Этология және этнология

Бұл уақытқа дейін сіз әлі өзіңіз негізін қалаған иемдену мимесисі жөнінде айтқан жоқсыз. Р.Ж.: Мен ол туралы ұмытқан жоқпын. Ол енді бұрын ешқашан болмаған іргелі, зор рол ойнайды, өйткені ол адамдармен қатар хайуандарға да тән. Біздің гипотезамыздың психоанализ және марксизмнен асқаны сонша, ол адамның жалған ерекшелігін жоққа шығарады. Егер инцесті, немесе экономикалық мотивты, немесе социосаяси ығыстыруды тиюдан шықсақ, онда адамдану және символикалық бастау проблемасын хайуандық негізінде қойған дұрыс. Маймылдарда әке ұғымы жоқ. Бағынышты хайуандар билеуші хайуандардың тамағына таласудан гөрі аштан өлгенді артық көреді. Егер біз адамдануды иемдену мимесисінен және ол туғызатын талас­тартыстардан пайымдай алсақ, бастауды анықтауда шешімсіз шеңберде қалдың деп бізді, мысалы, Леви­Строс Фрейдті айыптағандай ешкім айыптай алмайды. Және біз эволюционистік, яғни, кезеңшілдік ертегіден алғаш рет нақты проблематикаға көшеміз. Г.Л.: Этнологтардан және адамзат мәдениеті жөнінде өзге мамандардан айырмашылығы этологтар миметизмге назар аударады. Олар, мысалы, арнайы түзілімдегі имитация рөлін зерттейді. Мысалы, жас құс егер үйренудің белгілі кезеңінде оны ересек туыстарының дұрыс орындауында естімесе өз түрінің өнін дәл орындай алмайды екен. Р.Ж.: Мимесис, шамасы, өмірдің барлық формаларында бар, әсіресе, көзге ұрар формаларда ол адамның ең жақын туысы, антропоидты маймылдарда кездеседі. Кейбір түрлерде қайталауға талпыну және біз ұрысқақ, долы мінез деп атайтын нәрсе өте анық түрде бір; мұнда біз иемдену мимесисіне тап боламыз. Алайда, хайуандық миметизм жөніндегі мәселені беделге таласу және осыдан туындайтын субординация қатынастарымен салыстыру этологтардың ойына ешқашан келмеген. Бұл субординация қатынастары, dominance patterns ағылшын тілді зерттеушілерде хайуандық әлеуметтілік формаларында шешуші рол атқарады. Бұл арада бедел ұғымы сыни түрде қарастырылуға тиіс. Ол бізді қастасудың миметикалық мазмұнына тура апарады: оның интенсивтілігін түсіндіру үшін бір объект жеткіліксіз. Объектті жоюға болады, бірақ қастасу қалады. Бізді ең алдымен хайуандық қоғамдастықтарды қалыптастырудағы миметикалық конфликттің ролі қызықтырады. Бірінші көнбістік көрсеткен индивид кейін де бәріне көне береді; ол жеңімпазға ұрыссыз бірінші орынды, ең жақсы татамды, ұрғашыны оның қалауынша қалдыра береді. Бұл қатынастарға күмәнмен қарауға болады, бірақ тұтас алғанда олар тұрақты. Ж.­М.У.: Структуралық және мәдени этологтар мен этнологтар арасында әлі күнге шейін қызу талас жүруде. Біріншілері хайуандық және адами әлеуметтілік ұқсас дейді; екіншілері хайуандар жөнінде мүлде естігісі келмейді. Сіз қай жақты қабылдайсыз? Р.Ж.: Мен екі жақтың да маңызды ұйғарымы, бірақ сонымен қатар кемшіліктері де бар деп санаймын. Меніңше, біздің миметикалық тәсіл әлгі догадкаларды бітістіруге және кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Ең алдымен, миметикалық перспективада пайымдалған пологиялық үлес жөнінде айтайық. dominance patterns тұрақтылығы хайуанды топ ішіндегі таластарға кедергі жасайды; ол миметикалық қастасулардың шексіз таралуына кедергі жасайды. Этологтар билеу нұсқасы адамзат қоғамдарында кейде бірақ үнемі емес иерархиялық болатын кейбір дифференциялар және бөлімшелер роліне ұқсас рол ойнайды дегенде, дұрыс айтады; әңгімеге ынтығуларды қарсы бағыттарда арналау және иемдену мимесисін беймүмкін қылу жөнінде. Кейбір сүтқоректілерде сирек индивид немесе топтың қалған бөлігіне билік ететін бірнеше индивидтер орталық оранға жиі ие болады. Олар үнемі бақылауда болады және шетте тұратын өзге еркектер оларды қайталайды. Демек, имитация билеуші хайуандардың иемдену тәртібінен өзге барлық позициялары мен тәртіп түрлеріне қатысты. Мен мұнан әлі жеткілікті түрде қарастырылмаған аса аңызды дәйек көремін. Өзі қастасу тудыратын аймақта таралып, имитация барлық өзге аймақтарда да орнығады және ол топтың қорғанысын орнатуға бәрінен де қабілетті ең мықты хайуанды бағыт тұтады, енді ол басшы ретінде барлық өзгелерге үлгі болады; сиді сол ғана топ позициясын анықтайды, шабуылдауға немесе қашуға белгі береді. Көптеген зерттеушілер, бұл тәртіптің мысалы бабуиндер тобында билеуші хайуан болмаса бола қоймайтын ішкі және сыртқы жауға да қатысты реттілік пен тиімділік орнатады деп санайды. Ж.­М.У.: Ұйымдасудың осы түрі және барлық үшін қоғамның мақсатына сай және егер оларды дұрыс тұтынса оны мәңгілей алатын үлгілер әйгілейтін ритуалдан туындайтын қызмет турлері арасында белгілі ұқсастық бар. Р.Ж.: Расында да. Этология хайуандық және адамдық әлеуметтілік арасында шүбәсіз ұқсастықтар тапқан. Онда мәдени және структуралық этнологияның асқан томағай ­ тұйықтылығына, олардың адамзат мәдениетін табиғатта орналастырудан толық бас тартуына, тіпті символшылдықтың метафизикалық концепциясына қарсы шығуға негіз бар. Бірақ этнологтарда этологтарды жағдайды қарабайырландырғаны үшін кінәлай алады. Хайуандар қоғамдарында билік және бағыныштылық қатынастарынан өзге ештеңе жоқ. Тұтастықтың жүйелі сипаты ұғынылмаған. Позидиялар оларды басқан индивидсіз тірлік етпейді. Этолгтар хайуандарды бақылап және өз бақылауын сөз арқылы әйгілеп жүйені өздері таңдайды. Этологтардың өйтетіні жүйені жүйе ретінде әйгілеу адам қоғамдарын мәнді сипаттайды. Патшаның, Республика Президентінің, немесе өндіріс директоры билігін бағынған адамдар билеуші хайуанға бағынған хайуандардай әзін көрсетеді, бірақ, олардың хайуандардан өзгешелігі, олар монархия, президенттік билік және өзге осыған ұқсас нәрселер жөнінде сөйлей алады. Хайуандарға имплицитті болған жүйе, енді эксплициттіге айналды. Енді ол одан гөрі өте күрделі. Түсінік және бұл түсінік туралы естелік оған орасан зор территорияларға таралуға және мәнді өзгеріссіз, немесе керісінше біз бақылауға және белгілеуге қабілетті, яғни бізге тарих мүмкіндігін сыйлайтын модификациялармен көптеген ұрпақтарда мәңгіленуге мүмкіндік береді. Адамдардағы бос орындардың үміткерлер арасындағы миметикалық күрес арқылы үйлестірілмейтіні жүйенің осы әйгілену мүмкіндігіне байланысты. Миметикалық күрестің іздері сайлау процедураларына ұқсас ритуалды формаларда жиі кездеседі, бірақ бұл процедуралардың ешқашан хайуандардағыдай шынайы миметикалық қастасуға негізделмейді. Олар мұралау, сайлау, таңдау сияқты түрлі принциптарға негізделеді. Ж.­М.У.: Бірақ, бәсекелестік біздің қоғамда зор мәнге ие және ол әрқашанда миметикалық сипатта. Р.Ж.: Шынында да, мен жаңа ғана алғашқы қауымдық қоғамдар мен тіпті тұтас адам қоғамын және бізді қазір қоршаған әлемді ажырата айтқан ойымды нақтылау керек. Алғашқы қауымдық және дәстүрлі қоғамдарда тұлғаның статусы мен оның атқаратын функциялары оның туылуынан коп бұрын анықталған. Бірақ, қазіргі қоғамға қатысты оның дұрыстығы одан әлдеқайда кем және барған сайын кеми береді. Көркем шығармадан ғылыми зерттеуге және экономикалық тірлікке ауысқан көптеген салаларда конкуренция билік құрған. Тек өлімге апармайтын антагонизмдер арқылы ғана онша орнықты емес иерархиялар орнатылады. Заттардың мұндай түзілімінің басым болатыны алғашқы қауымдық қоғамдарға тән қастасуға жібермейтін символикалық шекаралардың локальді өшіріліуне байланысты. Міне, сондықтан қазіргі қоғам ең кемінде өзінің кейбір сипаттарында алғашқы қауымдықтан гөрі хайуандық қоғамдарға ұқсас. Өйткені, біріншіден, тұлғалар арасындағы шынайы конкуренцияның рөлі өте әлжуаз. Бұл берідегі эвалюцияның әлгі жаңа дисциплина, этологияның және ол ұсынған пайым нұсқасының пайда болуына үлес қосқаны мәлім. Хайуандық және адамдық әлеуметтіліктің жақындығын қорғап қалу үшін ылғи да біздің өз қоғамымыздан алынған мысалдарға сүйенеді. Мәдени этнология және символикалық һәм символикалық емес ой машықтары арасындағы айырмашылықтарды асқындыруға талпынған барлық дисциплиналар, керісінше, өте қатаң және өте дамыған позиционалды жүйелері бар алғашқы қауымдық қоғамдарға сүйенеді. Этнологиялық тезиске сүйеніп, қазіргі қоғамда адамдардың аса жоғары дәрежеде символданған объекттер үшін қастасуын тана емес, сонымен қатар, бұл қастасулардың тірлік етуінің өзі символикалық институттар арқасында ғана мүмкін болғанын атап өту керек. Өзгеше айтқанда, егер миметикалық конкуренция өлімге апармайтын күрес болса, онда оның хайуандікімен салыстырғанда біздің қоғамдағы себебі бөлек. Мұнда енді табиғи тартыну емес, керісінше, «десимволизацияны» және конкурент секторлардың салыстырмалы немқұрайлығын мүмкін қылатын өте құдіретті символикалық арматура. Екі сектор арасындағы тепе­тендік бізге өте қауіпті көрінуі менің пікірімді жоққа шығармайды, айғақтайды.

Читайте также:  КЕҢЕСТІК БИЛІК: ҰЛТШЫЛДАРМЕН КҮРЕС

Оставить комментарий