Естай Беркімбайұлы өмірбаяны

Халқымыздың музыка байлығы мен сөз байлығы қашаннан­ақ қатарласып өмір сүріп келе жатқан рухани қазына. Жүздеген ақын, әнші, күйші композиторларымыздың қалдырған сарқылмас мұрасы оған дәлел. Бірақ, жазба мәдениеті болмаған кезде өнер иелерінің шығармалары заманнан заманға, атадан балаға ауызша таралып жетті де, кейбіреулері мүлдем ұмытылып, енді біреулері «халық әні», «халық күйі» дәрежесіне көшті. Көптеген әнші, күйшілердің есімдері ғана сақталып, олардың өмірі мен шығармашылық қызметтеріне байланысты ешқандай деректер сақталмады. Ән, күйлер хатқа түспегендіктен уақыт өте келе тарих бетінен біржола ізін суытты. Қазақтың халық музыка өнерінің жүйелі түрде қағазға түсірілуі А.Затаевичтің ерен еңбегінен басталатынын білеміз. Мыңдаған халық музыка үлгілерінің жиналуын былай қойғанда, жүздеген өнер иелерінің өміріне қатысы бар құнды деректер жазылды. Білімді зерттеушінің жеке­жеке шығармаларға берген пайымдаулары да қазақ музыка тарихы үшін өте құнды, маңызы ерекше. А.Затаевичтің жинақтарында есімдері еміс­еміс естілетін әнші, күйшілерді көреміз. Олар Зұлхия, Соқыр Зейнеп, Ұмсын қыз, Қошан сері, Сауытбек, Қапаш, Құлтума, Аязбай, Тоқыбас, Ермұхан, Жақсыбай, Есқазы, Өтебай, Майтық, Аманғали, Темірғали, Тоқжан ақын, Будабай, Сабыр, Жолтай, Ақбас, Маржан, Әмірхан, Айдынғали, Мұстапа ақсақ, Есенжол жыршы, Рзия, Сәлімгерей, Ешнияз жыршы және басқалар. Сондай­ақ, ол халық арасынан шыққан кәсіпқой әнші­күйші композиторлардың туындыларын да тұңғыш нотаға түсіріп, әлемге паш етті. Солардың бірі ­ Естай Беркімбайұлы. А.Затаевич Естайдың «Дүние» атты әнін Бегішев Әбдірахманның орындауынан жазып алып «Қазақтың 1000 әні» (1925) жинағында жариялады ( № 72). Осы әнге берген түсіндірмесінде фольклоршы: «Бұл тамаша әннің авторы Естай Ақмола губерниясында тұратын қазіргі заманғы халық әншісі. Оның тағы бір әдемі әні ­ «Термесі» Әлікей Өтекиннің айтуынан жазылды (№ 234)», ­ дейді. Аталған жинақтың № 51, 178, 209, 717 сандарындағы «Құсни­Қорлан» деген атпен халық әншісінің тағы да төрт әнінің нұсқалары келтірілген.

Читайте также:  Оңтүстікте бензин құйылған 12 цистерна отқа оранды (фото, видео)

Осы әндерге берген сипаттамаларында белгілі музыка зерттеушісі Естай туындыларының қасиет­ қадіріне, музыкалық ерекшеліктеріне тоқталып, өз пікірлерін келтіреді. Оның өмірі мен шығармашылық қызметі жайында академик А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» кітабында біршама қамтып жазды. Естайдың әндерін жазып алып, жинақтауда көп еңбек сіңірген зерттеушінің бірі ­ Б.Г.Ерзакович. Ол халық композиторының өз орындауында әндерін нотаға түсіріп, өміріне байланысты деректерді жазып алды. Естаймен бірге жүрген, оның мінез­құлқына, түр сипатына қанық адам Рақымжан Татыбаев әнші туралы естелігінде: «Естай көк көзді, ер мұрынды, қызыл шырайлы, келбетті болыпты. Өте сәнді киінетін, тазалықты жақсы көретін. Өзінің сүйікті домбырасын әр уақытта әспеттеп орап қоятын. Көрінген адамға ұстата бермейтін. Естай ән салған уақытта тамағын кенеп, омырау түймесін ағытып әлек болмайтын, салмақты пішінмен бір орыннан қозғалмай отырып әнді әдепті салатын. Ол домбыраны солақай тартатын. Әнді салар алдында домбырасын көзбен бір шолып алып, құлағын бұрайтын, сол сәтті домбыраның құлағы босап, не тиегі жылжыса, жиналғандардың әңгімесіне араласа отырып, түзеуге кірісетін. Әбден күйіне келгенде барып ән салатын. Әнді бір салғанда біразға шейін шарықтап, бөгелмейтін» [1]. Халқымыздың белгілі әнші­композиторы, әрі ақыны Естай Беркімбайұлы 1868 жылы қазіргі Павлодар облысының Екібастұз ауданына қарасты «Екібастұз» совхозының № 4 фермасы орналасқан «Қаражар» ауылында туды. Осы арада Естайдың туған жылы туралы да бір пікірге келе алмай жүргенімізді айтқым келеді. Академик А.Жұбанов өзінің «Заман бұлбұлдары» (1963) монографиясында Естайдың 1874 жылы туғанын жазады. Қазақ энциклопедиясында (4­том, 194­ бет) осы уақыт қайталанады. Ал, ақынның басына қойылған құлпытаста оның 1873 жылы туылғандығы көрсетілген. Бұл мәселенің басын ашып алу көп қиындық келтірмейді. Өйткені Естай Беркімбайұлы 1940 жылы Қазақстан Композиторлар одағының мүшелігіне сайланғанда жазған өмірбаянында 1868 жылы туғанын растап, өзінің қолын қойған.

Читайте также:  Тәсіл: Тілдің ойындары

Ал, 1941 жылғы 5­мамыр айындағы Павлодар облыстық Мәдениет бөлімінің Қазақстан Композиторлар одағының ұйымдастыру комитетіне Естайдың шығармаларын басып шығару жөнінде жазған катынас қағазында оның 73 жаста екенін көрсетеді. Бұлжытпайтын тағы бір дәлел бар. Ол ­ Естаймен біраз уақыт бірге жүрген Б.Г.Ерзаковичтің естелігі (қолжазба). Естелікте былай дейді: «Ақындар айтыстарының бірінде, 1939 жылдың наурызында мен алғаш рет Павлодар облысынан келген халық композиторы, әнші, әрі ақын Естай Беркімбайұлының үнін естідім… Айтыста Естайдың өнер көрсетуі, оның өз әндерін орындаудағы шеберлігі, жұмсақ қоңыр даусы мені өзіне бірден баурап алды. Осыдан кейін достарымның бірі мені Естаймен таныстырды. Бір­бірімізге деген өзара ыстық ықыласты сезінген біздер бірден әңгімеге кірісіп кеттік. Орысша әжептәуір сөйлейтін. Сол жылы оның жасы 71­ де болатын, бірақ өзін әлі де тік ұстайтын, шашына әлі ақ ене қоймаған әнші жас көрінетін. Ол халықтық үлгімен тігілген ақ көйлек, оның сыртынан бешпет, қалыңдау сұрғылт матадан тігілген шалбар, кебіс­мәсі, жиегі терімен жұрындалған шағындау бөрік киген екен. Оның жанындағы сұхбаттасуына мейіріммен, ынта­ықыласымен қарайтын тұнжыркөк аясы үлкен әдемі көздері адамды ерекше тартып тұратын. Мен айтыс аяқталғаннан кейін Естай мен Көкшетаудан келген әнші­ақын Шәкен Отызбаевты үйге ертіп келіп қонақ еттім. Біз тек кешкілік қана үйде кездесіп жүрдік, өйткені күні бойы өнер сайысынан қол босамайтын. Сөйте жүріп, кейде кешкі астан кейін олардан бірді­екілі ән жазып алатынмын». Осы арада ескерте кететін бір жайт, жазбаша деректер қалмаған жерде халық композиторларының туған жылына,ән тарихына байланысты түрлі пікірлер айтылады. Қарап тұрсақ, барлығы да дұрыс сияқты. Біздіңше, сол көптеген жорамалдарды бір­бірімен салыстыра отырып, шындыққа жақын фактілердің негізінде бір қорытындыға келген жөн. Ал, бір деректі олай емес, былай еді деп қырық саққа жүгірту оқырмандарды адастырады. Бұларға қазылық айтып, жүйеге келтіретін, соңғы нүкте қоятын кездейсоқ адамдар емес, тәжірибелі, әз объектісін жан­жақты білетін мамандар болуы керек. Естай шығармашылығын талдап, саралағанда да осы қағидаларды басшылыққа алған абзал.

Читайте также:  Әлеуметтік хаос

Естайдың әншілігі, ақындық қабілеті ана сүтінен дарыған десе орынды. Оның анасы Күлипа, нағашысы Байтұлым ауыл арасында ғана емес, кезінде Кереку өңірінде аттары әйгілі әншілер болған. Естай ат жалын тартып мінуге жарағаннан бастап қолына домбырасын алып, ән айтуға талаптанады. Той­жиындарға жиі барып, ақын, әнші, жыршылардың өнерлерін бойына сіңіріп өседі. «Талапты ерге нұр жауар» демекші, Естай енді өзі де ән­жырдың, той­ думанның басы­ қасында болып, шамасы келгенше өнерін көрсетіп көптің көңілін аулайды. Оның әнге құмарлығы 7­8 жасында­ақ біліне бастайды. Ауылдағы Жақып деген молдадан арабша сауатын ашады, ара­тұра өлең жаттап, құрбы­құрдастарының арасында айтып жүреді. Бір күні өзімен бірге оқитын бала молдаға барып Естайдың ән айтатынын әңгімелейді. Молданың өзінің де аздап өлең жазатыны бар көрінеді, ол өнерпаз шәкіртін қолдап: «Өлең айтса айтсын, оның ризығы өлеңнен болар», ­ депті. Молда ұстазы Естайға өлең айтқызып, жаттықтырады. Қолына домбыра алып, шілдехана кезінде, басқа да халық бас қосқан жиын­ тойларда өлең айтады. Сөйтіп, талапты жастың атағы біртіндеп елге танылып, 15­16 жасында ауылдастарының құрметіне бөленеді. Ол ән айта жүріп, ата­бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жалғастырады. Әншілікпен қатар, өз жанынан ән шығарушылыққа бет бұрады. Кәріқұлақтардың айтуынша, оның алғашқы шығарған әні «Шолпан қаққан» деп аталады. Естаймен ауылы аралас, қойы қоралас өмір сүрген Құсайынұлы Дауытжанның айтуынша, әннің оқиғасы былай болыпты: «Жазғы уақытта ораза ұстаған қарттар қой күзетіп жүрген Естайға: «Бізді шолпан жұлдызы туған кезде оят, сәресі ішейік», ­ дейді. Естай ораза ұстаған адамдардың үйінің жанына келіп, осы «Шолпан қаққан» әнімен оятқан екен.

Оставить комментарий