Елін амандаған Шоңбай би

Атадан балаға, ұрпақтарына тараған, олардың ұғымына айналған дерек бойынша Шоңбайдың үш әйелі болғанын біледі. Олардың аттары: бәйбішесі— Жақсыбала, екіншісінің Тама деп атап кеткен, сірә руының атына орай болуы мүмкін. Ол кезде үлкен, сыйлы адамдардың аттарын тіке атамағаны белгілі. Үшінші әйелінің аты ұрпақтары аузында — Күрең. Ол қалай аталғанын кейінгі ұрпақ ашып айта алмайды. Келіндері жылқыда күрең деген сөзді — анамыздың аты кетеді деп — жирен деп айтады екен. Ақтоғай өңіріне белгілі Мұсахан Ыбырайұлы ақсақал 94 жыл жасап, өмірден 1994 жылы өтті. Көпті көрген, 1929 —1934 жылдары ел басқаруға араласқан, ел тарихы жөнінде білетін көп, әңгімешіл кісі еді. Сол кісінің айтуы бойынша Шоңкең күзекте, күздің аяғы, қыстың басында өмірден өтіпті. Суыт хабарды естіп, Шоңкең ауылына түнелтіп жүріп отырып, таңертең жеткен Тәңірқұл, Еламан ауылдарының үлкендері ауылға жете бере, әдеттегідей «бауырымдап» айқайламай: — Асқар тауым құлады­ау, — Ағар бұлағым суалды­ау, — Атар таңым батты­ау, — Қорғанымыздан айырылып, азынап қалдық­ау, — Ел ағасы кетіп, иесіз қалдық­ау, — Арысым­ай, ақылым­ай! — деп ат қойып барған екен деп еске алушы еді. Мұсекенің айтуынша, ел Шоңкеңнің жаназасына барғанда, әкесі Жұманов Ыбыш (Ыбырай) жөргекте екен. Шешесі көйлегінің ішіне, емшектерінің ортасына орап барған екен.

Ал Мұсекеңнің әкесі Ыбырай 1870 жылы туған. 17 қарашада 1942 жылы өмірден өтті. Менің әкем Шалмұһаммет тәрекілеп, жаназа намазын шығарып, жерледі. Осыған қарағанда Шоңкеңнің дүниеден өтуі 1870 жыл болуы мүмкін. Ұрпақтарының білетін Шоңкең дүниеден өткенде болыс, билeyшi болғанын Әлтеке­Сарым елінің кейінгі үлкендері бекітіп айтатын. 1870 жыл деген деректі де білу үшін мұрағат құжаттарына жүгінуге тура келеді. Сонымен Шоңкең Жақсы Жанқұттының, Құнанбайдың, Алшынбайдың замандасы болып тұр. Ол уақытта—1800 жылдың алғашқы ширегі — жартысында халық саны әлі шағын болған. Мейрам сопының Қаракесегінен тараған Майқы, Танас, Бошан болса, Майқының екі баласы — Әлтеке мен Сарым бір болыс ел болған. Бұл екі атаның ұрпақтары қазіргі кезде (2000 жылдары) Ақтоғай, Шет аудандары халықтарының басым көпшілігі болып табылады.

Читайте также:  ДАРИҒА СОЛ ҚЫЗ (Әні бар)

Сарымнан Шабанбай би ұрпақтары көбірек өсіп өнген, ел билеуге кең араласқан, қайырымдылығы, момындығы, кісі ақысына қызықпайтындығы, кісілігінің нәтижесінде еліне сыйлы болғанын қалың көпшілік мойындайды. Шабанбай бидің 1754 жылы туып, 1839 жылы өмірден озғаны белгілі, тарихи дәлелденген. Мазары Шет ауданының орталығы Ақсу—Аюлыдан түстікке қарай 17 шақырым жерде, Нұраның бойында. 1839 жылы тұрғызылған күмбез мазары тозып тұрғандықтан, 1994 жылы ел болып, қолға алып, бұрынғы күмбездің сырты пан қоршап, мазарын жаңартып, ас беріп, бата оқытып, бір игілікті ic бітірді. Шабанбайдың балалары: Байта, Балапан, Тойғыұлы, Молда, Қожа. Шоңбай болыстың әкесі деп отырған Балапан шамамен 1775— I860 жылдары өмір сүрген, Балапан да би болған екен. Ол туралы қазақ ғалымдары — Манаш Қозыбаев бастаған топ— 1996 жылы шығарған «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт­азаттық қозғалысының мұрағаттық құжаттар топтамасы» — деген кітаптың 173­бетінде келтірілген Қарқаралы аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысовтың 1838 жылы желтоқсандағы рапортында айтылған. Балапаннан: Құржық Байбол, Байгөншек, Байсақ, Шоңбай туады. Бұлардың ішінен біздің бабамыз Байгөншектің 1795 —1882 жылдары өмір сүргені белгілі. Мазары сақталған, басына құлыптас орнатылған. Шоңбай болыстың 1858 жылғы анкетінде көрсетілген еркек балаларынан басқа Мұһамметхан деген баласы болған.

Дүкенбайдан басқасынан ұрпақ бар. Шоңбайдың бас жұмысында 1858 жылы 9 жаста деп көрсетілген. Бөлкенбайдың мазары Сарытерек селолық округі жерінде, Тоқырауын өзенінің қабағында жақсы сақталған, ұрпақтары күтіп ұстап отыр. Басына граниттен қашалып, араб әрпімен орындалған жазуында 1848 —1906 жылдар деген дерек бар. Шоңбай да, Бөлкенбай да, Бөлкенбайдың екі баласы Сейітқали да, Жағыпар да болыс болған. Болыс сайлауы кезінде, елубасылар жиналғанда: — Ағайын, біреуіңнің тышқақ лағыңа зияным тиген жоқ, біреуіңнен бір тиын пара дәметкем жоқ, керек десе біреуіңнің бір тайыңды да лауға мінгенім жоқ. Ағайынға, кедей­кепшікке есігім ашық, төрім жазық, дастарханым жаюлы, сабам пісулі болды. Ендігісін өздеріңіз білесіздер, — дейді екен. Сондайда жиналған елубасылар — «басқаның төрінде отырғаннан Шабанбай ұрпақтарының босағасында отырғанымыз артық» деген тоқтамға келеді екен. Мемлекеттік мұрағаттан, сонымен бірге белгілі заңгер Әбішев Қабылсаят мырзаның қолына түскен құнды­құнды тарихи деректер де бар. Соның бірі 23 қазан 1880 жылы Өтеміс­Темірші руларының жер белгісі, жер аттары, тау­тас, өзен­су, өлке бәрі көрсетіліп, екі руға тиесілі жерлер бекітілген карта. Жер бөлу актісіне қолын қойып, мөрін басып бекіткен ел билеуші болыс ­ Шоңбаев Бөлкенбай. Сонымен бірге 1858 жылы Қаракесек атанын Сарым, Майлық, Киікбай, Жиімбай руларының ел басшыларының Берікқара қорғасын кені орнын Поповка жалға бергені туралы құжат та Әбішев мырзаның қолында тұр. Бір айта кететін жайт — сол шартқа қол қойған 48 жер иелерінің ешқайсысының қазіргідей жоғары білімі де, жоғары шені де болмағандығы. Соған қарамай жерді жалға беруге сонша ыждаһаттықпен қарағаны көрініп тұр.

Читайте также:  Языковая идентичность в Казахстане

Оставить комментарий