Загрузка…

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ВЕКТОР ТУРАЛЫ РЕФЕРАТ

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап өз дамуын алған ТМД территориясындағы ЕурАзЭҚ сияқты бірден-бір әлеуетті интеграциялық топ шеңберінде, екінші Астаналық экономикалық форумда Қазақстан президенті Н.Назарбаев ұсынған, «Евраз» атты ортақ валюта енгізу идеясының ең жоғарғы деңгейде талқыланатын өзекті мәселеге айналатыны ақиқат. Аталмыш валюта туралы мәселелер «үлкен сегіздік» және «үлкен жиырмалық» саммиттерінде талқыланатын болады. Н.Назарбаевтың айтуынша: «Біріншіден, бұл әлемдік экономиканы жаңа ғасыр ақиқаттары мен талаптарына сәйкестендірудің жаңа парадигмаларын іздеу. 127 Екіншіден, бұл әлемдік геоқаржылық технологияны XXI ғасыр басындағы деңгейге дейін жаңартудың жолдары. Үшіншіден, әлемнің және адамзаттықтың түпкілікті жаңаруы міндеттерін шешудегі валюталық қаржылық құралдардың қайта жүктелуі». Әрине, ЕурАзЭҚ елдері шеңберінде ортақ валютаны енгізу идеясы лездік, жедел айтулар ретінде кейбір ойларды тудыратыны даусыз. Дегенмен, аталмыш батыл идея, қазіргі орын алып отырған әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы «экономикалық тұңғыйықтан» шығу жолдарының бірі болмақ. Ортақ валюта құру идеясы, 2008 жылы бастау алған дағдарыс жағдайындағы революциялық бастау, сонымен қатар, «доллар дәуірінің» әлсіреуі деуге болады. Интеграциялық топ шеңберінде ортақ валютаны енгізу тәжірибелері әлемдік экономикалық тарихта кездесетінін ескерсек, оның алғашында қолма-қолсыз төлем және есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілуі, бір жағынан, әлемдік валюта, қаржы нарықтарына бірлескен түрде төтеп беруді қамтамасыз етсе, екінші жағынан, қауымдастыққа мүше елдер арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастарын жүргізулеріндегі трансакциялық шығындарды қысқартуға мүмкіндік туғызады. Толыққанды интеграциялық бірлестік құруға ұмтылған елдер үшін келешек ортақ валютаны енгізуге бетбұрыс алу міндетті шаралардың бірі болып табылады. Егер мүше- мемлекеттердің кедендік одағы өнеркәсіп тауарларының біріккен нарығы және ортақ аграрлық саясаты біріккен қаржылық және фискалдық реттеулермен бекітілмесе, онда бұл өлкелік (региональный) тауар, капитал, қызмет және жұмыс күші нарығының қызмет етуінен кері әсерін тигізетіні хақ. Әрине ұлтүсті (наднациональный) валютаны енгізуді «лездік», оперативті шараларға жатқыза алмаймыз. Валюта-несие сферасының интеграциялануына, тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалыстарына, сондай-ақ Қауымдастық ішінде компания құрудың орнын таңдау еркіндігіне мүмкіндіктер шектеулі. Басқаша айтқанда, егер мүше-мемлекеттердің кедендік одағы өнеркәсіп тауарларының біріккен нарығы және ортақ аграрлық саясаты біріккен қаржылық және фискалдық реттеулермен бекітілмесе, онда бұл аймақтық тауар, капитал, қызмет және жұмыс күші нарығының қызмет етуіне кері әсерін тигізеді [1, 89 б.]. Интеграция процесінде қаржылық және экономикалық эффектті ұлғайту -валюталық одақ құрумен қамтамасыз етіледі деуге болады. Бұл тұста арнайы Еуразиялық бюджетті және Еуразиялық даму банкін қалыптастыруға деген мұқтаждық туындайды. Бес елдің Еуразиялық экономикалық қауымдастығын кұру туралы Келісімдерінде ЕурАзЭҚ-тың бюджетін қалыптастыру бекітілген болатын. Қауымдастық бюджетін қабылдаумен бес мемлекеттің әлеуметтік -экономикалық мүдделерінің келісу механизмінің негізі қалыптасты. Механизм келесідей: басым бағыттар мен міндеттер анықталады және келісіледі; келісілген бағыттар шеңберінде біріккен ғылыми-техникалық және өндірістік бағдарламалар, әлеуметтік-мәдени сипаттағы жобалар мен іс-шаралар жасалынады; жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы ресурсының көлемі бағаланады және қауымдастық бюджеті есебіне бұл мақсаттарға қаржы бөлу туралы мәселелер келісіледі. Соңғы кезең — бюджет шеңберінде қаржы ресурстарын және олардың орындалуын орталықтандыру. Біздің ойымызша , Қауымдастық бюджетін қалыптастыру процедураларының элементтері, мемлекетаралық мүдделерді үйлестіру механизмін жүйелеуге әкелетін құралдар рөлін атқарады. Бұл кезде Қауымдастық бюджеті екі түрлі қызметті атқарады: біріншіден, бұл Қауымдастық Жарғысымен анықталған міндеттерді шешуге бағытталатын қаржы тасқындарын қалыптастыру және бөлу құралы; екіншіден, бұл Қауымдастықтың мүше-мемлекеттерінің интеграциялық дәрежесін нықтағыштардың (индикаторлардың) бірі. Қауымдастық бюджетінің орындалуындағы бюджетке, сондай-ақ бюджет процесіне негативті әсер етуші факторларды айтуға болады. Біріншіден, бюджеттің орындалуына әсер ететін проблемаларға қазіргі кездегі оның қайта бөлуді атқаратын механизмін жатқызуға болады. Яғни, бюджет құрылымына 128 үңілетін болсақ, ЕурАзЭҚ бюджетінің кіріс бөлімі қатысушы жақтардың тек үлестік салымдары есебінен ғана қалыптасады [2, 766.]. Екіншіден, Қауымдастық бюджетінің орындалуы барысында [2, 79-80 бб.], классикалық бюджеттік және коммерциялық сипатка ие қызметтерге бю джетт ен қ аржы бөлуді ң дифф еренци алды ( әртүрлі ) жақт ары қарастырылмаған. Бұл дегеніміз, біріккен бағдарламалар және шаралар жобаларын қаржыландыру шарттары бірдей дегенді білдіреді және қазіргі кезде шығынды сипатқа ие. Дегенмен, Қауымдастық елдері оның бюджетіне, Еуропалық одақтағыдай, өздерінің ұлттық табыстарының елеулі бөлігін қатыстыруға әлі дайын емес. Сондай-ақ, ЕурАзЭҚ-ң Еуропалық одақ интеграциясының деңгейіне жетуіне біршама уақыттың қажет екендігін айта аламыз. Еуроодақ бюджетінің 70%-ы еуропалық салықтар есебінен, ал қалған 30%-ы ғана елдердің ЖІӨдеңгейлері негізінде есептелінген үлестік салымдары есебінен қалыптасады. Ал ЕурАзЭҚ бюджеті 100 %-ға мемлекеттердің үлестік салымдары есебінен, келесі шкалаларға сәйкес қалыптасады: Беларусь Республикасы — 20%; Қазақстан Республикасы — 20%; Қырғызстан Республикасы — 10%; Ресей Федерациясы -40%; Тәжікстан Республикасы — 10% [3, 67 б.]. Сонымен қатар, Қауымдастық бюджетін қалыптастыру идеясының тәжірибе жүзінде жүзеге асуының бірқатар жағымды, маңызды жақтарын айта аламыз. Біріншіден, қаржылық аспектісі туралы сөз етуге болады. Қауымдастық бюджеті оған қатысушы-мемлекеттердің жаңа кұрылғы және техника бұйымдары өндірісін дайындау және ұйымдастыру шараларына жұмсайтын қаржылық салымдарын тиімді үйлестіреді, әскери және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Оған мемлекеттік шараларды орнату және Қауымдастықтың кедендік инфрақұрылымын қалыптастырудағы ортақ бағдарламалар мысал бола алады. Екіншіден, экономикалық. Қауымдастық бюджеті біріккен ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік саясаттарды қабылдаудың және жүргізудің нақты құралын (инструментін) білдіреді. Үшіншіден, саяси. ЕурАзЭҚ-ң біріккен бюджетінің қалыптасуы мемлекетаралық экономикалық қатынастардың жаңа бір нышаны (формасы) -ол өз кезегінде ТМД елдері үшін экономикалық ынтымақтасуды ұйымдастыру және тереңдетуге нақты үлгі бола алады. «Бестік» қауымдастыққа мүшелікке ену өзге елдер үшін қандай ашық түрде болса, қауымдастық бюджетіне қатысушы жаңа мүшелері үшін де сондай түзетулер енгізілуі қаралмақ. ЕурАзЭҚ-та еуропалық одақтағыдай экономикалық одақ және валюталық одақ бүтін бір ағзаның бөлінбейтін екі бөлігін білдіреді деген жол мойындалған және сондықтан олар бір уақытта қалыптасуы тиіс, сондай-ақ валюталық бірлестіктің басты шарты ортақ нарық құру болып табылады. Қазіргі таңда ЕО өздерінің ортақ валютасын енгізуі арқылы валюталық одақ қалыптастыруды аяқтады. ЕурАзЭҚ алдында да осындай міндеттер тұр. Ортақ (мейлі, ол қолма-қолсыз болсын) төлем-айырбас қатынастары бар ұйым көптеген кемшіліктерге толы болатыны да анық. ЕурАзЭҚ өзара сауда жағдайының талдаулары, әлі де болса шаруашылық субъектілері арасындағы есеп-айырысуларда бірқатар шек қоюлар мен тыйымдардың сақталғандығын, ұлттық валюта бағамдарын және оларды бірлесе отырып реттеу тәртіптерінің келісілген механизмінің жоқтығын куәландырады. Сондықтан да төлем-есеп-айырысу қатынастарын жетілдірудің айқын қажеттілігі туындайды. Яғни, қауымдастық шеңберінде ақша-несие жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі ары қарай ортақ валютаға көшуді меңзейді. Интеграциялық топқа мүше елдердің бірлесе әрекет етуі, экономика үшін қосымша резервтердің қалыптасуын білдіреді, ол өз кезегінде ішкі ақша айналымының бір-біріне деген, сондай-ақ әлемдік валюталарға қатысты тұрақтылығы үшін, нығаюы үшін негіз қалыптастырады, шаруашылықтың үдемелі дамуына, инвестициялық процестің және сыртқы сауда операцияларының алдын-ала болжамдалу мүмкіндігіне алғышарттар қалыптастырады. 129 Ортақ валютаны енгізу эмиссиялық орталықтарды қалыптастырусыз мүмкін емес. Олар айналымға қажетті ақша мөлшерін қолдаумен байланысты болады және ол ақшалар қолма-қол және пластикалық карталар мен салымдардағы қолма-қолсыз болуы да мүмкін. Әрине бұл жол өзіндік «құрбандықтарды» да талап ететіні анық. Дегенмен, бұл ортақ ақша-несие саясатын, эмиссия мен ақшалық реттеудің барлық спекторына жауап беретіндей ортақ Орталық банкті қажет ететін күрделі процесс. Сонымен қатар қатысушы елдер арасында ортақ саясат жүргізу үшін, алдымен бұл елдердің ақша-несие саясаттарын дайындау қажет, яғни олар біріздендірілуі керек (бұл өте күрделі шара). Мысалы, еуро валютасының шығу идеясы өткен ғасырдың 40-жылдарынан өз бастауын алған болатын. Сол кезде Еуропалық одақ комиссиясы бұл идеяға былай баға берген болатын: ортақ валютаны қалыптастыру бір валютаны екінші валютаға айырбастау кезіндегі шығындарды жоюға және тек қана трансакциялық шығындарды жылына 18-26 млрд. доллар үнемдеуге мүмкіндік туғызады, сонымен қатар, валюталық тәуекелділікті жою жаңа инвестицияларды тартуға және нақты экономикалық өсу қарқынының шамамен 1%-ға өсуіне мүмкіндік береді. Ұлтүсті ортақ валютаны енгізу, қауымдастық шеңберіндегі «локомотив-елдердің» (Ресей, Қазақстан, Беларусь) алтынвалюталық резервтерінің айтарлықтай бөлігін шығындауларын талап етеді, ал бұл өз кезегінде сол елдердің төлем балансында елеулі көрініс табатыны анық. Ең алдымен қауымдастық елдері шеңберінде қаржылық институттар қалыптастырылуы шарт. Мұндай институттардың орын алуы, бастапқы уақытта ұлттық валюталардың айырбасталу қабілеттіліктерін және тұрақтылықтарын қамтамасыз етуде қолданылатын есеп-айырысу кассалық орталық ретінде қызмет етуі мүмкін. Қазіргі таңда қауымдастық шеңберінде ортақ ақпараттық жүйені ұйымдастырулар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қатысушы елдердің капиталдың ортақ нарығын қалыптастыруларына мүмкіндік туғызады. Қаржылық институттарға ұмтылыстар үшін ұлттық заңнамаларды үйлестіру және жақындастыру бойынша жұмыстарды үдете түсу керек, яғни келесі бағыттарды әрекет ету қажет: тауар, капитал, жұмыс күші еркін қозғалыстарының жалпы, ортақ ұстанымдарын бекіту; жалпы нормаларды бекіту арқылы аталған қағидалардың жүзеге асуын жеделдету; ұлттық заңнамаларды үйлестіру (яғни, қазіргі кезде жақындастыру мен үйлестіру тек ортақ нарықтың қалыптасуына қажетті шектерге дейін жүргізу ғана орындалуда).

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar