Есте сақтау және ұмыту мифтері

Мациендранат пен Горахнат орта ғасырлық Үндістандағы ең көрнекті және атақты йогтар болып есептеледі. Олардың астам текті ерліктері мол эпикалық әдебиеттің қайнар көзі болған. Мифологиялық фольклордың орталық эпизодтарының бірі Мациендранаттың жадын жоғалтып алғандығы жөнінде әңгімелейді. Ең мәшһүр версия бойынша, ол, йогтың игері (мастер), Цейлон аралына барған кезінде патшайымға ғашық болып қалып, өзінің есімін, өткен өмірін мүлде ұмытып, патшайымның сарайына қоныстанады. Непалдық нұсқалардың бірінде, Мациендранат мынадай жағдайларда жолдан таяды: оның тәні шәкіртінің қарауында қалады да, жаны өлген патшаның тәніне еніп, оны қайта тірілтеді. Мұндай кереметті йогтар «басқа адамның тәніне ауысу» деп атайды: әулиелер кейде, өз атына кір келтірмей тән рахатын тану үшін осылай істейді. Ең соңында, біз «Гораншавия» поэмасынан Мациендранаттың Кадали елінде әйелдің тұтқыны болғандығын біле аламыз. Мациендранаттың тұтқын болғанын білген Горахнат өзінің қожайынының өлімге душар болғанын түсінеді. Сонда ол Яма патшалығына түсіп, тағдыр кітабын зерттей отырып, оның тұруының тағдыры туралы әңгімелейтін бетті тауып алады, оны түзетіп, қожайынының есімін өлгендер тізімінен кетіріп тастайды. Осыдан кейін ол Кадалиға аттанып, биші ше киініп алып Мациендранаттың алдына барады, жұмбақ сырлы әндерді айта отырып билей бастайды. Мациендранатқа аз ­ аздан жады қайтып орала бастайды, ол өзінің кім екендігін есіне түсіреді, тән рахатына түсу жолының өлімге алып келетіндігін, оның «ұмытуының», іс жүзінде өзінің кәміл және өлімсіз табиғатын ұмыту екендігін, «Кадалидің еліткішінің» (прелести Кадали) бар болғаны дүниелік тірліктің сағымы болып табылатындығын түсінеді . Горахнат оны йога жолына қайтып оралуға және оз тәнін кәміл етуге итермелейді. Горахнаттың сөзімен айтқанда, осынау сиқырлы қарақтар (чары), адами пендеге «табиғаттың» (яғни, Дурганың) жіберген хабарсыз болу қарғысын символдайды .

Бұл мифтік тақырып келесі элементтерге келіп тіреледі: 1) рухани адепт патшайымға ғашық болып қалады және әйелдің тұтқынына айналады; 2) екі жағдайда да физикалық махаббат егердің өз тұлғасының кім екендігі туралы ұмытуына алып келеді; 3) оның шәкірті оны тауып алады және сан алуан символдардың (емеуріндерге толы билердің, құпия белгілердің, тілдің) көмегімен оған қайтадан жадына және өз тұлғасының санасына ие болуына көмектеседі; 4) «ұмыту» өліммен ұқсатылады (ассоциируется), және, керісінше, «ояну», жадтың қайтарылуы өлімсіздіктің қажетті шарты болып табылады. Орталық мотив — өмірге тым терең бойлаудың нәтижесінде болған ұмыту ­ қамалу және есті (жадты) белгілер мен шәкірттің жұмбаққа толы сөздері арқылы қалпына келтіру — қандай да бір мөлшерде, «Інжуге арналған Мадақта» келтірілген сипатындағы «Құтқарылған құтқарушы» туралы гностикалық мифті еске салады. Аздан кейін, үнділік ойлау машығының кейбір аспекттері мен гностицизмнің арасында басқа да аналогиялардың бар екендігіне көз жеткізетін боламыз. Мациендранаттың ұмытуы мен тұтқын болуы пан үнділік мотив болып табылады. Осы екі бақытсыздық ақылдың (тұлғаның, атаман ­ пуруша) ғұмыр шырғалаңына құлауын және, оның салдары ретінде, өзінің кім екендігін сезінуден ада болуды бейнелі түрде көрсетеді. Үнді әдебиеті, адам несібесін (удел человеческий) суреттеу дінін. тұтқындалу ұмыт: білмеу. түс көру бейнелейді де, алып тастау), еске түсіру, ояну, жад, т.т. бейнелерін де — осы пешенеден құтылуды немесе одан жоғарыраққа көтерілуді, еркіндік пен босатылуды (Мокша, муфти, нирвана, т.т.) көрсету үшін құлшына пайдаланады.

Читайте также:  Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

Оставить комментарий