Еуразиялық идеяның қазіргі заманғы күрделі үрдістермен астасуы

Қазіргі заманның еуразияшылдығының сипаттамасына әртүрлі көзқарастар қалыптасып келе жатқанын атап өтуге де болады. Еуразияшылдықты тек оң мағынадағы құбылыс деп бағалаудан түбегейлі теріске шығаруға дейінгі аралықтағы пайымдауларды ғылыми әдебиеттерден кездестіреміз. Әрине, ол көзқарастардың бар, немесе жоқ екендігіне қарамастан, өзара әрекеттесу мен ықпалдасу үдерістері объективті түрде жүріп жатқаны да белгілі. Ал енді Ре- сейдегі кейбір сыңаржақты тұжырымдарды насихаттаушы теоретиктері бұл идеяның маңызын терістей алмайды. Тек рухани діңгегін нығайтқан құбылыс қана тарихта өзінің орнын лайықты түрде ала алады. Еуразиялық идеяның ең негізгі қағидатынан ауытқымауды көздеуіміз шарт. Оны басымдылықта ұстау үшін оның жалпы бағытын құптайтын әлеуметтік, тарихи субъектілердің өзіндік егемендігіне, дербестігіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Бұл кеңістікте жүзеге асатын экономикалық, мәдени және саяси өзара қатынастар, өзара әрекеттесулер, ықпалдасулар әрбір ұлттың өзіндік “Менін” құрметтей отырып қана жүзеге асуы тиіс. Содан кейінгі мәселе әрбір ұлттың рухани жетілу мәселесі болып отыр. Онсыз олар толық тарихи-әлеуметтік субъект деңгейіне көтеріле алмайды, көбінесе маргиналдық жағдайда қалып отырады. Сондықтан рухани кемелденудің тетіктері толық қосылмай, ұлттың өзіндік этностық төлтумалығы, тарих сахнасындағы өзіндік келбеті туралы жартымды сөз қозғаудың өзі қиынырақ. Еуразиялық идеяны практикалық түрде іске асыру барысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Еуразиялық даму банкі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, Еуразия университеттерінің ассоциациясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ортаазиялық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Кеден одағы сияқты жаңа құрылымдар өмірге келіп, өздерінің өміршеңдігін баршаға көрсетіп отыр. Болашақта еуразиялық аймақтың, еуразиялық аймақтық интеграцияның, еуразиялық идеяның рөлі арта түспек. Әсіресе, қазіргі ұзаққа созылатын әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан еліміз жүйелі түрде жаңарып барып, орнықты даму жолына түсуі үшін біздерге әлеуметтік тұрақтылық, халықтардың бірлігі ауадай қажет. Еуразия аймағындағы елдер арасындағы экономикалық интеграцияны өрістету арқылы ғана өзіміздің ұлттық тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, дағдарысты тезірек еңсере түсеміз. Дағдарыс дамудың бір сәті. Сондықтан оны жеңе білу, алға қарай ұмтылу негізгі парызымыз. Бүгінгі күнгі жаһандану заманында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шығыс пен Батыстың жақындасуы Еуразия құрлығы мемлекеттерінің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса тарихи қажеттілікке айналуда. Жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпыадам- заттық құндылықтар арасындағы теңсіздік аса зор әлемдік күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал. Еуразияшылдықты дүниеге айрықша қатынас түріндегі мәдени-философиялық доктрина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді. ХХІ ғасырда еуразиялық идеяның кең де терең мәнге ие болуы да сондықтан. Ендеше Еуразиялық идея Еуразия құрлығындағы мемлекеттер арасындағы күрделі қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді формасы, сонымен қатар көп деңгейлі интеграциялық үдерістердің қайнар көзі, ендеше, аймақтық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы болып табылады. Аймақтық еуразиялық интеграция, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің өзара интеграциялық қауымдастығы олардың әрқайсысының ұлттық егеменділігі мен тәуелсіздігін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін өте-мөте қажет. Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған еур- азиялық идея мен әлемдік дағдарыстан шығудың көрсеткен қазақстандық жолы арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан еуразияшылдықтың, еуразиялық экономикалық интеграцияның болашағы өте зор. ХХІ ғасыр – оны Еуразия кеңістігіндегі халықтардың көпшілігі мойындап, болашақта еур- азиялық идея үлкен материалдық күшке айналып, Еуразияда, бүкіл дүние жүзінде өзара түсіністік пен рухани келісім салтанат құрған ғасыры болмақ.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar