Этнологиялық әдістер туралы

Өркениеттің тарихи дамуын зерттеу соңғы онжылдықтарда кәдімгідей өзгерді. Өткен ғасырдың екінші жартысында эволюциялық ой­сана барлық жерлерде де қалыптасып үлгерді, ал Спенсер, Морган, Тайлор секілді ғалымдар — ең белгілі деген есімдерді ғана атайық, — біртұтас және жалпы (яғни бүкіл адамзатты қамтыған) мәдени эволюция идеясына енді. Бұдан шамалы ғана бұрын оның ықпалы біраз шайқалған болатын — кей жағдайда Ратцельдің әсерінен, оның географиялық іздеулері диффузия мен көшіп­қонудың маңызды рөлін анықтаған еді. Диффузия мәселесімен, әсіресе, Америкада көбірек айналысты, бірақ одан да кең көлемде жұмыс жүргізіп, онымен іс жүзінде шұғылданған Фой, Грибнер және әсіресе, Эллиот Смит пен Риверс болатын. Нәтижесінде этнологиялық зерттеулер қазіргі уақытта — ең болмағанда Англия мен Германияның жеке топ ғылымдарының іс жүзінде шұғылдануы — эволюцияға қарағанда көшіп­қону мен таралу теориясына негізделеді. Екі ғылыми бағытқа сын көзбен қарасақ, олар екі қарама ­ қарсы болжамнан туындайтынын көреміз. Эволюциялық көзқарас адамзат өміріндегі мәдениеттің тарихи өзгерулері барлық жерде жұмыс істейтін белгілі ­ бір заңдарға бағынатынын болжайды, сондықтан өзінің басты белгілеріндегі мәдениеттің дамуы барлық нәсілдер мен халықтарда бірдей өтеді. Бұл ойды Тайлор өзінің «Алғашқы қауымдық мәдениет» атты классикалық еңбегінің алғы сөзінде анық жазған. Алайда, біртүтас эволюция деген болжамды қабылдау үшін, оған дейін оны дәлелдеп шығуымыз керек екендігіне біз келісуіміз шарт, ол жағдайда бұл түзілім өзінің тірегін жоғалтады. Шындығында әлемнің ор бөліктерінде қос қатар дамудың белгілері жеткілікті, ал өзара ең алыс орналасқан аймақтарда ұқсас дәстүрлер кездеседі. Сондай берекесіздікпен таралған ұқсастықтардың барлығын диффузия арқылы түсіндіру қиын, яғни Бастиандағы мәдени феномендердің психологиялық түсіндірілуі сияқты ол эволюциялық негіздемелердің бірі болып табылады. Бүл болжам, қазіргі Батыс мәдениетінен мәдени дамудың жоғарғы тұрпатын көріп тұрғандығын байқау қиын емес (ал оған қарағанда қарадүрсін мәдени тұрпатқа жататындар осыған тартылатындай болып көрінеді), сөйтіп мұның жақтаушылары генетикалық дамудың төсімін өткенге шегіну арқылы жасайды, оның шыңы — қазіргі біз. Бірақ біз мүлдем әртүрлі және бірге өмір сүріп жатқан өркениет тұрпаттарын мойындайтын болсақ, біртүтас жалпы даму бағыты жөніндегі болжам өзінің негізін жоғалтатындығы түсінікті. Бұл болжамдарға ортақ эволюциялық төсімді жалпы әлемдік мәдени дамудың көрінісі ретінде қабылдамайтын қазіргі қағида қарсы келеді. Ол өзара алшақ орналасқан аймақтардың даму ұқсастығының ішкі себептерін жоққа шығарады және оны көшіп­қону мен диффузия арқылы түсіндіреді, ол үшін аса үлкен кеңістіктерде тарихи болып өткен араласуларды мойындауымыз шарт. Мұндай тұжырымдама өзінің дұрыстығын мойындату үшін көптеген алғашқы тайпаларда кездесетін жоғары орнықты мәдени белгілері болуы керек және ол өзара өте алшақ орналасқан аймақтарда бірдей үйлесімділікте қайтадан көрінетін, бір­бірімен қатар өмір сүретін, бірқатар әртүрлі және тәуелсіз қасиеттерді талап етеді. Бүл мағынада қазіргі зерттеулер Герландтың мәдени белгілердің тұрақты жиынтығы жөніндегі теориясын қайта жандандырады, онда белгілі ­ бір жерде дамыған мәдениет бір континенттен екінші континентке көшіп­қону кезінде тасымалданады. Этнологиялық зерттеудің осы екі қарама­қарсы жолдарын теориялық негіздеуді анықтаудағы біздің талпынысымыз, олардың басты алғышарттарының дәлелденуінің әлсіздігі жөнінде айтады жөне екі жағдайда да біздің алдымызда біртүтас мәдени үдерістің еркін жасалған тәсімі байқалады. Шын мәнінде екі әдіс те тұрақты мәдени феномендерді жіктеудің әртүрлі формалары, ол әртүрлі ұстанымдарға негізделген, ал осы жіктемеге телініп отырған тарихи мән ешқандай дәлелдемелермен бекітілмеген. Мысалы, әлемнің көптеген аудандарында рәміздік сипаты бар геометриялық немесе соған жақын сәндік түрлер арасында ұқсастық байқалады. Бұл сәндік түрлердің жіктелуінің қалыпты дамуы былайша түсіндіріледі: барынша рәміздік болып танылатындары бастапқы болып саналады да, ал қалғандары — рәміздіктен таза шартты геометриялық түрлерге өту барысындағы біртіндеп ауысуының мысалы ретінде көрсетіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бүл жіктеме міндеті — өліп бара жатқан рәміздік түрлерден геометриялық түрлердің пайда болуын дәлелдеу. Бұл әдісті өз зерттеулерінде негізінен Патнэм, Штольпе, Бальфур, сонымен бірге Хэдцон, Ферворн және Штейнен (өзінің ертеректегі жұмыстарында) қолданған. Олардың бақылауларын жоққа шығармасам да мен көрсетілген ұстанымдарға негізделген жіктеме тарихи дамудың көрсеткіші ретінде қабылдауға асықпас едім. Осының кері түзілімі де мойындауды қажет етеді және біз қарапайым геометриялық элементтерден бастау алып, бірте­бірте рәміздік түрте айналу үдерісін де айта алар едік, мұны да негізделген тарихи үдерістің нәтижесі ретінде көрсетуге болады. Осы екі мүмкіндікті де 1885 жылдары Холмс қарастырған болатын. Бірақ екі теорияны да нақтылы тарихи дәлелдеулерсіз негіздеп айтуға болмайды. Оған қарама­қарсы пайда болудың диффузиялық жолын ұстанған бағыт Солтүстік Батыс Америка мен Меланезияның сәндік өнерін байланыстыруға тырысқан Генрих ІІІурцтың талпынысында байқалады. Екі аймақтағы көптеген элементтердің көздің бейнесі ретінде түсіндірілуінің бір ғана мысалы, зерттеушіні олардың шығу тегінің бірлігі жөніндегі ойға жетеледі, бір­біріне байланыссыз деректердің берілген құбылысқа қатысы бола алмайды (америкалық және Меланезиялық топырақта пайда болған өнер өзінің жергілікті ерекшелігімен сипатталады). Бүл талпынысында Шурц Ратцельдің ізбасары ретінде көрінді, ол Меланезия мен америкалық Солтүстік ­ Батыс арасындағы басқа да мәдени белгілерінен байланыс іздеген болатын. Егер жоғарыда суреттелген болжамдар еуропалық ғылымның негізгі бағытын сипаттаса, ал америкалық антропологтардың көбісі қазір басқа әдісті ұстанады. Қысқасын айтқанда, бұл әдіс танымдық айырмашылық, америкалық ғалымдарды бәрінен бұрын зерттеудің негізінде мәдени өзгерістердің динамикалық жағы мен мәдениет тарихын іс жүзінде жаңғырту мүмкіндігі қызықтырады. Қос қатарлық себептері жөніндегі басты сұрақтың соңғы шешімі өзара алыс таралу аймақтарының мәдени дамуында — жалпы әлемдік диффузия болсын немесе бұрыннан тұрақты қалыптасқан мәдени белгілері болсын, — ол мәдени өзгерістердің ерекшеліктерін жақсы зерттегенше тиіспеуді қалайды. Америкалық этнологиялық әдістер еуропалық археологиялық әдіске, әсіресе, Скандинавия мен Шығыс Жерорта теңізінің тарихи дәуірге дейінгі археологиясына ұқсас. Бір жағынан қарағанда, америкалық ғалымдар толығымен нақты зерттеулерге берілген және өркениет тарихының философиялық мәселелеріне көңіл аудармайтын секілді көрінуі мүмкін. Менің ойымша, америкалық ғылыми бағытты бұлайша бағалау — дұрыс емес. Бұл мәселелер бізді өзіміздің еуропалық әріптестерімізден кем толғандырмайды, бірақ біз оларды формуланың көмегімен шешеміз деп ойламаймыз. Бастапқыда айтатынымыз, біз үшін мәдени тарихтың мәселесі тарихи мәселе болып көрінеді. Тарихты түсіну үшін заттың қалай өмір сүретіндігін білу жеткіліксіз, сонымен бірте оның қалай пайда болғандығын білуіміз керек. Әлемнің көпшілік аймақтарында археологиялық деректерден басқа сенімді мәліметтерге тапшы этнология саласында, кез­келген өзгерістердің дәлелі жанама жолдармен алынады, ол туралы түсініктерді салыстырмалы ­ филологиялық зерттеулер береді. Бүл зерттеудің әдісі тұрақты феномендерді, оның географиялық таралуы жөніндегі мәліметтермен, салғастыруға негізделген. Оның мүмкіндіктері жөнінде жазық дала үндістерінің соғыс одақтарын зерттеген Лоуи еңбектерінен және америкалық мифология бойынша қазіргі зерттеу жұмыстарынан да жақсы байқай аламыз. Оқиғалардың хронологиялық реттілігі жайлы бұлтартпайтын мәліметтерді алуға үміттенбесек те, біз оның жалпы шекараларын анықтай аламыз, мұның мүмкіндігі көбірек және сенімдірек. Бұл бағыттағы зерттеме бүкіл тарихи феномендердің бір маңызды белгісін ашады. Егер табиғи ғылымдарда біз себептердің жиынтығымен жұмыс істеп және олардың өсерінің нәтижесін зерттесек, тарихи жағдайды талдау барысында әрбір құбылыстан біз тек нәтижесін ғана емес, себебін де көруге мәжбүр боламыз. Осыған ұқсас жағдайлар физика заңдарында да байқалады. Мысалы, астрономия берілген аспан денелерінің орналасуын сол уақыт аралығында гравитация нәтижесі ретінде қарастыруы мүмкін, бірақ сонымен бірге кеңістіктегі дәл осы жағдай сонан кейінгі де өзгерістерді анықтайды. Бұл қатынас өркениет тарихында жақсырақ көрінеді. Мысалы, азық қорларының көп болуы халық санының өсуіне жағдай жасады және ол тек қана күнделікті қажеттіліктермен шұғылдандырып қоймай, бос уақытын көбейтіп, оны ойдағыдай өткізуін қамтамасыз етті. Сонымен, мұнан шығатын жалпы қорытынды көрініп түр. Тура осындай ойлар жеке адам мен қоғам қатынасының маңызды мәселесі өзгеру жағдайларының динамикасын зерттеу барысында да туындайды. Жеке адамның әрекеттері көп жағдайда оның әлеуметтік ортасымен анықталады және сонымен бірге өздері де, өздері өмір сүретін сол қоғамға, оның түріне өзгеріс ендіре отырып, әсер етеді. Бұл мәселе мәдени өзгерулерді зерттеу кезінде жұмыс істеуге тура келетін маңызды мәселелердің бірі; ол бірыңғайлы дәстүрлер мен сенімдерді жүйелеуге қанағаттанбайтын зерттеушілердің қызығушылығын көбірек тудыруда және олар жеке адамның өзінің әлеуметтік ортасына қалай қарайтынын түсінуге тырысады, тіпті, алғашқы қауымдық қоғамда да кездесетін әртүрлі құндылықтар мен іс­әрекеттер тәсілін ұғуға, оның осыларға деген қатынасы алысқа кететін салдарға себепші бола алатынын білуге ұмтылады. Бір сөзбен айтқанда, біз түсіндіруге тырысқан әдіс қазіргі уақытта бақылауға болатын қоғамдағы динамикалық өзгерістерді зерттеуге сүйенеді. Біз өзіміздің көз алдымызда өтіп жатқан үдерістерді түсіндіре алмайтын болғандықтан, өркениет дамуының жалпы мәселелеріне кірісе алмаймыз. Бірақ зерттеулердің осындай бағыты да жалпы сипаты бар бірнеше қорытындыларды шамалайды, бәрінен бұрын — кейін біркелкі жалпы әлемдік бірқалыпты даму өсіп шығатын адамзат өркениетін түгелдей келісілген психологиялық қажеттіліктер секілді қарастырудан бас тарту. Одан босанып шыққаннан кейін біз әрбір мәдени топтың өзіндік қана жолмен анықталатын тарихи ерекшеліктің бірегейлігін көреміз, бір жағынан, басқа тайпалардың әсері де байқалады. Біз үдерістерге де, олардың бірте­бірте саралануына да, көрші мәдени орталықтардағы айырмашылықтардың азаю үрдісіне де куә боламыз; біртүтас бірқалыпты даму үрдісінің тәсіліне сүйенсек, өрбір нақтылы халықпен не болғанын түсіну, тіптен де, мүмкін емес. Көзқарастардың қарама ­ қарсылығы [біздің жөне бірқалыпты дамудың] өркениетін ұғынудағы әр түрліліктен, бір жағынан, ол Фрэнк Гамильтон Кашингтен, екінші жағынан, көптеген қазіргі ғалымдардан — әсіресе, Элси Клью Парсонс, Лесли Спайер, Рут Бенедикт пен Рут Бунзельден ­ жақсы көрінеді. Кашинг зуньи мәдениетін түгелдей дәстүр сақтаушылардың сыртқы ортаға өзіндік қатынасы ретінде түсіндірді және осыған сәйкес оның бәрі халықтың географиялық жағдайы себеп болған даму деп болжайды. Бүл ғалымның үндістердің ой­санасына тереңденуі және олардың өмірінің ең сырлы жақтарымен жан­жақты танысуы, оның пайымдауларын ерекше сенімді етіп көрсетті. Басқа жағынан алғанда, д ­ р Парсонстың зерттеулері — профессор Кребердің қорытындыларымен қосып айтқанда — зунья мәдениеті испандық әсермен күшті өзгерістерге ұшырағанын жақсы дәлелдейді және осындай күйінде мәдениет жұғыстық мысалының ең мықтылардың бірі (бізге белгілерінің ішінде) болып табылады. Оның бүкіл тартымды жақтарына қарамастан психологиялық талқылануы қате қорытындыларға толы; тарихи тұрғыдан қарастыру бізге басқа көріністі бейнелейді, ол жерде көне мұралар (өте күрделі шығу тегіне ие) мен еуропалық мәдениеттің ықпалының адам таңқаларлық үйлесімі қазіргі кезеңдегі өмірге жетелейді. Зияттық іс­әрекеттің тарихын да осылай қарастыруға болады. Мүмкін, адамзаттың дамуының іргелі ерекшеліктерінің бірі — алдымен санасыз істелген істің бәрі уақыт өте келе ойландырудың нысанына айналғанынан көрінеді. Бүл үрдіс барлық жерде көрініс тапқан, бірақ, бәрінен бұрын, біртіндеп өзінің ену ауқымын кеңейтетін барлық бағыттарда және бұрын жеке тұлға да, қоғам да ойланбастан істеген іс ­ әрекетті сезінуге жағдай жасап отыратын ғылым тарихында байқалады. Осыған дейін мен психоанализдің жетістіктерімен байланысты қазіргі этнологияның басқа аспектілері жөнінде сөз қозғамаған болатынмын. Белгілі болғандай, Зигмунд Фрейд алғашқы қауымдық сана көп жағдайларда жеке психикалық іс­әрекеттің белгілі бір формаларымен ұқсас екендігін дәлелдеуге ұмтылды, оны ол өзінің аналитикалық әдістің көмегімен зерттеді. Фрейд талпыныстары көп жағынан рәміз — мысалы, Штукен көтерген мифологияның пайымдауларына жақын. Риверс, сол секілді Гребнер мен Эллиот Смит өздерінің [мәдени­тарихи] пайымдауларымен, Фрейд ойын қабылдады, осының ықпалынан оның жаңа жұмыстарында аналитикалық тұрғы көне трансмиссия теориясымен ретсіз араласып кетті. Міне сондықтан, психологиялық зерттеудің кез­келген өнімді әдісін қабылдай отырып, біз этнологиялық жетістіктерін жай ғана тасымалдау арқылы жеке адамды психологиялық зерттеудің жаңа біржақты әдісін әлеуметтік құбылыстармен байланыстыра алмаймыз, оның шығу тегі тарихи шарттылық жөнінде және жеке адам психологиясы шұғылданатын зерттеуден, тіптен де, бөлек тәртіптегі ықпал жөнінде айтады.

Читайте также:  Орта Азиядағы мәдени мұраны игеру және философиялық ойды зерттеу

Оставить комментарий