Эгоистік тілдің формалары туралы

Қазіргі кезде мемлекет басшысы халыққа сөз арнағанда әдетте көпше түрді қолданады (біз, аты-жөні, құдайдың мейірімімен т.с.с.); осыдан мынадай сұрақ туады: бұлайша сөйлеудің эгоистік мағынасы бар емес пе, яғни [мемлекет басшысының] толық билік иесі екендігін көрсетіп тұрған жоқ па екен және Испания королінің: Іо, el Rey (мен, король) дегенін білдірмей ме екен? Бірақ ең жоғары беделді белгілейтін бұл формула басында белгілі бір шектеуді (Herablassung) (біз, король және оның кеңесі немесе сословиялары) көрсеткен сияқты. — Ежелгі, көне, классикалық тілдерде орын алған адамдардың бірбіріне «сен» деп, яғни жекеше түрде тіл қатуы әртүрлі, әсіресе, герман халықтарында қалайша плюралистік, яғни «сөз» деген түрге ауысқан? Ол үшін немістер сөйлесіп тұрған адамның абыройының жоғары екендігін білдіретін тағы екі сөз тіркесін ойлап шығарды, олар: Ег және Sie (бұл өзара сөйлесу емес, ол жерде жоқ адам туралы, және де бір адам немесе бірнеше адам туралы әңгіме сияқты); ақырында, (сөйлеушінің) тыңдаушысының алдында өтірік мүләйімсіп, оны көтермелеудің оғаштығының соңғысы, оның атын атаудың орнына сословиесінің ойдан шығарылған қасиетінің ұғымын қолдана бастады (Сіздің мархабатыңызға, Сіздің мәртебеңізге, Сіздің жоғары мәртебеңізге т.с.с.). — Бұның бәрі корольден бастап, ең аяғы адамның абыройы жоққа шығарылып, адам аты ғана қалатын, мырзалар өз еркі өзіне тие қоймаған балаларға сөйлеген сияқты «сен» деп сөйлейтін басыбайлы шаруа сословиесіне дейін, кез келген адамға оның қоғамда алатын орнына сәйкес құрмет көрсетуге баса назар аударылған феодализм кезінде пайда болды деп ойлаймын.

Читайте также:  КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оставить комментарий