«Еркектер қоғамдары» және құпия қоғамдар

Жыныстық жетілуге байланысты өткізілетін рәсімдермен қатар басқа да ересектерге арналған тылсымдықтар. Бұл еркектер (ерлер) қоғамдары немесе құпия қоғамдар ешкім де ештеңе біле алмайтын немесе ешкім де бағышталушы сынақтардың тағы бір сериясынан шыдап өткенше мүшесі бола алмайтын құпия қоғамдар морфологиясы елеулірек, бұл жерде олардың құрылымы немесе тарихын сипаттауға мүмкіндігіміз жоқ. Еркектердің құпия қоғамдарының тарихына қатысты бірдеме дер болсақ, ең көп таралғаны Фробениус ұсынған және тарихи ­ мәдени мектептің тарапынан қабылданған болжамы болып табылады . Осы гипотезаға сәйкес, еркектердің құпия қоғамдары — матриархалдық құрылыстың нәтижесі. Олардың мақсаты өнімі болып табылатын әйелдер үстемдігін жеңу осы үшін маскарадтарда демондар мен өлгендердің рухтары қатысып отырады де теңге сендіру нәтижесінде әйелдердің бойына үрей орнату. Бұл жерде өзіміздің баяндай алмайтын дәйектерге сүйенер болсақ, осы гипотеза онша жақсы негізделмеген сияқты болып көрінеді. Перде киюді дәстүр қылған еркектер қоғамдарының ерлер үстемдігі үшін күресте қандай да бір рол ойнаған да шығар, бірақ, олардың жалпы сипаттағы құбылыс ретінде матриархаттың салдары болғандығын көрсетер ешқандай айғақ жоқ. Қайта керісінше, жаңа ғана сараптап өткен жыныстық пісіп­жетілу ғұрыптары мен еркектік құпия қоғамдарының мүшелігіне жеткізер жетпектердің сынақтарының арасындағы даусыз (абсолютті) ажырағызсыздықты тауып отырмыз. Мәселен, бүкіл Океанияда жас өрендер жетпегі де, еркектік құпия коғамдарының мүшелігіне өту жетпегі де бірдей дерлік өлімнің символдық жоралғысын — құбыжықтың жұтып қою, одан кейінгі қайта тірілу жоралғысын қамтиды, мұнысы олардың бір қайнар көзден бастау алғандығын көрсетеді . Осыдан шытатын балама, бізге даусыз болып көрінетін түйін мынадай: еркектік құпия қоғамдар, Mannerbunde өз бастауын тайпалық жетпектен алады. Біздің еншімізге тек осынау жаңа құпия ассоциациялардың пайда болуы мен мақсат­ мұратын түсіндіру ғана қалып отыр. Ең алдымен, бізге, ерлердің де, әйелдердің де (соңғылары өте аз болса да) болғандығын атап өту қажет. Әйелдердің құпия қоғамдарының пайда болу себептерін олардың еркектер ассоциациясының еліктеуімен (соған ұқсауға тырысуымен) түсіндіре салудан қашып құтылу қиын болар. Тінті, кейбір жерлерден осындай имитация процесінің болғандығы дәлелденер де. Бірақ кейінірек көретініміздей, әйелдердің құпия қоғамдары, Werberbunde, өзінің кейбір ғұрыптарын алғашқы менструалдық циклмен байланысты жыныстық пісіп­жетілу жетпеуінен алады. Сондықтан да, еркектер өздерінің матриархатқа деген жаман көзқарасының нәтижесінде құпия қоғамдарға ұйымдасты және әйелдер де өз кезегінде еркектердің терроризміне қарсы қарулану мақсатында, еркектердің әрекеттерін көшіре (қайталай) отырып, Werberbundentpin ұйымдастырды деп есептеуге бізді ешкім міндеттей алмайды.

Читайте также:  Театрдың тууы, тұңғыш спектакльдер, репертуар және режиссура мәселелері

Таты да бір еске салар болсақ: осындай құбылыс пен оған қатысты реакция адамзаттың діни тарихында жеткілікті түрде байқалатындығын ешкім жоққа шығарғысы келіп отырған жоқ, бірақ, ол әлдебір табиғи және ілкі бастаулық бола алмайды. Жыныстық пісіп­жетілу шағында жас өрендер мен қыздар өтетін жетпек тылсымы осыларға бастау болған феномен болып табылады. Басқа типтегі тылсымдықтар оз бастауларын осы еркекке немесе әйелге айналу үшін әрбір адам алуы тиіс ілкі негізді көңіл ашарлардан бастайды. Тылсымдықтармен әуестенетін құпия қоғамдардың пайда болуын түсіндірудің жалғыз, шын деуге тұрарлық жолын екі жыныстағылардың әрқайсысының мүмкіндігі болғанша барынша толық киелі (сакраменталдық), ерекше дүниеде өмір сүруге деген ниетінен іздеген жон сияқты. Нақ осы себептерге орай құпия қоғамдардағы жетпек жыныстық пісіп­жетілу кезіндегі жетектерді жақынырақ түсіреді. Бұл жерде біз сол баяғы қатаң сынақтарды табиғи өлім мен қайта тірілу символдарын сол баяғы түрлі және құпия сенім ­ нанымның көңіл ашарларын кетіреміз. Жетпек сценарийі киелілікті және неғұрлым толық қанды қабылдау (сіңірудің) болғандықтан да біз осыларды кезіктіреміз. Бірақ, құпия сақтау туралы серті (анты, уәдесі) болмайтын бірде бір құпия қоғам жоқ, нақтырақ айтсақ жергілікті халықтар өздерінің ежелгі дәстүрлерін өзгеріссіз атап отырған кездері болмаған. Бұл үшін екі себеп бар. Біріншісі: құпия қоғамға мүше болудың өзі іріктеуді, қабылдауды білдіреді; тайпалық жетектерден өткендердің барлығы бірдей тіпті олардың қалауы осындай болса да, іріктеуден өте алмайды. Құпиялықты күшейтудің екінші себебі көп дәрежеде тарихи деңгейде жатыр: дүние тіпті қоғамдар үшін де өзгеріп отырады, және ата ­ аналардың кейбір аңыздары жоғалып (ұмытылып) кетуін басынан кешіреді. Манджа және Банда тайпаларында Нигакола деген атаумен мәлім қоғам бар. «Жетпектен өту кезінде жетпеушілерге алдын­ала айтылып берілетін миф бойынша ертеректе Нигакола жер бетінде өмір сүріпті. Оның денесі ұзын шашты (түкті), қап­қара түсті болыпты. Оның қайдан шыққанын ешкім білмепті, ол ну орманда (Бушта) батпақты маңында өмір сүріпті. Ол адамды өлтіре және үрлеп жаңа өмір бере алады екен. Ол тіпті жай адамды керемет адам етіп шығара алады екен. Ол адамзатқа мынаны жария етіпті: Бірнеше адамды маған жіберіңдер мен оларды жеймін де сосын жаңа, өзгерген түрінде құсып тастаймын!» Оның сөзіне құлақ асады бірақ, Нигакола жұтылған адамдардың жартысын қайта қайтарып отырғанын көрген соң адамдар одан кек алмақ болады. Олар оған «көп мөлшерде маниокпен ішіне тас қосып азықтандырды, нәтижесінде құбыжық әлсіреп қалады да, адамдар оны пышақтап мен келте найзалардың көмегімен өлтіреді».

Читайте также:  Фонологиялық жазу

Осы миф құпия қоғамның негізінде жатыр және оның жоралғыларын түсіндіріп береді. Киеленген жалпақ і ас жетпек рәсімдерінде үлкен рол атқарады. Аңыз бойынша, осы тасты Нигаколаның денесінен шығарып алған. Жетпекшіні құбыжықтың денесін символдаушы лашыққа қамайды; осында ол Нигаколаның қорқынышты даусын естиді, нақ осында оны азаптайды және қинайды, өйткені, оған «жаңа ғана Нигаколаның тәніне енгендігі», оның ішінде қорытылып жатқандығын айтады. Басқа бағышталушылар бірлесе бірыңғай үнмен дауыстап: «Нигакола, біздің ішек ­ карымызды ал! Нигакола, біздің өмірімізді ал!» — деп әндетеді. Осыдан кейін, жетпекші сынақтарды басынан өткізген соң ғұрыпты өткізіп тұрған кісі ақыр соңында жетпекшіні жұтып қойған Нигаколаның оны сыртқа қарай түкіріп тастағандығын жария етеді. Бұл жерде біз тағы да құбыжықтың қарнындағы (жемсауындағы) жыныстық пісіп­жетілу жетектерінде үлкен ол ойнайтын өлім символизмімен кездесеміз. Құпия қоғамға кірудің ғұрыптарының барлық жағынан да тайпалық жетпектерге сәйкес түсіп жататындығына тағы да бір рет назар аударыңыздар: оқшаулану, қинаулар мен бағышталу сынақтары, өлім мен қайта тірілу, жаңа есімге ие болу, құпия тілге үйретілу, т.б. Бүл бельгиялық уағызшы Л.Биттермикс ұсынған май омба тайпасындағы Бахимба құпия қоғамының сипаттамасынан неғұрлым анық байқалады . Мұнда жетпектің сынақтары екі жылдан бес жылға дейін созылады, және осындағы ең басты мән­мағына өлу мен қайта тірілу рәсімінде жатыр. Жетпекші түнде ойналатын (өрбітетін) сцена кезінде «өлтірілуі» тиіс. Кәрі бағышталушылар «билетуші даңғырлардың (барабандардың) дүңкіліне ілесе өлуге тиістілерді жоқтаған аналар мен туыс­тумалардың жерлеу әнін айтады». Үміткерді қамшымен сабайды, ол алғаш рет «ажал ішкілігі» деп аталған есірткілік ішкілік ішеді, содан кейін, ақыл­ойды символдайтын (өлу арқылы адам даналыққа ие болады дегенді білдіретін өте маңызды егжей) бөтелке тәрізді асқабақтың бірнеше тұқымын жейді. Үміткер «ажал ішкілігін» ішіп болғаннан кейін, оның қолынан ұстайды және, қарттардың бірі, ол жерге құлап түскенге шейін оны айналып жүреді. Содан кейін олар «пәленше және түгенше өлді!» — деп айқайлайды. Жергілікті тұрғындардан шыққан куәгердің айтуы бойынша, «хор жерлеу әнін («Ол мүлде өліп қалды! Ол мүлде өліп қалды! О, Кхимба, енді мен оны ешқашан көре алмаймын!») айтып жатқан шақта, өлгенді әрі­ бері домалата береді». Осындай түрде жетпекшіні оның анасы да, ағасы мен апасы да (інісі мен қарындасы да) жоқтайды, жылап ­ сықтайды. Осыдан кейін бұрын бағышталған туысқандары «өліктерді» арқаларына салып алып, «қайта тірілуге арналған алаңқай» деп аталатын киеленген қоршаулы жерге жеткізеді.

Читайте также:  Қасым ханның қасқа жолы (реферат)

Осында оларды тыр жалаңаш күйінде крест формасындағы қазылған көрге салады, және, жергілікті торт күндік аптаның бірінші күніне сәйкес келетін «өзгеру» немесе «қайта тірілу» күні болғанға шейін сонда қалдырады. Содан кейін жетекшілерің шаштарын алады, оларды ұрып­соғып, жерге тастайды, және, ақыр соңында, көздері мен кеңсірігіне күйдіргі сұйықтың бірнеше тамшысын тамызу арқылы тірілтіп алады. Бірақ, қайта тірілместен бұрын олар абсолютті құпиялық жөнінде ант қабылдауы тиіс: «осында көретіндерімнің барлығын да ешкімге — әйелге де, еркекке де, бағышталмағандарға да, аққұлаққа да айтпаймын — егер осылай етер болсам, менің парша ­ паршамды шығарып тастаңдар!» «Осында көретіндерімнің барлығы» — жетпекші әлі де болса нағыз тылсымдықты көре қоймаған дегенді білдіреді. Оның жетпегі — яғни, жоралғылық өлу мен қайта тірілу — бар болғаны оның қасиетті тылсымдықтарға (бүл жөнінде біздің қолымызда өте аз ақпарат қана бар) қатысып отыруына қажетті sine qua поп шарты ғана. Біздің басқа еркектік құпия қоғамдар, мәселен Океанияның қоғамдары, оның ішінде тылсымдықтары (таинства) бағышталмағандарың бойына үрей жайлататын, бақылаушылардың санасында қатты әсер қалдырған dukduk жөнінде немесе, Солтүстік Американың өздерінің бағышталу азаптауларымен мәшһүр болған еркектік туысқандықтары жөнінде талқылауға мүмкіндік жоқ . Мәселен, тайпалық жетпек ғұрпы сонымен бір мезгілде құпия туысқандыққа кіру болып табылатын майдандар арасындағы азаптау мен қинау кез келген көзге елестетілген азаптап ­ қинаудан да асып түседі: екі еркек құрбандықтың кеудесі мен арқасының бұлшық еттеріне пышақ тыққылап, өздерінің саусақтарын кесілген жарақат ішіне тереңірек сұғады, бұлшық еттердің астын үңгу арқылы екі жақты тесік (петля) жасап, оған жіп байлап, жетпекшіні жерден жоғары көтереді; көтерместен бұрын аяқ­қолының бұлшық еттеріне ауыр салмақты тастар мен бизон бастары ілінген қазықшаларды шаншитын еді. Катриннің айтуына қарағанда, жас өрендердің осындай ғаламат азаптауға қалайша төтеп беріп, төзімділік танытуы адам сенбестей: азаптаушылар оның тәнін тескілеп жатқан шақта олардың беттерінің бірде­бір бұлшық еті қозғалмаған еді . Құрбандық жоғарыға салбыратып ілініп қойылғаннан кейін, оны ұршықша бастайды, сорлы жігіт есінен танып, оның денесі шүберекке ұқсап салбырап қалғанша айналдыруды үдеткеннің үстіне үдете береді.

Оставить комментарий