ЕСКІ ПРОГРАМНЫҢ КЕМШІЛІГІ

Ескі програмның кемшілігі: қай адамның өміріне түрліше керексіз, пайдасыз, қысыр біліммен баланың басын қатыратын. б) Мектеп бүгінгі қолма­қол өмірді, тұрмысты, саясатты оқытпай, баланың күндегі көріп­біліп жүрген, қызық көретін нәрсесін үйретпей, алда қашанғы өткенді, тарихты, алыстағы елдерді, жерлерді жаттатып, кітаптан оқытып, заманнан алыстататын. с) Баланың өз бетімен білім, өнер табуына бөгет болатын жасықтыққа, қорқақтыққа үйрететін. Діншілдікті, құдайшылықты, бағынғыштықты көкірегіне орнатуға тырысатын. ж) Пәндердің бірімен­бірі байланыспайтын, жазылса үйлеспейтін, үйлеспек тұрсын біріне­бірі қайшы кеп, бірінің шын дегенін, бірі өтірік мансұқ қып отыратын. Мысалы: дін сабағында… «жер мен көкті» Құдай алты күнде жаратыпты. Күн күркірегенде періште шайтанды атады – деп үйретсе, ғылым (пән) сабағында жердің пайда болуына пәлен мыңдап, миллиондап жылдар өткеніне, күн күркіреу, найзағай ауаның қозғалысы, электр ұшқыны екеніне тәжірибе арқылы баланың көзі жететін. Бұл қайшы келген емей, немене? Міне, ескі програмның тағы сондай кемшіліктері көп еді.

Читайте также:  Артыкбаев Чакпак биография

Оставить комментарий