы- шарты болып табылады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бас- тамасымен Астанада өткен Әлемдік және дәс- түрлі діндер лидерлерінің съездері елдің сыртқы саяси бағдарының парасаттылық жолын анық- тап қана қоймай, дінаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісін де көрсетті. «Өзінің географиялық орналасуына қарай Қазақстан басты өркениеттер мен діндердің тоғысқан жерінде жатыр. Батысы мен солтүс- тігінде Ресей мемлекетімен, яғни С.Хантингтон тілімен айтқанда, православ өркениетімен, оңтүстігінде ислам өркениетімен, сондай-ақ, шығысында Қытай елімен, яғни будда-конфу- ций әлеміне қатысты қытайлық өркениетпен шектесіп жатыр. Қазақстан үш бірдей геосаяси күштерді байланыстырып отырған өркениетті- геосаяси дәрежеге ие. Ал осының бәрі Қазақ- станға бейбіт өмір сүру жолын таңдап, жалғас- тыруды тарихи міндет етіп жүктейтіні сөзсіз» /4/. Қазақстандағы дінаралық келісім ықпалдас- тық пен ынтымақтастық принциптеріне негізде- ліп отыр.

Түрлі діни дәстүрлер мен ілімдердің ортақ құндылықтары мен бастауларын тану арқылы қоғамда тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Бұл өз кезегінде жаһандық тұрғыдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетік- терін табуға мүмкіндік береді. Жаһандық қауіп-қатерден сақтану және оның алдын алу үшін ең бастысы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету екендігі белгілі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанда түрлі сенім- нанымдағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстар- дың бейбіт қатар өмір сүруінің өзі көп нәрсені аңғартады. ҚР Президентінің Жарлығымен елдегі қо- ғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурыз- да құрылған «Қазақстан халқының Ассамблея- сының» (ҚХА) қызметі қоғамда ынтымақтастық пен бірлік және келісімнің қалыптасуына зор ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Қазақстан халқының Ассамблеясы мәдени- ағартушылық, атап айтқанда, тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғыр- ту мен насихаттау, сондай-ақ, ұлтаралық қаты- настарды қадағалау негізінде ұлтаралық тату- лық пен келісімді нығайту бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысуда /5/.

2010 жылы қазанның 20-сында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында Пре- зидент Н. Назарбаев осы жылдар ішінде көп істер атқарылғанын атап өтті: этникааралық жә- не конфессияаралық теңдіктің құқықтық базасы құрылды, Ассамблеяның жұмысы стратегиялық жоспарлау негізінде, мемлекеттің «алуан түрлі- лік бірлігі» қағидатына сай этникааралық сала- дағы саясаты негізінде құрылғанын, этника- аралық қатынастардың қаржылық және мате- риалдық базасы нығайғанын атап өтті. Бұдан басқа, еліміздің Парламентінде және мәслихат- тарда барлық этностардың өкілдіктері қамтама- сыз етілген /6/. Айта кету керек, Еуразия кеңіс- тігінде бұндай әр түрлі ұлттар мен әр қырлы діни бағыттарды бір шатыр астына жұмылдыр- ған ұйымның баламасы жоқ деуге де болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы XVI 16 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(53). 2010 сессиясында сөйлеген сөзінде қазіргі таңда Қазақстанның этносаралық келісімді қамтама- сыз ету саласындағы тәжірибесі бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігінде қызығушылықпен зерттелуде екен- дігін қадап айтқан болатын. Сондай-ақ этнос- аралық келісім моделі Қазақстан елінің осы беделді Ұйымдағы төрағалығының таңбалы белгісіне айналғанын атап, Ассамблея қызметі- нің тарихи маңыздылығын көрсетті /7/. Қазіргі кезде жаһандық қауіпсіздікті қамта- масыз ету мәселесінде халықаралық ынтымақ- тастықтың маңызы зор екендігін әлемдік қауымдастық мойындап отыр.

Читайте также:  Марксизм-ленинизм саяси-құқықтық ілімінің мәні

Жиырма бірінші ғасырда халықаралық қатынастарда түрлі қайшылықтар өріс алуда, адамзат алдында жаңа туындаған мәселелерді, әсіресе, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін, өзара ықпалдастық арқылы бірігіп шешу қажеттілігі туындап отыр. Соңғы жылдары ядролық қару жасауға ұмтылған елдер қатары көбеюде. Бұған қоса, әлем елдері үшін ядролық қару түрлерінің лаңкестердің қолына түспеу жағын қатаң түрде қадағалау міндеті тұр. Осыған байланысты, Қазақстан ядролық қару-жарақты таратпау және ядролық қарусыз- дану үрдісінде өте маңызды рөлге ие болған- дығын атап өту қажет. Қазақ елі әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты. 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың арнайы Жарлығымен Семей полигоны жабыл- ды. 2009 ж. Елбасы 29 тамызды Ядролық қарудан бас тартудың бүкіләлемдік күні деп жариялау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсыныс БҰҰ тарапынан қолдау тапты. Қазақстанның стратегиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлесі ретінде Орталық Азияны ядролық қарусыз аймақ құру туралы шарттың күшіне енуіне ат салысқан- дығын айтуға болады. Сонымен қатар, бұл жетістікке Қазақстанның және Қазақстанмен көршілес елдердің белсенділік танытуының арқасында жетіп отыр.

Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөнін- де өз тәжірибесімен бөлісіп, осы мәселеде көшбасшылық рөлін тағы да көрсете білді. 2010 ж. сәуірде Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке қатысып, Ядролық қарусыз әлем жөніндегі жалпыға ортақ жаңа декларациясын қабылдау жөнінде ұсыныс жасады. Сондай-ақ, МАГАТЭ қамқоршылығымен Ядролық отын халықара- лық банкін құру туралы іс-шараны да қолдап, оны өз аумағында орналастыруға әзір екенді- гін де ресми жариялады. Бұл Қазақстанның әлемдік саясатта өзіндік орны бар белсенді қатысушысы ретінде танылғандығын тағы да айғақтады. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Азия- дағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шақыру идеясын жүзеге асырды. Осы арқылы ЕҚЫҰ тәжіри- бесін Азия құрлығына таратудың бастама- шысы ретінде қауіпсіздік пен ынтымақтас- тықтың сара жолын, Азиядағы ұжымдық қауіпсіздіктің жаңа үлгісін әлемдік қауым- дастыққа ұсынды. АӨСШК форумын құру арқылы Қазақстан Азия елдерінің өзара сенімі мен ықпалдас- тығын нығайтуды бірлесіп шешу, ортақ саяси бағыттарды анықтауға, құрлықтың қауіпсіздігі мен бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік тудырды. 1999 жылғы 14 қыркүйекте Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуінде мемлекет- тер қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың азиялық жүйесін құру үшін құқықтық негіздің өзіндік үлгісін жасады.

Кеңеске мүше мемлекеттер арасында қарым-қатынасты реттейтін деклара- цияда ықпалдастықтың негізгі принциптері анықталды: 1) егеменді теңдік, егемендік құқықтарын құрмет тұту; 2) күштен немесе күш қолдану қаупінен бас тарту; 3) мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы; 4) дауларды бейбіт жолмен реттеу; 5) ішкі істеріне араласпау; 6) экономикалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтстық; 7) адам құқықтарын, негізгі бостандықтарын сақтау /8/. Азия құрлығының саяси, экономикалық, діни, этникалық, және мәдени дамуы сипатында да әртекті құрлық екенін ескерсек, мүдделерді тоғыстыру қаншалықты қиын болғанын түсіну қиын емес. Бұған қоса, Азияның кейбір өңір- лерінде ахуал әлі де ушығып тұрғанын, жаңа қауіп-қатерлердің туындап отырғанын атап өтпеске тағы болмайды. Дегенмен, Азия елдері жаһандану үдерісінде жаңа қауіп-қатерлерге төтеп бере алатын жалғыз жол – өзара түсіністік пен сенімділік негізде ықпалдасу екендігін түсінді.

Читайте также:  Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы

4 маусым 2002 ж. өткізілген алғашқы саммит қорытындысында қабылданған Деклара- цияда мүше мемлекеттердің Азиядағы қауіп- сіздік пен ынтымақтастық проблемаларына жап- пай қырып жоятын қаруды таратпау, аймақтық жанажалдарды шешу, қазіргі заманның сынақ- тарына қарсы тұру, өркениеттер арасындағы диалогты одан әрі дамыту көзқарасы айқындалды. Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(53). 2010 17 20 маусым 2006 жылғы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Екінші Саммитінің Декларациясында АӨСШК үдерісі аясында ортақ іс-қимылдың келесі бағыттары көрсетілді: — Қауіпсіздіктің жаңа қауіп-қатерлеріне қарсы бірлесіп күресу (терроризм мен діни экстремизм, заңсыз есірткі тасымалы, атыс қаруларының және жаппай қырып-жою қаруларын жасауға пайдаланылуы мүмкін компоненттерінің заңсыз айналымы) — Азиядағы өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздік тұжырымдамасын жасау (сенім шаралары және оларды іске асыру тетіктері, қарусыздану және қару-жарақты бақылау, соның ішінде өңірде ядролық және өзге де ядролық қарудан азат аймақтарды құру, жанжалдардың алдын-алу, экономикалық ынтымақтастық, адам құқықтары және мәдени байланыстар) /9/. Айта кету керек, АӨСШК-ң мақсат- мүдделері ЕҚЫҰ мен сәйкес келеді.

Олардың қатарына өзара түсіністік пен сенімділікті арттыру, әскери-саяси қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестікпен күрес, жанжал- дарды алдын алу, болдырмау, экономика және экология, гуманитарлық саладағы ынтымақтас- тықты жатқызуға болады. Осыған орай Қазақстан ЕҚЫҰ мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін барынша қосады деп есептейміз. 2010 жылы 17 маусымда Ыстамбұлда Азия- дағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің үшінші Саммиті шеңберінде «XXI ғасырдағы Еуразия Қауіпсіздігі және Экономикалық Ынтымақтастық» атты арнайы іс-шарасы АӨСШК мен ЕҚЫҰ-ның ықпалдас- тығын арттыру үрдісінде өтті деуге де болады. Шараға қатысушыларға арналған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жолдауында: «ЕҚЫҰ-ның төрағалық қызметінде біз мемлекеттер мен аймақтық ұйымдардың өзара ықпалдастығын тереңдетуді қажет ететін әлемдік саясат пен экономикадағы азиялық және еуропалық үрдістердің өзара тығыз әрекеттесуі мен өзара ұштасуына куә болып отырмыз және бүгінгі таңда еуропалық қауіпсіздік түсінігі құрлықтық аумақтан әлдеқайда кеңейіп, Еуразия кеңістігін қамтып отырғандықтан, ЕҚЫҰ мен АӨСШК ынтымақтастығы алдын ала серттелгенін анық түсінуге болады», — делінген /10/. Бұл Қазақстанның еуро-атлантикалық және еуро-азиялық кеңістік арасында алтын көпір орнатуды әрі, әлемдік ықпалдастықты қолдай- тын мемлекет ретінде танылғандығын айғақтай түседі.

Қазақстан ЕҚЫҰ шеңберінде де, АӨСШК аясында да пікір алшақтығын барынша азайтуға, сенімділік пен өзара түсіністікті нығайтуға, кең ауқымдағы ықпалдастық пен ынтымақтастықты дамытуға ат салысып отырғаны белгілі. Астананың бастамасымен өткелі отырған ЕҚЫҰ самммиті ұйымға мүше мемлекеттердің алда туындаған әлемдік саяси дағдарыстарды шешуде жаңа да тың жолдарды қарастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Әсіресе қазіргі кезеңде өзектілігі артып отырған мәдениетаралық және өркениетаралық үнқатысуды нығайтудың ғаламдық жолын анықтауда саммит өзіндік үлесін қосар деген үміт те жоқ емес. ЕҚЫҰ келешекте Шығыс пен Батыстың жақындасуына ықпал ететін ұйым ретінде қалыптасып, кең ауқымды мәселелерді шешуге дайын ба? Міне, осы мәселелер ұйымның болашағын айқындап бермек. Қазіргі таңда Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы үнқатысулық қоғамдастықты қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда. Осыған орай алдағы болатын ЕҚЫҰ саммиті де Қазақстанның жаһандық үлгідегі бастамаларын ары қарай жүзеге асыруына тың мүмкіндіктер береді деген сенімдеміз.

Оставить комментарий