ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ АҚШ ЖӘНЕ ИРАК АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Екінші дүниежүзілік соғыстың зарда- бынан Еуразия аймағы орасан зор адам мен материалдық шығынға ұшырады, дәл осы кезде Америка Құрама Штаттарының ықпалы халықаралық деңгейде күшейді. Батыс Еуропа елдері саясат жөнінен АҚШ- на тәуелді болды да қалды, ал олардың бұрынғы отарлап алған елдерінің жерлері АҚШ монополияларының қызмет алаңына айналды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік сахнада Вашингтонның жаңа дәрежесі Америка элитасының көңілінен толық шығып отырды. 1945 жы- лы АҚШ-ң әлемнің маңызды бөлігін бақылап-басқаруды өз қолына алу қажет деген идеясын елдің мемлекеттік аппара- ты, іскер топтары, реформистік кәсіподақ басшылары, академиялық элитасы мен ба- спасөзі қолдап ала жөнелді. Соғыстан кейінгі заманда американ- дықтардың мүддесін анықтайтын бағдарламалы құжат болып 1947 жылы 21 сәуірде Құрама Штаттардың әскери және әскери-теңіз басқармалары, мемлекеттік департаментінің өкілдерінен тұратын АҚШ-ң Координациялық комитетінің дайындаған жабық баяндамасы болып та- былады. Баяндамада, атап айтқанда: „Бізге бізбен достық қарым-қатынастағылардың қолында металл, мұнай қазба байлықтары және басқа да ресурстары бар ай- мақтардың, және өздігінен стратегиялық құндылыққа ие болған аймақтардың, маңызды өндірістік қуаттылығы бар, маңызды адам ресурстары мен ұйымдасқан қарулы күштер, сондай-ақ саяси және пси- хологиялық себептерге байланысты АҚШ- на әлемдік тұрақтылық пен қауіпсіздікке әсер етуіне мүмкіндік беретін аймақтар болғаны маңызды”, — деп атап көрсетілген /1, 30/. Әлемдегі мұнай қорының 2/3 бөлігін иемденіп отырған Парсы шығанағы бас- сейіндегі мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Вашингтонның қырағы көзіне шалынды. 1944 жылы Таяу және Орта Шығыстағы өндірілген мұнайдың 40% американ корпорацияларын бақылауында болды, ал 1955 жылы таяу- шығыстық аймақтың мұнайының 50% американ компаниялары өндірді де, Еуро- па мұнай импортының 90% көбінен қамтамасыз етті. Бірақ АҚШ Парсы шығанағының көмірсутектекті ресурста- рын толық бақылауға алғысы келді. ХХ ғасырдың ортасында Таяу және Орта Шығыста амеркандық әскери-саяси және экономикалық үстемдіктің орнауына негізгі сүйеніш Иран, Сауд Арабиясы мен Израиль болды. Вашингтонның жоспары бойынша Таяу Шығыста, атап айтқанда, Иранға Таяу Шығыстағы тұрақтылық ту- ралы американдық түсініктің аумағына симайтын жағдайлар туындап жатқан жағдайда, бұл аймақтың ішкі істеріне ара- ласу үшін „полицейлік қызметтер” бөлінді. Соғыстан кейінгі кезеңде Ақ үй әлем мұнай қорының 10% иемденген және маңызды стратегиялық жағдайы бар Иракқа бақылау орнатуға көп көңіл бөлді. АҚШ Бағдадқа орнатылған ағылшын саяси және экономикалық үстемдігінің жойы- луына және оны американдық әсер етуге ауыстыруға үлкен қызығушылықтары ба- рын көрсетті /2, 142/. 1945 жылдан кейінгі Американ-Ирак қатынастарының даму тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады: 1) 1945- 1958 жылдар. АҚШ-ң Таяу және Орта Шығыстағы әскери-стратегиялық жүйеге Иракты тарту кезеңі; 2) 1958-1967 жылдар. 1958 жылғы Ирактағы төңкерістен кейінгі, Иракта американ әскери-стратегиялық бағытының қалпына келуіне күрес кезеңі; 3) 1967-1980 жылдар. Ирак пен АҚШ-ң дипломатиялық (елшілік) қатынастарының тоқталуына байланысты саяси егестер ке- зеңі. 4) 1980-1991 жылдар. АҚШ пен Ирак арасындағы стратегиялық әріптестік орна- ту кезеңі. Бағдад басшылығының АҚШ-пен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысуы, оның Иракқа британ ықпалын теңестіру мақсатында, бұл елде американдық бағыттың бекуіне көмектесті. 1954 жылы 25 сәуірде Бағдад пен Вашингтон екі елдің арасында Иракқа америакндық әскери қару-жарақпен қамтамассыз етулерді қарастыра алатын әскери миссиясының құрылуы, Құрама Штаттарда Ирак әскери мамандарын даярлау мен Ирак армиясын американдық кеңесшілердің тексеруі тура- лы келісім шартқа қол қойды /3, 97/. 1955 жылы Вашингтонның қолдауымен Орта Шығыста Бағдад пактісі құрылды, оған АҚШ, Пакістан, Иран, Түркия, Ирак және Ұлыбритания одақтас болып кірді. Бағдад пактісі 2 мақсат көздеді: 1. Оңтүстік Азия мен Таяу және Орта Шығыста ұлттық-азат ету қозғалысының өсуіне қарсы тұрды; 2. NATO (North Atlantic Treaty Organization — Солтүстік атлантикалық альянс), SEATO (South-East Asia Treaty Organization – Оңтүстік-шығыс азия әскери-саяси одағы (1954-1977 жж.): АҚШ, Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Фи- липпин және Пәкістан. Және ANZUS (Australia, New Zealand, United States) 1951 ж. құрылған әскери-саяси одақ секілді КССРО-ны, Қытайды, Шығыс Еуропаны, Батыс Корея мен Батыс Вьетнамды қоршап тұратын тағы бір әскери одақ құру /6, 125/. 1954-1958 жылдардағы американ- ирак әскери ынтымақтастығының сарапта- масына жүгінсек, Құрама Шттардың стра- тегиялық жоспарында Таяу және Орта Шығыста Ирактың маңыздылығы өскен. Егер 1954-1957 жылдары Бағдадқа Ва- шингтоннан 12 млн. доллар тұратын қару- жарақтар мен 11-ақ американдық әскери кеңесшілер жіберілсе, 1958 ж. бұл елге американ-әскери қойылымдарының көлемі 40 млн. доллларға, ал Ирактағы американ әскери миссиясы 85 адамға өсті. Вашинг- тонның Бағдадпен әскери ынты- мақтастығының қарқындауы американ басқарушы топтарының Иракты КССРО-ға қарсы қолданғысы келген қысымға Иракты әлуетті әскери-стратегиялық плацдарм ре- тінде пайдаланғысы келген қызығушылығынан туған еді. 1957 жыл- дың соңынан бастап Пентагон Ирак ай- мағында ракета базасының құрылысын са- лу мәселесін қарастыра бастады. Осы мақсатпен 1958 жылы қаңтарға Иракқа генерал Тейлор бастаған америка- ндық әскери миссия келді, содан кейін Су- леймания мен Дивания солтүстік Ирак ау- дандарында ракета базаларын салу үшін дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. 1958 жылғы 14 шілдедегі Ирактағы қарар бұл елдегі американ әскери- стратегиялық жоспарларының жүзеге асы- рмады. Бұның өзі антиимпериалистік және буржуазия-демократиялық қасиетте болды. АҚШ Ирак төңкерісін „Куба төңкерісіне қарағанда, америакдық өмірлік қызығушылыққа қауіптірек” деп бағалады. АҚШ президенті Д.Эйзенхауер оны „Ко- рей соғысы кезеңінен кейінгі Азиядағы ең ауыр дағдарыс” деп атады. Ирак төңкерісінен кейін „Нью Йорк Таймс” ат- ты американ газеті бір апта бойы алғашқы 10 парағында тек Ирак туралы жазды /4/. Вашингтон осы жағдайдан соң Таяу және Орта Шығыстың басқа мемлекетте- рінің де Ирак төңкерісінің әсерімен саяси жағдайдың гипотетикалық болашағының тұрақсыздануына қатты алаңдаушылық білдірді. Сондықтан Батысқа тәуелді Таяу Шығыстағы Ливан және Иордан режимде- рінің құлаудан сақтап қалу үшін 1958 жы- лы 15 шілдеде 14 мың американ теңіз жаяу әскери Ливандағы „тәртіпті қалпына келті- ру үшін” жағаға түсті, ал 1958 жылы 16 шілдеде 6,6 мың британ әскерилері тура сол мақсатпен Иорданияға келді. Бұдан басқа, АҚШ президенті Д.Эйзенхауэр, американ қорғаныс минист- рлігі және Құрама Штаттардың мемлекет- тік хатшысы Дж.Ф.Даллес Вашингтонның Иракты басып алуын жоспарлады, Ирак төңкерісін басып-жаншуы Бағдадта қуыршақ өкімет орнатуды көздеді. 1958 жылы Иракқа қатысты Вашингтонның жо- спарына 3 фактор кедергі болды: Ирак төңкерісінің жалпыхалықтық мінез-құлқы, Біріккен Араб республикасының, егер олар Иракты басып алғысы келген жағдайды, олардың әскери күштері империалистерге қарсы күресетіндігі жайлы мәлімдемесі; Ирак төңкерісін Қытай мен КССРО-ның қолдауы /3. 109/. 1959 жылғы 24 наурызда Ирак ресми түрде Бағдад пактісінен шықты. 1955 жы- лы 4 сәуірде қабылдаған тең құқықсыз ағылшын-ирак келісімі өз қызметін 1959 жылы 30 мамырда аяқтады. Осы күні Бағдад, 1954-1955 жылдары АҚШ-н Ирак арасында жасалынған 3 келісімді жарам- сыз деп таныды: „Әскери көмек туралы”, Ирактың „Эйзенхауэр доктринасы” негізі- нде жасалынған американдық қару- жарақтар мен экономикалық „көмекті” пайдалану /4/. Құрама Штаттары, Иракқа қарсы ті- келей әскери агрессиядан бас тартты да, 1950 жылдың аяғынан бастап Бағдадқа жа- салған американ экономикалық ықпалын жоюға мүмкіндік бермеуге тырысты. Осы мақсатпен Вашингтон Ирак басшылығына тікелей саяси қысым жасаумен бірге, қарсыластарының қолдау көрсетуімен Бағдадтың режимді әлсірету үшін жанама әсер ету амалдарын да пайдаланды. Нәтижесінде Ирак президенті А.Касем американ президенті Д.Эйзенхауэрге Ира- кта американ қызығушылығы есепке алы- нды деп, оның сенімін арттыра жолдау жі- берді. Вашингтон Ирак күрдтерінің ұлттық бостандық алу жолындағы қозғалыстарына қолдау көрсету мақсатында Иранға көмектесу арқылы, Иракқа жанама қысым жасағандарына зор маңыз берді. 1950 жы- лдардың соңында Вашингтон Бағдад өкіметіне қарсы Ирак күрдтерінің күресін қолдап отырған Азиядағы өзінің басты одақтасы Иранға әскери-саяси қолдауды белсене көрсете бастады. Иракқа қатысты Ақ үйдің экспансионистік мақсатының заңды деп танылуына Таяу Шығыс елдері- нің дегдарларының арасында АҚШ-ң тара- тып жүрген қалыпты „кеңестер тұрғысынан әскери қауіп-қатер аңызы” жақсы қызмет атқарды. 1959 жылдың сәуір айында ОББ (ЦРУ) директоры А.Даллес американ кон- гресінде сөйлеген сөзінде Ирак коммунис- терінің Ирактағы өкімет билігін түпкілікті басып алуға жақын қалғанын және елдегі „әлемдегі осы таңдағы – ең қауіпті жағдай” екендігін баяндап өтті. 1960 жылы Ирак көшбасшысы А.Кесем Иракты экономика- лық саладағы отарлану мирастығынан құтқару үшін күрестің жаңа кезеңін баста- ды /5/. Ирак OPEC (Мұнай экспорттаушы елдер одағы 1960 ж. құрылды, құрамына: Иран, Ирак, Кувейт, Саудовская Аравия, Венесуэла, ал 1960-75 жж. тағы Катар, Ин- донезия, Ливия, БАӘ, Алжир, Нигерия, Эквадор және Габон кірді) құруға белсенді көмек көрсетті, ал 1962 жылы президент А.Касем Ирак мұнай көздерін пайдалану үшін мемлекеттік мұнай компанияларын құру туралы жарлық шығарды, ал ол бо- лашақта Ирак мұнай қорларын батыс ком- паниялардың (соның ішінде американ- дықтардың да) бақылауда ұстау мүмкіндігінен айыру қауіпіне ұрындырды. Құрама Штаттары Бағдадтың өз эне- ргентикасын жасау бастамасына дереу және қатаң көңіл аударды. 1962 жылы ақпан айында Ирак басшысы А.Касем француз газеті „Ле Мондеге” берген сұхбатында Вашингтоннан Ирактың ішкі және сыртқы экономикалық бағытына қатысты үзілді-кесілді талап қойылған жо- лдау алғандығы туралы мәлімдеді. АҚШ Ирак басшыларын Иракқа қарсы Вашингтонның сакнцияларын қолдану қаупін тудыру арқылы экономи- калық бағытты ауыстыруға шақырады. Ба- спасөзде бұл мәлімдеме жарық көргеннен кейін генерал А.Касемді мемлекеттік төңкеріс кезінде 1954 ж. құрылған БАСС (Араб әлеуметтік өркендеу) ирак партия- сының офицерлері атып өлтірді /6, 112/. 1963 жылы А.С.Ареф басқарған Ира- ктың жаңа басшылығы американ-ирак қатынастарын түзетуге кірісті. Бағдад Ба- тыс елдерімен, атап айтқанда АҚШ-мен экономикалық және сауда байланысын қалпына келтіруге әрекет жасай бастады. Сәлден соң американ мемлекеттік депар- таменті баспасөзге жаңа ирак режимінің халықаралық келісімдерді құрмет тұтатындығына және басты жекеменшік иесі АҚШ болған ірі Ирак мұнай компани- ясын ұлттық меншікке айналдыруға қызығушылығы жоқ екендігіне қанағаттандықтары туралы ақпарат берді. 1963 жылғы тамызда Иракта „Әлем үшін азық-түлік” атты американ бағдарламасы жүзеге аса бастады, 1965 жылы АҚШ-ң экспорттық-импорттық бан- кі Иракқа қарыз берді, ал 1966 жылы Ва- шингтон мен Бағдад ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастық туралы келісі- мшартқа қол қойды. 1967 жылы АҚШ-на жұмыс сапарымен Ирак премьер-министрі Абд Аль-Рахман Аль-Баззар барып қайтты /7, 68/. Бірақ Американың қолдауына сүйенген Израильдің 1967 жылғы маусым- дағы араб елдеріне қарсы басқыншылығы американ-ирак байланысының оң тенден- цияларын үзді. 1967 жылы маусым айында Израильге американдық қолдау көрсетуге қарсылық ретінде, Вашингтонмен елшілік қарым-қатынасты үзді, АҚШ-на мұнай жөнелтуді тоқтатып қойды, өз елінде аме- рикан өніміне бойкот жариялады және американ авиациясына Ирак әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды. Сөйтіп, АҚШ өзінің таяушығыстық стратегиясында басты ұтысты Ирак, Сауд Аравиясы мен Израильге тіккендіктен, 1958 жылғы төңкерістен кейін жаңа Бағдадтың режимді Таяу және Орта Шығыстағы американ саясатының ағына жатқыза алмады. Оның үстіне, американ дипломатиясы Ирак саясатында толық күйреуге ұшырады, ал оның нәтижесі 1967 жылғы Бағдадпен дипломатиялық қатынастың үзілуі болып табылады. 1968 жылы Иракта кезекті мемлекет- тік төңкеріс болды, соның нәтижесінде ел- дің басшылығына БААС партиясы келді. Бірақ жаңа Ирак әкімшілігі американ-ирак қатынастарының жақсаруына қызығушылық танытқан жоқ. БАСС пар- тиясы ұлы державалармен өз қатынасын „поляризация орталығы” концепциясының негізінде құруға тырысты? Олардың ең ба- стылары КССРО мен АҚШ — әрқайсысы қалған әлемді өз политикалық мүдделерінің аумағына тартып алуға ты- рысты. Сондықтан баасистік Ирак екі жақтың бірінің ымырасыз қоршауына түсіп қалмауға тырысты және дамушы ел- дерде ұлы державалардың ықпал жасау аймағының ұлғаюына қарсы тұрмақ бол- ды. Нәтижесінде Вашингтонның Израиль- дің экспансионистік мақсатына қолдау жа- сауына пайда болған американ-ирак қатынастарының одан әрі ұшығуы байқалды. Оның үстіне Израильге қарсы саяси күрес ирак басшылығының Таяу және Орта Шығыстағы сыртқы саяси стратегиясының өзегі болып табылады /10, 41/. 1967 жылдан бастап көп жылдар бойына Вашингтон Иракпен дипломатия- лық қатынастарды қалпына келтіруге бір- неше әрекеттер жасады, бірақ Бағдадтың қарсылығына тап болып отырды. Ирак- тың сыртқы саяси тұжырымдамасы АҚШ- мен ымыраға келтірмеді. Бағдадтың антиимпериалистік бағыты Вашингтонның шамына тиді, Ақ үй Сауд Аравиясы мен Иранды Иракқа қысым көрсету үшін пайдаланды, себебі осы арқылы Ирактың АҚШ-на қатысты сыртқы саяси бағытын біршама қарқынды жүргізуге итермелемекші болды, бірақ бұдан нәтиже шыққан жоқ. Енді Вашинг- тон „Ирактың көкесін таныту керек” деп, баасистік режимді әлсірету мақсатында күрд қозғалысын қару қылып алуға күш сала бастады. 1979 жылы Каир мен Тель- Авив арасында Вашингтонның делдал- дығымен Кэмп-Дэвид келісімне қол қойылғаннан кейін Ирак Израильге қарсы күресте арабтардың мүддесіне сатқындық жасағаны үшін деген айыппен Епипетті жазалау және оқшаулауға арналған араб елдерінің саяси компаниясын басқарды. Сондай да Вашингтон мен Бағдад арасында саяси байланыс үзілген жоқ. Ирактағы американ мүддесін Бағдадтағы бельгиялық елшілік көрсетіп отырса, ал АҚШ-ғы Ирак мүддесін Вашингтондағы Үндістанның елшілігі арқылы жүзеге асып орырды /9/. 1970 жылдары американ саяси истеб- лишментінің арасында араб елдерінің кей- бірінде тіпті оларда төңкерістік фразеоло- гизмдер сақталып отырса да, саяси режим- дерді „дерадикализациялау” мүмкіндігін жіберуге болады деген тұжырымдама кең тарап кетті. АҚШ бұл режимдермен бай- ланыс торабын сақтай отырып, қолдағы бар құралдарды пайдалана отырып, оларға ықпал жасауды тоқтатпауы керек болды. Осыдан барып Вашингтонның Таяу Шығыста АҚШ-на саяси сүйенішті тек проамерикандық режимдер арасынан ғана емес, радикалдық ұрандар тастай отырып және сол мезетте Құрама Штаттармен сая- си компромиске, тіпті солармен экономи- калық байланысты дамытуға дайын басқа да режимдер арасынан іздеу бағыты пайда болды /3, 135/. АҚШ Ирак саясатында өз мақсаттарына жету үшін Бағдадпен сауда- экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланысты қарқындатуға ұмтылды, себе- бі Бағдадтың 1972 жылы Ирак мұнай өндірісін ұлттық қорға айналдырғаннан кейін олардың экономикалық бағыты қатты бекілген болатын. 1973 жылдан бас- тап Бағдад американ өнімдерінің кең ауқымды номенклатурасының импортына тыйымды алып тастағаннан кейін амери- кан-ирак сауда-экономикалық қатынастары жақсара бастады. Басқа жағынан, 1973 жылдан кейін мұнайдың әлемдік құны көтерілгеннен кейін, Батыс елдері мен АҚШ, атап айтқанда, Ирак көмірсутекті шикізатын өткізуге таптыр- майтын рынок болды. Нәтижесінде тек қана 1973-1974 жылдары АҚШ-ң Иракқа импорты 56 млн.доллардан 284 млн.долларға, ал 1980 жылы 700 млн. жуық долларға дейін өсті. Вашингтон мен Бағдад арасында дипломатиялық байланыс жоқ кезеңде американ компаниялары Ирак нарығына өздерінің еуропалық филиалда- ры арқылы немесе үшінші елдердің фили- алдары арқылы өтуге ұмтылды /8, 123/. Иракқа жіберілетін американ экспор- тының құрамында байланыс құрал- жабдықтары, ұшақтар және бүтін мұнайхимиялық зауыттар қамтамасыз ете- тін жабдықтар кіргізілген. Ирак мұнайының Құрама Штаттарына экспорты да біршама өсті. 1976 жылы Вашингтон 123 млн.долларға ирак мұнайын сатып ал- са, ал 1979 жылы ол 671 млн.долларға дейін көтерілген. Бельгия елшілігіндегі АҚШ-ң мүддесін жүзеге асыру бөлімі мен ирак мүддесін жүзеге асыру бөлімі, Бағдад пен Вашингтонда орналасқан, американ- ирак экономикалық қатынастарының қарқындау шамасына қарай кеңейе баста- ды. Бір мезгілде Вашингтон Құрама Штат- тарында білім алғысы келген Ирак азамат- тарына виза беруді ұлғайтты (1977-1980 жылдарда ғана 3 есе). Сондықтан, 1978-1979 жылдардағы Иран төңкерісіне дейін АҚШ-ң таяу- шығыстың саясатында басты рөлі Иран, Сауд Аравиясы мен Израильге берілген еді. Таяу және Орта Шығыста американ стратегиялық және экономикалық мүддесінің гаранты болып нақ осы елдер саналды, ал Иракқа АҚШ-ң таяушығыстық саясатында бөлінген рөлі жанама ғана бо- лды. 1967-1980 жылдары АҚШ-ң ирак саясатының басты мақсаты Иракпен дип- ломатиялық қатынастарды жаңарту және осы елдегі американ монополияларының экономикалық орнын қалпына келтіру бо- лды. Осымен бірге Вашингтон 1970 жыл- дары араб елдерімен қатынастары туралы жаңа тұжырымдамамен қаруланғаннан кейін американ-ирак қатынастарының жақсаруы ұзаққа созылатыны байқалды. 1979 жылы Иранда ислам төңкерісінің жеңісінен кейін Парсы шығанағы бассейі- ніндегі АҚШ-ң саяси бағытының негізгі қарсыласы Тегеран болды. Ақ үйді Таяу және Орта Шығыс елдеріне ислам төңкерісі идеясының тарау мүмкіндігі қатты алаңдатты, себебі ол бұл елдердің Құрама Штаттардың ықпалынан қайырылмастай болып шығып кету қаупін туғызған еді. Нәтижесінде АҚШ-ң Иран режиміне қарсы және Парсы шығанағы аймағындағы Вашингтонның геополити- калық орнын қалпына келтіру жолындағы күресі 1970 жылдардың соңынан бастап таяушығыс аймағындағы американ сыртқы саясатының басты мақсаты болды. Сөйтіп, Иракқа қатысты американ саясатының себебінің негізінде оның Парсы шығанағы аймағындағы маңызды әскери-стратегиялық жағдайы мен орасан зор мұнай қорын иемденуі болып табылады. 1945-1958 жылдардағы АҚШ-ң ирак саясатының мақсаты, бәрінен бұрын Иракты әскери-саяси альянсқа Таяу және Орта Шығыстағы американы жақтаушы режимді – Иранмен, Сауд Аравиясымен, Түркиямен және Пакистанмен қосуды анықтау, ал содан кейін бұл елдегі Құрама Штаттарының мұнай концерндерінің экономикалық мүдделерін анықтау болып табылады. Ирак төңкерісінен кейін 1958 жылғы 14 шілдеден 1967 жылға дейін АҚШ-ң Иракқа қатысты сыртқы саяси стратегиясының басты міндеті Бағдадты таяу шығыстың әскери блокқа қайтару (Бағдад пактісі) және бұл елдегі американ коммерциялық мүддесіне қысым жасауды болдырмау болды. 1967-1980 жылдары Вашингтон Иракпен арада үзілген елшілік қатынастарды қалпына келтіруге ғана тырысқан жоқ, 1968 жылғы баасистік төңкерістен кейін толық тәуелсіздігін алған және Таяу Шығыстағы американ мүддесіне қарсы шыққан Бағдадтың ішкі және сыртқы саяси бағытын түзетуді ойлады. 1979 жылы американ-ирак конфронтациясының басталуы мен тегеранның американ ықпалынан шығып кетуі – Таяу және Орта Шығыстағы АҚШ саясатында Ирактың маңызын арттырды. Вашингтон Иран мен Ирактың әскери қарама-қайшылықтарына ұтыс тікті, себебі оның басты мақсаты 1978-1979 жылдардағы Ирандағы ислам төңкерісінен кейні жоғалтып алған американ әскери- саяси және экономикалық басымдылықтарын қалпына келтіру болды.

Читайте также:  ИСЛАМ ИНВЕСТИЦИЯСЫ ЖƏНЕ ИСЛАМ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАЛУЫ

Оставить комментарий