Эсхатологиялық мифтің сарқыншақтары

Крест жорықтарының сәтсіздігі эсхатологиялық үміттерді өшіре алған жоқ. Томмазо Кампанелла өзінің «Испан монархиясы туралы «шығармасында испан патшасын Түрік империясына қарсы жаңа крест жорығын қаржыландыруды және жеңістен соң дүние жүзілік Ұлы Монархияны негіздеуді жалынып сұраған еді. 38 жыл еткен соң, болашақ XIV Людовиктің дүниеге келу құрметіне, XIII Людовик пен Австриялық Аннаға арналған Экологта бір мезгілде Киелі жердің қайтарылуы мен уақыттың жаңаруын болжайды. Жас патша мың күн ішінде құбыжықтарды жеңе, яғни, көпірлерді бағындыра және Грекияны азат ете отырып, бүкіл жер бетін жаулап алады. Магомет Европадан қуылып, Мысыр мен Эфиопия қайтадан рисгиандық болады. Татарлар, парсылар, қытайлар және бүкіл Шығыс христиан дініне өтеді. Барлық халықтар біртұтас христиан әлемін құрайды, жаңарған Жаһанның жер орталығы — Иерусалим болады. «Шіркеу, — деп жазады Кампанелла, — Иерусалимде басталды, бүкіл дүниені айналып өтіп Иерусалимге қайтып оралады». Өзінің «Бірінші және екінші қайта тірілу» деген трактатында бұдан (былай, Әулие Бернардікі сияқты, «Иерусалимнің жаулап алынуы тек аспан Иерусалиміне апарар саты болып табылады» деп есептемейді. Ол үшін бұл миссиялықтың орнауы болып табылады. Джоакиноның бүкіл дүние үшін тарихи заманның, бостандық идеясы, бұл заман болғандықтан, кең болды. Бұл сонау әулие Августиннен бері шіркеу қабылдаған көзқарасқа қайшы келетін қолданысқа ие ілім бойынша, Шіркеу жер бетінде кәмілдікті орнатып қойғандықтан, бұдан былай басқа жаңару болмайды. Жалғыз ғана шешуші оқиға Христің екінші рет келуі мен Қорқынышты сот болмақ. Джоакимо да Форе христиандыққа жаппай (жалпыға ортақ) қайта төрітілуі туралы бағзы мифті енгізеді. Үшінші оның пікірі бойынша, Қасиетті Рухтың басшылығымен Бостандық патшалығы болмақ, ал бұл тарихи христиандық уақыт тұңғиығына кетіп, осының салдары бүгінде бар барлық ережелер мен жөн­жосықтар алып келеді. Біз бұл жерде түрліше, Джоакимо да Форенің ойы түрткі болған эсхатологиялық қозғалыстарға тоқталып жатпаймыз.

Читайте также:  РАДИОАКТИВНОСТЬ ЛИШАЙНИКОВ

Дегенмен, Калабриялық сәуегейдің идеяларын күтпеген жалғасы болып шыққан кейбір ілімдер жөнінде еске алудың да артықтығы жоқ. Мәселен, Лессинг өзінің «Адамзат нәсілін тәрбиелеу» деген еңбегінде үшінші заманда татам болатын, үнемі және ілгерілемелі (прогрессивный) көңіл ашар туралы тезисті дамытады. Мұны Лессинг тәрбие берудің көмегінің арқасында жетуге болатын ақыл­ойдың жеңісі деп бағалаған еді. Оның пікірі бойынша, мұнда, «жаңа мәңгі інжілдің» орнау уақытын тым ертерек жариялап жібергені тана жалғыз адасу болып табылатын, «XIII және XIV ғасырлардағы энтузиасттар» туралы христиандық көңіл ашарлардың орындалуы іске асады. Лессингтің ықпалы елеулі болған, Сен – Симон арқылы ол Опост Конт пен оның үш жай­ күй іліміне де эсер ете алды. Оның ықпалын Фихте, Гегель, Шиллинг те көрді; бұл идеялар бойынша, үшінші заманда Тарихтың жаңаруы болмақ. Осы ойшылдар арқылы эсхатологиялық миф кейбір орыс жазушыларына, оның ішінде, «Рухтың үшінші патшалығының» авторы Красинскийге, «Үшінші Өсиеттің христиандығының» авторы Мережковскийге ықпал етті . Әрине, біз бұл жерде Қасиетті Рухтың дәурен құруының эсхатологиялық күтуімен емес, жартылай философиялық идеологиялар мен фантазиялармен істес болып отырмыз. Дегенмен, бүл теориялар мен фантазиялардың барлығында да аз болсын, коп болсын, жаппай жаңару туралы миф қылаң беріп қалады.

Оставить комментарий