Экологиялық-мелиоративтiк шараларды қолдану

Жер асты суларының пайда болуымен олардың орналасу тереңдiктерiне капиллярлық және гравитациялық ылғалдылықтардың әсерi өте үлкен. Өйткенi, капиллярлық және гравитациялық ылғалдылықтар, топырақ тектерiне сәйкес ондағы топырақтың механикалық құрамына байланысты сiңiрiледi, түтiктер бойымен көтерiледi және ауырлық күшiмен тереңге бойлап жылжиды. Бұл пiкiрiмiзге негiз ретiнде топырақтың ауаландыру аймағындағы қозғалысты үш түрлi күштiң әсерiнен жүретiндiгi: молекулярлық (сорбциялық), өздiгiнен көтерiлу (капиллярлық) және ауырлық күшiмен болатындығын дәлелденген. Ресей ғалымы С.Ф. Аверьянов бойынша капиллярлық ылғал өткiзгiштiк және сүзiлу коэффиценттерi аралығындағы байланысты төмендегiдей формуламен анықтайды. Әр түрлi топырақ топтары яғни топырақтың механикалық құрамына (құмдақ, жеңiл саздақ, орташа саздақ, саздақты, балшықты) байланысты, капиллярлық ылғал өткiзгiштiк 0,23-0,0074 м/тәу аралығында өзгеретiндiгi көрсетiлген. Топырақтың құрамын зерделеу, суғару тәсiлдерiн, тұзданған жерлердiң тұзын шаю кезiндегi экологиялық тиiмдi технологияларды қолдану барысында, суландыру аймағындағы топырақтың сулы-физикалық қасиеттерiмен қатар, топырақтағы ылғалдың қанығу күйiндегi тәулiктiк жылдамдықтары, шаю мерзiмiнiң ұзақтығы және есептеу қабаттары ескерiледi. Аталған заңдылықтарға сәйкес, ауаландыру аймағындағы академик С.Ф. Аверьяновтың формуласын [7, 10] негiзге алып, өндiрiсте алынған тәжiрибелерге сүйенiп [9-11], төмендегiдей байланыспен ауаландыру аймағының есептеу қабатындағы тұщыландыруды анықтаймыз. Осы уақытқа дейiн отандық және шетел ғалымдарының тұзданған жерлердi шайып, тұщыландыруға негiзделген көптеген формулалары, оның iшiнде, А.Н. Костяков, Л.П. Розов, П.С. Панин, С.Ф. Аверьянов, И.П. Айдаров, В.М. Легостаев, В.Р. Воловуев, А.И. Голованов, Ж.С. Мұстафаев, Ә.С. Сейiтқазиевтiң т.б. формулалары [3-11] ғылыми баспаларда 148 Ә. С. Сейiтқазиев жарияланды. Тозығы жетiп, жарамсызданған жерлердi экологиялық-мелиоративтiк тұрғыда қарастырылған теориялық және тәжiрибелiк нәтижелерiмен дәлелденген көптеген өзектi мәселелердi айқындайтын формулалар жеткiлiктi. Қорытынды.Табиғатты өзгерту, оны түпкiлiктi қалпына келтiру өте күрделi мәселе, геожүйенiң белгiлi бiр бөлiгiн жеткiлiктi зерделеп, сол ландшафтағы ауа-райына, топырағына, гидрогеологиясына, өсiмдiк жамылғысы мен жануарлардың тiршiлiк ету қабiлетiне сәйкес келетiн, табиғатын қорғайтын, экологиялық-мелиоративтiк, агротехникалық шараларды тиiмдi ұйымдастыра бiлу керек. Табиғаттағы ауа, су, ландшафт, өсiмдiк және жануарлар әлемiн толық зерттеп, зерделемейтiнше, биосферадағы экожүйеге қажеттi мәселелердiң экологиялық тұрғыдағы шешiмiн талапқа сай орындамайынша, табиғат пен қоғам арасындағы кереғарлықты түпкiлiктi жоймайынша, табиғаттың өзiндiк сақталуы, қалыптасуы мен тұрақты дамуы кешеуiлдейдi. Биосферадағы ауаның қозғалысы, тiршiлiк көзi-судың тазалығы, өнiм кепiлi-топырақтың құнарлылығы — барлығы адамдардың табиғатқа деген дұрыс көзқарастарымен қалыптасады.

Читайте также:  Жаңа заманның мифтері

Оставить комментарий