Есентемір руы туралы

Байұлының келесі баласы Есентемірден – Тағыберлі, Тақсұлы. Тағыберліден – Көн. Көннен – Бессары, Қаратамыр, Кенжебай, Қырғыз. Қаратамырдан – Итақ, Алатау. Итақтан – Тоқсанбай. Тоқсанбайдан – Жаман. Алатаудан – Қойсары, Қожаназар. Қойсарыдан – Тілеуберді, Түлкібай, Қыстаубай. Қожаназардан – Төлебай. Есентемірдің екінші баласы Тақсыұлыдан – Тағашы. Тағашыдан ­ Әжімбет, Қожамбет, Бердімбет (сулы көз). Әжімбеттен – Жапақ, Есімбет, Телеке, Барқан, Байкісі. Жапақтан – Алданазар, Үмбетқали, Мырзаболат, Сасықбай, Шүйінші. Төлекеден – Қонай, Саржаң. Бердімбеттен – Көшім, Көшек. Атырау алқабында ХVIII­ХІХ ғасырда от ауызды, орақ тілді әділ билер көп болған. Солардың бірі – Есентемір Бөкен би. Бөкен мал­мүлікпен шаруасы болмай, жарлы болған. Ел арасындағы аңыздарға қарағанда Бөкен би ат мінсем көңілім өсіп кетеді деп, өгіз мініп жүрген. Бөкең ел ішінің бүтіндігі ағайынның татулығы үшін жанын аямай, күштілердің әлсіздерге істейтін озбырлығына жол бермеген әділ би болған. Шамамен Бөкен би 1771 жылы туып, 1857 жылы 86 жасында қайтыс болған. Бөкен сөздері 1908 жылы Қазанда Мақаш Бекмұхамбетовтың «Жақсы үгіт» кітабынан бастап, кейінгі кездегі шешендік жайындағы кітаптарға еніп келеді. Ерте кездегі елдің қамын жеген қазақтың билері мен ақсақалдары, сол кездегі ақуалдармен шектелмей, алдын болжай да білген. Оған атақты Мөңке бидің мына сөзі дәлел бола алады: Кер заманның кезінде Құрамалы үйің болар. Құбылмалы биің болар, Ежірей деген ұлың болар, Бежірей деген қызың болар, Адырай деген әйелің болар, Кекірей деген келінің болар, Табалдырықтан биік тау болмас, Туысқаннан мықты жау болмас. Кер замандар болғанда су тартылады, Тана менен торпаққа жүк артылады. Ар­ұяттың бәрінен жұрдай болып, Қарап тұрған жігітке қыз артылады. Бұдан бірнеше жыл бұрын айтылған Бөкен бидің сөзіндегі жағдайлар қазіргі өмірімізде кездесіп жүрген жоқ па? Бұл бұрынғы өткен билеріміздің ой парасатының молдығын, елдің қамқоры бола білгендігін көрсетеді.

Читайте также:  Жанғыш газдардың негізгі қасиеттері

Оставить комментарий