Загрузка…

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ОРНЫ

Экология мәселесі — бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі болып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі жаһандық өзекті мәселелерге кіріп, қазіргі халықаралық қатынастарда белгілі орын алады. Экологиялық мәселелердің сипаты көлеміне қарай әр түрлі болса да, көбі нағыз халықаралық деңгейге иеленеді. Ендеше әлемдік қауымдастықтың әрекеттерінің бірігуі, халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюі өте қажет. Сондықтан экологиялық ынтымақтастықта халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі өте мағыналы, ал кейбірде қоршаған ортаның нақты мәселелерінің шешілуінде мемлекеттер мен салыстырғанда осы институттардың ықпалы көбірек екенін байқауға болады. Халықаралық ұйым дербес зияткерлік, техникалық, қаржы көздері бар, және мемлекеттерден саяси тәуелсіздігі бар тұрақты құрылым болғаннан кейін, экологиялық ынтымақтасу кезінде пайда болатын мәселелерді ең тиімді шеше алатын құрал болып есептеледі. Осы жағдаймен байланысты өткен ғасырдың 60 жж. аяқ кезінде құрылтайшы құжаттары оны қарастырмаса да, экологиялық мәселелер ірі халықаралық ұйымдардың күн тәртібіне енгізіле бастайды. Мәселен, қазіргі таңда экологиялық мәселелер келесі беделді 36 аймақтық ұйымдар мүдделері болып саналады: Еуропа Кеңесі, ЕКЫҰ, Еуропалық Одақ, ТМД және басқаларында. Жаһандық деңгейде бұл міндетті, яғни қоршаған ортаны қорғау міндетін, БҰҰ атқарады. БҰҰ осы салада ең ірі мекеме екенін бәріміз білеміз. Сонымен қатар, БҰҰ «тұрақты даму» тұжырымдамасын қамтамасыз етіп және жақтайтынын айтып кету керек. Өйткені «тұрақты дамуға» көшу бұл барлық әлемдік қауымдастықтың жаһандық мәселесі, яғни қоршаған табиғи ортаны бұзбайтын тұрақты дамудың экология жағынан қауіпсіз үлгіге көшу ол заманымыздың жаһандық үрдісі. Ұйымның жаңа ғасырдың міндеттеріне арналған баяндамасында 2000 жылғы Мыңжылдық саммитінде БҰҰ-ның Бас Хатшысы К.Аннан үш ірі міндетті атап, олардың ішінде қоршаған ортаны аман сақтап қалу міндетін атайды. БҰҰ жаһандық халықаралық ұйым бола тұрып, біздің ғаламшарымыздың экологиялық жағдайын жақсарту үшін барлық мемлекеттерді осы тұжырымдаға назар беруге шақырып, жаһандық үрдісті басқарып отыр. Бұл ұйым экологиялық мәселелерді экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа да түрлі шарттармен тығыз байланыстырады. Тарихқа жүгінсек, экологиялық саладағы ынтымақтастықтың басталуын 1913 ж. байланыстыруға болады. Бұл жылы Швейцарияда 18 елдің ғалымдары жиналып, ақпараттарпен алмасу және ұйымдастырушылық шараларды талқылайды, бірақ іс жүзінде экология саласында нақты шаралар мен әрекеттерді бастауға мақсат етілмеген. Осы бағытта 1928 ж. Брюссельде Табиғатты қорғау халықаралық бюросы ашылады, алайда бұл ұйымның міндеттері табиғатты қорғау заңнамаларды құрастыру және ұлттық парктер туралы мәліметтер жинаумен шектелді. Сонымен қатар, ірі әмбебап ұйым — Ұлттар лигасы да — ғалымдардың үміттерін ақтаған жоқ, өйткені табиғатты қорғау мәселесі ұлттық үкіметтерде адамзаттың негізгі мақсаттардың бірі ретінде ол кезде есептелмеген. Яғни, бұл кезде экологиялық мәселелерге назар аударылса да, тек қана мамандар деңгейінде болуын және тиімді халықаралық органның қалыптаспағанын байқаймыз. Мағыналы өзгерістер БҰҰ-ның құрылумен байланыстырылады. 1948 ж. ЮНЕСКО- ның қолдауымен Брюссель бюросының негізінде Табиғатты қорғау халықаралық одағы құрылды (1956 ж. атауы өзгерді Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ (МСОП)). 1949 ж. бұл ұйымның, және ЮНЕСКО мен ЭКОСОС қатысуымен табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық конференция ұйымдастырылады. Негізгі жетістігі: табиғаттың кейбір объектілерін сақтаумен бірге, табиғи көздерді тиімді пайдалануын қарастыратын кең тұжырымдаманың пайда болуы. Әрине, бұл кезде де кейбір экологиялық мәселелерге назар аударылмай, шаралардың үйлестірілуінің төмен дәрежеде болғанын және бір-екі ұйымның күшімен ғана ұйымдастырылуын көрсетуге болады [1]. Бірақ, көптеген факторлар экологиялық ынтымақтастықтың өзгеруіне ықпал жасайды. Олардың ішінде 60 жж. басталған ғылыми-техникалық революцияның қоршаған ортаға әсері, және осы әсердің нәтижесінде экологиялық мәселелердің жаһандық сипат алуы. Ендеше, осы кезде әлем қауымдастығы алдында екі мақсат қойылды: біріншіден, экологиялық саладағы ынтымақтастықты БҰҰ жүйесі деңгейінде үйлестіру, екіншіден, экологиялық қызметтің барлық деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық факторларды ескеру. Жалпы, осы кезеңде экологиялық ынтымақтастықтың нығаюы байқалады. Мәселен, 1968 жылғы БҰҰ Бас ассамблеясының 1972 ж. Стокгольмде қоршаған орта жөніндегі халықаралық конференцияның шақырылуы жөніндегі шешіммен байланысты түрлі халықаралық ұйымдардың қимылдары белсене жүргізіліп, жаңа жобалар ұйымдастырылып, экологиялық ынтымақтастық нығая береді. Сонымен қатар, алпысыншы жылдардан бастап көптеген экологиялық қозғалыстар және саяси партиялар құрылды. 1972 ж. аталған конференциямен бірге БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ЮНЕП ұйымын құрады (Қоршаған орта бойынша БҰҰ-ның бағдарламасы). Бұл ұйым осы кезеңнен бастап жаһандық және аймақтық деңгейде экологиялық қызметті үйлестіруші орган болып табылады. ЮНЕП өз бағдарламаларын елдер және аймақтар ерекшеліктерін ескере отырып 37 бекітеді. Мысалы, Еуропада аймақтық теңіздер бойынша жалпыеуропалық стратегияны қалыптастыруға жәрдем көрсетіп, немесе Каспий теңізі бойынша зерттеулер мен аймақтық қимылдар жоспарын құруға көмек көрсету және Каспий экологиялық бағдарламасын жасауға әрекеттерін атауға болады. Ерекше айтатын болсақ, Каспий экологиялық бағдарламасының (КЭБ) негізгі мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақты дамуын және биоресурстар мен су беті айдынын қоса алғанда, табиғи ресурстарды басқаруды жақсартуды қамтамасыз ету. Каспий экологиялық бағдарламасына Каспий жағалауының елдері мен халықаралық донорлық ұйымдардың арасындағы ынтымақтастыққа ықпал ететін үйлестіруші тетік рөлі жүктеліп отыр. 2000 ж. 16- қазанында ЮНЕП-тің Қазақстан Республикасының ұлттық комитеті құрылды. БҰҰ-ның ұйымдастырылуымен көптеген халықаралық форумдар өткізілді, мәселен, 1976 ж. БҰҰ елді мекендер жөніндегі конференция, 1977 ж. су ресурстары жөніндегі БҰҰ- ның конференциясы, 1977 ж. шөлейттену мәселелері бойынша БҰҰ-ның конференциясы т.б. 1992 ж. Рио-де-Жанейро қаласында қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі БҰҰ конференциясы өтеді. 179 мемлекеттер және үкіметтік емес ұйымдардың 3000 өкілі қатысады. Негізгі құжаты — «ХХІ ғасырға арналған күн тәртібі». Сонымен қатар, екі маңызды халықаралық келісім-шарт қабылданды: Климат өзгеруі жөніндегі және биологиялық әртүрлілік жөніндегі конвенциялар. Біздің республикамыз осы негізгі құжаттарды қолдап, 1988 ж. бастап БҰҰ-ның тұрақты дамуы бойынша Комиссиясының мүшесі болып тағайындалды. 1991 ж. ЮНЕП, ПРООН және Дүниежүзілік банк арасындағы келісімдер негізінде Жаһандық экологиялық қор құрылды. Қоршаған орта мәселесінің жаһандық және кешендік сипаты бәрімізге мәлім. Сондықтан бұл саладағы ынтымақтастыққа БҰҰ-ның өз қызметінің ерекшеліктеріне қарай барлық мекемелері қатысуда. Экономикалық қызметпен айналысатын БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО), Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), әлеуметтік мәселелерге назар аударатын Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), мәдени- гуманитарлық салада Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) ұйымдары да экологиялық мәселелермен айналысады. Сонымен қатар, ЭКЛАК, ЭСКАТО және басқа БҰҰ-ның аймақтық комиссиялары да қатысады. Мысалы, ЮНЕСКО-да арнайы экологиялық ғылымдар бойынша, жер бойынша ғылымдар, су бөлімдері бар, Халықаралық теңіз ұйымында Теңіз ортасын қорғау жөніндегі комитеті осы саладағы қызметті басқарады, ДДҰ- қоршаған ортаның санитарлық жағдайын қамтамасыз етуі бойынша бөлімінің шеңберінде қызмет етеді, МАГАТЭ бойынша онын ядролық қауіпсіздік бөлімі радиоактивтік сәулеленудан қорғау бағдарламасын атқаруда [2]. БҰҰ-ның арнайы мекемелерінің қызметі бірнеше бағыттар бойынша жүргізіледі. Мәселен, МАГАТЭ адам және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кең бағдарламаны жүзеге асырады. Оның ішінде радиоактивті шикізат пайдаланатын кәсіпорындарға бақылау жасау, атом өнеркәсібіндегі апаттар кезіндегі жәрдем көрсету және де басқа шаралар ұйымдастырылады. Халықаралық еңбек ұйымының бағдарламаларының бір бағыты — еңбек және қоршаған ортаның жағдайларын жақсартуда халықаралық жүйенің көрсеткіштерін белгілеу болып табылады. БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымында шөлейіт аудандардың қоршаған ортасын басқару жөніндегі азық-түлік өнімінің сапасы бойынша нормаларды белгілеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамның денсаулығына қоршаған ортаның әсерін зерттейтін бағдарламаны іске асырады. Оның негізгі мақсаты түрлі орталардың ластануы деңгейлерін реттеу, су көздерінің санитарлық жағдайын бағалау. Халықаралық теңіз ұйымы кемелерден теңіздің ластануын бақылап, судағы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға тырысады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның қызметінің барлық бағыттары тікелей қоршаған ортаны қорғау мәселесімен байланысты. Ауа-райы бойынша дүниежүзілік қызмет, дүниежүзілік климат бағдарламасы, жаһандық климаттың өзгеруінің адам 38 денсаулығына әсер етуі және керісінше адамзат қызметінің климаттың өзгеруіне ықпалы және басқа да мәселелер осы ұйымның жұмысы. БҰҰ басқаруымен 1997 ж. Киото хаттамасы қабылданды ( негізгі мақсаты 2008- 2012 жж. 1990 жылмен салыстырғанда СО2 газдардың пайдалануын 5%-ға азайту). Бұл хаттама ЮНЕП және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым бірге құрған климат өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның 1992 ж. Риода бекітілген Конвенциясына қосымша келісім болып табылады. Экологиялық мәселенің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан ұсыныс жасап, Астана қаласында БҰҰ-ның әлеуметтік қорғау және экология министрлерінің алтыншы Конференциясын (2010ж.) және Жалпыеуропалық «Еуропа үшін қоршаған орта» жетінші Конференциясын 2011 ж. 21-23 қыркүйекте өткізді [4]. Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді қатысуына аудару керек[5]. 2012 жылдың 20 маусымында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ орнықты даму жөніндегі «Рио+20» Конференциясы кезінде негізгі екі тақырып талқыланды: «жасыл экономикаға» өту мен орнықты дамудың институционалдық негіздері. Қорытынды құжаттың негізіне Астананың бастамасы жатқызылды. 2010 жылдың қазанында Азия және Тынық мұхит елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-конференциясында Қазақстан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын әзірлеген. 2011 жылдың қыркүйегінде «Жасыл көпір» бастамасы және серіктестік бағдарламасы Жалпыеуропалық «Еуропа үшін қоршаған орта» жетінші министрлер конференциясында қолдау тапты. «Жасыл көпір» бағдарламасы барлық мүдделі тараптардың инвестицияларға, инновациялар мен технологияларға қолжетімділігін кеңейту үшін «жасыл» жобаларды қарапайым, практикалық және тиімді шаралармен қолдауға арналып әзірленген. Бағдарлама қатысушы елдердің экономикалық даму деңгейіне қарамастан, олардың тең құқықтығын ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар бизнестің, халықаралық, үкіметтік емес және ғылыми ұйымдардың қатысуын көздейді [5]. Жалпы, осы жаһандық мәселе аймақтық халықаралық ұйымдардың қызметінде де мағыналы орын алады. Мәселен, ТМД шеңберінде 30 жуық келісімдер бекітілді. ТМД жарғысына сәйкес экологиялық ынтымақтастық ұйымның мақсаттарының бірі болып табылады. Алғашқы келісім — 1992 ж. ақпан айында экология және қоршаған ортаны қорғау саласында өзара қатынастар жөніндегі келісім. 1999 ж. қаңтарында экологиялық мониторинг саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім және басқа да арнайы құжаттар қабылданды. Еуропалық халықаралық ұйымдар өте тығыз экологиялық ынтымақтастықты жүргізеді. Мәселен, ЕҚЫҰ-да экологиялық ынтымақтастық осы ұйымда бекітілген қауіпсіздік тұжырымдамасының мағыналы бөлігі болып табылады. Еуропалық Одақта 70 жж. бастап негізгі мақсаттарының бірі Ортақ экологиялық саясатты қалыптастырумен байланысты. 1987 ж. Бірыңгай Еуропалық актінің баптарының ішінде, үшінші бабы қоршаған ортаның қорғау мәселесіне арналған. 1973ж., 1977ж., 1983 ж., 1987 ж., 1993 жылына сәйкес Еуропалық Одақ экология саласында «Қимылдардың бағдарламалары» атты бес бағдарлама бекітілді. Мәселен, ерекше атайтын болсақ, Еуропалық су саясатының шеңберінде экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты су пайдалану саласындағы 2000 жылы 30 маусымда Брюссельде Еуропалық Парламент және Еуропалық Одақ Кеңесі Еуропалық Одақ іс-әрекеттерін орнату жөнінде нұсқау қабылдады. Еуропалық су доктринасының мақсаты: ішкі, трансшекаралық, жер асты және жер үсті суларының қорғауындағы құқықтық шеңберді орнату. Ондағы құқықтық нормалар су ресурстар сапасының нашарлауын алдын алуына, су жүйесінің жағдайын жақсартып, қорғау, тұрақты су пайдалануды дамыту, су тасқыны мен құрғақшылықтың зардаптарын қысқарту. 39 Еуропалық су нұсқауының қабылдануы, Еуропалық су заңын жаңартатын және су ресурстарын басқаруда жаңа тәсіл орната алатын үлкен саяси жетістік еді. Су саясаты саласындағы нұсқау: су сапасының нашарлауын алдын алу үшін және су экожүйесінің сапасын жақсарту мақсатындағы мына мәселелерді де қамтиды: 20 жыл ішінде кейбір ластаушыларды жою, арнайы талаптармен қорғалатын аймақтарды құру. Мысалы, ауыз су мәселесі тек Еуропа Одағының заңында белгіленумен сәйкес ұлттық заңнамада белгіленуі тиіс. Еуропалық су идеясын жүзеге асыру үшін көптеген халықаралық үкіметтік емес ұйымдар су ресурстарын басқаруда заңды құқықтық нормаларды жетілдіруде көптеген жұмыстарды атқаруда. Олардың ішінде 1974 жылы 19 мамырда құрылған Қоршаған ортаны қорғау еуропалық кеңесі [3]. Сондай-ақ, Еуропа Кеңесі шеңберінде түрлі конференциялар ұйымдастырылды. Арнайы орган — Қоршаған орта, аймақтық жоспарлау және жергілікті билік органдары жөніндегі комитет бекіткен құқықтық актілердің ішінде 1979 ж. Еуропадағы табиғи орталар және жабайы табиғатпен, флора мен фаунаны қорғау жөніндегі Берн конвенциясы, 1993ж. қоршаған ортаға апат келтіретін қызметпен байланысты залалы үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі Лугано Конвенциясы, 1997ж. биоэтика саласындағы әлемдік тәжірибедегі алғашқы келісім-шарт Биоэтика және адам құқықтары бойынша Конвенциясын атауға болады. Соңгы құжатқа сәйкес адамның клонын жасауға тыйым салу жөніндегі Қосымша хаттама бекітілді. Басқа континенттердегі қызметті бағаласақ, келесі мысал ретінде Африка аймағын алайық. Аймақтық интеграциялық бірлестік — Оңтүстік Африка даму бірлестігі (1992ж. құрылған)- Лаос, Ангола, Ботсвана, Лесопо, Малави, Маврикий, Мозамбик, Номибия, Танзания, Замбия, Зимбабве, Конго Демократиялық Республикасын, Сейшел республикасын біріктіреді. Бұл аймақтың ерекшелігі: су ресурстары аз және трансшекаралық су бассейндер санының көп болуы (Ніл, Заир, Замбези, Лимпопо). Африканың бұл бөлігінде үнемі су ресурстары жеткіліксіз. Бұны бір жағынан жиі болып отыратын құрғақшылықпен түсіндірсе, екінші жағынан су тасқыны, судың ластануы, халықтың тез қарқынмен өсуі, сумен қамтамасыз етуде қиындыққа әкеліп отыр және судың сапасы төменгі дәрежеде болуы судың көп мөлшері жер өңдеуге пайдаланумен түсіндіріледі. 1995 жылы аймақта «су ресурстарын бірлесіп пайдалану» хаттамасы қабылданды. Бірлестіктің мүше-мемлекеттері келесі институционалдық ұйымдарды — әрбір су бассейніне арналған комиссиялар, теңіз мәселелерін басқару мекемелері сияқты институттарды құрып басты міндеттер ретінде су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуін белгіледі. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналасатын үкіметтік емес ұйымдар да көп. Олардың ішінде ең ірі және анағұрлым танымалысы Гринпис ұйымы 1971 ж. 15 қыркүйекте Ванкуверде (Канада) құрылған. 1971 жылы экологтардың қарсылық көрсетуі АҚШ үкіметін Амчитка аумағындағы ядролық сынақтарын тоқтатуға мәжбүрледі. Амчитка аралы құстар қорығына айналды. Келесі қарсылық көрсету акциясы 1975ж. Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде Франция атмосфералық ядролық сынақтар өткізіп жатқан жерде болды. Гринпистың әрекеттері арқасында Франция да өз сынақтарын тоқтатты. 1990 жылдары Гринпис қоғамдық назарды ауаның ластануы мен озон қабатының бұзыла бастауына қарай аударды. Бүгінгі күні бұл ұйым басқа да экологиялық мәселелерге назар аударады. Қорытындылай келе, экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық ықпалының бірлесуі пәрмендік нысандарының бірі халықаралық ұйымдар болып табылатынын ерекше көрсетеміз. Кез келген халыкаралық ұйымдардың әртүрлі тиімділігінің деңгейіне қарамастан, халықаралық қатынастар тәжірибесі осы ынтымақтастық нысанының тұрақты өсуін дәлелдейді. Мемлекеттердің өзара қарым — қатынастарын кеңейту мен тереңдетуі халықаралық ұйымдардың одан әрі мамандыруды, олардың санын көбейту мен рөлін күшейтуді шарттастырады.Осымен байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастың тең құқықты субъектісі ретінде халықаралық өмірге қатысуы көптеген 40 халықаралық ұйымдармен байланыстырылатынын аңықтаймыз. Қазақстан Республикасының халықаралық құрылымдарға мүше болуымен байланысты жаһандық және аймақтық мәселелерді қарастыруға тікелей қатысуының, маңызды әлемдік шешімдерді қабылдау үдерісіне араласу мүмкіндігінің саяси мәні зор.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar