Екі полюсті тепе-теңдік саясаты

Саяси қоғамдастықтардың ішінде бір ­ екеуінің күші өзгелерінен басым болып, қалғандары сол екеуінің төңірегіне топтасқан болса, күштердің ара қатынасының сол өрнекпен қалыптасуын екі полюсті өрнек деп атаймын. Бұлайша бөліністің логикалық және тарихи салдарлары арасындағы айырмашылықты байқаған адам олардың қандай бөлініс екенін аңғарса керек. Бөлініс өрнегі қандай болған күнде де, тепе­тендіктің жалпы заңының өзі біреу ғана: бәсекелес билігінің қол астында қалып қоймау. Ал бірақ ойынды жүргізетін екі астам держава болғанда, кішік мемлекеттер тіпті өзара біріккен күнде де әлгі екеуінің біреуіне де тепе­тең келе алмайды; сондықтан тепе­теңдік ұстанымы тек сол екі ойыншының төңірегіне топтасқан екі одақтың өзіне ғана қатысты бола алады. Әрбір одақтың алдына қоятын ең жоғары мақсаты екінші одақтың күш­құралдары өзінен асып кетуіне жол бермеу болып табылады. Мұндай жүйеде қатысушылардың үш түрлі жігі болады (жай ғана «кішік», «ұлық» елдер деп бәле салу емес): олар екі одақтың екі көшбасшысы; екі одақтың әрқайсысында қатысушы немесе оған көмек көрсетуші мемлекеттер; ақыр ­ аяғында текетірес пен жанжал атаулыдан сырт қала алатын және сырт қалғысы келетін мемлекеттер. Бұл үш жікке қатысушылар әртүрлі ережелерді басшылыққа алады.

Одақтың көшбасшысы басқа астам державаның немесе оның жақтастарының күші асып кетуіне жол бермеуге және сонымен бірге өз лагеріндегі топтасқандық пен бірлікті қолдап отыруға тиіс. Бұл екі міндет толып жатқан тәсілдермен, көріністермен өзара байланысты болады. Егер одақтастардың біреуі басқа лагерьге өтіп кетсе немесе бейтарап тұғырға шығатын болса, онда күштердің ара салмағы өзгеріп кетеді. Ең жалпылама деңгейде ой өрбітіп айтар болсақ, көшбасшының өз қарауындағы одақта топтасқандықты сақтау үшін қолданатын әдістері екі түрлі болады: біреуі қолдау бағытында, екіншісі жазалау түрінде. Бірінші әдіс ­ одақтастарға артықшылықтар мен жеңілдіктер беру, ал екіншісі ­ жікшілдер мен опасыздарға санкциялар қолдану. Бұл әдістердің ақылмен қолданылуы көптеген жағдайларда байланысты болады: қарсы одақтан қауіптенетін мемлекетке өзінің астам державасы көмек кепілдігін береді, яғни оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; ешқандай қорқынышы жоқ мүшеге қаражат жағынан көмек көрсетеді, ал енді не көмекке, не сөзге көнбейтін мемлекетке қоқан­лоққы жасауға тура келеді. Фукндид өзіне­өзі мынадай сұрақ қойған: Афина өзі жетекшілік еткен одақтың ыдырап кеткендігі үшін қаншалықты кінәлі еді, олардың бір жеңілістен кейін бір жеңіліске ұрына берген себебі не еді? Теория жүзінде тең құқықты қалалардан құралған одақ өзінше бір империяға айналып кетті; ал басқарған қожасының қалы ауыр еді, оның үстіне ол алым талап етті. Грек тарихшысының ойынша, күші астам адам әрдайым сол күшін асыра қолдануға бейім келеді.

Ал бүгінгі тарихшы мәңгіден келе жатқан жаңағы себептен басқа Фукидидтің жаңағы дәлеліне өзгеше бір мән берер еді. «Аралдық державалар» сыртқы қауіптің қатері өткеннен кейін өздігінен келгенде бұрынғы топтасқандықты сақтамайды. Өзара тең қалалардың одағы шын мәнінде бейбітшілдік танытып, өз мүшелерінің қауіпсіздігі мен бостандығынан басқа ешқандай мақсаттарды ойламаса керек еді. Ал енді Афина патернализм жолына түскен болса, онда ол өзін­өзі қаталдыққа ұрандырып, сол қаталдықтың құрбаны болып кеткен. Құлдық ұрған бағыныштылықты талап еткен күштің алдында ешкім де шыдап тұра алмайды. Белгілі бір блокқа өздерінің ұжданымен немесе қажеттік бойынша кірген саяси қоғамдастықтар да екі түрлі оймен әрекет етеді: одақтың мүдделері мен олардың өз мүдделері бір­біріне деп келіп жататыны болады; алайда одақ мүдделері олардың мүдделеріне мінсіз сәйкес келмейтін кездері де болуы мүмкін. Көп полюсті жүйедегі одақтарға ой жүзінде қайта оралып көрейікші: ондағы өзара уақытша біріккен негізгі қатысушылардың әрқайсысы өзінің басты одақтасының (немесе өзінің басты одақтастарының) күш­қуаты артып кете ме деп мазаланды; ал шындығында қарсылас (немесе қарсыластардың барлығы бірдей) әлі жеңіліп болған жоқ болатын. Ортақ жеңістің нәтижесіндегі пайдалар мен артықшылар жеңімпаздар арасында ешуақытта әділ бөлініп көрген емес: мемлекеттің салмағы оның соғыс қимылдары барысындағы сіңірген еңбегімен, көрсеткен ерлігімен өлшенбейді, оның бітім жөніндегі келісім жүріп жатқан кездегі қолда бар қару күшімен өлшенеді (1918 жылы англо­сакстар осындай «реалистік» көзқарас білдіргенде Франция шатақ шығарған).

Читайте также:  Түрік философиясы

Екі полюсті жүйедегі одақтастар арасындағы бәсекелестіктің сипаты мұндай болмайды. Тиісті одақ өрнегі неғұрлым айқын көрінген сайын, екі астам державаның өз әріптестерінен басымдығы соғұрлым басым болады және одақтардың тұрақтылыққа ұмтылған ниеті соғұрлым күшейе түседі. Бір тұрақты одаққа қарсы тұрған тағы сондай тұрақты одақтың мүшесі ретіндегі қандай да бір екінші дәрежелі мемлекет сол өз одағының қауіпсіздігін немесе жеңісін өзінің ең жоғары дәрежелі мүддесі деп санайды, ­әрине, сол одаққа өз еркімен кірген болса. Мұндай жағдайда өзінің бәсекелес ­ әріптестерінің күш­қуаты арта түсуіне көне қою қиын болмайды. Фукидидтің бізге неше мәрте дәлелдеп айтуына қарағанда, Афина өз одақтастарында қорқыныш пен қауіп туғызып отырған. Екінші дәрежелі мемлекеттер өз «блогымен» ынтымақты түрде мықтап байланыстымыз деп сезінген болар еді (оның табысы ­ менің де табысым деген сияқты), бірақ ол үшін де олардың әрқайсысының тағдыры тәуекелге тігілмейтін және әріптестерінің күшейгенінен опық жемейтін болуы және одақтың көшбасшысы оның мүшелері үшін шын мәнінде қорғаныш және төреші болуы керек. Бірақ мұның өзі, былайша айтқанда, сирек яғни теория жүзінде ғана болатын жағдай. Ал енді дүние шіркін өз болмысынан айнымайтын болғандықтан, әрбір саяси қоғамдастық одақтың саясатын өзінің төл мүдделеріне қарай бұруға және өзінің міндеттерін шешу үшін одақтық күштерді неғұрлым көбірек бөлуге тырысады. Одақтастық дипломатиясы мен стратегиясының қиындықтары, ортақ идеологиямен немесе сыртқы қауіптің ортақтығымен нығыз беркітілген тұрақты одақтарда біршама бәсеңсігенмен де, өздерінің түпкі мәніне келгенде әрдайым бір сыңайлы ауыр болады: айла­амалдың әр алуан әдістері мен түрлері, соғыстар, жеңістер ­ барлық әріптестерге бірдей артықшылық әкеле бермейді.

Тіпті әріптестер неғайбылдық пен сәттілікті бағалауда толық бірауызды болғанның өзінде де ­ ал енді бағалаудың күдігі көп болғандықтан, бірауызды болуы тіпті де мүмкін емес, ­ олардың арасында таласқа ілік көп болады. Оның себебі ­дипломатиялық және стратегиялық әдістер мен жолдардың ықтимал түрлері одақтастар үшін, тіпті ашық одақтастар үшін де, тікелей шығындардың, сондай­ ақ ықтимал пайдалар мен артықшылардың әрқилы дәрежеде бөлінуін алға тартады. Ал енді қосылмаған елдерге келетін болсақ, оған жататындар ­ ең алдымен жүйеден сыртқары тұрған саяси қоғамдастықтар. Көп жағдайда олардың белгілі бір одақты жақтап шығатын реті жоқ керек десеңіз, соғысып жатқан топтардың әлсіреуі нәтижесінде олардың қарап отырып ұтып шығуы мүмкін. Қалай болғанда да жүйеден сыртқары тұрған мемлекет ақыр ­ аяғында өзінің есебіне қарап іс қылады, атап айтқанда: екі лагерьдің біреуі жеңсін деп, соған көмектескен жағдайдағы шығынынан соның жеңіске жеткендегісінен табатын пайдасы молырақ болады ­ ау деген қорытындыға келеді; немесе өзі бейтарап қалған жағдайда өзіне жат лагерь жеңіп кетеді­ау деп қауіптенеді. Осы соңғы жағдай 1917 жылғы американдардың араласуына ықтимал себеп болып табылады (мұның өзі сол араласудың басқа себептерін де жоққа шығармайды).

Читайте также:  Программ барлық жерде үйлеспеу себебі

Бәлкім, Пелопеннес соғысының аяқ кезінде парсылардың араласуын бірінші жағдайға жатқызуға болар. Ал егер әңгіме жер аумағы жағынан жүйенің ішінде отырған мемлекеттер жайында болса, олардың: әйтеуір бір жаққа шығуы керек пе әлде бейтарап күйде қалуы керек пе ­ деген таңдауы, егер мұндай мемлекеттердің барлығы да бейтараптықты жақтайды деген қағидаға сүйенер болсақ, олардың жалғыздық жағдайы қандай дәрежеде қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады деген сұраққа байланысты болмақ керек. Мұндай жағдайда шағын мемлекеттердің географиялық жағдайы мен өз ресурстары деген екі мәселе шешуші фактор ретінде көрінеді. 1949 жылы Антлантика шарты жасалғанда, соған қосылмаған Швейцария мен Швеция темір тордың батыс жағындағы құрлықта ең күшті армиялары бар мемлекеттер деп саналып еді. Ал бұған керісінше, деп жазады Табодэ, Фукидидтің пікірлерін түсіндіре келіп, теңіз державасы бірде­бір аралдың бейтарап күйде қалуына төзе алмас еді. Көп полюсті және екі полюсті өрнектер бір­біріне үзілді ­ кесілді қарама­қарсы емес. Негізгі қатысушылардың ішіндегі әрбір мемлекет өте бір сирек жағдайда ғана қалған мемлекеттердің барлығына бірдей, әрі қарсылас және әрі ықтимал әріптес болып шығуы мүмкін. Ал қарама­қарсы полюсте өздерінің жағдайына және орналасуы жағынан екі ғана қарсылас болады. Тіпті олар идеялық жағынан жау болмаса да, осылай болуы ықтимал.

Бірінші жағдайда одақтастық уақытша ғана, ал екінші жағдайда ұзақ мерзімді болады: бірінші жағдайда одақтастарда ешқандай көшбасшы болмайды, олар ешкімді көшбасшы деп танымайды; екінші жағдайда ­ екі жетекші ойыншыдан басқалардың барлығы да көшбасшының ырқына бағынышты болады. Бірінші жағдайда бірсыпыра қоғамдастықтар одақтастықтан сырт қалады, ал екінші жағдайда ­ барлық қоғамдастықтар ерікті­еріксіз түрде белгілі бір көшбасшыны жақтап, белгілі бір блокқа кіреді. Әрине, аралық өрнекті полюстер де болуы мүмкін; тіпті таза күйіндегі қатынас түрлеріне қарағанда ондайлар жиірек көрінер де. Тіпті бір текті көп полюсті жүйеде де оған қатысушы белгілі бір мемлекеттің кез келген басқа бір қатысушыға одақтас болуы немесе оған қарсы тұруы сирек болуы ықтимал. Тиімділік жағынан есептей келгенде, нақты жағдайлар (провинцияның тағдыры, шекаралық белгілер) әлдебір мемлекеттердің тым жақындасып кетуіне мүмкіндік бермейді. Тіпті көптеген негізгі қатысушылары бар жүйенің өзінде солардың ішінде бір­екеуі басқалардан үстем болып шығады. Егерде екі одақтың арасында жаппай соғыс бастала қалса, әрбір топтағы елдердің біреуі басқаларынан басым түсіп, соларға ықпал ететін болады. Басқа сөзбен айтқанда, жаппай соғыс бұрқ ете қалған кезде көп полюсті одақ өрнегі өздігінен екі полюсті одаққа айнала бастайды. Сондықтан да Тибодэ мен Тойнби 1914­1918 жылдардағы соғысты дереу Пелопеннес соғысымен салыстыра бастады, тіпті 1914 жыл қарсаңында еуропалық жүйе әлі де көп полюсті сипатта болғанын да олар елеген жоқ. Жанжал ұлғайып, жүйеге кіретін барлық мемлекеттерді шарпи бастағандығы және бір­біріне жау екі одақтың қалыптасуы: оның біреуіне аралдағы державаның бас болуы, ал екіншісіне ­ құрлықтағы державаның бас болуы сияқты фактылар салыстырылды. Афина мен Спарта, Англия мен Германия соған мысал етіп алынды.

Читайте также:  ҚАЗІРГІ ТҮРІК ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Содан былай қарай оқиғаға түсінік берушілер Фукидидке сілтеме жасап, екі полюсті өрнек дегенді баса айтатын болды. Бірақ та грек жүйесі өзінің табиғаты мен сипаты жағынан қазіргі жүйеден мүлде басқаша екені, сол сияқты Афина мен Спартаның басқа қалалардан артықшылығы бүгінгі екі астам держава әлеміндегі артықшылықтан мүлде басқаша құбылыс екені айдан анық еді. Сондықтан да бұл жердегі әңгіме екі полюсті жүйенің қызмет етуі мен эволюциялану заңдарын тұжырымдау туралы болып отырған жоқ. Дипломатиялық қатынастардың геометриясын тек неміс әскери теоретиктері жасаған шайқас схемаларымен ғана салыстыруға болады (екі жақ қанаттан қоршап алу; Канны түбіндегі шайқас; бір жақ қанаттан бұзып өту; Лейтен түбіндегі шайқас және т.б.). Алайда шайқас схемалары сияқты, дипломатиялық өрнек үлгілері де онша көп емес; олай болатын себебі ­ белгілі бір жүйедегі күштерді болу және әскерлердің бір жерден екінші жерге ауыстырылу тәсілдері санаулы типтік модельдерге барып саяды. Сондықтан модельдер теориясы стратегтің қандай маневр қолданатынын күні бұрын айқын білуіне мүмкіндік бермейді. Сондай­ақ белгілі бір жүйе көп полюсті жүйеге айнала ма, әлде екі полюсті жүйеге айналып кете ме, ­ оны тарихшы да біле алмайды. Ең көп дегенде қолдан келері ­ екі полюсті жүйенің кейбір құрылымдық белгілерін байқап, соны еске алып отыру ғана. Ондай жүйе, бәлкім, өздігінен алғанда, көп полюсті жүйеге қарағанда тұрақсыздау және соғысқұмарлау болуы, сондай­ақ, жаппай және апатты соғысқа айналып кетуі мүмкін.

Расында да, егер саяси қоғамдастықтардың барлығы да белгілі бір лагерьге жататын болса, қандай да болмасын шағын жанжал қайткен күнде де бүкіл жүйені шарпымай тұрмайды. Толып жатқан қоғамдастықтардың қылығына қарай екі лагерьдің арасындағы тепе­теңдік шайқалып кететіні бар. «Үшіншінің» жоқтығынан екі астам держава өздері тікелей немесе өздерінің яки өзгелердің адамдары арқылы тұрақты түрде текетіресте болады. Олар өзара келісімге келу үшін шекаралық межелерді белгілеп, ықпал ету аймақтарын анықтауға, ішкі ыдырауды болғызбайтындай етіп тыйым салуға тиіс: бір лагерьдің адамы екінші лагерьге өтіп кетпейтін болуы керек, әрбір лагерь екінші лагерьдің одақтастарын азғырып өзіне қарай тартпау жөнінде міндеттеме алуға тиіс. Осы тәріздес азды­көпті нақты ережелер Пелопеннас соғысының алдындағы Грекияда да болса керек. Сол кездегі басты ойыншы саналған екі қаланың екеуіне де бұл ережелерді орындау қиынға соғатын болса керек, одан да гөрі осы ережелерді орындауға өз одақтастарын көндіру жеңілірек болғанға ұқсайды. Расында да, мұндай жүйеде екі «ұлының» арасындағы жанжалдың себебі де және сонымен бірге мақсаты да сыбайластарының тағдыры болған. Сонымен бірде, сыбайластардың қатаңдық немесе икемділік сипатына қарай, туа қалған жанжалдың жауапкершілігі ең алдымен сыбайластарға және оқиғаның тікелей себепкерлеріне жүктелетін­ді. Фукидид суреттеген Грекияда теңіздегі Афина мен құрлықтағы Спартаның басымдығы онша күшті болмаған. Күштердің ара салмағын өзгертіп жіберу үшін Керкираның немесе Коринфтің теңіз әскерлері жетіп жататын еді. «Ұлылар» одақтастарға тікелей бұйрық бере алмаған. Ал одақтастар өз мүдделері үшін көшбасшыларын қанды айқасқа айдап сала алатын болған.

Оставить комментарий