ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ ФИЗИКАДАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОРНЫ

Опубликовано Июль 11, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазіргі заманауи өркендеудің әр сатысындағы интеграциялық процестер мен халықаралық байланыстардың ұлғаюы ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуін, әлемдік стандарттарға сәйкес болуын және білім беру жүйесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Сонымен бірге, ғылыми-техникалық прогрестің, инновациялық процестердің, нанотехнологиялардың қарқынды даму заманында, ғарыш кеңістігін игеру заманында, табиғи кен өнімдерін тиімді пайдалану сияқты өзекті мәселелерді шешудің бір жолы – жан-жақты дамыған, ғылыми көзқарасы жетілген, жоғары санатты мамандарды даярлау болып табылатындығын көрсетеді. Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін тәжірибелер көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесін іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан оқу үрдісін жетілдірудің негізгі тенденциялары келесі сатылар арқылы сипатталады [1,2]: — есте сақтаудың функциясы ретіндегі оқудан алған білімді қолдануға мүмкіндік беретін ақыл-ойды дамыту арқылы оқытуға өту; — білімнің таза ассоциациялық, статистикалық үлгісінен ақыл-ой қызметтерінің динамикалық құрылымдық жүйелеріне; — дифференциалданған және индивидуалданған оқу бағдарламаларына өту; 321 — оқытудың сыртқы мотивациясынан ішкі-ерікті реттеушілікке өту. Мотивация қызметтің нақты формаларының пайда болуын, бағытын, сондай-ақ өтуін анықтайтын сыртқы және ішкі факторлар қатынасының күрделі механизмі. Мотив (лат. movere) — қозғалысқа келтіру, итермелеу деген мағына береді. Мотивация– ағзаның белсенділігін шақыртатын және оның бағытын анықтайтын түрткі-себептер [3]. Адамның қабылдау ерекшеліктеріне, сезу мүшелерінің сипатамаларына сай келетін қарқынды (интенсивті), анық сигналдардың сол мүшелерге келуі ақпаратты қабылдауда жеткіліксіз болса да, қажетті шарт болып табылады. Өкінішке орай, оқытушылар мұны барлық уақытта есте сақтай бермейді, көрнекі құралдарды қолданбай (немесе аз қолданып), өзінің даусының және дикциясының қаттылығын бақылауды ұмытып кетеді. Визуалды және аудио ақпараттың құрама әсері ең жақсы нәтижелерді береді («дидактиканың алтын ережесі» осыған негізделген). Қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулер [4-7], адам ауызша берілген ақпараттың 15% және көрген ақпараттың 25% есте сақтайтынын көрсетті. Егер осы ақпаратты берудің екі әдісі бірге қолданылса, ол осы ақпараттың 65% дейін қабылдай алады екен. Көру жүйесі арқылы ақпаратты қабылдау үш деңгей арқылы өтеді: түйсік, қабылдау және елестету, ал есту арқылы — бір деңгейде, елестеу деңгейінде жүзеге асады. Бұдан шығатыны, оқығандағы ақпарат тындағандағыдан жақсырақ қабылданады. Естілген ақпараттың 20% жоғалуы мүмкін, себебі адамның ойлауы сөйлеуіне қарағанда 8-10 есе тезірек жүруі мүмкін, яғни аландатушылық факторы болады (сыртқы қоздырушыларға деген реакция). Сонымен қатар, әр 5-10 секунд сайын ми аздаған секунд бөлігіне «өшіп » ақпаратты қабылдамайды. Осы себептен бұрынғы айтылған ақпараттың әртүрлі әдістер және лексикалық құралдар арқылы қайталанылуы талап етіледі. Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» — әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті сөзі — өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады. Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде білім алушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен білім алушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады. Интерактивті оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады. Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті байытуды қамтамасыз етеді. Осы берілген анықтама арқылы, келесі интерактивті әдістерді атауға болады: ми шабуылы; рөлдік және іскер ойындар; пікірталас; дебаттар; «кіші топтардағы жұмыс»; «тренингтер»; «тісті ара» әдісі; «орнын басу» әдісі; «ой-пікір шкаласы» әдісі; «ойша қыдыру» әдісі; «медиация»; «нақты ситуация» әдісі; «инцидент» әдісі және т.б. 322 Бүгінгі күнде электронды оқулықтардың білім беру жүйесінде алатын орны ерекше. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда: кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етіледі; жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады; гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейге көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы оқытушылар арқылы жүзеге асырылады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәрежеде меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Яғни, компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар: қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді; оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми-зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды. Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артатытындығы айқын. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады. ЭО негізгі қасиеттері: жинақтылық, жүйелілік, эстетикалық көркемділік, жылдамдылығы және т.б. ЭО қойылатын талаптар: жан-жақтылығы, ізгіліктілік, бейімділігі, модульділік, экономикалық тиімділігі, тұтынушыға бағдарлау [8]. Инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың физикаға танымдық қызығушылығын арттыру мақсатын негізге ала отырып, инновациялық тәсілдің бір түрі — электронды оқу құралын, қойылған талаптарға сүйене отырып жасадық. Аталған электронды оқу құралын «AutoPlay_Media_Studio_8.0.1.0_Retail» бағдарламасымен, инженерлік-құрылыс мамандық студенттері үшін «Молекулалық физика және термодинамика» бөлімі бойынша жасадық. Жалпы оқулықтың көлемі: 22,5 МБ құрайды. Студенттер өз бетінше білім дәрежелерін электронды оқулықтың соңында берілген тест көмегімен анықтауға да мүмкіндік жасалған.

Оставить комментарий

Загрузка...