ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОН ОТБАСЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Отбасы қайталанбас саяси – әлеуметтік ин- ститут, жеке адам мен мемлекет арасындағы дәнекер, ұрпақтан ұрпаққа негізгі құндылық- тарды жеткізуші болып табылады. Сонымен қатар кез келген қоғамдық ұйым сияқты, заман қыспағына өзінше төтеп беріп, ұлттық қоғамдық мүдделерге сай қызмет ете және оларды объек- тивті қажеттілік ретінде қалыптастыра отырып, қоғаммен бірге дамиды. Отбасында ұлттық, қоғамдық өмірдің негізгі жетістіктері, қиыншылықтары мен қайшылық- тары өз көрінісін табады. Солай бола тұра, отба- сының халық, қоғам өміріне ықпалы зор, ол адамды үздіксіз дамытуында және адамзатты жалғастырушы ретінде шешуші рөл атқарады, оған бала және жасөспірім тәрбиесіндегі, жеке тұлғаның физиологиялық әрі рухани дамуын- дағы үлкен міндеттеме жүктеледі. Отбасы тарихи, ұлттық даму процесінде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге дағдыла- ну барысында елеулі өзгерістерге ұшырайды. Отбасы материялдық өндірістің ерекше түрі ретінде әрбір ұлт пен бүкіл қоғам дамуының негізгі факторларының бірі болып есептеледі. К.Маркс өзінің еңбегінде «отбасы – бұл өндіріс түрі және оның жалпы заңына бағы- нады» деп ашып көрсеткен. Жапон мемлекеті екінші дүниежүзілік со- ғыстан кейін мемлікеттің әлеуметтік-экономи- калық деңгейін дамытуды алға қойды. Мемле- кеттің экономикалық деңгейін дамыту жолында батыстың даму үлгісін тиімді пайдаланды. Қа- зіргі таңда жапон мемлекеті саяси – экономика- лық даму жолында батыстың модернизациялық, ғаламдану, сонымен қатар ғасырлар бойы дамы- тып келе жатқан дәстүршілдік қатынасты шебер пайдалануда. Жапон қоғамындағы әйел адам және ер адам арасындағы қарым-қатынас конфуцишілдік ілім бойынша дамыған. Жапон елінде де «патернализм» дәстүрлі от- басы жүйесі қалыптасқан. Ұлттық отбасы жүйе- сінің қалыптасуының соңы Токугава кезеңі (1603-1867), бұл жүйе 1898 жылы заң жүзінде азаматтық кодекспен бекітілді. Отбасының жаңа жүйелері ескі жүйені толықтырып отырды [2, 37]. Жапон тілінде дәстүрлі отбасы жүйесін «иэ» деп атайды, «үй» немесе «отбасы» деген мағы- наны білдіреді. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жапон отбасы жүйесін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған үлкен отбасы құрған болатын. Бұл кезеңде отба- сы жүйесі қатаң иерархиялық жүйемен реттел- ген. Әке – шешенің балаға деген ықпалы жоға- ры болды. Тұрмастығы әйел адам күйеуіне және күйеуінің отбасына толығымен тәуелді болған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапон от- басы жүйесі толығымен өгеріске ұшырады. 1947 жылы жаңа конституцияның қабылда- нуының нәтижесінде Жапонияның бұрынғы аза- маттық заң жүйесіне өзгертпелер енді. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін құрылған жапон азаматтық заң жүйесі 1896 жылы Мэйдзи дәуі- рінде құрылған болатын. Жапон отбасы жүйесі осы заңдарды бірнеше ғасырлар бойы берік ұс- тап келді. Бұрынғы отбасы жүйе бойынша жа- пон отбасы жүйесі бірнеше туысқандық қарым- қатынастан тұратын отбасылардан тұрған. Отба- сы жүйесі үлкен отбасыларға бөлініп, бұл отба- сыларды зиялы ақсақалдар басқарған болатын [3, 7]. Мэйдзи кезеңінде жапон отбасы жүйесі дәс- түршілдік қатынас бойынша дамыды. Самурай- лар отбасы конфуцишілдік ілім бойынша өмір сүрді. Жапон отбасы жүйесінде, отбасы жүйесін жалғастыратын, сонымен қатар отбасы жүйесін басқаратын жауапкершілік, ер адамға жүктел- ген. Дәстүрлі отбасы жүйесінің ерекшелігі, от- басын басқару жүйесін ұрпақ жалғастырушы үйдің үлкен ұлына басқару тізгіні берілген. Со- ғыстан кейін құрылған демократиялық құры- лымдар отбасы жүйесіне әсер етті. 1948 жылы құрылған азаматтық кодекс нәтижесінде, ескі патриархалдық жүйе қирап, қоғамның барлық салаларында әйел адам мен ер адамның теңдігі орнатылды. Жаңа конституцияның 24 бабы бойынша, ер адам мен әйел адам теңдігі жария- ланды, неке шарты да екі жақтың келісімі арқы- лы жүзеге асу шарты бекітілді [4, 43]. Дегенмен «иэ» жүйесі тек жаңа зандардың ықпалынан ғана әлсіреген жоқ, сонымен қатар соғыстан кейінгі модернизация, әлеуметтік-экономика- лық жүйелердің жаңадан құрылуы «иэ» жүйесі- нің дамуына әсерін тигізді. Тез қарқынды экономикалық жүйенің даму кезеңінде, жапон отбасы жүйесі біршама өзге- рістерді басынан кешірді. Бұрынғы жапон отба- сы жүйесін бірнеше туысқандық қатынастан тұрған отбасы жүйесі құраса, жаңа отбасы жүйесін күйеуі, әйелі және бір немесе екі бала- дан тұратын отбасы құрайды. Фукутакэ Тадаси атты әлеуметтанушының айтуы бойынша соғыс- қа дейінгі «иэ» жүйесінде әйелдер тек келін бо- лып, енелерінің әмірімен өмір сүрсе, ал соғыс- тан кейінгі «иэ» жүйесінде әйелдер өз отбасын басқару тізгінін өз қолдарына алуымен ерекше- ленеді, – дейді [2, 13]. Отбасы жүйесіне қатысты заңдар өзгеріске ұшырасада, жапон отбасы жүйесі дәстүршілдік қарым-қатынасты әлі күнге дейін сақтап келуде. Жапон әлеуметтік-экономикалық дамуының не- гізгі факторы дәстүрлі отбасы жүйесі болып табылады [2, 39]. Мэйдзи кезеңіндегі азаматтық заң ережелер бойынша жастар неке құру үшін екі жақ ата- ананың да келісімі қажет болған. Осы кезеңде некеге ер балалар 17 жастан, ал қыз балалар 15 жаста тұрған. Некеге тұрған әйел адам күйеуінің тегін алуға міндетті болған. Отбасы мәселелер- ді, шешімді, қаржыны ер адам көтерген. Жапон ғалымдарының деректеріне сүйенетін болсақ ескі заң бойынша әйел адам ер адамға толықтай тәуелді болғанын көруге болады [6, 11]. Жаңа азаматтық заң жүйесі бойынша, отба- сы жүйесінің ескі ережелері қысқартылып, жаңа заңдарға сәйкес отбасы жүйесінде жаңа ереже- лер қабылданды. Жаңа ережелердің қабылда- нуына қарамастан, жапон отбасындағы бірінші орын ер адамға жүктелген, сонымен қатар ер адам отбасын асыраушы міндетін жалғастырып келуде [6, 45]. Мұрагерлік құқыққа байланысты қабылдан- ған заңға тоқталатын болсақ, жаңа конституция- ның нәтижесінде мынадай өзгертпелер енгізілді. Ескі азаматтық заң бойынша үлкен отбасының мұрагері тұңғыш ұл болып есептелген. Егерде отбасында үлкен ұлдан басқа ұлдар болатын жағдайда мұраның бір бөлігі ғана осы ұлдарға тиесілі болған, ал қыз балалардың мұрагер ретінде құқықтары болмаған. Жаңа азаматтық заң бойынша, ескі мұрагерлік заң жойылып, ер бала және қыз бала мұрагер ретінде тең құқықтарға ие болды. Бұл дегеніміз жаңа азаматтық заң бойынша отбасындағы әрбір балаға ата-ана мұ- расы тең дәрежеде бөлінетін болды. Сонымен қатар жаңа отбасын құрған ерлі-зайыптылар, жаңа отбасы мұрагерлік заңына сәйкес бірге жинаған мұраларын неке шартына тіркеуге не- месе екі жақтың келісімі бойынша, мұрагерлікке беру және қай мүлікті күйеуі немесе әйелі ием- дену керек екендігі өзара келісім бекіту арқылы жүзеге асыратын болды. Ескі заң бойынша, мү- ліктік мұрагерлік ер адамға ғана берілсе, жаңа заң бойынша, отбасы мүлкі ер адамға және әйел адамға, жалпы отбасы мүшелеріне тең дәрежеде бөлінетін болды [2, 40]. Ер адам және әйел адамның ажырасу мәсе- лесіне тоқталатын болсақ, ажырасу ескі жүйе бойынша ажырасу кеңесі арқылы жүзеге асса, жаңа жүйе бойынша, соттық ажырасу арқылы орындалатын болды. Ажарасу мәселесін қарас- тыратын кеңес сол ауылдың немесе сол қаланың үлкен зиялы ақсақалдары құрған болатын. Ажы- расуға дейін ер адамның отбасы бұл мәселені толық қарастыруға міндетті болған. Жаңа заң бойынша, ажырасатын адамдардың ғана келісімі арқылы ажырасу жүзеге асатын болды. Ескі заң бойынша ажырасудың себеп салдары толық қа- растырылғанымен, ер адам және әйел адам тең құқылы дәрежеде болған жоқ. Ерлі зайыптылар ажырасқан жағдайда, ескі заң бойынша балаға ер адам жауапты болатын, ал жаңа заң бойынша баланың әкесі және анасы балаға тең дәрежеде құқылы болды, сонымен қатар бұл мәселе жан жақты қарастырылып сот шешімі арқылы ғана жүзеге асатын болды [7, 153]. Ескі заң бойынша, күйеуі дүниеден кеткен жағдайда әйел адам екінші рет тұрмыс құратын жағдай туындаса, әйел адам күйеуінің әке ше- шесінің рұқсатын алуға міндетті болған. Ескі заң бойынша ата-ененің көз қарасы немесе шешімі маңызды болған. Жаңа заң бойынша, күйеуі немесе әйелі дүниеден кеткен жағдайда сот үкімінің арызы бойынша бұрынғы неке жойылып, ер адамға да әйел адамға да жаңа от- басын құру заң бойынша рұқсат етілді. Соны- мен қатар жаңа заң бойынша әйел адам күйеуі- нің тегін өз қалауы бойынша алуға, өзгертуге немесе мүлдем алмауға құқылы болды [8, 58]. 1948 жылы жаңа азаматтық заңның құры- луының нәтижесінде ажырасу мәселесі жапон қоғамында көбейгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте аз көрсеткішті құрады. Мысалы 1000 отбасынан 1 отбасы көлемінде болды [9, 49]. Ескі азаматтық заңмен салыстыр- ғанда жаңа заң ер адам және әйел адамды тең құқық пен қамтамасыз етіп, әрбір адамның құқығын құрметтеу құндылығы алға қойылды. Ескі жүйе терең тамыр жайғанымен, жаңа жүйе көптеген өзгерістерге алып келді. Екі жақ бір – бірінің құқығын құрметтеу құндылық жаңа жүйенің маңызды ерекшелігі болып есептелді. Қоғам қайраткерлерінің пікірлері бойынша, ескі жүйе жаңа жүйемен салыстырғанда рухани жағынан бай, сонымен қатар тұрақты отбасылар саны өте көп болған деген пайымдаулар жиі кездесіп тұрады. Ал жаңа жүйе әрине заман ағымының дамуына байланысты пайда болды. Жаңа жүйе дәстүрлі отбасы жүйесінің дамуына ықпалын тигізуде. Жаңа жүйелерден бала саны- ның азаюы, қарттар санының көбеюі сияқты жаңа қоғамдық мәселелер туындай бастады. Жапон мемлекетінің жаңа конституциясы- ның нәтижесінде жапон ерлері және әйелдері арасында теңдік заң жүзінде орнатылды. Теңдік жүйесі әсіресе білім жүйесінде айқын байқалды, өйткені жапон әйелдері ерлермен тең дәрежеде білім ала бастады. Сонымен қатар әйел адам жә- не ер адам теңдігінің жариялануы, жапон әй- елдері үшін жаңа әлеуметтік салалар ашылды. 1948 ж. азаматтық кодекс іс жүзінде әлсіз болса да, жапон әйелдерін құқық және еркіндік пен қамтамасыз етті. Осы азаматтық кодекс нәтиже- сінде жапон әйелдері үшін мынандай мүмкін- діктер туындады: жоғары білім алу, әр түрлі қо- ғамдық ұйымдарда жұмыс істеу, жұмыс саласын тандау және т.б. [10, 153]. Дәстүрлі «иэ» атты отбасы жүйесі қазіргі таңға дейін, жапон отбасының психологиясына әсерін тигізіп келуде. «Иэ» жүйесі негізінен «үй, отбасы, еке шаруашылық», сонымен қатар тек жапон ұлтына тән дәстүршілдік отбасы жолын жалғастыру түсінікті айқындайды. Дәстүрлі «иэ» жүйесінің концепциясы, отбасындағы бас- шыға табынуды негізге ала отырып, жапондық- тардың ұйымшылдық санасының негізінде құра- лады. Қазіргі таңда жапон компаниялары осы «иэ» концепциясының идеологиясын іс жүзінде жүзеге асырып келуде, жалдамалы жұмысшы- лардың барлығы бір отбасы негізінде, басшы- сына сөзсіз бағынып, жұмысшылардың барлығы қызмет атқарып жатқан жердің туған мүшесіне айналғандый жұмыстарын жоғарғы жауапкер- шілікпен атқарады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін консти- туция және азаматтық заңның жаңадан құры- луының нәтижесінде, отбасы жүйесінің құрылы- мының негізі анықталып, экономикалық даму кезеңінде қалалы жерлерде «сарариман – фирма қызметкері» — деп аталатын қызметкерлер отба- сы көбейе бастады. Экономикалық қатынастың шарықтау кезеңінде отбасы жүйесінде ерлер және әйелдер атқаратын іс-әрекеттері бөлініп, отбасы жүйесінің соғыстан кейінгі түрі пайда болды. Отбасы заңы бойынша әрбір жапон аза- маты бір рет некеге тұру, сонымен қатар неке заңын сақтауға міндетті болды. Некелесу заңын- да ажырасатындай мәселе туындаса, екі жақтың міндетті жауапкершіліктері көрсетілген. Ер адамның қызметін ұзақ уақыт үйден тыс атқа- руы, әйел адамның үй шаруасы, бала тәрбиесін қадағалауы әрбір отбасына белгіленген міндет ретінде бекітілді [2, 27]. Өндірістік кәсіпорындар экономикалық да- му кезеңінде шебер жұмысшыларға тәуелді бол- ғандықтан, үкімет жұмысшыларды қаржылай қамтамасыздандырып, қарапайым жұмысшы- лардың отбасыларына жағдай жасап, сақтан- дыру жүйесімен толық қамтамасыздандырды. Осы кезеңде отбасын құрған жапон жастарын екіге бөліп қарастыруға болады. Өздері таны- сып неке құрғандар және таныстыру арқылы неке құрған отбасылары болды. 1960-1970 ж. тұрмыс құрған әйелдердің жас көрсеткіштері 23-24 жасты құрады. Осы жастағы тұрмысқа шықпаған қыздар шамамен 18,5 пайызды құрады. 1960 жылдары үй шаруасы, бала тәрбиесі, сонымен қатар отбасында үй шаруасына қажетті техниканың пайда болуы, дамуы, дайын зат- тардың көбеюі үй шаруасындағы еңбекті жеңіл- детті [11, 58]. Соғыстан кейінгі экономикалық, әлеуметтік үдерістер жапондықтардың өмір сүру жағдайла- рына өшпес із қалдырды деуге болады. Өйткені жапон әйелдері осы өзгерістердің салдарынан еңбек рыногына шығу қажеттілік туындады. Ур- банизацияның күшеюі, капиталистік қатынас- тардың нығаюы, ауылды жерлерде патриархал- дық отбасы жүйесін жойып, орнына кішігірім отбасы жүйесінің пайда болуына әкеп соқты. Дәстүрлі отбасының өзгеріске ұшырауы, ел экономикасының дамуына едәуір әсерін тигі- зуде. Дәстүрлі отбасының өзгеріске ұшырауы- ның нәтижесінде, қоғамда жалғыз басты аналар саны, тұрмыс құрмаған жастар саны, айрылыс- қандар, үйден тыс жұмыс істейтін әйелдер саны көбеюде. Жапон экономикасының шарықтауы, дәс- түрлі отбасы құрылымына да әсер етті, өйткені отбасында балалар санының азаюы байқалады. Егер 1930 жылы шамамен 1 әйелге 4.7 баладан келсе, 1947 жылы 4.5 құрады, 1985 жылы 1.8, ал 1992 жылы 1.5 пайызды құрады [11, 14]. Бұл жағдайдың себептері әр түрлі: кейбір әйелдер мансабын бірінші орынға қойғандықтан жалғыз болуды тиімді деп есептейді, басқалары тұрмыс құрғаннан кейін өз жағдайларын ойлап, ерлі зайыпты болып саяхат жасауды жөн көреді, ал кейбіреулері тұрмысқа және бала біліміне көп мөлшерде шығын кететіндіктен 1 немесе 2 бала- лы болуды дұрыс деп есептейді. 1990 жылы күйеуі, әйелі және балаларын құрайтын отбасы 60 пайызды құрады. Қазіргі таңда баласыз отбасылар саны көбеюде. Әрине осындай жағ- дайлардың туындауы жапон әйеліне еркін сезі- нуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар тұрмыс- тық жағдайда, тұрмысқа қажетті заттардың та- ралуы әйелдердің отбасындағы жағдайларын жеңілдетті [12, 14]. Қазіргі таңда жапон әйелдері қоғамдық жұ- мыстарға белсенді қатысса да, отбасын қаржы- ландыру ер адамның міндеті. Отбасы қаржысын табу ерлерге жүктелсе, тұрмыстық қажеттілік- терге жұмсау әйелдерге жүктелген. Баланы тәр- биелеуде көптеген шығындарға ұшыраған жа- пон отбасында орта жастағы әйелдер, үй шаруа- сымен айналысып бала тәрбиелеуде. Сондықтан да жапон жастары бала тәрбиелеуде көп шығын- дарға тап болатынын ескере отырып, некеге отырғанымен, материалды жағдайларын қамта- масыздырғаннан кейін балалы болуды жөн кө- реді [13, 47]. Бұрынғы заман жапон әйелдері күйеуін, ба- ласын, жалпы отбасын қолдаушы, әсіресе олар- ға дұрыс бағыт беруші ұстанымда болған. Қазір- гі таңдағы жапон әйелдері күйеуін, отбасын қолдаудан гөрі, өз өмірін бағыттаушы, өз мүм- кіндіктерін іске асыру ұстанымға көшті. Осыған орай қоғамда жұмыс істейтін әйелдердің саны өсті, орташа есеппен алғанда 50 пайызды құ- райды. Жапон қоғамындағы тағы бір күрделі мәсе- лелердің бірі, кеш тұрмысқа шығатын, кеш ба- лалы болатын әйелдер саны жылдан жылға кө- беюде. Қазіргі таңда ерлі зайыптылардың екеуіде жұмыс атқаратын отбасылардың саны жылдан жылға өсуде. Балалары кішкентай болсада, әйелдерінің жұмыс істеуін қалайтын ерлер де бар [14, 4]. Жапон қоғамында әйелдер босанғаннан ке- йін, шамамен 70 пайызы жұмыстарын тастауға мәжбүр болады. Тек 30 пайызы ғана қызметін жалғастыра алу мүмкіндіктері бар. Балалы бол- ғаннан кейін, балаларын қарау үшін, заң бойын- ша әйел адам және ер адамға демалыс мерзімі бөлінген. Демалыс уақытымен жапон әйелде- рінің шамамен 64 пайызы ғана пайдаланса, ал ерлердің тек 0.4% пайызы пайдалануда.

Читайте также:  Мәдени сабақтастықтағы тарих даналығы

Оставить комментарий