Еуропа өркениеті мен адамзаттық өркениет

Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия біздің санамызда қандай да бір қарама­қайшылық, полярлық қарама­қарсылық ретінде орын тепкен. Батыс Еуропа үздіксіз алға басу, ұдайы кемелдену, ілгерілік полюсы болса; Шығыс, Азия — қазіргі заманғы адамға соншалықты жек көрінішті — тоқыраудан шықпайтын, өзгермей қалған полюс. Бұл ешкім шүбә келтірмейтін тарихи­жағрафиялық аксиома және қазіргі ғылымға иланушы әр орыс ғалымы сол тоқырау мен артта қалғандар полюсына өзін де жатқызады деген ойдан зәре­құты ұшады. Өйткені Шығыс болмаса, онда Батыс болғаны; Еуропа болмаса, онда Азия болғаны той — мұның ортасы жоқ; Еуропалық­Азиялық, Батыстық­Шығыстық деген ұғым жоқ, олар болған күннің өзінде, ақылға сыймайтын жағдай болар еді. Тоқырау мен артта қалғандықтың кез келген қоспасының өзі зиянды әрі өліммен тең. Олай болса, бар дауысымызбен ­ біздің өлкеміз еуропалық, еуропалық, еуропалық , — деп, прогресс тіршіліктен де қымбат, тоқырау апаттан да жиренішті, ал прогрессивті, еуропалық, барша адамзаттық өркениеттің тысында аман қалу мүмкін емес, тіпті одан тыс ешқандай өркениет те болуы мүмкін емес, өйткені одан тыс прогресс жоқ деп мәлімдейік. Керісінше айту — зиянды күпіршілік, мұндай еретиктерді өртеп жібермегеннің өзінде, ойшылдар қоғамынан аластатып шығарып тастап, тәкәппарлықпен жек көрушілікке душар етеді. Осының бәрі де — түкке тұрмайтын, солқылдақ, тіпті жалғандығын әшкерелеудің өзі ұят болып табылатын — барып тұрған сандырақ. Мен қазір ғана жер жүзін құрақ­құрақ етіп болу деген нәрсенің жасанды екендігін, оның жалғыз ғана критериумы өзі мен басқалар арасындағы барлық айырмашылықтары физикалық табиғат берген құрлық пен теңіз арасындағы қарама­қарсылық сияқты, (топографиялық, ауа райы, ботаникалық, зоологиялық, этнографиялық және т.б. өзгешеліктер), тіпті сол өзгешеліктерге де көңіл аудармайтын критериум, демек, осы жағдайдың өзінде де жер жүзінің бөліктері өзінше бір­ біріне қарсы қоюға болатын қасиеттері жоқ, болуы да мүмкін емес, ал енді еуропалық, азиялық, африкалық тип деген ұғымдар тек, бір тұтастыққа таңылған жай ғана бөліктерді білдіретін метафораның мәні деп айтып кеттім. Тағы да мысал келтіре кетейін. Кеңістігінің үлкен бөлігінде адамзат қоғамдарының дамуы үшін барынша аз қолайлылық ұсына алатын Африканың өзінде, — Мысыр, жалпы Жерорта теңізі жағалауы елдерінің өзегі мәдениет тұрғысынан алғанда жоғары дәрежеде қабілетті болып келеді. Мен сондай­ақ айтып кеткенімдей, Еуропаға тіпті жер шарының бөлігі дейтін қисын жоқ, өйткені ол Азияның бір бөлігі ғана, оның басқа бөліктерінен еш ерекшелігі жоқ, сондықтан ол өзінің бірыңғай емес тұтастығына логика ережелерін бұзбай қарсы қойыла алмайды (тура Васильев аралы сияқты, мысалы, кейбір ерекшеліктері бар болғанына қарамастан, ол бүкіл Петербург қаласына қарсы қойыла алмайды, тек Петербург немесе Выборг жағына, Адмиралтейлік бөлігіне, Коломнаға және сондай­ақ одан әріге азғантай болса болар, өйткені әрқайсысының Васильев аралынан кем түспейтін өзіне тән ерекшеліктері бар). Бұған қосатынымыз, өз елінде табылмаған қарама­қайшылықты, сол елдің жұртынан да таба алмайсыз; өйткені, барлық Еуропа арий тайпаларынан құралатынына қарамастан, сол тайпалардың аздаған бөлігі болса да, Азияның да едәуір бөлігіне қоныстанған. Сондай­ақ ілгеріліктің жалған ілгерілігі тіптен Еуропаның қандай да болмасын бір ерекшелігін білдірмейді. Оның себебі мынада: әлемнің барлық бөлігінде адамзат қоғамының азамат ретінде дамуына өте қабілетті, шамалы қабілеті бар жөне мүлдем қабілеті жоқ елдері бар, соның ішінде Еуропа түбегінде осы қабілет өте жақсы дамыған, бірақ Азияның басқа аймақтары да одан кем қалыспайды, ол, батыс түбегіне қарағанда, мәдениетке бейім елдердің саны шексіз коп, тек біршама (барлық кеңістікке қарағанда) ,ана одан кем. Азаматтылық пен мәдениеттің дамуына мүмкіншілік жасалған барлық жерде оларға Еуропадағыдай прогрессивті мінез тон. Озық Еуропаға ең қатты қарама­қарсылық боп көрінетін, тоқырау мен өзгермей қалған типтің түрі ретінде Қытайды алайық. Бұл елде 400 миллион халық азаматтық қолайлылықтарды пайдалана отырып өмір сүреді. Егер де Қытай еңбегінің өнімділігі туралы нақты сандар қолымызда болса, онда олардың қатарында ағылшын және американ өнеркәсібі мен сауда көрсеткіштері көзге ілінбей қалатын ба еді, соның өзінде Қытай саудасының барлығы дерлік ішкі саудадан тұрады. Қытай өнеркәсібінің көптеген салалары әлі де Еуропа мануфактуралары үшін қол жеткізе алмайтын дәрежеде, мысалы, бояу, мата бояу, фарфор, әр түрлі жібек маталары, лак өнімдері, т.б. Қытай егін шруашылығы сөзсіз жер жүзінде бірінші орыңда тұр. Либихтің айтуынша, бұл жер жүзіндегі дара болып келген ең тиімді егін шаруашылығы, өйткені тек осында ғана топыраққа егін салу кезінде­ақ топырақтан алғанының бәрін қайтадан топырақтың өзіне қайтарады, сонымен бірге шетелден тыңайтқыш әкелмей­ақ, түгелдей өз тыңайтқышымен қамтамасыз етіп отыр, өйткені бұның өзі олар үшін егіншіліктің несібесінен жымқыру болып есептелер еді. Қытайдың бау­бақша шаруашылығы да дүние жүзі бойынша бірінші орында десе де болады. Қытай бағбандары өсімдіктерге, ағылшын фермерлерінің ірі қараға жасағанын жасап отыр — өсімдікке өздері қалаған аса тиімді немесе белгілі мақсатқа сай нысан береді, яғни оның сорайып ұзарып кетуіне жол бермей, көп гүлдеуіне және мол өнім беруіне мәжбүр етеді. Қытайлар бақ отырғызуда тамаша нәтижелерге жетті, тіпті бұл халықтың бұл іске бейімділігінің төмен екендігіне қарамастан, көркемдік жағына да назар аударғаны таңғаларлық. Саясатшылардың айтуынша, олардың ландшафпы бақтарының сан алуандығы мен сүйкімділігі жоғары дәрежеде дамыған. Қытай формациясы, бәлкім асыл қазыналарға не шығар, бірақ еуропалық ғалымдардың өр көкіректігінен бе, немесе оғаштау алаңғасарлығынан ба, әйтеуір әлі күнге дейін оны жеткілікті деңгейде пайдаланбай келеді. Жасанды балық шаруашылығы Қытайда баяғыда­ақ белгілі болды және өте кең ауқымды өндіріліп келеді. Басқа елдер Қытай каналдарының көлеміне сай келетін басқа нәрсені тіпті көздеріне елестете де алмайды. Көптеген тұрғыдан қарағанда, Қытай халқының өмірі еуропалықтардың өмірінен кем емес, әсіресе — егер оны қазіргі күнмен салыстыра салмай, сонау үстіміздегі жүзжылдықтың бірінші ширегімен салыстырса болғаны. Оқ дәрі жасау, кітап басу, компас, жазу қағазы қытайлықтарға атам заманнан белгілі, бәлкім, кезінде Еуропаға сол жақтан әкелінген де болар. Қытайлықтарда орасан зор әдебиет, өзіне тән философиясы бар, дегенмен, шынын айтсақ, космологиялық тұрғыдан қарағанда онша жетілмеген, бірақ пұтқа табынатын халыққа тән, қисынды әрі аса жоғары дәрежедегі этика жүйесі де бар. Ежелгі гректерде құйрықты жұлдыздар ырымшыл адамдарға қорқыныш тудырып отырған кездерде Қытай астрономдары, Гумбольдтың айтуынша, сол кездің өзінде­ақ сол аспан денелерін ғылыми тұрғыдан бақылап отырған. Дүние жүзінде ғылым мен білім, дәл Қытайдағыдай жоғары құрметке ие емес әрі ықпалы соншалықты емес. Шынымен де, осындай жоғары деңгейде дамыған азаматтық, өнеркәсіптік, тіпті біршама да болса, ғылыми тұрғыдан дамуы жан­жақты сарапталғанда ежелгі грек пен Рим өркениетін артта қалдыра алады және қазіргі күннің өзінде еуропалықтарға үлгі бола алады, — осының бәрі алғашқы қытайлықтың есінен, Юпитердің басынан шыққан Минерва секілді, шығып кеткендей. Сосын өзінің тіршілігінде қалған торт немесе бес мың жыл бойы тек ескіні күйттеумен болып, еш алға жылжымағаны несі? Азия құрлығының қиыр шығысында қол жеткізілген жетістіктер Еуропа түбегінде — қиыр батыстағы сияқты бірте­ бірте жинақталған ұрпақтардың ақыл­ойы мен қол еңбегінің, өзіндік және ерекше еңбегінің нәтижесі емес пе? Ал енді бұл яғни, ілгерілеу болмағанда не? Бірақ, әрине, бұл ілгерілеу баяғыда тоқырап қалған, тіпті көптеген қытай азаматтылығының тамаша қасиеттері (мысалы, ғылымға және білімге берілген ықпал) бос формализмге айналып, Қытайдың тіршілік рухынан айрылып қалғаны сондай, өткен­кеткен ғасырлардың салмағының астында бастырылып қалды. Ал осы барша адамзаттың тағдыры емес пе және осы жағдайды тек Шығыс қана бастан кешіріп отыр ма? Сол алдыңғы қатарлы Батыс немесе Еуропа халықтарының санатына ежелгі гректер мен римдіктер де кірмей ме; алайда гректің Византия империясында болған жағдай нағыз Қытайдағы секілді құбылыс емес пе? Өзінің римдік, батыстық «әпкесінен» бөлініп кеткен соң да ол мың жыл өмір сүрді; эллин халқының ең соңғы ұлы ісі — православиялық христиан догматикасын орнатқаннан кейін оның өмірі қандай прогреске ұласты? Қаусап, тозығы жеткен, ісін тындырған және өз орнын сахна төрінен жоғалтқан халыққа — Батыста болсын, Шығыста болсын, — ештеңе көмектесе алмайды. Барша тіршілік иелеріне, бөлінбейтін бөлекке де, сондай­ақ өсімдіктер мен жануарлардың тұтас түрлері, тектеріне, отрядтарына белгілі бір өмір мерзімі беріледі, ол таусылған кезде олар жойылып кетуге тиіс. Геология мен палеонтология көрсеткендей, тіршілік иелерінің әртүрлі түрлері мен тектері, отрядтардың туу уақыты, дамуының жоғары өрлеуі бірте­бірте бәсеңдеп, соңында мүлдем жоғалып кетеді. Қалай және неліктен бұлай болатындығын ешкім білмейді, бірақ әр қалай түсіндіруге тырысып жатады. Негізінде бұл тұтас бір түрлердің, тектердің, отрядтардың қартаюы, қажуы — жеке тұлғалардың өлімімен салыстырғанда таңқаларлық емес, оның шынайы себебін ешкім білмесе де, түсінбесе де, түсіндіруге тырысады. Тарих та халықтар туралы тура осылай баға береді: олар дүниеге келеді, дамудың ер түрлі дәрежесіне жетеді, қартаяды, қажиды, өледі және олар тек сыртқы себептердің әсерінен өліп жатқан жоқ. Сыртқы себептер, кейбір адамдардың көпшілігіндегі сияқты науқас және әлсіз дененің елімін тездетеді, ол дені сау күшті кезінде, жастық шағында оның зиянды әсерін жақсы көтере алар еді. Сыртқы себептер өсімдіктер мен жануарлардың, сондай­ақ саяси ағзалардың өлімінен кейін олардың шіруіне көмектеседі. Ал кейде, сирек жағдайларда болса да, зиянды сыртқы жағдайлар әлсіз әсер етеді, немесе ағза оған қарқынды қарсылық көрсетеді, ал ол табиғи өлімнен немесе кәріліктің әлсіздігінен өледі. Қытай дәл сондай сирек жағдайға тап болды. Дене соншалықты біркелкі әрі тығыз, соншалықты тыныштықта және оңашада өсіп жетілген, сондықтан қарсылық көрсетуге орасан зор күшін жинаған, өз өмірін сүріп жатқан, өлім оны ұмытып кеткен қарттардай. Тірі, жаңашыл әрекет оларда әлдеқайда ұйықтап қалған сияқты, бірақ олардың бойында малдардың өміршеңдігі немесе өсімдіктің әуре­сарсаңдығы әлі сақталып қалған. Мұндай ағзаларда жастық жалыны өшіп, прогресс күші сарқылғанына таң қалатын не бар? Бір кезде қариялар жасаған еңбек нәтижесінің анық куәлігіне бізбен бұндай жағдай әрқашан болған деп қарсы пікір айтуға қандай құқымыз бар? Үндістан да қазір осындай қаусаған жағдайда өмір сүріп жатыр, сондай­ақ Мысыр мен Византияға да бөтен сыртқы жаулардың, жалпы сыртқы әсердің басып кіріп, опат болған дененің ең құрама бөлшектерін қиратып титықтатқан. Бұл елдер де Қытай сияқты сондай орасан, тығыз, іргелі қоғам болған, сондықтан да көптеген не болмаса аздаған түрде халықтардың орнын басқан, бұл үрдіс тезірек аяқталды және қаусаған елдің орнын жаңа халық басты. Тек осы бір тайпаның басқа тайпалармен орнын басушылық Шығыспен салыстырғанда Батыс тарихына тым прогрессивтік сипат береді, ол ешқандай да, батыс елдеріне, тарихи қозғалысқа монополия беретіндей рухтың аса ерекше қасиеті емес. Прогресс, сонымен, Батыстың немесе Еуропаның ерекше артықшылығы емес, ал тоқырау — Шығыстың немесе Азияның айрықша белгісі емес, ол да бұл да тек халықтың өмір сүріп жатқан кезеңінің жас тұрғысынан алғандағы сипаттамасының белгілері, демек ол халықтың азаматтық қасиеттерінің дамуымен немесе тайпаға қатыстылығымен байланысты емес. Демек, егер шынымен де Азия мен Еуропа, Шығыс пен Батыс өзінше, белгілі бір тұтастық құраса, онда Шығысқа және Азияға тән болу қандай да бір аластатылғандық мөрі болып саналмас еді. Екінші маңызды себеп герман­роман немесе еуропалықтардың мәдениет нысанынан (жалпы адамзаттық деп өткен тарихпен өндірген) тыс тәуелсіз өркениет бар деген жоққа шығарылған оймен байланысты. Бұған себеп, мен айтып кеткендей, тарихи үрдістің ең алғаш негіздерін бұрыс түсінушілікте және прогресс деп аталып кеткен тарихи құбылыс туралы күңгірт түсінушілікте. Қандай да бір ғылымның қол жеткізген кемелділігінің дәрежесі, оның ғылыми жүйе деп аталатын пәні немесе құбылыстары шеңберіне кіретін ұғыну дәрежесін нақты түрде бейнелейді. Жүйе деп мен баяндау жүйесін айтып отырған жоқпын, ол тек есте жақсырақ сақталатын ғылыми фактілерді немесе олардың санамызда анық түрде көрінуіне ғана арналған мнемоникалық құрал. Осы мағынада қолданылатын жүйелілік, қазіргі уақытта онша пайдаланылмайды, өйткені ол жиі­жиі зұлымдық үшін қолданылады және өзінің бітпейтін бөлінуімен және бөлімшелерімен көбінесе схоластикалық педантизмнің қалдығы бола отырып істі қиындатып жібереді. Бұл жүйе ғылыми ғимараттың орманындай, онсыз амалдай тұруға болмаса да, ол ғимараттың өзін қаптап бүркемеу үшін тек шынайы қажеттілікпен шектелуі үшін керек. Мен ғылымдардың ішкі жүйесі туралы айтып отырмын, басқаша айтқанда, белгілі ғылымның шеңберіне жататын құбылыстар немесе заттардың, өзара ұқсастық пен бір біріне деген шынайы қатысымен орналасу, топталу. Осыны мысалмен түсіндіре кетейін. Кез келген ғылым сияқты, астрономияны да әр түрлі баяндауға болады, әpтүрлі әдістерді қолданып, оның ақиқатын оңай түсіну немесе сана арқылы түбегейлі игеру үшін; бірақ, астрономияның сыртқы жүйесін құрайтын баяндаудың мұндай тәртібі емес, менің айтып отырғаным ол — ғылым объектілерінің өзінің орналасқаны, немесе келтіріп отырған мысалға сәйкес, аспан денелеріндей — өз бетімен қалай болса солай жайласпай, араларындағы шынайы қатынасқа сәйкес болуы тиіс. Осы жүйенің жетілу дәрежесі ғылымның өзінің қол жеткізген жетілу дәрежесін білдіреді. Ең алғашқыда Күн, планеталар мен Ай Жерді айналады деп есептелген; содан соң бүл түсінік өзгеріске ұшырап, Күнге ең жақын планеталар Күнді айналады, ал содан кейін Жерді айналады немесе тек жақын планеталар ғана емес, сонымен қатар жалпы барлық планеталар да айналады деген тұжырымға келді. Осы ұсыныстың біріншісін қосымша эпицикл жүйесі арқылы қиындатқан. Сонан соң планеталардың да, Жердің де Күнді айналатынына көздері жетті, бірақ олардың өтіп жүрген жолдары шоғырландырылған шеңбер деп аталды. Кейінірек бұл түсінікке тағы да өзгерістер енгізілді, сонымен Күннің әрбір планета үшін ерекше формасындағы эллипсис фокусында деген пікірге тоқталды; бүл эллипсистерге, соңында, жай сызық емес, ирек­ирек, толқынды деген сипаттама берілді. Ғылымдағы бақылау әдісінің, құбылыстарды физикалық тұрғыдан түсіндіру, есептеу әдістеріндегі кез келген кемелдену — астрономиялық жүйеде бейнеленді. Дәл осы сияқты басқа да кез келген ғылымда да бұл осылай болды, сондықтан да қандай да болмасын ғылым ақиқатты немесе, қарапайымдау тілмен айтсақ, заттар немесе құбылыстардың бір шеңберлі дара жүйесін өздігінше зерттей бастаған сәттен бастап оны ғылым дәрежесіне лайықты деп санай бастайды. Бірақ, шынын айтқанда, бұл тиянақсыз, өйткені ғылымның анықтамасын оның жасына, қол жеткізген даму деңгейіне тәуелді етуге болмайды. Адам ол адам, бала ма, жоқ ересек адам ба — бәрібір, сол секілді ғылым деп отырғанымыз ғылым; ол тек қана өзінің зерттеу пәні ретінде шынайы, тура мәнінде тіршілік ететін құбылыстар немесе заттар шеңбері болуы тиіс. Табиғи жүйе туралы ұғымды дамыту, бүкіл мәнін және маңыздылығын дәлелдеп беру жаратылыстану ғылымдарының, яғни ботаника мен зоологияның үлесіне тиді. Қарастыруға тиісті заттардың көпшілігі амалсыз олардың жүйеленуін қажет етті, демек, болу белгілерін іздеп табу үшін алдымен ерекшеліктерін тиянақты түрде бақылауға тура келді. Сол бақылаулар, өсімдіктер мен жануарлар қалай болғанда да топтастыруға болатын әр түрлі кездейсоқ нысандардың хаосы емес (тек қана олардың лабиринттен шығу амалы үшін құрастырған) деген түсінікке әкеліп тіреді, ол терең ішкі жоспарының мәні, ол нағыз идеяның ішкі мәні мен сондай­ақ сыртқы жағдайлармен туындаған шығармашылық идеясының барлық сан алуандығында жүзеге асырылуы секілді. Бұл нысандардың барлығы туыстық дәрежесі бойынша белгілі тәртіппен топтарға (дәлірек айтқанда, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары арасындағы қатынас дәрежесімен) бөлініп, өсімдіктер мен жануарлар патшалығын тек тұқымдастық, отрядтар, топтар және типтер тәртібімен орналасқан екен. Ішкі құрылыс пен физиологиялық бағыттар осы топтар бойынша түрленеді. Анатомиядағы, физиологиядағы, эмбриологиядағы кез келген жетістік табиғи жүйенің бастапқы негіздерінің ұйғарымы бойынша жүйелердің кемелдендірілуіңде бейнеленеді, сондай­ақ, Линнейдің — кім де кім ғылымға табиғи жүйені енгізе алса, сол ғылымның Аполлоны бола алады — деген сөзі әлі күнге дейін, жаратылыстануға деген талаптардың өсуіне қарамастан, дұрыс болып қала береді. Бірақ табиғи жүйе туралы түсінік ботаника мен зоология арқылы дүниеге келген болса, онда ,әрине, ол күмәнсіз, тек қандай да болмасын бір ерекше қасиетін құрамайды, ал барлық ғылымдардың жалпыға ортақ игілігі болады, оның жоғарғы сатыға дейін жетіліп өсуінің қажетті шарты болады. Салыстырмалы филология осы шығарған нәтижелерінде табиғи жіктеу жүйесін қолданды; ол да, күмәнсіз, басқа ғылымдардың (олардың даму және кемелдену шамасымен) алдында да тұрған мәселе. Жеке жағдайлар соншалықты терең зерттелмегендіктен, ғылымның жеке мәселелеріне жетерліктей түсініктеме берілмегендіктен, бірақ өзінің шынайы толық мағынасын, фактілердің өзіндік табиғи туыстығына сәйкес салыстырғанға дейін, табиғи жүйесіне келтірілгенге дейін, дұрыс қорытындыға келгенге дейін көрсетпейді. Бұны мысалмен түсіндіре кетейін. Жер ортасы туралы жалған ұғым Коперниктің табиғи жүйесімен алмастырылғаннан кейін­ ақ (басқаша айтсақ, ор аспан денесі астрономдардың санасында өзінің тиісті орнын алғанда) аспан денелерінің Күнге қатысты ара қашықтығын анықтайтын мүмкіндік туды; планетаның Күнмен ара қашықтығын оның орбитасының өр түрлі нүктелерінде салыстырып қарау, әр түрлі қашықтықтағы оның қозғалысының жылдамдығын салыстыру және әр түрлі планеталар арасындағы айналым уақытын салыстыру — Кеплердің үш әлемді басқару заңына өз нәтижесі ретінде ие болды. Егер Коперник жүйесі көмегімен олардың әр қайсысы өз шынайы орнына қойылмаса, онда ой қанша тырысқанмен толып жатқан фактілер (олардың жеткілікті санына және мақсатқа нақты жеткіліктігіне қарамастан) арасынан қармақпен аулап ала алмайтын еді. Табиғи жүйенің жануарлар мен өсімдіктер ағзаларын зерттеуге қолданушылық сол сияқты нәтижелерді әкелді. Онсыз ешқандай жалпыламалар анатомияда да, физиологияда да мүмкін емес еді. Осы білім саласында табылған әр дерек оқшаулау, жеміссіз боп қалатын еді және жиналған деректердің санын көбейте беретін еді; ал салыстырмалы анатомия мен физиология ғылымдарының өзі мүмкін болмас еді. Сонымен, егер біз ғылымдар жүйесін сол ғылымның қысқартуы деп санауға хақымыз болса, — оның маңызды мазмұны мен мүлтіксіз деңгейінің шағылысын білдіретін қысқарту, — егер осы жүйеден оның барлық деректерін жарықтандыру сәулесі тәуелді болатын болса, онда табиғи жүйенің негізгі талаптарын қаншалықты қанағаттандыратындығын көреміз. Алдымен осы талаптарды атап өтейін, өйткені олар әдеттегідей дұрыс логикалық талаптар болуға тиіс. 1. Болу принципі бөлудің барлық аясын, оның ішіне нағыз белгі ретінде еніп, қамтуы тиіс. 2. Бір топтың барлық заттары немесе құбылыстары, басқа топқа жатқызылатын заттардан немесе құбылыстардан гөрі, өз арасында аса көбірек ұқсастық немесе туыстық қасиеттерге ие болуы керек. 3. Топтар бір тектес болуы тиіс, яғни олардың мүшелерін біріктіретін туыстық дәрежесі аттас топтарда бірдей болуға тиіс. Соңғы екі талап айқын, бірақ біріншісі түсіндіруін қажет етуі мүмкін. Егер болу принципше бірден көзге түскен белгіні ала салсақ, және онымен бір топты сипаттап, басқа топтарды бұл белгінің жоқтығымен сипаттасақ, онда бұл әдіспен әр белгі, әрине, бөлудің барлық аясын қамтитын белгі болып табылуы мүмкін. Бірақ мұндай қайшы сипаттаманы не табиғи жүйе, не дұрыс мағына жібере алмайды. Мысалы, жануарларды төрт аяқты немесе төрт аяғы жоққа бөлуге болады. Төрт аяқтылардың алғашқы тобы бір нәрсе болатыны белгіні, ал екіншісіне адам да, әтеш те кіре алады, өйткені екеуі де екі аяқты, сонымен бірге алты аяқты қоңыз да, он аяқты шаян да, бір де бір аяғы жоқ теңіз құрттары да сол бір категорияға жататын жанды заттар ішінде болатын еді. Осындай күлкілі бөлуде екі қате болған еді: біріншісі, бөлу принципіне жеткілікті мәнде белгі алынбаған, ал екіншісі, топтардың біреуі де ешқандай жағымды нәрсемен сипатталмаған, — онда белгілі жетіспеушіліктен басқа ешқандай жалпылама жоқ. Бір ғана осы екінші қателігі, осы жүйені жарамсыз етуге жеткілікті. Сондай­ақ, мысалы, ішкі қаңқаның болуы — маңызды белгі және жануарлар патшалығының табиғи тобын білдіреді; Бірақ қаңқасы жоқ жануарлардың бәрі соншалықты сан алуан, сондықтан қаңқаның жоқтығынан итеріліп, бірінші топқа қарама­қайшылық ретінде олардан бір топ құрастыруға хақы жоқ. Сондай­ақ өсімдіктер дүниесінде жасырын некелі топтардың нағыз гүлінің болмауын тек қайшы белгімен сипаттау, ондай белгі етті саңырауқұлақты да, бұтақты қырыққұлақты да, нәзік мүкті де байланыстырады — бұл өсімдіктер сыртқы түрімен де, ішкі құрылысымен де сан алуан, сондықтан дұрыс классификацияға мұндай топ жіберілмеу керек. Жануарлардың қаңқасы да, өсімдіктердің гүлі де қаншалықты маңызды әрі қаншалықты мәнді болғанымен, бөлудің барлық аясын қамтиды деп санамау керек — олардың бар болуы немесе жоқ болуы негізінде — жануарлар немесе өсімдіктер патшалығында. Енді әлемдік тарих ғылымындағы жалпы қабылданған жүйеге баға беруге көшейін. Барлық тарихи құбылыстар мен деректердің жалпылама топтануы олардың ежелгі, орта және жаңа тарихи кезеңдерінен тұрады. Бөлудің бұл табиғи жүйесі жоғарыда аталған талаптарды қаншалықты қанағаттандыра алады? Ежелгі тарихтың орта және жаңа тарихқа бөлінуінің негізі Батыс Рим империясының құлдырауы болып саналады. Бұл 476 жылдан бастап тарихи сахнаның шымылдығы түсіп, оның артынан жаңа пьеса басталады деген соз емес; бірақ жаңа тарихи шығармаларда, әрине, жағдай былай көрсетілмейді, бірақ шын мәнісінде ол баяндаудың жақсаруынан ештеңе ұтпайды. Шымылдық қаншалықты жай және бірте­бірте түскенмен, және шымылдықтың түсу шамасына қарай жаңа пьеса өзінің шытырман оқиғасы арқылы ескімен астарласып жатқанымен, мәселе онда емес, мынада: барлық сахнаны өзімен қалқалауға шымылдықтың көлемінің шамасы жеткілікті ме, әлде басқа үлкенірегін табуы керек пе? Батыс Рим империясының құлауына Қытайдың, Үндістанның қандай қатысы бар? Тіпті көршілес Евфрат жағалауының елдері үшін — Батыс Рим империясы құлағаннан гөрі Парфян мемлекетінің құлауы және Сасанид патшалығының пайда болуы маңыздырақ болды емес пе? Бұл империя құласа да, құламаса да, оны Аравияда болған орасан зор маңызы бар діни төңкеріспен салыстыруға бола ма? Ең бастысы — осы империяның құлауы мен онсыз да титығы жеткен Ежелгі Мысыр мен Грекияның тағдырын әрі қарай (Рим мүлдем болмаған секілді) өздігінше өмір сүруге талпынған Үндістан мен Қытайдың тағдырларымен бірдей құбылыстар тобына (басқа топқа ұйғарылған) неліктен біріктірген? Бір сөзбен айтқанда, Батыс Рим империясының құлауы бөлінудің барлық аясын қамтитын болу принципі болып табыла ма? Бұған жауап, қажетінше, теріс болады. Бұның себебі принциптің бұрыс таңдалынғанынан емес, сірә, (мүмкіншілігінше ең жақсысы таңдалынған), ол адамзат тағдырын қандай да бір бөліктерге бөліп тастайтын ешқандай оқиғаның мүлдем жоқ болғандығынан болса керек; өйткені, өлі күнге дейін, бір де бір кезеңде жалпы адамзат көлеміндегі оқиға дейтіндей оқиға болған емес, және, шамасы, ешқашан болмайды да. Христиан дінінің өзі — адамзат тарихына қазіргі күнге дейін ең зор ықпал көрсетіп отырған құбылыс және кезінде, мүмкін, оны түгелімен қамтитын болар, — әр халықтың әр қилы кезеңдеріндегі тағдырларының тарихи бір қыры қалыптаса бастайды. Егер христиандықты басты тарихи қыр ретінде қарастыратын болсақ, онда зерттеп қарастыратын пәні ретінде тек бір жалғыз халықты алатын Рим тарихы екі бөлікке бөлінетін еді. Онда екіншісіне қарап, біріншісінің одан әрі қарай қалай дамитынын көруге болады, — оның нәтижесі, Рим өміріне христиан идеясын енгізгенімен де маңызды өзгерістерге әкелмейтін еді, оның жойылып бара жатқан негізін ояндыра алмайтын еді. Сонымен, біздің қандай да болмасын оқиғаларды тарихи қыр ретінде қарастыруымыз өсімдіктерді айқын некелік және жасырын некелікке немесе жануарларды омыртқалы және омыртқасыздарға бөлгендегідей, тарихты (бір жағынан) ежелгі, орта және жаңа тарих (басқа жағынан алғанда) деп болу табиғи жүйенің бірінші талабын қанағаттандырмайды. Шынымен де, ежелгі тарих дегеніміз ­ Линнейдің жасырын некелілері, ол жерге гректер мысырлықтармен және қытайлықтармен бірге, олар Рим империясы құлағанға дейін өмір сүргендіктен, (саңырауқұлақты қырыққұлақпен, екеуінің де гүлі жоқ болғандығынан, біріктірілгені секілді) қойған. Басқа топқа жатқызылған құбылыстарға қарағанда, бір топ құбылыстары арасында, көбірек ұқсастық, туыстық болу керек болғандықтан, екінші талап та дұрыс орындалмаған. Шынымен де Грекия мен Римнің тарихы Еуропаның жаңаша тарихынан гөрі Мысыр немесе тіпті Үндістан тарихымен ұқсастығы мен байланысы көбірек болғаны ма? Бұған шүбә келтіруге әбден болады. Бірақ әлем тарихы жүйесінің барша опасыздығы мен кем жақтары үшінші талап алдында ашыла бастайды: туыстық дәрежесі аттас топтармен, яғни бір тәртіпке жататын топтармен бірдей болуы керек. Ежелгі тарихта бір топта әр түрлі даму сатыларынан өткен Мысыр, Үндістан, Қытай, Вавилон мен Ассирия, Иран, Грекия, Рим көрсетілген. Ал, біз көріп отырғандай, бір герман­романдық тайпаның даму сатылары әр түрлі топтарға — орта және жаңа тарих деп аталатын топқа — жатқызылған. Сол екеуінің бір құбылыс тобына жататындығын көреміз, өйткені жаңа тарих деген ол не орта ғасырлардағы тарихтың дамуы, немесе сол ортада болып жатқан қарама­қайшылықтары немесе тұл қалғандығы, сондықтан да өз қызметін орта ғасырда бастап, жаңа тарихи кезеңде аяқтаған тарихи қайраткерлері көп. Сонымен бірге, Катон және император Константин, Перикл және Ұлы Феодосии мен император Фоги, фараон Рамзес және Сүлеймен патша бір топқа Эпаминодон және Гракхамимен бірге қойылған. Сонымен қатар, біз көріп отырғандай, қайдағы бір Рудольф Габсбурский император Максимилианмен, Көркем Филипп Людовик XI Ришельемен, тіпті Баязид сұлтан Солиман сұлтанмен тарихтың әр түрлі ғасырларына (олар бірдей қызмет атқарып, былайша айтқанда, бір соқамен бірдей жерді жыртқанына қарамастан), яғни адамзаттың әр түрлі жас шамасына тіркеліп қойылған. Бұлардың біріншісі де, екіншісі де төрт аяқты емес екен деп, қарғаны теңіз құртымен бір жерге қоюмен бара­бар емес пе? Құбылыстарды осындай ешқандай қатысы жоқ топқа бөлудің салдары, немесе жақын себебі, шамасы, болашақтың қатесі болды. Орта және жаңа ғасырлар оқиғалары сипатындағы байқалып отырған айырмашылықтар, оған жақын болған тарихшылар үшін (сол тарихшылардың осы тайпа ортасына қатынастылығымен және оқиға болған уақытымен) сонша маңызды және мәнді көрінген болу керек, өйткені жеке бөліктері тегістеліп суреттің бірінші басты қасиеттері үшін тек фон ретінде қызмет ететін қалған адамзат пен алдыңғы ғасырлардың бәрі ландшафттың артқы планында көрінген еді. Бірақ көрініс пен елес емес, мән мен шындық қана ғылым қызметін білдіреді.

Читайте также:  ВОЗМОЖНОСТИ ПРИМЕНЕНИЯ КОМПЬЮТЕРНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В ОБУЧЕНИИ

Оставить комментарий