Елдің физикалық жағдайы

Саяси жазушылар физикалық табиғаттың басқару салтына ықпал жасайтынын баяғыда байқаған. Ежелгі дүниенің де, жаңа дүниенің де аса терең ойшылдары халықтардың саяси тұрмысын азды­көпті айқындайтын шарттар ретінде климатқа,теңіздің жақындығына, жердің кеңдігіне сілтеме жасап отырған. Ең жаңа заманда, нақты бағыттың ықпалымен, бұл зерттеулер тіпті шығандап та кетеді. Тарихта әлдеқайда аса маңызды рол атқаратын таза адами бастауларды ескермей, мемлекеттердің бүкіл құрылымын физикалық жағдайлармен түсіндіруге ұмтылатындар бар. Адам сыртқы табиғаттың анықтамаларымен сөзсіз байланысты емес. Бостан тіршілік иесі ретінде ол тек солардан бас тартуға ғана қабілетті емес, оларды өзіне бағындырады да. Бір ғана топырақта, әртүрлі замандарда, халықтар мүлдем әрқилы қоғамдық пошымдардан өтеді. Соған қарамастан, физикалық жағдайлар қоғам құрылысына күмәнсіз ықпал етеді. Халықтар тұрмысына өзгермейтін таңба салмай­ақ, табиғаттың даусыз заңы ретінде қарекет жасамай­ақ, олар бір немесе басқа элементтің дамуына жәрдемдеседі, өмір ағысын тежейді немесе жылдамдатады, халық мінезінің белгілерін анықтайды, және осынысымен саяси тұрмысқа барынша төте ықпал етеді. Біз Англияның географиялық жағдайы оның мекемелерінің тарихын едәуір дәрежеде түсіндіретінін көрдік. Егер саяси бостандық мүмкіндігі қоғамның ахуалымен айқындалатын болса, онда ол елдің табиғатына да тәуелді. Бұл арада біз алдыңғы тарауда шығарған заңды қолдана аламыз: қоғамның бірігуіне жәрдемдесетін және онда өздігінен қызмет жасауды туындататын физикалық жағдайлар өкілдікті мекемелерге жетелейді, және керісінше, қарама­ қарсы қасиеті бар жағдайлар оларға кедергі болады. Бұл саяси өмірдің назар аудармауға болмайтын факторларының бірі. Егер қолайсыз физикалық жағдайлар жақсартуларға сөзсіз кедергі болмаса да, олар қиындықтарды анықтап береді, орын алып отырған тәртіптің парасатты себептерін ашып береді және қоғам қайраткерлеріне өзгерістер кезінде сақ болу міндетін жүктейді. Адам ойы бұл арада жүгенсіздік туындыларымен емес, ең жоғары заңдармен ұшырасады да, олардың алдында құрметпен бас иеді. Саяси тұрмыстың пошымын анықтайтын аса маңызды шарттардың бірі ­ мемлекеттің байтақтығы. Бұл ­ таза физикалық қатынас, ол тек елге қоныстанған адамдарға ғана емес, оның табиғатының өзіне де тәуелді.

Арал табиғи түрде онда біртұтас мемлекеттің құрылуына арналған, оның аумағы жердің көлемімен айқындалады. Кемірек дәрежеде болса да соны түбектер туралы да айтуға болады. Ұлан­ғайыр жазықтар бір тайпаның жайыла қоныстануына жәрдемдеседі және оны табиғаттың өзі ұлы державаларға даярлап қойғандай. Керісінше, таулы өлкелер бөлшектеп, ұсақ өзімен­өзі болатын одақтардың құрылуына көмектеседі. Таулы бөліктердің жапсарлас жазықтарға географиялық қатынасы олардың дербес өмір сүру мүмкіндігін немесе оларды неғұрлым ауқымды бүгінге қосу қажеттігін айқындайды. Осынау деректердің бөрінің саяси өмір үшін даусыз мәні бар, өйткені басқару салты мемлекеттің ауқымдылығымен тығыз байланысты. Гректер өздерінің республикаларын тығыз кеңістікте орналасқан деп білді. Осынау ұсақ, еркін одақтарға ежелден Азияның орасан зор деспотиялары қарсы тұрды. Монтескье шағын мемлекеттерге республикалық пошым, орташа мемлекеттерге монархия тон екенін, ұлан­байтақ жазықтарда табиғи түрде деспотизм орналасатынын айтқан. Дәл соны Руссо да дәлелдеп, жер көлемі неғұрлым кең болса, үкіметтік билік те соғұрлым шоғырланған болуы керек деген. Егер осынау қағиданы жердің саяси құрылысын ғасырларға айқындайтын даусыз шарт демесек те, онда тым елеулі ой жатқаны күмәнсіз. Ұлан­ғайыр кеңістіктер адамдарды бөліп тұрады, сондықтан неғұрлым шоғырланған өкіметті талап етеді. Үлкен мемлекетте, әсіресе халық шамалы болса, аралас­ құраластық сирегірек және қиынырақ болады, шөл далада шашырап қоныстанған халық бір­ бірімен кемірек жанасады және қайымдасып қимылдау мүмкіндігінен айрылған; жекелеген аймақтардың өзара байланысы шамалы; жағдайдың әртүрлілігі мүдделердің қарама­ қарсылығын туындатады; көбіне бұған орасан кеңістікке кіргізілген ұлыстардың айырмашылықтары да кірісіп кетеді. Осының бәрі, қоғамды ыдыратып, саяси бостандықтың орнауын айтарлықтай дәрежеде қиындатады. Үлкен мемлекеттер шоғырланған биліктің күшімен құралып, ұзақ тұра алады, оларды ыдырап кетуден қорғайтын да жалғыз сол күш. Халық өзінің бірлігімен, күш­қуатымен және құдіреттілігімен мақтана алады, бірақ ол осының бәрі өзіне бостандыққа нұқсан келтіріле отырып берілетінін білуге тиіс.

Читайте также:  АРАБ КАЛЛИГРАФИЯСЫ: ТАРИХИ ШОЛУ

Бұл арада өкіметтің қажетті күшін өкілдікті мемлекеттің шарапатымен біріктіру үшін өте қолайлы жағдайлар қажет. Бері салғанда, бұл ұзақ та ауыр ішкі жұмысты талап етеді. Бұл бірден біте қоймайтын шаруа. Ұсақ мемлекеттерде барлық осынау кедергілер өзінен­өзі жойылады. Көрші тұрған адамдар бірін­бірі біледі; олар келісе, жиынтық күштермен қимылдай алады. Оларда баршаға жақын ортақ мүдделер орнығады. Олардың ұдайы көз алдында тұратын істен бостандық ең қолайлы тұғыр табады. Керісінше, шағын елдерде абсолютизм оншалық орынды емес, өйткені мүдделердің ұсақ­түйектігі мен үкіметтің бодандарға тым жақын болуы оны халыққа жексұрын етеді. Алыстан басқаратын өкімет, жанында тұрған өкіметтен әрқашан жеңілдеу. Ұлан­ғайыр мүдделерге иелік ететін үкімет ұсақ­түйекпен айналысатын үкіметпен салыстырғанда көбірек құрметке ие болатыны әбден табиғи. Ақыр соңында аз халықтар үлкен мемлекеттерде көбіне бостандықтың түбіне жететін ұлы міндеттер, дүниежүзілік­ тарихи мақсаттар болмайды. Алайда, екінші жағынан, ұсақ мемлекеттерде өкілдікті мекемелердің кемістіктері де едәуір. Олар күрделі құрылысты қажет етеді, ал оған қабілетті адамдар көбіне жетісе бермейді. Бұл әсіресе конституциялық монархияға қатысты, онда әртекті элементтердің тоқайласуы және тежеу мен кепілдіктің қажеттігі билік орындарын жасанды құруға мәжбүр етеді. Бұған қоғамдық мүдделердің болымсыздығы келіп қосылып, еркін мекемелерге залалын тигізеді. Онда партиялардың қақтығысы мен күресі көбінесе ұсақ та әдепсіз сипатқа иек болады. Халық дамудың төменгі сатысында тұрғанда, әсіресе патриархтық тұрмыс үстемдігі тұсында, ол ез шаруасын өзі күйттей алатын тәртіпті қанағат тұта алады; бірақ көзқарастардың кеңеюіне, қажеттіліктер мен білімнің өсуіне қарай қоғамның ұйқысынан оянған өзін өзі қамшылауы өзі тап болған тар шеңберді қанағат тұтпайды; ол неғұрлым кең өрісті іздейді. Сондықтан, тар кеңістікке қамалған еркін мемлекеттер, егер олар құдіретті көршілерге қарсы өз дербестігін қорқа­қорқа қорғап отыруға мәжбүр етілмесе, табиғи түрде кеңеюге ұмтылады. Ежелгі республикалардың жаулап алуға дайын тұруы едәуір дәрежеде осымен түсіндіріледі. Жаңа заманда, ие болуға ұмтылыстың орнына, неғұрлым кең ұлыстың панасын саялау, неғұрлым асқақ мақсаттар билеп­төстейтін ұлы мемлекеттің құрамына кіру тілегі келеді. Либерализм мен қазіргі кезде алдыңғы орынға шыққан ұлттық бастау арасындағы табиғи байланыс осыдан. Мұны әсіресе Германияда байқауға болады; бірақ сол құбылыс басқа елдерде де қайталануда. Осылай мысалы, ІІІвейцарияда демократиялық бостандықтың дамуы кантондардың неғұрлым тығыз бірігуіне алып келді; жана одақтық құрылыс саяси өмірді жергілікті мүдделердің ауашалығынан алып шығады. Егер ұлан­ғайыр державаларда бостандық қиындықпен орнаса, ұсақ мемлекеттерде оған шектер белгіленгенде, ол содан шығуға ұмтылады. Орташа кеңістік қоғамдық элементтердің жарасымды ұштасуына бәрінен коп жәрдемдеседі.

Саяси құрылыс үшін, жер көлемінен басқа, оның географиялық жағдайының да елеулі маңызы бар. Сыртқы жаулардан қауіпсіздік өкіметті шоғырландыру қажеттігін жояды да, сонысымен бостандық элементтеріне өзінің дербестігін қорғап қалу, жүгенсіздік пиғылдарын тойтару мүмкіндігін береді. Қоғамның ішкі күштері өз табиғатына және тұтас алғанда өзінің мәніне сай, сыртқы тегеурін салдарынан жасанды бірігуге ұшырамай­ақ, ұштаса алады. Біз аралдың географиялық жағдайы бостандықтың дамуына жәрдемдескенін көрдік. Швециядағы конституциялық мекемелердің тұрақтылығын да сол оқшау жағдайына телуге болады. Швейцарияның республикалық құрылысы айналадағы таулардан тиянақ тауып, көрші елдерді самодержавиелік билікке бағындырған ортақ қозғалыстан осылайша құтылып кетті. Егер осындай қолайлы жағдайда еркін халық құдіретті жаудың кездейсоқ шабуылынан өз тәуелсіздігін, Швейцариялықтар мен ежелгі Гректер істегеніндей, қорғап қала алатын болса, онда бостандық бұл жеңістен бұрынғыдан да көп нәр алады. Бірақ жалпы, жат жерліктердің басып кіруіне ыңғайлы ел шоғырланған билікке мұқтаж, сол арқылы басқа элементтерде шешуші басымдыққа ие болған ол оп­оңай шексіз билікке ие болады. Қатер төніп тұратын халық көсемнің қажеттігін инстинктті түрде сезінеді; ол оны өзінің туы әрі құтқарушысы деп біледі. Осыдан белгілі бір ұғымдар мен ұнату қалыптасып, олар халықтың сипатын да, оның тарихи дамуын да айқындайды. Францияда самодержавиенің билік басына келуіне бәрінен көп жәрдемдескен оның Англиямен ұзақ жылдар бойғы соғысы және содан туындаған қасіреттер. Біз Испаниядан да дәл соны көреміз. Бұл ел XVII ғасырдан бері, еуропалық істерге мүлдем дерлік араласпай, оқшау өмір сүріп келе жатқанымен, бүкіл орта ғасырлар кезеңі ол үшін діні бөлек жаулап алушылармен табанды күресте өтті, сондықтан өкімет пен діннің бірлігі ол үшін оның бүкіл саяси құрылысына өшпейтін мор басқан бастауға айналды. Ресейде бір державалықтың орнауына Татарлардың билеп­төстеуі тигізген ықпалды да теріске шығару мүмкін емес. Ең жаңа заманда басқа бір тектегі мысалды көреміз: еркін мекемелер Италияда жатжұрттық езгіге қарсы құрал қызметін атқарды. Бірақ онда, сыртқы соғыс өткінші құбылыс болды, ал бөгденің көмегіне үміт шамадан тыс зорлануды қажет етпеді. Бұл екі арада осында да сыртқы катер өлкенің бірлігін нығайтып, монархиялық бастауды көкке көтерді, ол бытырап кетуге ұмтылысқа да қарсы, республикашылдық идеясына да қарсы берік күш болып табылады. Қоғамның бірігуіне жәрдемдесетін физикалық жағдайлардан басқа өкілдікті мекемелердің дамуына халықтың оз бетінше шаруа бітіруге ұмтылысын оятатын жағдайлар да ықпал етеді. Бұған адам бойында күш­қайратты, іскерлікті қоздыратын, оның көңіл көкжиегін кеңейтетін нәрсенің бәрі жатады. Бұл жағынан алғанда, табиғаттың сан түрлілігінің таулар мен жазықтардың, құрлық пен судың ұштасуының мәні маңызды болады.

Читайте также:  Шұбарағаш ережелері

Көп жақты әсерлердің ықпалымен адам рухының әрқилы жақтары дамиды, олардың ықпалдастығы халық қуатын тасытады, бағыттардың әртүрлілігін туғызады, сол арқылы өмірді ең жоғары баспалдаққа қояды. Керісінше, адамның рухани күштерінің дамуыма бәрінен коп кедергі жасайтын нәрсе ол өмір сүретін жаратылыстық жағдайлардың сұрқайлығы. Өмірге өзгеріссіздік мөрін басып, оны белгілі бір бағытта матап, ол қызмет ету және жетіле түсу ниетін жояды. Континенттік және теңіз жағалауындағы елдердің айырмашылығы осымен анықталады. Теңіздің жақындығы баяғыдан адамның дамуы үшін ен қолайлы жағдайлардың бірі деп саналатын. Теңізде жүзу адамдар бойында күш­жігер мен іскерлікті тасқындатады. Ол, сонымен бірге, халықты басқа халықтармен жанастырады, ой алмастыруды жүргізеді, адамға жаңа дүниелерді ашады. Халық оқшау тұрғанда ол бой алдыратын тұйықтық пен енжарлықтан сыртқы қатынастардың жалғыз өзі­ақ арылта алады. Егер сыртқы жаулардан қауіпсіздік ішкі бостандықтың шарты болса, бұл жағынан шетелдіктермен бейбіт жанасудың маңызы да одан кем емес. Англияның географиялық оқшаулығы оның теңіздегі жағдайы тарапынан ең күшті қарсылыққа ұшырады, бұл жағдай бұған дүниенің барлық елдерінің есігін ашты және оны еуропалық өмірдің тұрақты катысушысына айналдырды. Тарихшылар Грекияда табиғи жағдай даму үшін қаншалық қолайлы болғанын баяғыда байқаған, оған теңіз жағалауларының ғаламат ұзындығы, құрлыққа ұзап енетін шығанақтар, табиғаттың шексіз сан алуандығы мен байлығы бұйырған. Осынау қажеттілікті сезіну Ресейді де ұдайы теңізге ұмтылуға мәжбүр етті, онда ақыр аяғында кемеңгер пайда болғанда, ол оның міндетін түсініп, оны Еуропа халықтарының ортасына сүйреп енгізгенде, оның қажымас­талмас табиғатының бірінші инстинкті теңізге еңсерілмес ықылас болды. Бірақ континент елдерінде де жаратылыстық жағдай қоғамдық өмір мен бостандықтың дамуы үшін азды­көпті қолайлы бола алады. Бұл топырақтың сан алуандығына, қатынастың оңайлығына, ақыр соңында, табиғатпен, жер өнімдерімен айқындалатын өнеркәсіптік тұрмысқа байланысты.

Читайте также:  Отношений между Швейцарией и Европейским Союзом

Өнеркәсіптің әртүрлі салаларының ішінде сауда іскерліктің дамуына бәрінен көп жәрдемдеседі; сондықтан да туындыларға дүниежүзілік базар ашып беретін теңіз маңызды мәнге ие болады. Одан кейін қауырт қызмет пен тапқырлықты талап ететін өңдеуші өнеркәсіп талап етеді. Қоғамдық дамуға бәрінен аз жәрдемдесетін сала егіншілік, ол халық өміріне тым сұрқай реңк береді, және жеке іскерліктен гөрі табиғатқа тәуелді болып, әдетте басқа салалардың табысына еріп отырады. Тар кеңістікте егіншілікпен айналысатын халық бостандыққа едәуір мықты негіз бере алады; бірақ егіншілік сипаты басым ұлан­байтақ ел жетілу мен бостандық жолында бәрінен баяу жылжиды. Ресейдің жағдайы нақ сондай. Егер біз оның табиғи жағдайының бүкіл жиынтығын алсақ, біз оның басқа Еуропа елдерінен бостандық бастауын аз алғанын және өкіметтің шоғырлануына бәрінен мұқтаж болғанын түсінеміз. Мемлекеттің орасан зор екендігі, халық санының жұтаңдығы, жағдайдың сүреңсіздігі, егіншілік тұрмыс, Еуропамен қатынастың қиындығы және азиялық ордаларға жол ашықтық ­ осының бәрі халықтың ішкі бірігуін де, оның бойында ездігінен шаруа қабілетін дамытуды да барынша қиындатты. Осынау кемістіктер орнын тек мықты өкімет қана толықтыра алатын, ол ең жоғарыда тұрып, мемлекетке бірлік беріп, қоғамдық күштерді бағыттап отырып, оларды қызметке итермеледі, тіпті мұны көбіне зорлықшыл шаруалармен де жасады. Ресейді Солтүстік Америка Штаттарымен салыстыра отырып, олардың арасынан кейбір ұқсас белгілерді көруге болады: екеуінде де орасан зор кеңістікке әлі ішкі күресте күшін зая етпеген және болашаққа батыл қарайтын халық қоныстануда.

Бірақ осынау сыртқы ұқсастық тұсында, тұрмыс пен мекемелерде қандай өлшеусіз айырмашылық бар деңіз! Ол елдердің географиялық жағдайының өзімен түсіндіріледі: біреуінде теңізге әрең­әрең қолы жеткен континенттік халық, екіншісінде ­ материкті жаулап алған теңіз бойындағы халық тұрады. Бірақ, біз жоғарыда айтқанымыздай, табиғат өмірге өзгермес таңба салмайды. Адам рухы жаратылыстық жағдайдан теріс айналып, оны өзі үшін бағындырады. Ғаламат кеңістіктер жаңа өнертабыстармен бүлдіріледі. Темір жолдар мен телеграф адамдарды жақындастырады, бір­бірінен шалғай өлкелер арасында ойдың барынша тез алмасуын жасайды, ұлан­ғайыр мемлекеттерді шағын мемлекеттер болған жағдайға енгізеді. Физикалық кедергілер идеяларды бөгеуге қауқарсыз. Барлық жерде ортақ ұғымдар мен құлықтар таралады, мұның өзі бәрінен де қоғамның ішкі бірлігіне жәрдемдеседі. Дүниетанымның кеңеюі, үздіксіз қақтығыстар рухтың жаңа күштерін шақырып, адамдар бойында шаруа бітіру ниетін қоздырады. Осының бәрі сөзсіз бостандықтың дамуына, сайып келгенде өкілдікті мекемелердің дамуына жетелейді. Ерте ме, кеш пе, Еуропаның жаңа елдері, ағымның пәрменімен, осыған келуге тиіс, өйткені бұл өмірдің барысынан, бостандық тірек ететін жағдайдың дамуынан өрбиді. Мәселе жалғыз ғана уақытқа, мақсатқа азды­көпті тезірек қол жеткізуге байланысты. Бұл физикалық анықтамаларға емес, рухтың қызметіне тәуелді, ол еңбекпен, күреспен табиғатты өзіне қызмет еткізу жағдайына қояды.

Оставить комментарий