Естемес би

Осыдан он бес күндей бұрын осы ауылға Ташкен құшбегісі Рәжіпханның салық жинаушылары келген­ді. Оларды Шыршық бойындағы құрама жұртының датқасы Қосыл бастап келген. Қосыл Рәжіпханның Шыршық жеріндегі ең сенімді адамы. Бірақ бұрындары ол бұл жаққа келген емес. Сонда да оның аса залым адам екенін Қазығұрт өңіріндегі би­датқалар жақсы білетін. Қосыл сол залымдығын осы жерде де көрсетіп «Үй басына төленетін салықтарды көбейтіңдер, әйтпесе, үстеме салық ретінде әр жиырма үйден бір қыздан алып кетеміз» деп елдің үрейін ұшырды. Би­ датқалар оған «иіліп жастық, төселіп көрпе» болып дегендей, жақсылап күтіп, астына арғымақ ат, үстіне оқалы шапан жауын, райынан қайтарған. Ол өзіне көрсетілген қошеметке риза болғаны сондай, алым­салықты өзімен бірге әкетпей, «ақырап айында Тәшкенге датқалардың өздері әкелсін», — деп аттанып кеткен. Алайда Ақбура асуынан өтіп бара жатқанда залымдығы ұстап, сол маңда отырған бес­алты үй қарашының он бес жастағы екі қызын сыңсытып тұрып, арбаларына салып алыпты. Арашаға түскен қыздардың туыстарын ләшкеріне әбден сабатып, ол аз болғандай, екі жігіті ат құйрығына байлап, өздерімен бірге әкетіпті. Жігіттің бірінің әйелі байбалам сап, арттарынан тұра жүгірсе: «өзі көрікті келіншек екен. Біреуімізге қатындыққа жарар»,—деп оны да зорлап алып кетіпті. Ертесіне бұл хабарды осы ауылдан келген шабарман Дауылға жеткізген­ді. Дауыл дереу бес­алты жігітті атқа қондырып, Қосылдың артынан шаптырған. Келестің орта тұсында Қосылды қуып жеткен олар, оған жалынып­жалпайып: «Қыздар мен жігіттерді кайтар», — десе, бәрін мес қылып сабап, бір қуғыншыны ғана кері қайтарыпты да қалғандарын байлап­матап: «Қоқан әскеріне қарсы шықты», — деп тұтқынға алыпты. Тұтқын болғандардың ішінде бағыс Арал бидің баласы Марқабай сері де бар. Қан­дала боп таяқ жеп, ауылға әрең жеткен қуғыншы жігіттен осы жайтты естіген Дауыл, Қазығұрт тауының арғы жақ, бергі жағындағы би­датқаларды жинаған еді. Мақсат — «Қосылға қандай жаза қолдану керек?» бола­тұғын. Дауылдың әлгіндегі сөзінен кейін орындарына қайта жайғасқан олар бастарын төмен салып, бірнәрсе айтуға тағы да батылдары жетпегендей тым­тырыс отыр. Сегіз қанат үйдегі тыныштық ұзаққа созылды. Дауыл шешен де «қайсысы бiрiншi болып сөз бастар екен» дегендей, жаңағыдан кейін сөз айтпады. Кіре беріс босағада мешкей атанған Төрежан отыр еді. Бері ұзақ уақыт тым­тырыс қалғанда, ол алдындағы ағаш кеседегі қымызды қолпылдата ішті де: — Уа, биеке! Би­датқаларда көсемдік пен шешендік болғанымен, жаужүректік бола бермейді­ау, осы. Жаужүректілік тілі болмаса да, елде де батырдың баласынан шығады. Ал, Шақкөз, сен бірдеңе десеңші,—деп Дауылға қарады да сосын қасындағы Ақпан батырдың баласы Шақкөзге бұрылды. Шақкөздің атағы әкесі сияқты болмағанымен, ауыл арасында батыр атанған жігіт­тін. Бірақ сөзге шорқақ. Дегенмен кей­кейде біліп айтатын, онысы тап келетін қасиеті бар­ды. Төрежан өзіне бұрылғанда сәл ғана күрсінді. — Төрежан­ау, менен қайсыбір сөз шығады дейсің. Десем де бір айтатын сөзім бар. Осы Еркебайдың жетімегі, әлгі, үшінші баласын айтам да, ауылдағы той­жиындарда тақылдап, ешкімге сөз бермейді ғой. Соны осы дауға салып, бір сынап көрсек қайтер еді? Шақкөздің сөзіне біреулер мырс­мырс күлді. Ал біреулер «бұл не айтып отыр?» дегендей, оған одырая қарады. — Той­жиында тақпақ айтқышты үлкен дауға салғанды қай атаңнан көріп едің,—деп қалды Момбек датқа. — Адамның да біліп сөйлегені жөн екен­ау, — деді Ордаш би. — Еркебайдың балалары жас емес пе? Бір­екі баласы өзімен бірге опат болған жоқ па еді? Қайсысын айтып отырсың, Шақкөз?—деді батагөй атанған Отынбай. — Қойыңдаршы, Шақкөз бірдеңе айтты екен деп, қайдағы бір бозөкпенің кім екеніне көз жeткiзбeкciңдep? Одан да Дауке би өзіңіз не айтар едіңіз? Қараймын, сізден асар ақылгөй жоқ­ау, осында, — деп Момбек Дауылға көз салды. Малдас құрған тізесіне екі шынтағын тіреп, басын төмен салған күйі ойға шомған Дауыл шешен Момбек өзіне сөйлегенде басын кілт көтерді. — Мынау Ақпанның тұяғы жөн айтады. Сол Естемісті әмәнда сынап жүрмін. «Сөзге сынаптай сырғыған сұңғыланың дәл өзі боларсың» деп топшылап та қойғам. Сендер, Момбек пен Отынбай, он үш жастарыңда ел аузына іліккен жандар едіңдер. Енді ғой, жастарын ұлғайған сайын, төгіп­төгіп сөйлеулерің азайып, тілдерің қурап барады. «Ат орнын тай басады» дегенің ұмытқан жоқ шығарсыңдар. «Әр заманға орай өз сұрқылтайы» деген де бар емес пе? Әкесі Еркебай ерте опат болса, Естемес жетімдікке жеңілмей, қайта жетімдіктен жетіліп жүрген шығар. Қазір оны шақырайық екеуің екі сауал қойыңдаршы. Нақты жауап берсе, жібереміз оны осы дауға. Әй, Мәнеке, шақыршы Естемісті! Мәнеке — Дауылдың екінші ұлы. Жасы қырыққа келіп қалса да жас баладай жеңіл. Әкесінің айтқан сөзінен кейін лып етіп орнынан тұрды. Әлден соң қызыл шырайлы, мұрты енді тебіндеп өсіп келе жатқан бозбаланы ертіп кeлдi. — Көке, міне, Естеместі ертіп келдім. Естемес «Ассалаумағалейкум» деп оң қолын кеудесіне басып, отырғандарға иiлiп сәлем берді де Дауылға қарады. — Не айтайын деп едіңіз, ата? — Айтсам, қарағым, мына би — датқалар саған бір­екі сауал бермекші. Соған нақпа­нақ жауап берші. — Бір құрамының датқасына қыздарын өңгертіп, жігіттерін теңдетіп жіберіп, оған істер айла таба алмай отырған би­датқалардан жөнді сауал шығар ма екен, өзі? Жағалай отырған би­датқалар, сондай­ақ олармен дәрежелері тұрғылас басқа кісілер Естеместің мына сөзіне шалқаларынан түсе жаздады. Момбектің көзі бақырайып, Ордаш тілін тістелеп, Отынбай көздерін жыпылықтатты да қалды. Тек Шақкөз ғана мәз болды: — Ә­ә, бәрін қатырдың­ау, е! Дауыл немересінің мына сөзі үшін оған жұрттың көзінше жекіп тастауды жөн кермеді. Егер солай етсе, «мына билер қазір сауал қойғанда, көңілі пәс тартқан Естемес жауап бере алмай қалар» деп ойлады. Әpi Естеместің сөзі жанды жерлері не тиіп, мыстары құрыған би­датқалардың намыстарын қамшылайын деді ме: — Ал, Отынбай, немеремнің тілінің мірдің оғындай екенін көрдің ғой. Берер сауалың бар ма, оған? Айтшы, — деді. Отынбай талай нәрсені бастан өткізген әккі адам. Естеместің әлгі сөзін өлең қылмаған адамдай, жөткірініп алды. — Айтшы, бала, кері таппаған ақылды жастың қандайы табады? — Кәрі өткірдің жүзін мұқалтатындай, жөнciздi жөндіге ұқсататындай ақыл таппаса, қу жанын бағып, өзін ғана ойлағаны болар. Ал кері таппаған ақылды жас жігіт айтса, ғұмырының бекер болмайтыны да.

Читайте также:  Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасы

Оставить комментарий