Загрузка…

«ЭКСПО–2017, АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІН ӨТКІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ

Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты. «Экспо 2017. Болашақ қуаты» Халықаралық көрмелер бюросының ат салысуымен ұйымдастырылатын Халықаралық көрме 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында өткізу жоспарлануда. 7 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу құқығын иеленген еліміздің құрметіне орай Халықаралық көрмелер бюросының қабылдауына қатысып, іс-шараға қатысқандар алдында сөйлеген сөзінде халықаралық көрмені Астанада өткізу туралы шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасы атынан алғысын білдірді. Мемлекет басшысы ХКБ-ның қабылдауындағы сөйлеген сөзінде «ЭКСПО көрмесі кең байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада алғаш рет өтеді. «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін береді деп сенемін. Еліміз көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін салатын болады», — деп атап өтті [1]. Сол отырыста Н.Назарбаев келем деушілердің барлығын қазақ қонақжайлығын сезініп, табиғаттың және ұлы дала кеңістігіндегі заманауи қаланың ғажайып әсемдігін тамашалау үшін Қазақстанға шақырған болатын. Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО- 2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Екіншіден орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі — еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы. Уақыт көрсеткендей Қазақстанның елордасы Астанада «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыру үшін жоғары талаптарға сәйкес келетіндігін бизнес пен өмір сүру үшін қолайлы және серпінді орта қалыптасқан заманауи қала бүгінде ЕҚЫҰ-ның саммиті мен қысқы Азиада ойындары тәрізді халықаралық ірі іс-шараларды өз деңгейінде өткізу барысында бүкіл әлемге дәлелдеді және қажетті тәжірибе жинақталды. Ең бастысы Қазақстанның экономикасы мен мәдени дамуына осы халықаралық көрмені ұйымдастыру барысында атқарылатын іс-шаралардың нәтижесінде еліміздің қарқынды дамуына айтарлықтай үлес қосатын жаңа технологиялар мен инновациялардың ел өндіріс салаларына серпіліс беретіндігінде екендігі мәлім. Біріншіден – осы мақсатта елордасының жанында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу үшін қажетті инфрақұрылым құрылатын болады. Екіншіден – оны жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру шараларына жергілікті мамандар жұмылдырылып, қосымша жұмыс орындары пайда болады және аталмыш көрме өткізу барысында орасан зор тәжірибе жинақталады. 8 Үшіншіден – көрме өткізілетін инфрақұрылымды салуға көптеген құрылыс мамандарымен қатар сәулет және дизайн салалары мамандары да жұмылдырылады. Төртіншіден – аталмыш көрмені өткізу барысында түрлі мәдени іс-шаралар өткізу іске асырылады. Бұл жағдай өз кезегінде рухани дамуға ықпал ететіндігі сөзсіз. Бесіншіден – халықаралық көрмеге қатысу үшін жүзден астам елдерден бес миллионға жуық меймандар келеді деп жоспарлануда. Оларды орнасастыру және қажетті деңгейде қызмет көрсету үшін қала төңірегінде жаңадан қонақ үйлер мен ойын-сауық, сауда және мәдени орталықтар салу жоспарлануда. Жалпы ресми деректерде берілген мәліметтерге сүйенсек, осы жобаны іске асыруға 1,5 миллиард доллар көлемінде қаржы бөлу жоспарлануда. Халықаралық көрме өткізу үшін салынған нысандарды кейінде пайдалануға болатындығы сөзсіз. Осы аталған іс-шаралардың іске асырылуы барысына қатысу мүмкіншілігі болашақ дизайнерлер ретінде бізге берері мол. Келешек дизайн саласында жемісті қызмет етуге қажетті әлемдік деңгейдегі дизайнерлердің озық тәжірибесімен танысу мүмкіндігі болатыны бізді қуантады. Дер кезінде, магистрлік ғылыми-ізденіс жұмысымыздың тақырыбын осы «ЭКСПО-2017» тақырыбында таңдап алуымыз жоғарыда аталған ел экономикасы мен мәденитін жаңа сатыға көтеруде алатын орыны маңызды іс-шараның атқарылуына қолдан келгенше үлес қосу ниетімен байланысты болғанын айта кеткен жөн деп білеміз. Қазіргі кезеңде орындалып жатқан ғылыми-ізденіс жұмысы халықаралық көрмелердің тарихын зерделеу, оларды ұйымдастыру мен өткізу шараларын іске асыру тәжірибелерін саралау және осы ізденіс жұмыстарының нәтижелерін көрме ұйыдастырушыларымен біріге отырып іске асыру көзделуде. Бұған негіз ретінде 1012 жылдың 7 желтоқсанында Ақордада Астанада өтетін «ЭКСПО–2017» көрмесіне дайындық жөнінде алқалы кеңес өткізу барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ЭКСПО–2017» нысандары Қазақстанның ұлттық брендіне айналуы тиіс екендігін айтқандығы болып табылады. Елбасы 2017 жылғы ЭКСПО-ның нысандары Париждегі Эйфель мұнарасы және Лондондағы Хрусталь сарайы секілді ұлттық бренд болуы тиіс екендігін атап өткен болатын. Өйткені бұл қалалардағы осы нысандар да кезінде ЭКСПО көрмесін өткізу аясында салынған болатын. Осы орайда Н. Назарбаев еліміздің сәулетшілері мен суретшілерінің алдында ауқымды мақсат-міндеттер тұрғанын атап айтты. Мемлекет басшысы 2017 жылы Қазақстанда өтетін халықаралық көрме үшін салынатын барлық нысандардың құрылысы «ақылды қала» ұстанымы бойынша жүзеге асырылатынын ескерткен болатын. «ЭКСПО-ны өткізу кезінде 3 айдың ішінде 5 миллионға жуық адамды қабылдау керектігін ескере отырып, қаланы дамыту жоспарын қайта қарастыру қажет», – деді Мемлекет басшысы. Сондықтан, Елбасы елорданы дамыту жоспарын қайта қарауды тапсыр отырып, ент қала әкімдігіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар тұрғысында бел-гіленген міндеттер бойынша жұмыстарды атқаруды бастау керектігін айтқан болатын. Осы орайда теміржол вокзалы, әуежай, тұрғын үй мәселесі де қамтылмақ. Елбасы қаланың инфрақұрылымы көрмеге қатысушыларды тиісті деңгейде қабылдауға негізделуі тиіс екендігін және «ЭКСПО–2017» нысандарының құрылыстарына ауқымды жер телімдерін қажеттілік ететінін ескертті [2]. Осындай әлемдік ауқымдағы көрме өткізу құқығына ие болу бір бөлек те, енді оны ұйымдастыру мен өз деңгейінде өткізу де үлкен міндет. Ал, көрме өтуі тиіс Астанадағы арнайы бөлінген аймақ әзірше – қу дала. Дегенмен, бес жылдың ішінде осындай керемет қалашыққа айналмақшы. Алып павильондар, мейрамхана мен қонақүйлер салу жоспарлануда. Қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, 2017 жылға дейін заманауи шаһар бой көтеруі тиіс. Бұл мәселе жөнінде Ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО жабылғаннан кейін ол халыққа жұмыс істейтін пайдалы болуы керек. Бекерге салынбауы керек. Негізгі шығын әрине Қазақстаннан болады. Бірақ оның бәрі қайтады деп ойлаймын» — деп, сенім арттады. 9 Ресми деректерге сүйенетін болсақ, «Сарыарқа төсінде қанатын жаятын «ЭКСПО- 2017» көрмесіне шартараптан 160 мемлекеттің кәсіпкерлері мен туристерін қосқанда 5 млннан астам адам келеді деп күтілуде. Оны өткізуге қазынадан 1 жарым млрд доллар жұмсалмақ. Десе де, билік бұл желге ұшатын ақша емес, одан экономикаға мол инвестиция тартамыз. Сондай-ақ жаңадан кәсіпорындар ашылып жұмыс орындары пайда болады» деп отыр және де деп сендіреді, құзіретті үкімен орындары. Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға, яғни 2017 жылдың 10 маусымнан 10 қыркүйегі аралығында өткізіледі. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы алатын орынының ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадамы болмақ. «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады. Елорданының және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Атап айтқанда, ең алдымен, түрлі қызмет көрсету орындары, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол. Аталмыш шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге, ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Көрмелер нысандары құрылысына инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік мынада: ЕХРО ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық- таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, ежелгі тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады. Елорданың мәдени дамуының да маңызы зор. ЕХРО өткізу кезінде Астанада әлемнің түпкір-түпкірінен әртүрлі мәдениет орталары шырқалады. Көрме аумағында күн сайын концерттер, ұлттық күндер және басқа да ойын-сауық шаралары өткізілетін болады. ЕХРО-2017 ірі жоба ретінде аймақтың және тұтастай алғанда елдің дамуының қуатты катализаторы болмақ. Елордасы әсем Астанамыздың одан әрі көркеюіне және еліміздің келешекте бұдан да асқақ мақсаттарды жүзеге асыруға жаңа серпін алатынына сенімдіміз. Ал, қазақстандықтар өз күштеріне және өз елінің мүмкіндіктеріне тағы да көз жеткізеді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar