Этноцентризм туралы қазақша

Қалай болғанда да, менің ойымша, мәдениеттің әр түрлілігі, қоғамдардың арасындағы тікелей де жанама да болып тұратын қарым­қатынастан туындайтын өзінің табиғи феномені күйінде адамдарға сирек білінетін тәрізді. Адамдар оны әлдебір құбыжық, дау­дамайлы құбылыс ретінде көбірек танитын. Мұндай жағдайларда таным прогресі бүл мүлдем теріс түсінікті анық та әділ танымның пайдасына шешуден гөрі, осы әртүрлілікті қабылдап әрі оған қалай бағыну жолдарын іздеуге келіп сайды. Өзіміз түсініксіз жағдайға тап болған кезде бойымыздан атой беріп шыға келетін өте мықты психологиялық негізге табандаған өте ежелгі түсінік, басқаларды өзімізбен салыстырып, менсінбей отыратын әдетіміз бойынша мәдени формаларды (моральдық, діни, әлеуметтік, эстетикалық) еш дәлелсіз теріске шығара салуымызда жатыр. Өзімізге жат сенім мен ойлау жүйесі, өмір салтымен кездескенде «Неткен жабайылық», «біз сияқты болу қайда», «дұрыс адам бұлай жасар ма» деген сияқты т.б. дөрекі қылық көрсетіп шоршып шыға келетін мінезіміз осыған айғақ. Антик дәуірінде греция мәдениетінен өзге мәдениеттің бәріне осылайша, жабайылық деген айдар тағылып кете берді; ал батыс өркениеті де кейінірек дәл осы мағынаны «тағы» деген сөзбен бейнеледі. Алайда бұл теңеулердің астарында мынадай пайымдаулар жатыр: «жабайы» сөзі — құстар қанша сайрағанмен де адамдар тәрізді сөйлей алмайтындығына қарап айтылған болуы керек те, ал, «тағы» сөзі — «орман тұрғыны» яғни хаюандардың тұрмыс­тіршілігін адамдардың мәдениетімен салыстырса айтылса керек. Бұл жағдайлардың екеуінде де мәдени әртүрлілікті қайткенде де қабылдамау ниеті жатыр; қалыпты өмір салтына үйлеспейтін нәрселердің бәрін мәдениет ауылынан алыстатып, табиғатқа апарып телу пиғылы көрінеді. Көп адамның бойына сіңіп қалған осы бір қарапайым, алайда тамыры тереңге кеткен көзқарасты талқылаудың қажеті шамалы, өйткені осы кітапшаның мақсаты да оны теріске шығару. Бұл көзқарастың ішінде маңызды парадокс бұғып жатқанын. Айта кетсек те жетеді. «Жабайларды» (немесе жабайылар қатарына қосып үйренгендерін) адамзат санатынан шығарып тастауды әдетке айналған бұл ойлау жүйесі, сол жабайылардың өзіне де тән. Алайда, адамзат деген түсінікті нәсіл мен өркениетке бөліп­жармай — адамзат тіршілігінің барлық түрін біртұтас қарастыру кейіннен пайда болған әрі кең тарай қоймаған құбылыс. Тіпті оның дамуы өзінің шыңына жетті деген жерлердің өзінде, оның шәк келтіру мен кері кетуден қорғалған болуы екі талай нәрсе. Ал адамзаттың әртүрлі нәсілінің көптеген өкілдері арасында, он мыңдаған жылдар бойы мұндай түсінік тіптен де болмағанға ұқсайды. Адамзаттық түсінік тайпа, тілдік топтар, кейде тіпті ауыл аймақтың шекарасына жеткенде жарға тірелгендей күйге ұшырайды, ол мынадан көрінеді: қарапайым деп саналатын тайпалардың өздерін «адамдар» деген мағына беретін (ал кейде, сыпайынан айтқанда — «жақсы», «керемет», «мінсіз») деген сияқты сөздермен атап, өзге тайпалар, топтар тіпті деревнялар адамдық қасиеттері аз тіпті адам деуге тұрмайды деп санауында, себебі олар кілең «жаман», «жынды» немесе «жер маймылдар», «бит ­ сірке» біреулер. Кейде тіпті, өздерінен бөтенді бүл дүниеде бар деуге де қимай оларды «елес», «көлеңке» дей салады. Адамдардың бірін­бірі кемсітіп, мұқатуының адам күлерлік көрінісі осы. Америка ашылғаннан кейін бірнеше жыл өткенде Үлкен Антиль аралдарында, ирандықтар жабайы халықтардың жаны бар ма екен деп зерттеуші комиссиялар құрып жатқанда, жабайылар болса тұтқынға түскен ақ адамдардың денесі шіритін, не шірімейтінін білу үшін оларды тірілей суға батырып, ұзақ уақыт бақылап, қарап жүріпті. Бұл кісі күлерлік, бір жағынан әрі ерсі әрі қайғылы оқиға мәдени релятивизмнің (басқа жерлерде өзгеше түрде кездесіп тұратын) айқын дәлел: адамдар өр түрлі өзге мәдениет, салттарды көбірек кемсітуге ұмтылған сайын, өздерін, сол өздерінен кем санайтын адамдармен салыстырып отырады. Өзі «тағы» немесе «жабайы» деп санайтындарды адамдар санатына қоспау арқылы өзі де сол санатқа барып тұрады. Жабайы дегеніміз, алдымен, жабайылыққа өзі сенетін адам. Адамзат баласы құрған — философиялық, діни жүйелердің қайсы болса да — буддизм, христиандық немесе ислам діні, стоицизм, Кант немесе Маркстік доктриналар болсын, бәрі де осы аберрацияға байланысты сындарын ұдайы көтермелеумен болғанына шәк келтіруге болмайды. Алайда бар адамзаттың о бастан тең болғандығын жария қылып, және де оларды нәсіл мен мәдениетке бөлмей, біріктіруді көздейтін туысқандық түсінігін санаға сіңіре берсек, мұның өзі бір ­ жағынан қарағанда сананы алдауға тырысу болатыны кәдік, өйткені бұл, өзіміз күнделікті көріп ­ танып жүрген көп түрлілікті жоққа шығару. Бұл әртүрлілік туралы, теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ол мүлде болмаған сияқты әрекет етердей, мәселенің маңызына қатысы жоқ деп айту аздық етеді. ЮНЕСКО­ның нәсіл мәселелері жөніндегі екінші декларациясы преамбуласында, қарапайым адамның нәсілге бөліну туралы түсінігі «африкандық, европалықты, азиатты немесе америка үндістерін бірдей қабылдап, танитын оның сезім органдарына ғана қатысты» деген заңдық мағынадағы сілтемесі бар. Адам құқы жөніндегі ұлы декларациялардың идеалды дәріптеу ісінде зор күшке ие болатын, әлсіздік танытатын да тұстары бар, оның өзі адам баласы өз мүмкіндігін адамзат туралы абстрактілі ұғымдар аясында емес, ең бір революциялық деген өзгерістердің көпшілігі адамның араласуынсыз қалатын дәстүрлі мәдениет шеңберінде іске асыратыны, ал өздерінің оны — кеңістік пен уақытқа байлаулы өте қатаң түрде кесіп­пішіп қойылған жағдайдың функциялары деп түсінетіндері жиі­жиі ұмытыла береді. Өзіне аффективті түрде әсер еткен азды­көпті тәжірибесінен белгілі және бір жағынан пайымдауға парасаты кемшіліктен екі ұшты талпыныс қыспағына түскен қазіргі заман адамы, бір жағынан, бір­бірін жоққа шығаратын кереғар ұғымдардың келісімін іздесе енді бір жағынан, мәдениеттің әртүрлілігін есепке ала отырып, өзі үшін миға қонбайтын әрі адам шошитын болып көрінетін нәрсенің бәрін аттап өтіп, жүздеген философиялық, әлеуметтік спекуляцияларға жол береді. Алайда осындай әралуан, ал кейде тіпті ерсілеу көрінетін ой ­ тұжырым, өзіне жалған эволюционизм деген термин сай келетін бір­ақ шешімге келіп тіреледі. Оның мәнісі неде? Адалын айтсақ, әңгіме, мәдениеттер әртүрлілігін таныған отырып, оны жойып жіберуге ұмтылу туралы болып отыр. Ежелгі және біздің кеңістіктен шалғай жатқан адамзат қоғамына тән, бір ғана нүктеден басталған және бір ғана нысанаға бағытталған қалып біртүтас даму процесінің сатылары немесе кезеңдері деп аталатын болса, әркелкілік ұқсастыққа айналып кетеді. Адамзат біркелкі әрі өз­өзіне ұқсас болып қалады; бұл бірыңғайлық пен ұқсастық үдемелі түрде жүзеге асып отырады, сөйтіп мәдениеттердің әртүрлілігі бұдан да тереңірек жатқан немесе оның шығуын тежейтін процестерді бастап береді. Егер ақыл­ойды дарвинизмнің үлкен табыстарына бағыттар болсақ, бұл анықтама жалпылама сияқты көрінер еді. Бірақ, бұл біз қарастыратын тақырып аясына кірмейді, өйткені, биологиялық эволюционизм мен жалған эволюционизм мұнда бір бірінен алшақ жатқан доктриналар ретінде қарастырылады. Дарвинизм ауқымды тәжірибелік гипотеза ретінде құрастырылған, ол зерттеулерге негізделген, онда түсіндірмелерге аз орын берілген. Мәселен, жылқының генеалогиясын құрайтын әркелкі түрлер екі түсінік бойынша эволюциялық қатарға тізбеленуі мүмкін. Біріншісі — жылқыны тудыру үшін жылқы қажет, екіншісі ­ бірінің үстіне бірі қатпарланған жер қыртыстарыңда (заманалар ауыса келе жер одан сайын көнелене береді) жақын дәуірден ежелгі ауысқан сайын біртіндеп өзгеретін қаңқаларды табуға болады. Сондықтан, Hipparion Equus caballus ­ тың арғы тегі деген болжам шындыққа жақындай түседі. Бұл түсінікті адамдар мен олардың нәсілдеріне де қатысты қолдануға болады. Бірақ, биологиялық фактілерден мәдениет фактілеріне ауысқан кезде бәрі күрделене түседі. Жерден материалдық дүниелерді аршып алып, геологиялық қатпарлардың тереңдігіне сәйкес белгілі бір құралдарды жасау техникасы сатылап өзгеріп отырады деп қорытуға болады. Алайда, аңдар сияқты балта да балтадан тумайды ғой. Бір балтадан тарау арқылы ол да оз эволюциясын бастан кешірді деу — биологиялық құбылыстарға қатысты қолданылатын бұл ұғымды ғылыми қатаңдыққа сүйенбестен, метафоралық долбар формула түзу деген сөз. Жерде жатқан және өткен дәуірлерде болғаны дәлелденген материалдық нысандарға қолданылған ұғым өткені белгісіз институттар, наным­сенімдер және эстетикалық талғамдарға да қолданылғаны орынды. Биологиялық эволюция ұғымы жаратылыстану ғылымындағы ең сенімді гипотезалардың қатарына жатады; ал, әлеуметтік немесе мәдени эволюция фактілерді келтірудің қатерлі әрі әзәзіл процедурасын ғана үйретеді. Нағыз және жалған эволюционизмнің арасындағы көзге іліге бермеген осы айырмашылыққа олардың лайда болған уақыты кінәлі. Социологиялық эволюционизм биологиясына; эволюционизмнен бастау алатыны сөзсіз еді; ол іс жүзінде одан алда жүрді. Антикалық дәуірдегі (Паскаль келтірген) адам өмірін балалық, жастық және қарттық кезеңдерге бөлетін, адамзаты хайуани тіршілік иесі деп түсінетін концепцияға сүйенбестен, XVIII ғасырда кейінірек көптеген ой­пікірлердің туындауына түрткі болған фундаменталды жобалар жасалды. Мәселен, Виконың «спиралі» мен «үш жасы», Конттың «үш кезеңі» мен Кондорсенің «баспалдағы». Әлеуметтік эволюционизмнің негізін қалаушылар — Спенсер мен Тайлор «Түрлердің пайда болуы» еңбегі шыққанға дейін, оның мазмұнымен таныспай жатып өз доктриналарын жариялады. Ғылыми теория — биологиялық эволюционизмнің алаңдағы әлеуметтік эволюционизм ескі философиялық проблеманың жалған ғылыми бетпердесі, күндердің күнінде бақылау мен индукция оның тетігін табуға жәрдемдеседі деуге еш негіз жоқ.

Читайте также:  Ислам туралы түсінік

Оставить комментарий